400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Мүсіндеу. Доптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ермексазды шымшып алу әдісі және домалақ, жұмыр мүсін туралы мағлұмат беру; ермексазды алақан арасына салып домалақтау тәсілдерін меңгеру; тілдерін дамыту; саусақтың ұзақ бұлшықеттерінің қимылын жетілдіру; ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу қызыметінің технологиялық карта

Топ: І-сәбилер тобы

Білім беру саласы: «Шығармашылық». «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Мүсіндеу

Тақырыбы: Доптар.

Мақсаты:

Ермексазды шымшып алу әдісі және домалақ, жұмыр мүсін туралы мағлұмат беру; ермексазды алақан арасына салып домалақтау тәсілдерін меңгеру; тілдерін дамыту; саусақтың ұзақ бұлшықеттерінің қимылын жетілдіру; ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: демонстрациялық материалдар, трлі-түсті доптардың суреттері, қызыл, сары, жасыл ермексаз, тақтайша, доп.

Сөздік жұмыс: домалақ

Билингвалды компонент: доптар – мячики.

Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Жұмсақ матадан жасалған домалақ пішінді, әдемі, түрлі түсті допты ұстап тұрып:

Добым,добым, домалақ,

Қайда кеттің домалап,

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың, - деп, сұқ саусағымен допқа ренжіген сыңай байқатады.


Сөздік жұмыс: домалақ.

Бір-бірінің қолдарынан ұстап шеңбер құрып тұрады. Педагог жасаған қимыл-қозғалысты қайталап, көңілдері көтеріңкі қалпында оқу іс-әрекетін жалғастырады.


Қайталайды: домалақ

Ұйымдастыру

шылық - қозғаушылық

Бүгінгі оқу іс-әрекетінде біз күнде ойнап жүрген сүйікті ойыншығымыз – допты мүсіндейміз.

Билингвалды компонент:

Доптар – мячики.

Педагог балалардың үлестірмелі материалдағы суретке назар аударуларын сұрайды.

Суреттегі көк, қызыл, жасыл түсті доптарға қарай отырып, ермексаздан көлемі үлкен доптар сомдаймыз. Педагог жұмысқа кіріспей тұрып ұқыптылық ережелерін қайталайды:

-мүсіндеу жұмысын бастамас бұрын кедергі келтірмеуі үшін алдымен жеңді түру керек;

-ермексазды арнайы тақтайшаның үстіне қою керек;

-жұмысты таза орындауды қадағалау және т.б.

Сергіту сәті

Қолды оңға созамыз,

Қолды солға созамыз,

Бір орында секіріп,

Біз демалып аламыз.

-Балалар, оң қолдарыңа ермексазды үзіп алып, сол қолдарыңмен ермексазды жауып, алақанмен алақанды біріктіріп, ырғақпен домалатыңдар.

Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.






-Кім қандай түстерді пайдаланды?

Балалар педагогті мұқият тыңдайды.



Үлестірмелі материалдағы доптың суретін қарастырады.













Балалар қолдарын оңға, солға жайып, бір жерде тұрып секіреді.


Ермексаздың өздеріне ұнаған түстерінен шымшу әдісімен үзіп алып, алдымен жұмырлау, одан кейін ырғақты домалату әдісімен допты әдемілеп, допқа ұқсатуға тырысып сомдайды.

Балалар пайдаланған түстерін атайды.

Рефлексиялық - түзетушілік

Педагог балалардың өздері жасаған доптарын барлығына көрсетіп, талдайды. Олардың жұмысын мақтап, марапаттайды.

Мүсіндеген доптарын педагогтің үстеліне әкеліп, барлығы бірге қарайды, доптардың ұқсастығына тоқталады. Өздері жасаған әдемі доптарына қарап, балалардың көңіл күйлері көтеріледі.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: доп жасау үшін ермексазды домалақтайды, яғни доп жасайды;

Игереді: доптың домалақ болатынын;

Меңгереді: ермексазды алақанның ортасына салып ырғақты домалақтау әдісін;

Тәрбиеші:Ажигулова Б




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
1612
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі