400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«My family\ Менің отбасым»

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім саласы: Қатынас 
Білім бөлімі: Ағылшын тілі 
Ашық ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің тақырыбы: «My family\ Менің отбасым» 
Ашық ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің мақсаты: балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу Балалардың патриоттық сезімдерін ояту, отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Отбасы мүшелерін дұрыс атап , тақырыпқа байланысты жаңа сөздер, фразалармен таныстыру,сөздік қорларын, ой- өрісін дамытып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру. 

Билингвалдық компоненттері: Астана- capital, Елбасы – president, family - отбасы, mother- ана, father- әке, grandmother- әже, grandfather- ата, brother - аға, sister - әпке, baby- бөбек 

Көрнекіліктері: слайд, плакаттар, отбасы мүшелері бейнеленген плакат, карточкалар 
Мотивациялық-қозғаушы кезең: 

- Good morning children! 
- Good morning teacher! 
- Қане балалар келген қонақтармен амандасайық! 
- Балалар бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық. Бәріміз бір – біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуларын сезінейік. Қандай тамаша?! 
Шаттық шеңбері: 
Good morning teacher! 
Good morning 
Good morning to you 
Good morning dear teacher 
I am glad to see you 
Үлкенге де сіз, 
Кішіге де сіз, 
Ата - ананы құрметтеп, 
Бас иеміз біз. 
- How are you children? 
- I am fine! 
- How is your mood? 
- Good! 
- Children what season is it now? 
- It is spring! 
- How many monthes in spring? 
- Three! 
- Балалар, көктем мезгілінде неше ай бар? Қане атап өтейік 
- March, april, may. 
- Children, tell me please in what country we live? 
- We live in Kazakhstan. 
- Жарайсыңдар балалар, біз Қазақстан Республикасында тұрамыз, ол біздің Отанымыз. Отан – Country. 
- In what region of Kazakhstan we live? 
- We live in South region of Kazakhstan 
- In what city of Kazakhstan we live? 
- We live in Shymkent city 
- Very good children 
Балалар, елбасымыз кім? 
Who is our President? 
- Our President N.Nazarbayev 
Ұйымдастырушы-ізденуші кезең: 
- Балалар, Бүгінгі біздің тақырыбымыз өз отбасымыз туралы болмақ. 
“Менің отбасым.” Ағылшын тілінде менің отбасым қалай болады? 
- My family 
- Ол үйлерде кімдер тұрады деп ойлайсыңдар? 
- Отбасы 
- Иә, балалар, барлық үйдің өз отбасы болады олар бір - бірімен тату - тәтті тұрады. 
- Біздің әрқайсымыздың өз отбасымыз бар. Отбасы мүшелеріне кімдер жатады? (Балалар жауабы) 
- Отбасы ол – атам, әжем, анам, әкем ,ағам,әпкем және мен 
-Балалар, отбасымыздағы басшы кім? (әке) 
-Ал, ана сендерді өмірге әкелген адам? (ана) 
-Ал ата мен әжеге сендер кім болып келесіңдер? (немере) 
- Ал, аға-апа, іні-қарындас ол, сендердің туған бауырларың. 
-Отбасындағы адамдар бір- бірімен қандай болуы керек? 
- Адал, мейірімді, қайырымды болуы керек. 
- Балалар, біз отбасындағы тәрбиені бірінші кімнен аламыз? (әке мен анадан) 
- Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы. 
Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар? (отбасының) 
- - Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп тұрмыз 
(Ағылшын тілінде отбасы мүшелерін атап береді). 
Some families are large 
Some families are small 
But I love my family 
Best of all
 
- Балалар, ал сендер білесіңдер ме? Отан- отбасынан басталады. 
Отбасы әр адамның шағын отаны.Отбасынды өсіп-өніп тәрбие алады. Біз өзгелерге қамқор болуды, ата-ананы үлкендерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын ең қымбат жандар отбасында Отбасы ата –әженің ұрпағынан тарап, шағын мемлекетке айналады. 
(презентация отбасы туралы слайд) 
Ал, ендеше, балалар, сендер мына жұмбақтарды шешіп коріңдерші: 
Сен ерінбе қайтала 
Отбасы ол – Family 

Жанұяда ол біздің 
Басшы болған әкем- Father 

Ұйқтар алдын ертекті 
Айтар ылғи анам – Mother 

Әркез жарқын күлкісі 
Әсем менің әпкем - Sister 

Жақсы көрер ойынды 
Менің бұзық інім - Brother 

Еркелеткен әркез мені 
Менің атам ол - Grandfather 

Тәттілерін сақтап маған 
Аппақ әжем ол – Grandmother 

- Children, let’s say poems about our family 
- Балалар отбасына арналған тақпақтарымызды айтып берейікші 
Сырым: 
Good night mother 
Goodnight father 
Kiss your little son 
Goodnight sister 
Goodnight brother 
Good night everyone 
Даниял: 
This is daddy 
This is mummy 
This is sister 
This is brother 
This is me me me 
And my whole family 
Әубәкір: 
This is my sister 
She helps and she plays 
And this is the baby 
He is growing each day 
Мөлдір: 
Father, mother, sister, brother 
Hand in hand with one another 
Бекасыл: 
Dear mummy, dear daddy 
I love you 
Dear mummy, dear daddy 
Do you love me too 
Ал, біз, балалар, қанекей түрлі іс қимылдармен сергіп, жаттығу жасайық 
Stand up, stand up 
Up down, up and down 
Which is the way to London town 
Where where? Up in the air 
Close your eyes and you are there 
(Балалар іс қимылмен сергіту жаттығуын түсініп жасайды) 
Балалар сабағымызды жалғастырайық. 
Сендер мына суреттерге қарап тақпақ айтуларың керек 
Көмектесем атама! (Мнемотехника тәсілі бойынша балалар суретке қарап, өлеңді айтып шығады) 
- Балалар біздің де әрқайсымыздың отбасымыздың дәстүрлері бар, олай болса lets play a game. 
Ойын “Отбасы әдеттері” 

First of all let’s do the exercise for our fingers: 
One, two I love you 
Three, four touch the floor 
Five, six mix and mix 
Seven, eight it is great 
Nine, ten play again 
Балалар сендер білесіңдер ме адамдар ертеден ақ өздерінің туысқандары жайында мағлұматты ұрпақтарына сақтағысы келген. Олар өте көп болғандықтан олардың аттарын ұзақ уақыт есте сақтай алмаған екен, сондықтанда олардың есімдерін дәптерге немесе кітапқа жазып сақтап ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған ол шежіре кітабы деп аталған екен. 
Ал қазір адамдар отбасы талын ойлап шығарған ол жерде бұтақтары мен жапырақтары ұрпақтары мен отбасы мүшелерін бейнелейді. Бұл ағашты отбасы талы деп атайды. 
Ал енді біз отбасылық ағашын ( Family tree) жасаймыз 
Балалар, естеріңде ме біз отбасылық ағашын жасаған едік кой. Біздің сол ағашымыздың жапырақтары түсіп , көңіл күйі болмай тұр. 
Қане бәріміз бірге ағашымызға жап жасыл жапырақтарын іліп, оның көңіл күйін көтерейікші. 
Бірақ ол үшін сендер мына жұмбақта кім туралы айтылып тұрғанын шешулерің керек, ал ендеше мұқият тыңдаңдар 

Отбасылық ағашы 
Менің әкемнің әкесі (ата) 
Менің әкемнің анасы (әже) 
Менің атам мен әжемнің баласы (әке) 
Менің әжем мен атамның қызы (анам) 
Менің анамның баласы (аға) 
Менің әкемнің қызы (қарында 
Анам мен әкемнің ерке баласы ол (мен) (Балалар ағашқа аты аталған адамдардың суреттерін апарып іледі) 

Рефлексивті-түзетуші кезең: 
- Балалар бүгінгі біздің ашық сабағымызды қорытындылайық, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр 
“Ойлан тап” 
Қорытынды:  Балалар келген қонақтармен қоштасады 
Goodbye, goodbye dear guests ! 
Біз ақылды баламыз 
Айтқан тілді аламыз 
Ойынменен өседі 
Ойымызбен санамыз 
Қол ұстасқан бәріміз 
Жарасады сәніміз 
Көріскенше кун жақсы 
Сау болыңыздар бәріңіз. 
Белсенді қатысқан балаларды мақтап мадақтау! Қоштасу 
Goodbye children! See you! 

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
471
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі