400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мүсіндеу» сабағынан ұйымдастырылған ашық оқу қызметі Тақырыбы: «Жемістер» ересек топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Боялған тұзды қамырдан мүсіндеуді үйрету. Пішінді мүсіндеудің басу, қысу, жалпақтау әдістерін пайдалана отырып, балаларды әртүрлі пішінді заттарды мүсіндеуге үйрету; сенсорлық тәрбие беру. Бейнені затпен салыстыру, мүсіндегі сәйкестіктерді анықтай білу қабілеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Төлеубаева Айсана Оралбайқызы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің «Аягөз қалалық №1 бөбекжай - балабақшасы» КМҚК


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Жемістер» (тұзды қамырдан мүсіндеу техникасы)

Мақсаты: Боялған тұзды қамырдан мүсіндеуді үйрету.

Міндеттері:

Білімділік: пішінді мүсіндеудің басу, қысу, жалпақтау әдістерін пайдалана отырып, балаларды әртүрлі пішінді заттарды мүсіндеуге үйрету; сенсорлық тәрбие беру.

Дамытушылық: бейнені затпен салыстыру, мүсіндегі сәйкестіктерді анықтай білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: балаларды табиғатты сүюге тәрбиелеу; жемістердің пайдасын түсіндіру.

Көрнекі құралдар: жемістер, жеміс муляждары, «Күз аруы» кейіпкері, бейнеролик.

Қажетті құрал-жабдықтар: арнайы бояумен боялған тұзды қамыр, ыдыстағы су, тақтайша.

Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ –жауап.

Қостілділік компонент: алма- яблоко- apple, алмұрт-груша-pear

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: көрме орнын даярлау.

Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балардың әрекеті

Қызығушылығын ояту және ынталандыру кезеңі

Тәрбиеші балалармен шаттық шеңберін жасайды.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек!

Көңілді боп жүрейік!

(Ө.Тұрманжанов.)

Тәрбиеші бейнероликті қолдана отырып балалармен күз мезгілі туралы әңгіме жүргізеді.

–Балалар, мына суретте қай мезгіл бейнеленген?

–Суретте не көріп тұрсыңдар, күзде қандай жемістер піседі екен?

–Жемістің қандай пайдасы бар екенін білесіңдер ме?

Балалар шаттық шеңберін жасайды.











–Күн суытады. Аспанды бұлт торлайды. Жылы киім киеміз.

–Күз мезгілі.



–Алма, алмұрт, жүзім.



–Денсаулыққа пайдалы, көптеген дәрумендері бар

Ұйымдастырушылық кезеңі

Ескерту кеңестер: Жеміс – жидектерді жуып же.Олардың қалдығын қалай болса солай тастама.Жеміс ағаштарын күтіп – баптауға көмектес.

Олардың бұтақтарын сындырма. Жеміс – жидектерді, көкөністерді піспей тұрып жеме.



Осы кезде есік қағылады. Есіктен «Күз аруы» кіреді, қолында жеміс толы себеті бар.

–Балалар, қараңдаршы, бізге қонақ келді. Бізге әкелген тосын сыйы бар екен.

«Күз аруының» тапсырмасы: Балаларға себеттегі жемістерді көрсетіп, қандай жеміс екенін сұрайды.

–Мынау қандай жеміс?

–Мынау ше?

–Тағы қандай жемісті көріп тұрсыңдар?

–Балалар, енді осы жемістердің ішінен алма мен алмұртты мүсіндейік.

Бүгін біз ермексазбен емес, тұзды қамырмен мүсіндейміз. (қосымшаны қарау)

-Түстері қандай екен?

-Дұрыс балалар!

–Алдымен қызыл түсті қамырдың бір бөлігін алақанымызға салып жұмсартып, домалақ пішінге келтіреміз.

№1 жұмыс дәптеріндегі үлгіге қараңдар. Басбармақпен басу арқылы алманың пішінін келтіреміз. Сабағын ағаш бұтақшасынан жасаймыз.

Енді, жасыл түсті қамырдың кішкене бөлшегін алып, алақанға салып домалақтаймыз, тақтайшаға қойып жалпақтау әдісі арқылы сопақша пішінге келтіреміз.

Пышақтың ұшымен кесу арқылы жапырақтың бейнесін жасаймыз.

Жапырақты алманың сабағына орналастырамыз. Алмамыз дайын болды.

Сергіту сәті:

Кәне, кімнің бойы ұзын?

Паровозы ол пойыздың.

Қатар–қатар тұрайық,

Пойызды біз құрайық. (2рет)

(Ж.Смақов)

–Енді алмұртты жасауға кірісеміз. Сары түсті қамырды алып, тақтайшаға қойып біраз илейміз. Сопақ пішін жасаймыз. Сопақшаның жоғарғы жағын қысу арқылы алмұрттың пішініне келтіреміз.

Басбармақпен басу арқылы сабақ ойығын оямыз. Алманың сабағын жасағандай ағаш бұтақшасын орналастырамыз.

Жасыл түсті қамырдың кішкене бөлігін алып, домалақтап жалпақтаймыз. Арнайы пышақпен жапырақ пішінін кесіп алып, сабағына орналастырамыз. (Алдыңғы үлгіге қараңдар.)

«Күз аруы» мен тәрбиеші балалардың жасаған жұмысын аралап көріп, мадақтайды.




















Балалар «Күз аруымен» амандасады. Қонақтың сыйын тамашалайды.







–Алма

–Алмұрт

–Жүзім.











Қызыл, сары, жасыл,









Орындарына отырып, жұмысқа кіріседі. Үлгіге қарап, алма мен алмұртты мүсіндейді.









Жасаған алмаларын тақтайшаларға қойып кептіреді.

кептіруге қояды





Балалар өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.







Алмұртты мүсіндейді

Қамырды илейді;

Сопақша мүсін жасайды;

Сопақшаның үстінгі жағын қысып;

алмұрттың мүсінін келтіреді;

Жапырағын жалпақтап, арнайы пышақпен (стэкпен)

кесіп алады.

Қоңыр ағаш бұтақшаны қадайды

Рефлексиялық қорытындылау кезеңі

«Күз аруы» мен тәрбиеші сабақты қорытады:

1.Балалар жұмысынан көрме;

2.Алма, алмұрт туралы сипаттап айту;



3. «Күз аруы» сый таратады (күтуші жуып даярлайды)







- Кәне, балалар, «Күз аруына» біз білетін жемістер жырын айтып берейік.













Шаттық шеңбері.

Жылу берген күнге рахмет!

Тіршілік берген жерге рахмет!

Өсім берген суға рахмет!

Бізге жеміс әкелген,

«Күз аруына», рахмет!

Балалар өз жұмыстарын көрмеге қояды. Алма, алмұрттың дәмі, түрі, түсі, пішіні туралы айтады.

«Жемістер жыры» тақпағын айтады:

Алма

Мен алмамын, алмамын, Таңдай жұлар бар дәмім.. Алмұрт Өрік

Мен алмұртпын, алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттың.

Өрік

Мен өрікпін, өрікпін, Табиғатқа көрікпін.

Жүзім

Мен жүзіммін, жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім.

Балалар рахмет айтады. «Күз аруын» ортағы алып, онымен күлімсірей қоштасады.


Күтілетін нәтиже:

Білу: Жеміс, жидектер–табиғаттың сыйы екендігін; ермексаз, сазбалшықпен бірге, тұзды қамырмен де мүсіндеуге болатынын біледі.


Ұғымын түсіну: Жемістердің өзара айырмашылықтарын ажыратуды.


Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Тапсырманы орындай білу: алма мен алмұртты мүсіндей алады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
2061
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі