400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұздың және қардың ғажайып сыры, мектепке даярлық топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Белсенділікті, дербестікті, жұмыста ұқыптылықты тәрбиелеу, балалардың өзін-өзі бағалауын арттыру. Жансыз табиғат объектілері – қар мен мұз туралы бұрын алынған білім мен зерттеу дағдыларын бекіту және жүйелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Казиева Эмина Керейқызы

Қостанай облысы, Қостанай қаласы, «№ 61 бөбекжайы» КМҚК

Мектепалды даярлық «Салтанат» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

«Таным» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Мұздың және қардың ғажайып сыры».

Мақсаты: 

Тәрбиелік: Белсенділікті, дербестікті, жұмыста ұқыптылықты тәрбиелеу, балалардың өзін-өзі бағалауын арттыру.

Дамытушылық: Салыстыру, талдау негізінде жансыз табиғат объектілеріне танымдық қызығушылықты дамыту,

Оқыту: Жансыз табиғат объектілері – қар мен мұз туралы бұрын алынған білім мен зерттеу дағдыларын бекіту және жүйелеу.

практикалық зерттеу арқылы балалардың қар мен мұздың қасиеттері туралы білімдерін нақтылау, тереңдету және бекіту; табиғаттағы және адамдар үшін қар мен мұздың маңызы туралы түсініктерін кеңейту;

Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын технологиясы, денсаулық сақтау технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: Интерактивті тақта, суреттер, қар,мұз, бояулар

Білінгвальды компонент: Су-вода, сүнгі-сосулька, қар ұшқындары-снежинки,

қыс - зима, қар – снег, ақ – белый, мұз – лед

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Жұмбақ

Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.
Суда мұз бар,
Жерде қар бар.
Боран борап соғады,
Бұл қай мезгіл болады? (Қыс)

Негізгі бөлім

Ежелден бері адамдар табиғат құбылыстарына қызығушылық танытты:

- Неге жаңбыр жауады?

- Неліктен күн жарқырайды?

- Неліктен күн түнді ауыстырады?

- Қайдан қар пайда болады?

- Балалар, сендер осы сұрақтардың жауаптарын тапқыларың келе ме?

Кәне, терезеден қарап, қыстың ең жарқын белгілерін атап көрейікші. (Қыстың келуімен ауа температурасы төмендеді, қар ағаштарға, үйлердің төбелеріне, егістіктерге жауып ,су қоймаларындағы су қатып , өзендер, көлдер мен тоғандарға мұз түсті. Мұз бен қар - қыстың ең жарқын белгілері болып табылады).

Проблемалық жағдай:

аудиожазба: «Аспанда екі апалы-сіңлілі тамшылар өмір сүріпті; олар еш уайымсыз, қайғысыз өмір сүрді, бірақ ол көңілді өмірлері бір сәтте қатты аяз түскенге дейін созылды. Бір тамшы бүрісіп, мұзға айналды. Екінші тамшы, әдемі қар ұшқынына айналды. Ол көкірейіп кетті де, туған қарындасын мұзды танығысы келмеді. Ол: "Мен күмістен және күннен жасалғанмын, әдемімін, ал сен болсаң, лас судан тұрасың - лассың!»,- деп айтып жүрді.

_ Қандай қайғылы оқиға. Неліктен қар ұшқыны мұзбен ойнағысы келмеді? (Қар ұшқыны мұздың оған ұқсамайтынын көрді; қар ұшқыны мұз туралы ештеңе білмейді, сол себепті онымен ойнағысы келмейді).

Балалар, оларға қалай көмектесуге болады? (біз оларды татуластыруымыз керек.)

Татуластыру дегеніміз не?

Гипотеза:

Олар туралы, олардың өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтрын көрсете отырып, айтып беру, содан кейін олар бір-бірімен қайта ойнағысы келетін болады.

- Айтыңдаршы, біз қар мен мұздың қасиеттері мен сапасы туралы ақпаратты қайдан аламыз?

(компьютерде, кітаптарда қарауға болады, ересектерден сұрап, теледидардан көруге, өзіңізге ойлануға, тәжірибе жасауға болады)

Таңдау жағдайы:

(Топтарға бірігіп, зерттеу әдісін таңдау керек)

1) Зертханада кімнің жұмыс істегісі келеді?

2) Ал энциклопедиядан қар мен мұздың қасиеттері мен сапасы туралы кім білмекші?

- Сол себепті біз қандай мақсат қоямыз: қар мен мұз ұқсас па, соны білу керек. Қар мен мұздың қандай қасиеттері соны дәлелдеу?

- Ол үшін не қажет? (зертхана, кітаптар)

- Балалар, қар мен мұздың қандай қасиеттері мен сапасын білесіңдер? (қар-ақ, борпылдақ; мұз - түссіз, сынғыш)

-Осы қасиеттерді тәжірибелер негізінде дәлелдеу.

№ 1 тәжірибе (қасиеттер)

Мақсаты:

Қар бұршағының артына сурет салыңдар және ештеңе көрінбей тұрғанына көз жеткізіңдер. Ал егер суретті мұздың артына қоятын болсақ, онда ол анық көрінеді.

(Қорытынды қар мөлдір емес, мұз мөлдір.)

- Қар ұшқыны мен мұз бір-бірінен осы қасиеттер негізінде ерекшеленеді, енді олардың ортақ не бар екенін білейікші.

- Біз нені білгіміз келді? (қар мен мұз неден тұрады)

Сапаны анықтайтын № 2 тәжірибе

Мақсаты: қар мен мұздың жылынып, суға айналатынын көрсету

- Біз бұл үшін не істедік? (бір стақан мұз бен қар толтырып алып, оларды жылы жерге алып келдік).

Енді қар мен мұзбен не болғанын көреміз бе?

(Екі стақанның ішінде суды көреміз).

Қорытынды: жылу әсерінен қар мен мұз суға айналды. Ендеше олардың екеуі де судан тұрады.

Осы тәжірибе арқылы біз қар ұшқыны мен мұз екеуінің ортақ қасиеті бар екенін дәлелдедік.

Сапаны анықтайтын № 3 тәжірибе

Мақсаты:

Егер қар мен мұзды су құйылған ыдыс ішіне салатын болсақ, біз не көреміз (қар мен мұз батып кетпейді, олар су бетінде қалады.

Қорытынды: қар мен мұз жеңіл.

- Ендеше, қар ұшқыны мен мұз дос бола алады деген сөз. Олар арасында қандай ортақ белгілері бар?

(қар мен мұз судан тұрады және олар жеңіл)

№ 4 презентация:

Мақсаты:

«Қар мен мұз жақсы ма, жаман ба?»

Тақтаға қарап көрейікші: біз шөптің кішкентай өскіндерін көріп тұрмыз, олар үсіп кетпеді. Неліктен?( қар жылуды сақтайды).

- Мұз қайда түзіледі? (су қоймаларының бетінде.)

- Балықшылар қыста өзенде не істейді? (балық аулайды)

- Мұз астындағы барлық тіршілік неге қатып қалмайды?(Мұз да жылуды сақтайды)

Мұз бен қар жылуды сақтайды, адамдардың өмірінде үлкен маңызға ие.

Аудиожазба: Қыстың дауысы. «Балалар, менің патшалығымда бейбітшілік, достық орнағанына қуаныштымын. Енді қар мен мұз бір-бірімен ұрыспайды. Сендер мұны қалай жасадыңдар? (біз тәжірибелер жүргіздік және қар мен мұз әртүрлі ғана емес, сонымен қатар бір-біріне ұқсас екенін дәлелдедік: судан тұрады, суға батпайды, судан жеңіл, жылуды сақтайды, қар мен мұз адам үшін үлкен маңызға ие).

- Біз зертханадағы жұмысты аяқтадық.

- Балалар, ал сендерге мұз бен қар ұшқыны туралы ертегінің немен аяқталғаны қызық па?

Аудиожазба естіледі «Жел ұшып келді де, мұздың жылап тұрғанын көріп, оны аяды. Жылы желмен соқты. Мұз еріп, кішкене тамшыға айналды, қар ұшқыны да еріп, тамшыға айналды. Қар ұшқыны бұрынғы мұзға қарап, әпкесін таныды. Екі тамшы да бұлаққа құйылды да, бір нәрсе туралы көңілді және ұзақ сөйлесті. Сіз олардың сөздерін көктем келгенде естийтін боласыздар».

Қорытынды

Бүгін не туралы білдіңіздер?

Сендерге зертханада жұмыс істеу ұнады ма?

Барлығы шықты ма?













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
9 наурыз
373
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі