400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мультфильмнің жасалу жолдары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мультфильмнің жасалу жолдары» ғылыми жоба. Мектепалды даярлық тобы. Дарынды балалармен жұмыс. Баланы алдына қойған мақсатына жете білуге тәрбиелеу.Еңбексүйгіш қасиетін бойына дарыту. Балабақшаның бес жасар баласының маған қойған сұрағы мені осы іздемпаздыққа жетеледі. Зерттеу жұмыстарын бастағанда, аудандық кітапханаға бардық. Кітапхана картатекасымен жұмыстың қалай атқарылатының үйреттім, және интернеттен қарастырдық мағлұматтарды. Ермексаздан мультфильм кейіпкерлерін жасадық. Ақ парақтарға кейіпкерлердің суреттерін салдық. Түрлі түсті жіптен қуыршақтар тоқылды, зерттеу кезінде көптеген қиындықтармен кездестік. Фото түсірілімдерді де үйрендік. Бастысы мақсатымызға жетіп, Облыстық ғылыми жоба сайысында жүлделі үшінші орынға Елдосқызы Зере деген бүлдіршін қызымыз қол жеткізді. Бұл екінші жұмысымыз, бірінші жұмысымыз екінші орынға ие болған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аннотация

Баланың аты-жөні: Елдосқызы Зере

Аягөз қалалық №6 бөбекжай-балабақшасы "Ертөстік" мектеп алды даярлық тобының тәрбиеленушісі.

Ғылыми жобаның тақырыбы: "Мультфильмнің жасалу жолдары"

Ғылыми жобаның мақсаты:

  • Қазақтың тұңғыш аниматорына тоқтала отырып, оның қандай жолдармен түсірілетінін зерттеу.

Зерттеу кезеңдері:

  • зерттеудегі ұстанымым: зерттеу барысында сан алуан өнер бар екенін түсіндіре отырып, Мультфильмнің жасалу жолдарын өмірмен сабақтастыра отырып, жүйелі баяндауды мақсат еттім.

  • Дерек көздерін пайдалана отырып қарастыру. Көпшілік сенімінен шығу мен үшін баға жетпес бақыт.

  • жұмысты қорытындылау.

Зерттеу кезіндегі тұстар:

Зерттеу кезінде көптеген кедергілер кездесті, мысалы: мультфильм түсіретін студиолардың болмауы.

Жұмыс нәтижелері мен қорытындылары:

Бала тәрбиесінде үлкен роль атқаратын қарапайым мультфильмды қалай жасап шығаратынына көз жеткізу және осы процесс кезіндегі адамның еңбегін бағалауды үйрендім.

Ізденістегі ұсыныстарым: балаларды анимация арқылы тәрбиелесе болашағымыз жарқын болады. Сондықтан елімізде мемлекеттік балалар киностудиясын ашылса. Егер ол ашылса ТМД-да ең түңғыш ашылған ел болып саналамыз.

Зерттеу барысында үйренгенім: әр уақытта іздене беруге, жаңадан жаңаны табуға;

- үлкендерді терең ойландыратын күрделі сұрақтарды жүйесімен қоя білуге;

-қосымша ақпараттарды өзім іздеп табуға.

Мазмұны



Кіріспе ........................................................................... ................1

Негізгі бөлім ... ....................................................................................3

Тұңғыш қазақ аниматоры ....................... ..........................................3

Мультфильм жасау процессын басты кезеңдерге бөлу................5-7

Қорытынды..........................................................................................8 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ................................................9







































Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Бүгінде біздің азаматтар үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық жол ашық» деп айтқан еді. Сондықтан да Отанына, еліне пайдалы іс жасап, мәдениеті мен дәстүрін өркендетем деген әр адамға зор мүмкіндіктер бар. Өз еліне пайдасын тигізу әрбір патриот азаматтың басты мақсаты. Оның ішінде қай сала болмасын бар ынта жігерімен еңбек ету маңызды. Сондықтан да, болашақта елімізде анимациялық туындылардың саны екі есе өсіп, сапасы одан да жоғарылай түсетінінен үміттіміз!

Мені өте қызықтыратын сұрақтардың бірі ол "Мультфильмнің жасалу жолдары" бірде мен тәрбиешім Қарлығаш Нұршайыққызына мультфильм түсірейікші деп, ұсыныс жасадым. Бірақ тәрбиеші апайым оны алдымен зерттеп алайық деп айтты, бұл өте күрделі процес екен.

Тарихқа көз тоқтатып қарайтын болсақ, қазақтың тұңғыш аниматоры – Әмен Қайдаров. Ол – ұлттық анимация өнерін «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» (1967); «Құйыршық» (1969); «Жанар» (1972); «Күн сәулесінен пайда болған көжек» (1975); «Ақсақ құлан» (1968); «Қожанасыр – құрылысшы» (1970); «Қырық өтірік» (1978) сияқты мультфильмдер жауһарымен толықтырған тұлғалы режиссер. Оның өмірі тек шығармашылыққа арналмапты. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан жауынгер майдан даласынан аман оралады. Соғыстан кейін Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсуретшілер училищесін бітіріп (1951 ж), Мәскеудегі мемлекеттік кинематография институтының көркемсурет факультетін (1958-1965) тәмамдап, елге келді. Міне, Әмен Қайдаровтың ұлттық руханият үшін өлшеусіз еңбек етуге кіріскен кезі осы еді.

Жас аниматор үшін алғашқы туындысын жасау оңайға соққан жоқ. Өйткені ол шақта Қазақстанда анимациялық фильм жасауды ешкім де ойға алмаған болатын. Режиссер жоспарда, жобада жоқ алғашқы мультфильмін құпия түрде дайындауға кірісті. Ә.Әбжанұлына сол тұста қазақ киностудия­сын басқарып отырған Камал Смайылов қолдау көрсетіп, қаражат тауып береді. Туынды дайын болғанда Ә.Қайдаровтың құпиясы ашылады. Сынға ілікті. Жігерлі жігіт жасқанған жоқ. Мәскеу кинематографистер одағы қазақ режиссерінің анимациялық фильм жасағандығына, жоспардан тыс жаңа туындының өмірге келгеніне қайран қалысты. Ең бастысы қазақтың халық ертегісі желісімен түсірілген «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмі аниматор мамандарды сүйіндіріп, мақұлдауын бірден алады. Ә.Қайдаров жасаған мультфильм 1968 жылы Ленинград қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальде, 1975 жылы Нью-Йоркте өткен Халықаралық мультипликациялық фильмдер фестивалінде жүлдегер атанады. Бүгінде жарты ғасырлық тарихы бар анимациялық фильм – бірнеше ұрпақты ізгілік нәрімен сусындатып, ғасырмен, уақытпен бірге жасасып келе жатыр. Әлі де жасай берері анық. Бұрындары бір мультфильмді түсіру үшін 1 жылдай уақыт кететін. Ал, қазіргі таңда технологиялардың үздік дамуының арқасында осы уақыт аралығында үш анимациялық картина жасауға болады. Бұған дәлел еліміздің бас киностудиясы саналатын «Қазақфильм» соңғы екі үш жылдың көлемінде бірнеше мультфильм түсіріп үлгерді. Оның ішінде: «Аңшы», «Балақайлар мен бөжекейлер», «Ақ қаз», «Ынсапсыздың ақыры», «Байқоңыр», «Айгүл», «Қозы, ешкі һәм торы», «Қошқар мен теке», «Момын мен қарақшылар», «Айка», «Зәйтүнқарлығаш пен құйыршық» атты анимациялық фильмдер.























Мультфильм жасау процессын басты кезеңдерге бөлу:

  1. Туындаған ой (идея)

  2. Сценарий

  3. Түсірілген кадрлерді реттеу (раскадровка)

  4. Аниматик

  5. Фон мен кейіпкерді дайындау

  6. Сканирлеу, мағлұматтарды графикалық өндеуден өткізу.

  7. Түсірілім

  8. Дыбыстау

  9. Монтаж

  10. Титр

  11. Көрсетілім

1.Туындаған ой (идея): Мультфильмді түсірерде алдымен, ойдан алынған кейіпкердің іс-қимылы мен оның өміріндегі өзгерістерін нақты баяндау. Ой туындағанда түсірілетін мультфильмге қатысты кейіпкерлердің есіміне дейін қойып, және оны ұмытпау үшін парақ бетіне түсіріп алу қажет. Кейіпкерлер саны 3-5 кейіпкер болу керек ярине егер түсірілім сапалы болсын десеңіз, себебі біз алғашқы аниматорлар жайлы айтып отырмыз.

2. Сценарий: Идея толығыме дамып, бірнеше ой електен өткізілгеннен кейін сценарий жазылады. Мультфильм қызықты, тартымды болуы үшін сценарий мен ондағы идея нақты болуы керек. Ал егер ойын шашыраңқы болып, жинақталмаса онда түсірілетін туындың қызықсыз бас-аяғы жоқ болып шығады. Сценариге негіз ретінде ертегілер мен тақпақтар және қызықты әңгімелер алынады.

3. Түсірілген кадрлерді реттеу (раскадровка): Сценарий дайын болғаннан кейін, кадрлерді реттеу басталады оны раскадровка деп атайды. Алдын ала ойымыздағы мультфильм кейіпкерлерінің суреттерін салып аламыз. Ол үшін болып жатқан оқиғаны дамытып, және соны көрермендерге ұғынықты етіп жеткізу керек. Әр кейіпкердің жасайтын келесі қимылының суретін бейнелеп, оны бірнеше фонда ауыстырып отыру керек. Эпизоттарға бөлгенде кадрлар яғни салынған суреттер неғұрлым көп мөлшерде болса, мультфильм сапасы соғұрлым жоғары болады.


4. Аниматик: Түсірілген кадрлерді реттеп (раскадровка) болғаннан кейін, аннимациялық монтаж орындалады. Ол дегеніміз жанағы оқиғанын өтілу ретімен дайындалып қойылып алған суреттерді камераға түсіру. Егер дауысы алдын ала жазылып қойылса, оны да суреттермен бірге камераға түсіру кезінде алады. Осы аниматик кезінде жарамды кадрларды қосып, ал жарамсыздарын қиып тастайды. Монтажда екі программа қолдануға болады, олар; EDIUS пен Adobe Premier деп аталады.

5. Фон мен кейіпкерлерді дайындау: Міне, барлығы дайын енді түсірілімге керекті фон мен кейіпкерлерді таңдау уақыты келіп жетті. Егер дайын ойыншықтарды яғни қуыршақ немесе ермексаздан жасалған мүсінді алса ол көлемді жұмыс дер аталады. Маған көлемді заттармен жұмыс ұнайды. Тағы құмнан кейіпкер жасауға болады және суретке салынған анимация перекладка деп аталады.

6. Сканирлеу, мағлұматтарды графикалық өндеуден өткізу: Бұл кезең мультфильмді түгелдей компьютерден жасалса ғана қолданылады. Adobe Photoshop программасымен түсіріледі.

7. Түсірілім: Мультфильм түсіріліміне кейіпкерлерді ермексаздан жасасақ, онда оған мультиқұрылғысы бар жақсы жабдықталған орын керек. Ал егерондай құрылғы болмаса, оны қолдағы бар заттардан жасап алуға да болады. Түсірілімге арналған құрылғының жасалуы мына суретте көрсетілген.

Үстел үстіне хромокейлік фон қойылады. Ол жасыл не көк түсті болады себебі түсірілім кезінде фон өзгертілсе бұл түстер оңай өзгертіледі. Хромокейлік фондар қағаздан және матадан да жасалады. Алынған жұмысынызға байланысты егер түсірілімге жалпақ зат алынса, онда оны әйнекке салып, ақырын жылжытып отырып, үстінен түсіреді. Жұмысынызда көлемді зат алсаңыз онда оны жанынан түсіреді. Түсірілімде ең бастысы жарық. Жарықты лампамен түсіреді. Күннің жарығынан қарағанда қолдан жасалған жасанды жарықпен түсірілген мультфильм анығырақ көрінеді.

8. Дыбыстау: Кейіпкерлердің дауысын жазу өте қиын жұмыстардың бірі. Себебі дауыс жазылған уақытта ешбір бөтен дыбыстар болмауы керек. Тіпті қосылып тұрған компьютердің дауысы да бөгет болады. Сондықтан көбіне арнайы дыбыстау орталықтарына жүгінуге тура келеді. Немесе тым – тырыс подвалда жазу керек.

9-10 Монтаж бен титр: Сапалы анимация жасалғаннан кейін, сізге барлығы ұнап тұрса, сахналау түсіріліп болса, дыбысталуы жазылып болса және ұнаған әуен таңдалса, онда титрларды ұмытпаңыз. Титрлар мультфильмнің басталуында және соңында пайда болады. Бастапқы титрда мультфильмнің түсірілген жері жазылады. Соңғы титрда мультфильм авторларының аты-жөні, музыканың авторының аты-жөнін жазады. Негізгі ереже бойынша мультфильмде алдымен режиссер, қойылым-суретші, аниматор және әуен авторлары жазылады. Әеун авторларының рұқсаты міндетті түрде болуы керек.

10. Көрсетілім: Барлық жұмыс аяқталып болғаннан кейін бүкіл түсірілімге ат салысқан адамдарды жинап алып, үлкен экраннан көрсетіледі. Сонда жұмыстың сапасын бағалауға болады.

Мультфильм – өсіп келе жатқан жас ұрпақ тәрбиесінде аса қажет құралдардың бірі. Қазақ халқы өзінің бет бейнесі мен болмысын ұлттық салт-дәстүрін, ұлттығын, өзінің ғасырлар бойыиарман еткен Тәуелсіздігін болашақ ұрпағы арқылы ғана қорғай алады. Сондықтан ұрпақ тәрбиесі қашанда алдыңғы орында болуы шарт. Сол себепті Қазақстанда мультфильм саласына мән бергені жөн. Өкінішке орай, біздегі анимация жанры – қазіргі таңда өз шешімін таппай, кенжелеп қалған салаларымыздың бірі. Бірақ оны жандандыру кезек күттірмей мәселе. Өзіміздің Тазша балаларымыз бен алып Алпамысты, қайсар Қобыландыны көрсетіп, ұлдарымызды ұлтжандылыққа, қыздарымызды қылықты болуға қажет



Пайдаланылған әдебиет тізімі:



1. Зайцев А.Я., Кузнецова М.В. «Анимация как средство информационно-технологического обучения в начальной школе» Материалы III Международной научно-практической конференции «Психология и педагогика в системе гуманитарного знания». МГГУ им. М.А.Шолохова. М.: 2012.

2. Кузнецова М.В. «Внедрение анимационных технологий в учебную деятельность – один из наиболее оптимальных инновационных инструментов обучения и воспитания детей». НОУ ВПО «ИСЭПИМ». Институт социально-экономического прогнозирования и моделирования. М.: 2012 г.\

3. Кузнецова М.В., Зайцев А.Я. “Психолого-педагогические аспекты анимационного творчества в дополнительном образовании детей”. Материалы III Международной научно-практической конференции «Психология и педагогика в системе гуманитарного знания».


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
1254
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі