400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мүсін. Графика. Сәндік-қолданбалы өнер.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бейнелеу өнерінің түрлерімен оқушыларды жүйелі түрде таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

С абақ жоспары

Бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы:

Мүсін. Графика. Сәндік-қолданбалы өнер.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлерімен оқушыларды жүйелі

түрде таныстыру.

ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу

қабілеттерін дамыту.

б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.

Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, қылқалам және тағы басқа.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Бе йнелеу өнерінің келесі түрі - графика. Шығармалар тек бояулармен ғана орындалмайды. Олар қарындаш, тушь, қаламұш және басқа да графика құралдарымен бейнеленуі мүмкін. Егер шығармадағы басты әсерлегіш құрал сызық, штрих, дақ болып келсе, онда бұл - графика.

Ұлы итальяндық шебер Леонардо да Винчи өз портретін осылай салған. Көріп тұрғаныңдай ол түрлі түсті емес. Алайда нақты сызықтар мен штрих бет әлпетін жанды, әсерлі етіп тұр.

Мұнда суретші тек екі түсті штрихты пайдалана отырып қазақтың батыры, ақын-жыршысы Махамбеттің айбынды келбетін бейнелеп көрсеткен.

Гр афика туындылары тек ақ-қара түсті болып қана қоймай, түрлі түсті де болады. Бірақ түс графика шығармаларында маңызды емес. Мұндағы басты әсерлегіштер - сызық, және штрих.

Тіпті «түсті графика» деген түсінік те бар. Түсті графиканы сен әрдайым өзіңнің сүйікті кітаптарыңды ашып, ондағы суреттерді тамашалаған кезде көресің. Ал олардың дұрыс атауы - иллюстрация.

Д. Митрохин. Натюрморт


Графика туындылары көшіру арқылы да орындалады. Мұнда сурет белгілі бір материалда ойылып жасалынады да, оның бетіне бояу жағылып арнаулы станокта басып шығарылады. Мұндай жүмыстар гравюра деп аталады.

Мүсін бейнелеу өнерінің
түрі. Мүсіндегі басты
әсерлегіш құралдар
 пішін
мен көлем. Мүсін туындыла-
рын жан-жағынан қарап,
зерттеуге болады. Сондықтан
мүсінді бейнелеу өнерінің үш
өлшемді түрі деп атайды.

Мүсін туындыларын сен
тек мұражайлардан ғана
емес, сонымен қатар қала
көшелерін аралаған кезде де
көре аласың. Олар бақтар
мен алаңдарға көрік беріп
тұр. Қазақстандағы ең әйгілі
мүсіндерді білесің бе? Олар
Алматыдағы Абай, Шоқан,
Абылай хан ескерткіштері
және т.б. Осылардың 
ал-
ғашқы екеуін әйгілі мүсін-
ші Хакімжан Наурызбаев
сомдаған. Жолың түсіп Ал-

маты-ІІ вокзалына бара қалсаң, сәйгүлік тұлпар-
ға мінген қазақ ханы Абылайдың асқақ ескерткі-
шін көруіңе болады.

Үйге тапсырма беру: Бейнелеу өнерінің түрлерінің туындыларын зерттеу.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 қараша
1018
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі