Мүсін .Горельеф . Таза ауа – жанға дауа

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мүсін .Горельеф . Таза ауа – жанға дауа

Материал туралы қысқаша түсінік
Мүсін .Горельеф . Таза ауа – жанға дауа
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымының

Бейнелеу өнері Алматыкітап


Пәні:

Қоршаған ортаны қорғау


Бөлім:



Педагогтің аты-жөні:



Күні:



Сынып

4 сынып

Қатыспағандар саны

Тақырыбы

21 сабақ Мүсін .Горельеф . Таза ауа жанға дауа


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

4.3.4.1 Мүсін құралдары арқылы таныс бейнелер мен пішіндерді, қоршаған әлемнің күрделі бейнелері мен пішіндерінің ерекшеліктерін, олардың айырмашылықтарын, ұқсастықтары мен байланыстарын түсіндіру және сипаттау.


Сабақтың мақсаты

Мүсін құралдары арқылы таныс бейнелер мен пішіндерді, қоршаған әлемнің күрделі бейнелері мен пішіндерінің ерекшеліктерін, олардың айырмашылықтарын, ұқсастықтары мен байланыстарын түсінеді. Горельеф тәсілінде мүсіндеуді үйренеді.


Құндылықтар : (Негіздеме: Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың ІІ,ІІІ, ІV отырыстарында берген тапсырмасы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №123 бұйрығы)


Сабақ құндылығы: «Жасампаздық пен жаңашылдық айы»

Апта дәйексөзі: «Жасампаздық - бәрімізге өнеге»




Сабақтың барысы


Сабақ-тың жоспар-ланған кезең-

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар


Сабақтың басы

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Сабақ алдындағы жақсы көңіл күй.

«Додекаэдр» әдісі арқылы психологиялық ахуал орнату.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырып пен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.


Білім алушылар амандасады.

Сабаққа керекті құрал-жабдығын даярлайды. Оқушылар бір-біріне тілек айтады.

Жарайсыңдар!

Жұлдызша

«Жарайсың!» Тіктөртбұрыш «Жақсы!» Үшбұрыш

«Талпын!»



Оқулық



суреттер


Сабақтың ортасы

2минут


Білу.

2 минут


5минут













5мин








2минут












2минут




2минут



5минут





4минут



Сұрақтар:

  1. Мүсін өнері туралы білетініңді есіңе түсір. Мүсіндеу түрле- рін ата.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырады. 2-тапсырмадағы мәтіннің мазмұнын ашады.

Табиғат дегеніміз – бізді қоршаған орта. Адамзат табиғатты таза қалпында сақтауы тиіс. Табиғатты қорғауға суретшілер де атсалысады. Олар табиғатты қорғауға шақыратын суреттер салады, плакаттар жасап шығарады.

Ғимараттардың қабырғаларына да табиғатты қорғау тақырыбында суреттер мүсінделеді. Олар көбіне горельеф тәсілімен сомдалады.

«Назар аудар» айдарымен берілген мәліметпен танысады. Горельеф (дөңес бедер) – мүсін өнерінің бір түрі. Горельеф – орналастырылған жазық беттен өзінің жалпы көлемінің жартысынан көбі шығыңқы тұратын мүсіннің бейнесі.

«Адасқан сөздер» әдісі.

Шарты: орындары ауыстырылған сөздерден мақал-мәтелдер құрау.

Оқушылар «адасқан» сөздердің орнын тауып, мақал-мәтел құрайды.

Тапсырма: шешеннің сөзі мерген, ісіңе сен, күшіңе сенбе, жеті рет өлшеп, шебердің көзі мерген, бір рет кес.

Шешуі:

    1. Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген.

    2. Күшіңе сенбе, ісіңе сен.

    3. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

Оқулықпен жұмыс. 3-тапсырма.

Суреттердің мазмұнынан не түсіндіңдер? Талқылаңдар. Бұл плакаттарға қандай үндеу жазуға болады?

Плакаттарға қандай үндеу жазуға болатынын талқылап, өз ойларын білдіреді.

1.Суқоймаларын ластама, Жер ғаламшарына зиян тигізесің.

  1. Орманды құртпа, жасыл желек ауаны тазартады.

  2. Ауаны ластама, зауыт мұржасынан шыққан түтін ауаны ластап, тіршілікке зиян келтіреді.

  3. Аулаңды көгалдандыр,

4-тапсырма.

Рельефті мүсіндеу түрлерін естеріңе түсіріңдер. Олардың бір- бірінен айырмашылығы қандай?

«Назар аудар» айдары бойынша берілген мәтінмен таныстырады.

5-тапсырма бойынша горельеф пен барельефтің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын әңгімелеңдер.

Практикалық жұмыс

Практикалық жұмыстың орындалу ретін бейнесабақтың көмегімен жүзеге асырасың.

Бүгінгі сабақта горельеф тәсілінде қызғалдақ гүлін мүсіндеуді үйренесің.

Алдымен альбомға жай қарындаштың көмегімен гүлдің нобайын саламыз. Ол үшін гүлдің биіктігін өлшеп, композициясын ойластырыңдар. Гүлдің басын сопақша пішінге келтіріп, үш гүл саламыз. Содан кейін гүлдің сабақтары мен жапырағын, ал төменгі жағына ұлудың суретін бейнелейміз. Гүлге қонып отырған араның суретін салып, нобайды аяқтаймыз. Суретіміз дайын.

Көк түсті қатырғықағаз алып, жасыл ермексазды жұмсартып, жер бетінің пішінін жаймалап жапсырамыз. Келесі кезеңде гүл күлтелерін мүсіндеп, оларды жапсырамыз.

Ермексазды алақан арасына салып, ширата отырып, гүлдің сабақтарын жасаймыз. Гүлге сабақтарын орналастырамыз. Ақ түсті ермексаздан бірнеше кішкентай түймедақ гүлін дайындаймыз, жапсырамыз.

Қызғылт сары түсті ермексазды жұмсартып, жұмыртқа тәрізді сопақша пішін жасап, гүл сабағының ұшына жапсырамыз.

Қызыл түсті ермексазды да жұмсартып, жұмыртқа тәрізді сопақша пішін жасап, гүл сабағының ұшына жапсырамыз. Күлгін түсті ермексазды да илеп, жұмыртқа тәрізді сопақша пішін жасап, гүл сабағының ұшына жапсырамыз. Осылайша үш гүл дайындаймыз.

Дайын болған гүлге арнайы құралдың көмегімен контур жүргізіп шығыңдар.

Сары түсті ермексаздан сопақша жасап, араның дене пішінін жасап, оны да жапсырыңдар. Қара түсті ермексазды созып ұзарту арқылы ара денесіндегі екі жолақты жапсырып, мүсіндеңдер. Ақ түсті ермексаздан араның екі қанатын дайындап, орнына жапсырамыз.

Қызғылт сары түсті ермексазды алақан арасына салып, ширата отырып, созып аламыз. Ширатылған ермексазды орай отырып, ұлудың пішінін мүсіндейміз. Ұлудың көзін қара түсті ермексаздан жасаңдар.

Жасыл түсті ермексаздан кішкентай ақ гүлдердің сабақтары мен жапырағын жасап, жапсырыңдар.

Міне, қызғалдақ гүлін горельеф тәсілімен мүсіндедіңдер.

«Тир» әдісі. Қатысушылар бүгінгі тақырып туралы ойларын стикерге жазып, тирдің суретіндегі түстерге орналастырады.


Білім алушылар мүсін өнері туралы білетіндерін еске түсіреді.




Суреттердің мазмұнын түсіндіріп, талқылап, өз ойларымен бөліседі.

Оқушылардың сұраққа болжамды жауабы:


Мүсін дегеніміз – ермексаз, сазбалшық, тас, ағаш және металл сияқты материалдардан жасалған көлемді-пішіндік бейне.





Түрлері: жұмыр мүсін және рельефті. Рельеф екіге бөлінеледі: барельеф және горельеф.


Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырып, мақсатымен танысады.



Горельеф мүсіндеу түрімен танысады. Жасалу реттілігімен танысады.





Оқушылар «адасқан» сөздердің орнын тауып, мақал-мәтел құрайды.





Плакаттарға қандай үндеу жазуға болатынын талқылап, өз ойларын білдіреді.


Горельефтді мүсіндеудің тәсілдерімен танысады.






Оқулықтағы балалардың горельеф тәсілімен орындаған жұмыстарымен танысады.




Гүлдің сабақтарын жасап, жапсырады. Ақ түсті ермексаздан кішкентай түймедақ гүлін жасап, жапсырады.






Қызғылт сары түсті ермексазды алақан арасына салып, ширата отырып, созып аламыз.



Сұрақтарға жауап береді.


Дескриптор.


Жаңа тақырыпты меңгереді.

тақырыпты толық ашады;

өз ойларын білдіреді;

сұрақтарға жауап береді;



Жарайсыңдар!



Жұлдызша

«Жарайсың!» Тіктөртбұрыш «Жақсы!» Үшбұрыш

«Талпын!»










Дескрипторы:. горельеф мүсіндеу түрімен танысады;

жасалу реттілігімен біледі;

адасқан сөздердің орнын дұрыс табады;

мақал-мәтел құрастырады;

суреттердің ерекшеліктерін айтады;






Жұлдызша

«Жарайсың!» Тіктөртбұрыш «Жақсы!» Үшбұрыш

«Талпын!»










Дескриптор:

Оқушылар бүгінгі сабақтың
мақсаты, тақырыбы бойынша
өз ойын айту арқылы сабаққа
қорытынды жасайды











Жұлдызша

«Жарайсың!» Тіктөртбұрыш «Жақсы!» Үшбұрыш

«Талпын

Оқулық








































Сабақтың соңы

2 минут


IV.Сабақты қорытындылау


Үй тапсырма :

Кері байланыс береді.

Кері байланыс береді.

Кері байланыс береді.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі