жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мұзафар Әлімбаев «Он саусақ»
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Сәулет өнері
Күні: Сынып: 3 |
Мектеп: Т.Масин атындағы ЖОББМ
Мұғалімнің аты-жөні: Малаева.Г.Е
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ тақырыбы |
Өнерлінің қолы алтын Мұзафар Әлімбаев «Он саусақ», Шона Смаханұлы «Он саусақ» |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Оқу мақсаты |
3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді табу; 3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу. |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар: өлеңге тақырыбын анықтай алады. Көптеген оқушылар: өлеңнің негізгі ойын анықтайды; өлеңнен көркем сөздерді табады. Кейбір оқушылар: өлеңнің негізгі ойын анықтайды, өлеңнен көркем сөздерді анықтайды; өз ойын білдіруде көркем сөздерді қолданады. |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
|
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Тірек сөздер |
Оқушылар: Еңбек түрлерін атай алады. Өлеңнің негізгі ойын анықтайды. Өзі таңдаған мамандық туралы ойын жаза алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Он перне, он саусақ, қала салсақ, жол салсақ. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Күшіңе сенбе, ол сені алдауы мүмкін, сондықтан - ...- |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Бұл сабақ академиялық адам еңбегіне деген құрмет, ұйымшылдық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған. Құндылықтарды қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін орнату, қабілеті төменірек оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады. |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Мамандық түрлерін ажырата алуы барысында дүниетану пәнімен байланыс пайда болады. Өлеңнен теңеу сөздерді теріп жазуы барысында қазақ тілі пәнімен байланыс пайда болады. |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Алдыңғы білімді игерулері |
Өлеңді мәнерлеп оқи алады, тақырыбы мен негізгі идеясын түсінеді, өз ойын айтады. Өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін біледі. |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 0-4 минут |
Ширату тапсырмасы Оқушыларды отбасындағы орны бойынша 5 топқа біріктіреміз. 1-(тұңғыштар): - «Бас бармақ» 2-(ортаншы ): - «Балалы үйрек» 3-(ортаншы): - «Ортан терек» 4-(ортаншы): - «Шылдыр шүмек» 5-(кенжесі): - «Кішкентай бөбек» Оң жағымда бес сарбаз, Сол жағымда бес сарбаз. (Он саусақ) жұмбақ жасыру арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды. Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру. |
Саусақ аттары жазылған парақша суреттері, интербелсенді тақта |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 5-10 минут
11-13 минут
14-26 минут
27-31 минут
32-37 минут
|
1-тапсырма (МК, Ұ, ОТ) «Балапан және оның достары» - мамандық туралы мультфильмді тамашалайды және жетелеуші сұрақтар арқылы сабақ тақырыбына болжау жасайды. Мазмұнын ашатын үлгі сұрақтар: -Мультфильмде адам еңбегінің қандай түрлері әңгімеленеді? -Қандай мамандықтар аталып өтті? -Осыдан да басқа мамандықтар жөнінде не білесің? -Саған мамандықтың қайсысы ұнайды? -Мультфильмге ат қояйық, қалай атар едіңдер? Саралау: қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз ойларын айтуға үйренеді. (Б) «Шапалақ» әдісі арқылы бағалау Авторлар: Мұзафар Әлімбаев - Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлығының лауреаты Павлодар облысы, Шарбақты ауданында дүниеге келген. (1923ж.- 2017ж.) Шона Смаханұлы - Қазақтың белгілі сықақшысы, ақын. Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген. (1924ж.- 1988ж) 2-тапсырма (МК,Ж,ОТ) Ш. Смаханұлының «Он саусақ» өлеңін үнтаспадан тыңдайды. М.Әлімбаевтің «Он саусақ» өлеңін мәнерлеп, түсініп оқиды. Әр жұп «Салыстыру картасына» өлеңдегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді анықтайды, екі өлеңнен де көркем сөздерді (теңеу,эпитет) тауып, картаны толтырады. «Салыстыру картасы» Үлгі:
Саралау: тапсырма бойынша мұғалім көмегімен саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі. (ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
3-тапсырма (МК;ОТ;Т) «Көршіңе хабарлас» әдісіне сүйеніп оқушыларға телефонның әр түрлі түсін таратып беріп, «Өнерлінің қолы алтын» дегенді қалай түсінесің? бір-бірімен осы сұрақ төңірегінде пікірлеседі. Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Қарасөзбен өз ойын жеткізуде кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді. (Б) «Бағдаршам » арқылы өзара бағалау 4- тапсырма (ОТ,Ө,МК) «Рефлексия» әдісі бойынша оқушыларға «Өзің қандай мамандықты ұнатасың?» мысалдар келтіріп жазу ұсынынылады. (5-6 сөйлеммен) Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Жұпта, топта бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады. |
https://www.youtube.com/watch?v=LHZJr7CxPzA
инте | ||||||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген