400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мұз айдындағы іздер"

Материал туралы қысқаша түсінік
сурет салудан техкарта
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кіші жас «Ақбота» тобына арналған

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Өткізу күні: 30.01.2020 ж.

Тәрбиеші:Дюмбаева А.В.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Қыстың шаруасы аз емес»

Тақырыбы: «Мұз айдынындағы іздер»

Мақсаты: Қылқаламды дұрыс ұстай отырып,берілген фонның үстінен коньки ізін ирек сызықтар сызу арқылы көрсетуге үйрету.

Ирек сызықтар сызу дағдыларын қалыптастыру. Табиғаттың әсемдігін түсіне білуге тәрбиелеу

Ресурстармен қамтамасыз ету: Әр балаға араналған көкшіл мұз айдыны бейнеленген үлестірмелі материал,жіңішке қылқалам,көк бояу,қол сүрткіштер,су.

Көптілділік: мұз айдыны-каток, мұз-лед


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1. Ұйымдастырушылық кезеңі:
Ән салуға барамыз,

Досымызды табамыз

Сәлемет пе! Міне, мен!

Доспын енді сенімен.


2. Негізгі бөлімі:

Тәрбиеші балаларға мұз айдыны бейнеленген суреттерді көрсетіп, мұз айдыны не үшін керек екендігі туралы әңгімелейді.

-Сендер ата-аналарыңмен бірге мұз айдынына барып, конькимен сырғанағанда мұзда қандай із қалғанын көрдіңдер ме? Мұз айдынында конькимен сырғанағанда әртүрлі өрнектер, яғни іздер қалатынын айтады.


Сергіту сәті:

Секірейік – секірейік,

Ұзын – құлақ қоянша.

Шаршағанды кетірейік,

Болар сонда тамаша.


-Сендердің ойыншықтарың мұз айдынына бара алмайды. Бірақ олар мұз айдынына коньки тепкендеріңді көргісі келеді. Ендеше біз ойыншықтарға өзіміздің тепкен конькиіміздің іздерін салып берейік. Сендердің алдарыңда көкшіл қағаз,оны «мұз айдыны» деп ойлайық.


Саусақ жаттығуы:

«Қуырмаш»
Қуыр-қуыр қуырмаш,
Балаларға бидай шаш.
Бас бармақ,
Балан үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.


Осы мұз айдыны,яғни алдарыңда тұрған көк қағаздың үстіне ақ бояуды пайдаланып жіңішке қылқаламмен конькидің іздерін түсіріп көрейік. Көк қағазда әлі іздер түспеген. Алдымен көк қағаз бетіне қылқаламның көмегімен іздерді түсіріп көрсету. Алдымен балаларға алдын-ала түзу сызықтар салу керектігін ескертеді. Балалардың жіңішке қылқаламды дұрыс пайдалануы қадағаланады.

Осындай іздерді салынған кезде қылқаламды баспай,ұшымен сүйкей жағу керек екенін естеріне түсіреді. Ұқыпты жұмыс істеулері қадағаланады.

Жұмыс соңынан жасауды балалардан конькимен сырғанаған кезде жасайтын қимылдарын жасаулары сұралады.

Балалардың өз бетінше жұмыстары. Қиналған балаларға жеке көмектесу.


3. Қорытынды:

Балаларға жеке бағыт-бағдар беріледі. Балалар суретті жақсы салғаны үшін ойыншықтардың атынан алғысын білдіреді.

Балаларды мадақтау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 қаңтар
1109
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі