400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мультфильмдер еліне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мультфильмдер еліне саяхат" атты жаңажылдық бағдарлама (мектеп оқушыларына арналған).
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мультфильмдер еліне саяхат" атты жаңажылдық бағдарлама (мектеп оқушыларына арналған).


Жаңа жылдық әуен ойнап тұрады. 

Ортада шырша.  Қабырғаларда мультфильмдерден үзінді кадрлар бейнеленген. Әр кадрдың қасында кейіпкерлер қатып қалған күйінде тұрады.

Кейіпкерлер: 

Аяз ата, Ақша қар- Жанна Толеутаевна, Жылқы жылы, Мыстан кемпір –Құралай Жакеновна , Алдар Көсе – Асет Ақылбайұлы, қоян- Айғаным қасқыр – Алма Мәжитқызы,  қолтрауын –Гүлжанат Бабасқызы , чебурашка – Каримова Айы, Мұз ханшайымы- Зияда мұғалім, жүргізуші – Айнұр Қабайқызы

Жүргізуші:

Уа, халайық жараңдар, Айналаға қараңдар!

Жаңа жылдық бұл тойын,

Салтанатқа санаңдар

Қызық көріп, шат болып,

Шаттық күліп тараңдар,

Уа, халайық құрметті,

Көмейіме жыр кеп тұр

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекті

Уа, халайық той бүгін

Бақыт, шаттық мол бүгін

Қарсы алайық Тауық жылды

Ұзатып сап Жылқыны.
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.

Жаңа күнде ән қылып,

Тек жүреміз сән құрып.

Көңілдердей қартаймай,

Шырша тұрар мәңгілік!

( Балалар «Шырша» орындайды)


Ақшақар ән айтқанда кіріп шыршаны безендіріп жатады. /Қолында сиқырлы таяғы болады. Сол таяғын шыршаға тигізген кезде шамдар жанып шыршаға көрік береді.

Ән орындалғанша осының бәрін сырттай Мыстан кемпір карап тұрады .

Әнді орындап болған соң Мыстан кемпір Ақшақардың сиқырлы таяғына қызығып, өз айласын асырып, таяғын ұрлап алып кетеді. Осы кезде Ақшақар сиқырлы қасиетінен айрылып, күші жойылып, шыршаның түбіне әлсіреп, отырып қалады Шыршаның шамдары сөнеді.

Мыстан кемпірдің музыкасы

Қолына сиқырлы таяқ тиген Мыстан кемпір әндетіп келе жатады.

(Қап, бәлем қоян!) музыкасы жүреді.

Алдынан Қоянды қуып келе жатырған Қасқыр кездеседі.

Қасқыр Мыстан кемпірден жөн сұрайды.

Қасқыр: Тым көңілді көрінесіз. Себебі бар шығар?

Мыстан кемпір: Әрине, мен бәріңді қатырдым. Сендердің көптен күткен Жаңа жылдарың өтпейтін болды. Себебі Жаңа жылға сән беретін шыршаларыңның шамдары жанбайтын болды. Ол шамдарды жағатын айдай сұлу Ақшақардың сиқырлы таяғын мен ұрлап алдым. Енді барлық сиқырлы күш менің қолымда, - 

деп алақайлап, қарқылдап күледі.

Қасқыр біраз ойланып тұрады да, Қоянды қасына шақырады. Қоян Мыстан кемпірдің артына тығылады.

Қоян: Қасқыр ағай, маған тиіспейсіз бе? Мен сізден қорқамын. Алдап мені жеп қоймайсыз ба?

Қасқыр: Жоқ, Қоянжан ағалық уәдемді берем. Екеуміз бір-бірімізді қуалап жүргенде Мыстан кемпір Ақшақардың сиқырлы таяғын ұрлап кетіпті. Кел, екеуміз Ақшақарға көмектесейік.

(Қоян қорқа-қорқа қасқырдың қасына барады. Қасқыр мен Қоян ақылдасады).

Қасқыр: Мыстан, сен неге олай жасадың. Біз бұл Жаңа жылды асыға күтіп жүр едік. Сен бәрінің берекесін кетірдің ғой. Үшеуміз бір шешімге келейік. Біз саған жұмбақ жасырамыз. Сен осы жұмбақтың шешуін тапсаң сиқырлы таяқ өзіңде қалады, ал шеше алмасаң сиқырлы таяқты бізге бересің.

Мыстан кемпір: Жақсы, келістік. Өз сөздеріңнен айнып кетіп жүрмеңдер.

Қасқыр мен Қоян жұмбақ жасырады.

Қасқыр: 

1.Ақсақалды шал жылына,
Бip-ақ рет келіп кетеді.
Қызы мен ұлына,
Сыйлық алып келеді. /Аяз Ата/

2.Суды елекпен қалай тасуға болады?  /  мұз қылып қатырып /

3. Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк машинаны бір қолымен кім тоқтата алады?  / Жол полициясы/

4. Бір үйде елу батыр, үй сыртына сүйкенсе өліп жатыр? Жауабы: Сіріңке

5.Патша кімнің алдында тәжін шешеді? Жауабы: Шаштараздың

6.Қазақстан мен Өзбекстанның ортасында не бар? Жауабы: мен

7 Жеген сайын жылататын нәрсе? Жауабы: Таяқ 

8 Теңіздің суы неліктен тұзды? Жауабы: Балықтар иістеніп кетпеуі үшін

Мыстан кемпір оқушыларды қорқытып, үркітіп жүріп, жұмбақтың шешімін тауып алады. Өздерінің жеңілгенін білген

Қасқыр Қоянға ашуланып, өкпесі қара қазандай болып, уәдесінен айнып,

Қоянды қуа жөнеледі. Қоян одан әрмен қашады.

Мыстан кемпір әндетіп, жолға шығады. Жолшыбай тамаша көңілді би билеп жүрген қолтрауын мен чебурашкамен жолығады.

Мыстан кемпір: Алақай, мен бәріңді қатырдым. Қоян мен Қасқыр да менен айласын асыра алмады. Сендердің көптен күткен Жаңа жылдарың өтпейтін болды. Себебі Жаңа жылға сән беретін шыршаларыңның шамдары жанбайтын болды. Ол шамдарды жағатын айдай сұлу Ақшақардың сиқырлы таяғын мен ұрлап алдым. Енді барлық сиқырлы күш менің қолымда, -  деп қарқылдап күледі.

Чебурашканың сөзі:

 Әже, осындай әурешілікті қайтесіз. Қолтрауын ағам сияқты жаман қасиеттеріңнен арылып, Ақшақардың таяғын қайтарғаның дұрыс болар.

Мыстан кемпір: Жоқ. Бұл не дегенің. Жыл сайын Жаңа жылды менсіз өздерің өткізесіңдер. Мені жаман кемпір деп менсінбейсіңдер. Енді қалай болар екен, бәлем!

Қолтрауын: Біздің сізге қояр бір шартымыз бар.

Мыстан кемпір: Шарт дейсіндер ме?! /қарқылдап күледі/ Жолда Қасқыр мен Қоянда Ақшақарға көмектеспекші болып, жұмбақ жасырып еді. Енді сендер не істемексіңдер?

Қолтрауын: Би билеп жарысайық, жеңсең, Жаңа жылдан үмітімізді үземіз. Біз жеңсек, сиқырлы таяқшаны иесіне қайтарасың.

Мыстан кемпірдің биі

/Мыстан кемпір балаларды қорқытып, әлімжеттік жасап өзін жақтауды талап етеді/.

Қолтрауын мен Чебурашка мектеп оқушыларымен бірге билейді.

Мыстан кемпір әр баланың қасына барып, қорқытып өзін жақтауды талап етеді. Алайда қорыққан балалар Мыстан кемпірді жақтап шығады.

Әділ шешімін ала алмаған Қолтрауын мен Чебурашка ұнжырғалары түсіп, өз жөндеріне кетеді. Мыстан кемпір өз жеңісіне қуанып келе жатып, Аю мен тентек Машаға кездеседі.


Мыстан кемпір жолында кездескендердің бәрін алдап келе жатырғанын, өзінің істеген істерін мақтан етіп, ән айтып келе жатады.  

Мыстан кемпір: Алақай, мен бәріңді қатырдым. Сендердің көптен күткен Жаңа жылдарың өтпейтін болды. Себебі Жаңа жылға сән беретін шыршаларыңның шамдары жанбайтын болды. Ол шамдарды жағатын айдай сұлу Ақшақардың сиқырлы таяғын мен ұрлап алдым. Енді барлық сиқырлы күш менің қолымда, -  деп қарқылдап күледі.

Мұз ханшайымы

Мұз ханшайымы : Кешіріңіз, сонда асыға күткен бәріміздің Жаңа жылымыздың болу болмауы сіздің қолыңыздағы сиқырлы таяқта болып тұр ма?

Мыстан кемпір: Әрине. Шыршаларыңа жан бітіретін, жаңа жылға сән беретін Ақша қардың сиқырлы таяғы менің қолымда тұрған жоқ па?

Мұз ханшайымы: Енді түсіндім мән-жайды. Олай болса саған қояр талабым бар. Мен мен бірге ойын ойнайсыз. Ойында жеңіске жетсеңіз, онда сиқырлы таяқ сізде қалады. Ал ұтылып қалсаңыз сиқырлы таяқты Ақшақарға қайтарасыз.

Мыстан кемпір: Жарайды, ендеше ойынды бастайық.

Ойын ойнату. Ата-аналарға арналған ойын.

1.  Сізге салфеткадан қиыршық қию керек, кім бірінші сол жеңімпаз.

2.  Балаларға жылы сөздер арнау.

Бұл ойында да жеңіске жеткен Мыстан кемпір әндетіп келе жатып ауылға аты белгілі болған атақты Алдар Көсе ауылына табан тірейді.


Қора-қора қойы, өрісі толы малы, матау-матау түйесі бар ауылдың атақты байы ерігіп кемпірімен дауласып отыр екен. Екеуінің дауысын естіген Мыстан кемпір мен Алдар Көсе екеуінің әңгімелеріне араласады.

Мыстан кемпір: Екеуіңнің дауларыңды шешетін менің сиқырлы таяғым бар.

Алдар Көсе: Елдің бәрін шулатып жүрген сенсің бе?

Мыстан кемпір: Сен Алдармын деп мақтанасың. Жолымда кездескендердің бірде-біреуі менен айласын асыра алмады. Керім болсаң, мына менің қолымдағы құдіреті күшті сиқырлы таяқты алып көр.

Ақшақарды алдаған Мыстан кемпірден айласын асырып, қайырымды халықтың қамын ойлайтын Алдар Көсе таяқты қолға түсірудің амалын жасайды.

Алдар Көсе: Әлемді аузына қаратып, ел-жұрттың бәрін алдап, тыныштығын бұзып келе жатқан ең сұлу, ең ақылды жан сіз сияқтысыз, - деп мақтауын жеткізіп, Мыстанның қалтасындағы таяқты байқатпай суырып алады. 

Мақтау сөз естіген Мыстан кемпір Алдардың қармағына түскенін байқамай қалады.

Алдар Көсе: Кел, ендеше екеуміз бәстесейік. Мына көп таяқтардың ішінен өз таяғыңды тауып алсаң, менің Алдар деген атым құрысын, - деп миығынан күледі. Ал таба алмасаң, сеннен зардап шеккендер мен Ақшақардан кешірім сұрайсың.

Мыстан кемпір әр таяқты бір ұстап, қанша іздесе де, өз таяғын таба алмай Алдар Көседен ұтылып, кешірім сұрауға бел буады.

Ал Алдар Көсе Бай мен Кемпірді татуластырып, барлығы қосылып шыршаның жанына келеді.

Мұңайып отырған Ақшақарды көріп, Мыстан кемпір кешірім сұрап, Алдар Көсе сиқырлы таяқты Ақшақарға береді. Осы кезде сағаттың даусы естіледі.

Есіктен Ескі жыл мен Жаңа жылды қасына ерткен Аяз ата келеді.

Баладар Аяз ата ән айтып, Аяз атаны қарсылап алады.

Аяз атаның сөзі:

Амансыздар ма, Тәуелсіз елдің бақытты ұрпақтары,

бүлдіршін балаларым!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқап,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.

Жыл сайын сендердің жарқын жүздеріңді көріп,

мен жасарып, бақыттан бал-бұл жанып тұрмын.

Бір жыл бұрын Ұлуға үлкен үміт артып,

сеніммен сендердің алдарыңа келген едім.

Шүкір, Жылан немеремнің бағындырған белесі,

шыққан шыңы, алған асуы аз емес.

Жылқыға ризамын. Елімізде соғыс болмай, тыныштық болды. Осының өзіне тәуба дейміз. Енді қасыма ілестіріп, ер қанаты, қазақы болмыспен, мінезбен шендестірер, адам баласына пайдасы көп Тауық әкеліп тұрмын. Бұл баламнан да үлкен үміт күтемін.

Аяз ата: Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Ақшақар не болды мен сені ертерек жибердім ғой?

Ақшақар: Мыстан кемпір өз айласын асырып, менен таяғымды ұрлап алып, әлсіз қылды. Бірақ менің достарым маған көмектесуге тырысты. Ол менен кешірім сұрады таяғым қайтарып берді.

Аяз ата: Ал Кәне, сиқырлы сөздерімізбен шыршаның шамдарын жарқыратайық!
Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
Балалар: Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат.(қолдарын шапалақтатады)

Шырша шамдарын жарқыратады.

Жүргізуші:

Ал, Аяз ата , Ақша қар! Бағанадан бері алдарыңызда әдемі әзіл мен әдемілік сыйлаған әр жерден келген өнерпаздардың арасында табаны жерге тимей, шыр айнала билейтін шеберлер де бар көрінеді. Олай болса, осы азаматтардың арасынан бір-бір өнерпаз шығып, бидің құдіретін танытса дейміз.

Аяз атаға балалар өнерлерін көрсетеді. (Өлең, тақпақ, билерін орындайды).

Ақшақар: Мен білемін бір ойын:
Үйретейін сендерге Мен бастайын, ал, сендер аяқтаңдар ойынды. Хормен жауап айтыңдар!

Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!
Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты білсең атын тез ата, келеді бізге.....
Балалар: Аязата!
Ақшақар: Шырша бүгін кәделі! Сендер әрі....
Балалар: Әдемі!
Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ, ойын – күлкі таралсын.
Құтты болсын....
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)


Жаңа жыл келеді.


Жаңа жыл: Кім десендер, мен жаңа жылмын, Тауықпын. Мен әкелген жаңа жыл сендерге үлкен табыс, денсаулық ала келдім.
Жүргізуші: Кәне, балалар, бәріміз «!» әнін жақсылап айтып жіберейік,

.
Ақшақар: Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын да кез келді.
Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.
Аязата:
Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқ
ашан, мықты болу өзіңнен.
Ақшақар:
Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық қастарыңда болмасын.
Сау болыңдар, балалар










Аяз атаның қоштасу сөзі: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер.

Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе, қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашьқ болсын! Қош болыңдар! (Қолдарын бұлғап шығып кетеді).

Балалар: Сау болыңыздар!

Қорытынды сөз мектеп директорына беріледі. 

Сыйлықтар беру.

Топ болып, би билеу.




7


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
900
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі