400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мүсіндеу "Мысыққа ыдыс"

Материал туралы қысқаша түсінік
: ермексазды домалақтап, ортасын қуыстау машығын дамыту, сондай ақ шыдамдылыққа, төзімділікке
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің канспекті

Күні:

Тәрбиеші

Білім беру саласы: Шығармашылық, таным.

Пән:Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Мысықтың ыдысы»

Мақсаты:

Тәрбиелік:үй жануарларына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу

Дамытушылық:мысық туралы түсініктерін кеңейту,ол туралы балалардың өздеріне әңгімелету;

Оқыту: ермексазды домалақтап, ортасын қуыстау машығын дамыту, сондай ақ шыдамдылыққа, төзімділікке.

Педагогикалық техналогиялар:көрсету,түсіндіру,ойын тех.

Ресурстармен қамтамасыз ету:: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, тақтайша, ермексаз, сулық, мысықтың суреті, ыдыс үлгі.

Билингвальды компонент: мысық кошка, ыдыс посуда.

Ұйымдастру кезені:Балаларға оқу іс әрекетіне байланысты жұмбақтың шешуін табуды ұсыну.

Жұмбақ

Өз құйрығын өзі қуып ойнайды

Допты көрсе домалатып қоймайды

Беті қолын қайта қайта жуады

Тышқандарды иүйімізден қуады

(мысық)

Балалар жұмбақтың шешуін табуға тырысады.

Мысық.

Негізгі бөлім:

Тәрбиеші:

Балалар,мысық қайда мекендейді? Мысық үйді мекендейді.

Өте жақсы,балалар, сондықтан мысықты үй жануары деп айтамыз. Балалардың назарын үлестірмелі материалдағы мысықтың суретіне аударту.

Мысық қалай дыбыстайды?

Мысық не жейді?

Мысыққа немен тамақ береміз?

Ал, балалар, мысыққа қарайықшы, құлағы, аяғы, құйрығы, көзі нешеу?

Ал мысықтың түсі қандай?

Кім мысық туралы тақпақ біледі?

Балалар сендер мысықты жақсы көресіңдер ме?

Олай болса, мысыққа сүт ішетін ыдыс жасап берейікші.мысықтың сүт ішетің ыдысы жоқ екен. Алдымен бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті.

Тікірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады

Бойын жазып керіліп

Беті қолын жуады

Қасымнан бір қалмайды

Көзін қысып алдайды

Ойнатсам да күнімен

Ойыны бір қанбайды

Сөздік жұмыс: ойыны бір қанбайды.

Тәрбиеші балаларға өзі жасаған ыдыстың үлгісін көрсетіп, таныстырады.

Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:

Ермексазды жұмсартамыз;

Алақанға салып, домалақтаймыз;

Ортасына сұқ саусағымызды батырып,ойық жасаймыз;

Кесе пішініне ұқсатып, жан жағын тегістейміз.

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Көмек керек болған балаға тәрбиеші көмектеседі.

«Шатасқан жіп» ойыны ұйымдастыру.

Балалар, мысық жіппен ойнағанды жақсы көреді. Әженің ұршығындағы жіпті шатастырып тастапты. Сол жіптің шатасқанын жазып беруге көмектесейік.

Ойын барысы: шатасқан жіпті жазуға тырысу. Шатасқан жіпті жазады. Балалар ойынға қызыға кіріседі.

Суретке қарап, сұрақтарға жауап береді.

«мяу мяу» деп дыбыстайды.

Мысық тышқан аулайды, сүт ішеді.

Ыдыспен

Аяғы төртеу,көзі екеу, құйрығы біреу, құлағы екеу.

Ала мысық.

Пеш түбінде мысық отыр,

Аздап көзін қысып отыр

Тышқан етін жегісі кеп,

Тісі оның қышып отыр.

Балалар өлең шумағына сай қимыл жасайды.

Қайталайды: ойыны бір қонбайды.

Балалар жұмыстың орындалу тәсілімен танысады.

Мысыққа арналған ыдысты мүсіндейді.

Қорытындылау:

Балалар, біз бүгін не жасадық?

Міне, тамаша, енді жасаған ыдысымызды мысыққа сыйлайық. Балаларды мадақтау.

Жұмыстарды талдайды, жасаған ыдыстарын мысыққа сыйлайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:  домалақ ермексаздың ортасын бас бармақпен баса отырып,іші қуыс ыдыс пішініне келтіреді;

Игереді: мысықтың үй жануары екендігін, сүтті жақсы көретіндігін;

Меңгереді: ермексазды алақан арасына салып, домалақтау тәсілін.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
849
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі