400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

My family

Материал туралы қысқаша түсінік
My family ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

My family



 Ағылшын тілі 

Білім саласы: Қатынас
Білім бөлімі: Ағылшын тілі
Тақырыбы: My family
Мақсаты: балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу Балалардың патриоттық сезімдерін ояту, отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Отбасы мүшелерін дұрыс атап, тақырыпқа байланысты жаңа сөздер, фразалармен таныстыру, сөздік қорларын, ой - өрісін дамытып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру.
Билингвалдық компоненттері: family - отбасы, mother - ана, father - әке, grandmother - әже, grandfather - ата, brother - аға, sister - әпке, baby - бөбек
Көрнекіліктері: слайд, плакаттар, отбасы мүшелері бейнеленген плакат, карточкалар
Мотивациялық - қозғаушы кезең:
- Good morning children!
- Good morning teacher!
- Балалар бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық. Бәріміз бір – біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуларын сезінейік. Қандай тамаша?!
Шаттық шеңбері:
Good morning teacher!
Good morning
Good morning to you
Good morning dear teacher
I am glad to see you
Ұйымдастырушы - ізденуші кезең:
- Балалар, Бүгінгі біздің тақырыбымыз өз отбасымыз туралы болмақ.
“Менің отбасым.” Ағылшын тілінде менің отбасым қалай болады?
- My family
- Ол үйлерде кімдер тұрады деп ойлайсыңдар?
- Отбасы
- Иә, балалар, барлық үйдің өз отбасы болады олар бір - бірімен тату - тәтті тұрады.
Біздің әрқайсымыздың өз отбасымыз бар. Отбасы мүшелеріне кімдер жатады? (Балаларжауабы)
- Отбасы ол – атам, әжем, анам, әкем, ағам, әпкем және мен
- Балалар, отбасымыздағы басшы кім? (әке)
- Ал, сендерді өмірге әкелген адам? (ана)
- Ал ата мен әжеге сендер кім болып келесіңдер? (немере)
- Ал, аға - апа, іні - қарындас ол, сендердің туған бауырларың.
- Отбасындағы адамдар бір - бірімен қандай болуы керек?
- Адал, мейірімді, қайырымды болуы керек.
- Балалар, біз отбасындағы тәрбиені бірінші кімнен аламыз? (әке мен анадан)
- Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы.
Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар? (отбасының)
- - Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған отбасы мүшелері. Қане, отбасы мүшелерін ағылшын тілінде атап көрейікші.
Ойын: «Аудармашы»
Мұғалім допты лақтырып қазақ тілінде бір сөз айтады, ал оқушы допты қағып аладыда, мұғалім айтқан сөздің ағылшын тілінде аудармасын айтып, допты мұғалімге кері лақтырады.
Сергіту сәті:
Аяқпенен топ - топ,
Ал қолменен хоп - хоп
Бір оңға, бір солға
Айналайық, кел мұнда.
Қолымызды бір сілтеп,
Басымызды шайқайық.
Бір оңға, бір солға
Кел ойнайық, кел мұнда.
Секіреміз жоғары,
Қиын емес секіру.
Бір оңға, бір солға
Секірейік, кел мұнда.
Ойын: «Полиглот»
Мұғалім жұмбақ жасырады, оқушы жұмбақтың шешуін тауып үш тілде атайды. (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде)

Рефлексиялық түзетушілік
Педагог оқу іс - әрекетін қортындылайды. Отбасы мүшелерінің атауларын ағылшын тілінде сұрайды. Оқу қызметінде ойналған ойындарды талқылайды.

Күтілетін нәтижелер:
Орындайды: жаңа лексикалық бірліктерді family - отбасы, mother - ана, father - әке, grandmother - әже, grandfather - ата, brother - аға, sister - әпке, baby - бөбек сөзін;
Түсінеді: мәтінді тыңдау арқылы қабылдауды, шағын әңгіме құруды.
Қолданады: отбасы мүшелерін атап үйренуді, өз жанұясы туралы шағын әңгіме құруды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
469
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі