400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Мүсіндеу пәнінен конспект. Тақырыбы: "қанқыз".

Материал туралы қысқаша түсінік
ортағы топқа арналған мүсіндеу пәнінен конспект.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Пән: Мүсіндеу

Өтпелі тақырып: Алғашқы сыңғырлаған тамшылар.

Тақырыбы: Қанқыз"

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Жәндіктерге деген қамқорлық сезімдерін ояту, балаларды ұқыптылыққа, еңбекке тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін, тілін дамыту.

3.Оқыту: Балалардың қол қимыл әрекетін жетілдіру, шығармашылық пен жұмыс істеуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап, мүсіндеу

Ресурстармен қамтамасыз ету: жәндіктер суреттері, дидактикалық материалдар, жәндіктер.

Билингвальды компонент: Қоңыз-жук.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

Балалар, қазір қай мезгіл? (Көктем мезгілі)
Көктем мезгілінде неше ай бар? (Үш ай бар)
Үш айды атаңыз? (Наурыз, сәуір, мамыр)
Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады? (Күн жылынады, ағаштар бүршік жарады. Құстар жылы жаққа ұшып келеді, жәндіктер жер бетіне шыға бастайды).
Мына жәндіктер қалай аталады? (Көбелек, ара, инелік, өрмекші, құмырсқа, қоңыз)
Бұл жәндіктердің пайдасы қандай? 

ІІ. Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу

Бал алады, зиянды құрттардан тазартады. Көбелек гүлдерді тозаңдандырады, талшығынан жібек мата алынады. Қоңыз өсімдіктердің жапырағын зиянды құрттардан тазартып, емдейді. Құмырсқа еңбекқор, илеуіне қонған құстардың үстіндегі бүргелерін тазартады. Шегіртке зиянды көк шөптерді, егінді жеп құртып отырады. Шегірткелер топталып жүреді. Ара гүлдердің шырынынан бал жинайды. Қоңыздар топырақты қазып шіріген заттарды ыдыратып табиғат тазалығын сақтауға үлес қосады.

Жұмбақтар шешу
1. Екі басы жұдырықтай
Ортасы қылдырықтай
/Құмырсқа/
2. Ызыңдап ән салып
Лас жерге қонады
/ Шыбын/
3. Тоқыған ауы - шыбынның жауы
/Өрмекші/

Балалар, қандай жәндіктерді білесіздер? (Көбелек, ара, инелік, шегіртке, құмырсқа
Балалар қалташаға көбелектерді орналастырады)
Бұл, жәндіктердің қанаттары нешеу? (Екеу )
Көздері, мұртшалары нешеу? (Екеу)

Балаларға жәндіктер туралы түсініктер беру.
Балалар, мына жәндік қалай аталады? (Қанқызы)
Қазір біз сендермен Қанқызын мүсіндейміз.
Қанқызының пайдасы қандай? (Өсімдіктердің жапырағын зиянды жәндіктерден құртады).

2.Үлгі көрсету
Қызыл, қара, ақ ермексаздан қанқызын мүсіндейді. Тәрбиеші мүсіндеу жолын түсіндіреді.
Көктем мезгілінің бейнесін жапсыру. 

3Сергіту сәті

Ермексазды қояйық,

Орнымыздан тұрайық.

Қолымызды соғайық,

Бір отырып, бір тұрып

Бір тынығып алайық.

4.Жұмыс барысы

Ермексазды жұмсарту;

алақан арсында домалату;

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Қажет болған жағдайда, жеке балаға көмек көрсетіледі.

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

Балалар, біздерге жәндіктердің пайдасы өте зор. Жәндіктердің адам денсаулығына тигізер маңызы өте жоғары.
Өрмекшінің өрмегі қаны тоқтамаған жараға ем. Араның балын жаңғаққа араластырып қан айналымын жақсарту үшін пайдаланылады. Жаңғақтың қоректік құны жоғары. Оның құрамында ақуыз, қанықпаған май қышқылы, темір бар. Ол адам денесіне өте қажетті пайдалы азықтық ретінде қарастырылады. Миды қуаттандырады, қан айналысын жақсартады, өтке байланған тасты ерітеді. Е дәрумені бар. Құмырсқадан амин қышқылын алады.Көбелектің талшығынан жібек мата алады.

Қорытынды жасау.

Балаларды мақтап,мадақтау.

Көрме жасау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
1220
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі