400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мультимедиалық технологиялар - оқытудың сапасын арттыру құралы ретінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Студент жастарына керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мультимедиалық технологиялар - оқытудың сапасын арттыру құралы ретінде

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы,

«Султан» колледжінің оқытушысы: Айынова Айна Серикбаевна

Эл.пошта: ai_aina@mail.ru. тел:87019813969


Оқытудың мультимедиалық технологиялары – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телемультимедиалық желілер).

Оқытудың мультимедиалық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін мультимедиалық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.

Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.

Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі болып саналады.

  • Тұтынушының қолдану сапасында;

  • Нәтижесінде әр түрлі салаларда қолданылатын, мультимедиалық технологияларды жасаушы сапасында.

Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды, өйткені ақпарат беру – бұл білім мен мәдениетті беру емес, сондықтан мультимедиалық технологиялар педагогтарға тек қосымша тиімді құрал ретінде қызмет атқарады.

Көптеген елдердің ғылыми орталықтары мен оқу орындарында нақ осы білім қажеттілігі үшін мамандандырылған компьютерлік жүйелер саны дайындалды, олар оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі жағынан қолдауға бағытталды. Бұл – жүйелердің негізгі түрлері болып табылады.

  • Компьютерлік бағдарламаланған оқыту – бұл сәйкесінше, компьютерлік бағдарламалардың көмегімен бағдарламалық оқыту механизмдерін жүзеге асыратын технология;

  • Материалды компьютердің көмегімен оқу – оқушының жаңа материалды әр түрлі құралдардың, оның ішінде компьютердің көмегімен өз бетінше оқуын болжайды. Бұл жерде оқу іс-әрекетінің сипаты айтылмайды, оқу нұсқауларының жиынымен іске асырылуы мүмкін. Мұның өзі бағдарламалық оқыту әдісінің мәнін ашады;

  • Материалды компьютер қоры негізінде оқу – алдыңғы технологиялар, технологиялық құралдардың алуан түрін (оның ішінде дәстүрлі оқулықтар, аудио және видеожазбалар және т.б.) қолданумен айрықшаланатын болса, мұнда бағдарлама құралдарын, оқушылардың өз бетінше тиімді оқуын арттыратын бағдарламаларды басымырақ қолдану жүргізіледі;

  • Компьютер қорымен оқыту – білім берудің барлық мүмкін боларлық формаларын қолдану (мұғалімнің қатысуымен), шын мәнінде, жоғарыда айтылғандармен сәйкес келеді;

  • Компьютердің көмегімен бағалау – өз бетінше оқыту технологиясы деп қарастырылады, дегенмен ол прмультимедиалық икада басқаларға құрамдас элемент болып кіріп жүр. Мұндай жүйе оқылатын пәннің мазмұны мен дәстүрлі оқытуда қолданылатын немесе оқыту бағдарламаларында жүзеге асырылатын әдістерге тәуелсіз;

  • Компьютерлік коммуникация – білім беру және оны жеткізумен қамтамасыз ете отырып, жоғарыда аталған технологиялардың барлығының ажырамас құрамы болып табылады. Жергілікті, аймақтық және басқа компьютерлік желілерді қолдану үшін жұмсалады. Компьютерлік коммуникация жекелеген оқу орындарының, қаланың, аймақтың, елдің ақпараттық білім жүйесінің мүмкіндіктерін көрсетеді.

Оқытудың мультимедиалық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолдаумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі керісінше, оқытудың мультимедиалық технологияларының бағдарламалық құралдары және білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына – ақпараттық білім жүйесінен бөлінген жүйешелер түрінде қосылады.

Оқытудың мультимедиалық технологиясында қолданылатын бағдарламаны қамтамасыз етуді бірнеше категорияға бөлуге болады:

  • Оқытатын, бақылайтын және үйрететін жүйелер;

  • Ақпарат іздеу жүйесі;

  • Модельдеу бағдарламалары, микромирлер;

  • Танымдық сипаттағы инструменттік құралдар;

  • Әмбебап сипаттағы инструменттік құралдар;

  • Коммуникацияны қамтамасыз етуге арналған инструменттік құралдар.

Модельдеу бағдарламалары мен микромирлер – бұл ерекше аз мамандандырылған бағдарламалар, оларды компьютерде арнайы қолдану және оның кейбір мәселелерін зерттеуге тура келеді.

Инструменттік құралдар деп – жаңа электрондық ресурстар жасауды қамтамасыз ететін бағдарламаларды атайды:

  • әр түрлі форматты файлдар;

  • мәліметтер қоры;

  • бағдарламалық модульдер;

  • жекелеген бағдарламалар мен бағдарламалар жиыны.

Мұндай құралдар пәндік-бағытта болуы мүмкін, сол секілді нақты міндеттер ерекшелігі мен қолдану саласына тәуелді болмауы да мүмкін. Білім үрдісінде қолдануға негізделетін бағдарламалық құралдарда сақталатын негізгі талаптар – бұл жеңілдік пен табиғилық, оқушының оқу материалымен жеңіл танысуына мүмкіндік жасау. Бағдарламаларға сай келетін талаптар мен сипаттамаларды HCI (ағылшын тілінде “Human – Computer Interface” – «Интерфейс-адам-компьютер») аббревиатурасымен белгілеу қабылданған. Бұл сөзбе-сөз аударуды «адаммен сұхбаттасуға арналған компьютерлік бағдарламалар» деп түсінуге болады.

Білімді ақпараттандыру жағдайында болып жатқан кемшіліктерге қарамастан, оны «ақпараттық революция» деп атауға болады, өйткені қол жетерлік табыстар мыналар:

  • ақпаратты ұсынудың жаңа формасы. Қызықты, жанды немесе алдын ала жазылған мультимедиалық ақпарат тек текстен емес, графикалық бейнелерден, анимациядан, дыбыстан және видеоүзінділерден құралып, Internet желісі арқылы беріледі немесе басқа телемультимедиалық құралдар арқылы компмультимедиалық -дискілерге жазылады;

  • жаңа кітапханалар. Интеллектуальдық ресурстар көлемі және табыстары өседі. Internet злектрондық кітапхана каталогтарымен бірігіп, жер қашықтығы мен уақыт айырмашылығына қарамастан, зор ақпараттар көлемін жинауға қол жеткізеді. Әрине, мұндай кітапханалар онда сақталатын ақпараттарға толық жол аша бермейді;

  • оқу сабақтарының жаңа формалары. Студенттер мен оқытушылардың виртуальды семинарлар және лабораториялар режімінде бірігіп жұмыс жасауы, сонымен бірге жаңа синхрондық мүмкіндік пайда болды. Бірқатар студенттер үшін мұндай жұмыс формалары анағұрлым ыңғайлы, өйткені дәстүрлі оқытуға қарағанда, оларға өз мүмкіндіктеріне қарай, өздеріне қолайлы графикпен жұмыс жасау және артық ескертулермен кездеспей отырып ашу қызықты;

  • білімнің жаңа құрылымы. Бүгінгі күні білім жүйесіне жаңа құрылым беру үшін телекоммуникация жүйелерімен толықтырылуы қажет, сонымен қатар білім үрдісіне ақпараттық және мультимедиалық технологияларды енгізуде жоғары біліктілікке ие мамандар керек.

  • Көбінесе қашықтан оқыту бағдарламалары оған барынша мол қол жеткізуге мақсатталған және оқыту сапасына аса анық емес талаптар қояды. Мұндай бағдарламаның білім сапасын жетілдіруі үшін орындауы міндетті талаптар қатарын құрастыруға болады:

  • сапасы мен мүмкіндігі жоғары білім кеңістігін құру, кәдімгі оқу орындары ұсынатын мүмкіндіктерден жоғары білім ортасын жасау;

  • Internet желісінде әмбебап компьютерлік кітапхана құру, кез келген уақытта қолданушыға қол жеткізерлік және кәдімгі кітапханаға көлемді ақпарат беруі тиіс;

  • желі бойынша педагогтармен қарым-қатынас ұйымдастыру;

  • оқытушының да, оқушының да білімін компьютермен тексеру жүйесін жасау.

  • Төмендегідей базалық шарттар сақталған жағдайда сапалы білімге қол жеткізуге болады:

  • қымбат тұратын технологиялар мен бағдарлама өнімдерін қолдану;

  • іштей және қашықтан оқыту түрлерін  біріктіру;

  • қажетті ақпараттық ресурстарды табуды жеңілдететін толық каталогтар жасау.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін арттыру процесі қазіргі заман міндеті.                                

Мультимедиалық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интермультимедиялық тақтаны қолдануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар мультимедиалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман» ,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру.[1.46 б.]

Мектеп –еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.

Міндеттері ретінде:

  • Оқу –тәрбие үрдісіне диаагностикалық талдау жасау

  • Оқушының жеке тұлғасының мониторингісін құру

  • Оқу –тәрбие үрдісін ізгілендіруді жүзеге асыру

  • Оқыту барысында оқушылардың сабаққ еген қызығушылығын арттыру үшін ақпарыттқ технологияларды (электрондық оқыулық, слайд, интермультимедиялық тақтаман, видео т.б) тиімді пайдалану, әрі оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру арқылы жеке тұлға болып қалыптасу үшін білім білік дағдыларын қалыптастыру.

Мектептің алдына қойған мақсаттарын шешуге пән мұғалімдерінің сапалық құрылымы мен әлеуметтік жағдайларын білу мен зерттеуді және қолдауды алдымыздағы бірінші кезекті мәселе етіп қойдық.

  • Мұғалімдердің жоғары білім алуына және ғылыми ізденіспен шұғылдануына жағдай жасау;

  • Білім, біліктілігін арттыру;

  • еңбектерін әділ бағалай отырып, құрметтеу;

  • мұғалімнің әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу, көмек көрсету;

Білім беру- оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат жан-жақты,білімді,өмір сүруге бейім,өзіндік ой талғамы бар,қабылетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, істеген ісіне тұжырым жасап, қорытындыға келу, ойлау саналарын жетілдіріп,өз алған білімдерін іс жүзімен ұштастыра алуға жол ашу.

Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары,мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын.Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгір болуы емес тарихи танымдық,педагогикалық психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс жасап, оқу мен тәрбие ісіне еніп,оқытыудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Ақпараттық мәденеиет – бұл аңгімелесе білу, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп,талдай білу және өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда өз еркіндігіңді шектей білу.

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет, ал бұл сауаттылықтың алғаш баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар прмультимедиалық икалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс.

Қазіргі кезде республикалық білім беруді ақпараттандыру ғылыми әдістемелік орталығы (РБАО) негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электрондық оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнбекүн дамытылып отырған ашық түрдегі әдістемелік жүйе,оны оқытушы өз педагогикалық тәжірбиесіндегі мәтериялдармен толықтыра отырып,әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулықтарды құрастыру технологиясы бір-бірімен тығыз байланысты төрт бөліктен тұрады олар:

1. Мақсаттылық компониентті-модуьдерді құрастыруден тұрады. Модуль –жергілікті, жүйелік және функционалдық білім жиындары. Ол оқушының өз танымдық әрекетін ұйымдастыратын «Түйіні » болып саналады.

2. Мазмұндық компаниеті-гипермәтін арқылы жүзеге асады. Гипермәтін-терминлерден,ұғымдардан, кестелерден, графиктерден және диаграммалардан тұратын мәліметтер базасы ретінде берілетін ақпараттық оқу ортасы.мәтіндерді қазақ,орыс тілінде дыбыстар арқылы айтуға болады. Гипермәтін бейне мәтериалдармен медиаобьектілерімен толықтырылған;

3. Оперциялық компаниеті – интермультимедиялық формада берілген тапсырмаларды орындау арқылы іске асырылады;

4. Нәтижелік бақылау компаниеті – тест алу жолымен немесе бақылау жұмысымен жүргізіледі. Электрондық оқулықта тесттің екі түрі берілген: бір дұрыс жауабы немесе бірнеше дұрыс жауабы бар .

Тест соңында оқыушылар өзі қателескен сұрақтарды тексеріп көрсете алады және бағасын да көреді.білім беруде «Электрондық оқулықтарды » пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай,логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылық пен еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі теориялық тақырыптарды графикалық иллюстация түріндегі әртүрлі суреттер сызба нұсқалар арқылы береді.оқулықтың ерекшелігі әрбір тақырып қажетті суреттермен көркемдеп безендірілген.

Әр модуль қысқаша теориялық кіріспеден, суреттермен анимациялық материялдардан, есеп шығару үлгілерімен өз бетінше шығаруға арналған есептерден және бақылау жұмысынан тұрады. Оқушылар үшін – электрондық оқулықтар мектепте оқылған жылдардың барлығындада өздері толықтыра отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайндалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып табылады. Оқулық-диспелей экраныныда көрінетін жай ғана мәтін емес ол оқушыға өз жолымен керекті материалдарды жете меңгеруге арналған күрделі,көп сатылы жүйе. Бұл оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап,игеру тәсілімен логикасында өзіне тән етіп таңдап алып отыр,осы сәтте ең керекті деген материялды қарап шығуға мүмкіндік береді. Ал өзіне қажетті мәліметті компьютер жадының керекті ұясыныа іздеп таба білуде, әрбір оқушының бүгін талап етілетін стратегиялық ойлау қабылетін қалыптыстырады, модульдерде берілген алгоритым оқушыларға өз бетімен жұмыс жасау мүмкіндігін береді мұнда сабаққа деген қызығушылық пайда болып белсенділігі арта бастайды электрондық оқулықты пайдалану мұғалімніңде ғылыми-әдістемелік потнециялын дамытып, оның сабақ үстіндегі жұмысын жеңілдетеді. Физканы эксперименттік ғылым дейтін болсақ – кейбір мектеп лаборияторясының көмегінде түсіндіру мүмкін емес құбылыстар мен тәжірбиелер жетерлік. Оларды компьютер көмегімен слайд немесе сабақ барысында интермультимедиялық тақтаны қолдана отырып көруге болады.

Интермультимедиялық тақта – білім үрдісінде қоланылатын ақпаратты көрсетіуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбап интермультимедиялық жүйе болып табылады.кешеннің құрамына компьютерге және проекторға тізбектелген порт арқылы қосылатын, қабырғығаға ілінетін 1,88 м тақта, басқаруға керекті,бір, екі қалам және жазуға арналған блокнот кіреді.

Компьютердің VGA –портына проектор арқылы қосыллатын тақтада көрсетілетін ақпаратты сабаққа қатысушылардың барлығы көре алады. Сонымен қатар тақтаның, проектордың драйвері жне орнатылатын арнайы бағдарламалық жабдықтамасы бар болып онда қолданылатын технологиялар төрт типке бөлінеді:

1.Сенсорлы аналогтық-резистивтік технология;

2. Электромагниттік технология;

3. Лазерлік технология;

4.Ультрадыбыстық\ инфрақызыл технология;

Интермультимедиялық құралдар келесі міндеттерді атқарады:

  • Лекторға берілетін материалды тындаушыға жеткізуде жоғарғы мүмкіндікті туғызу.

  • Кез-келген дербес бағдарламалармен жұмыс істеуге;

  • Лектор аудиториямен байланысысн үзбеуді;

  • Дауыс беру мен жүйелі бағалау қамтамасыз ету;

Интермультимедиалықивті тақта бағдарламалық-техникалық кешеннің дидмультимедиалық икалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызыметі – жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру барысында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқада түсінікті түрде жеткізе білу қабылетін, арттырып өз ойларын жаңа технология құралдар көмегімен жүзеге асыруын қамтамасыз ете алады.

Сабақты өткізу барысындағы әдістемесіне келсек олар:

-Дәріс өткізу әдістемесі;

-Прмультимедиалық икалық сабақты өткізу әдістемесі;

-Семинар сабағын өткізу әдістемесі;

-Сыныптан тыс сабақтарды өткізу әдістемесі;

Ақпаратты жинау құралдарына қазіргі замандағы кең таралатын аудио-визуалды ақпараттарды енгізуші – сканерлер, санды фото және бейнекамера, графикалық планшеттер, МІDІ – құралдар, дауыс пен бейнені сандау жүйелері сынды құралдар кіреді.

Сканерлер қағаздағы немесе пленкалардағы графикалық және тестік ақпараттарды компьютерге енгізу үшін арналған. Сканерлер арқылы оқу бағытындағы бағдарламалық құралдарға: кітаптар, оқу құралдары, энциклопедиялар және т.б. ақпараттық материалдар да пайдалануға мүмкіндік береді. Қағаздағы кез-келген ақпарат сканер арқылы санданып, қайта реттеліп, желі арқылы тасымалданады.

Сканер арқылы мәтіндік ақпаратты енгізу 2 этапта жүзеге асады. І-этапта мәтін графикалық сурет сияқты графикалық файл форматына сканерленеді. ІІ-этапта жаңа бағдарламалық құралдар (Abby Fine Reader, Cunei Form) файлды немесе мәтіндік редмультимедиалық ор файл форматында сақталады. Мұғалім мәтінді сканерлеу мен тану құралдарын пайдалана білуі қажет. Себебі, ақпараттық материалдарды ыңғайлы етіп мультимедиалық құралдарының көмегімен дайындау және оны бір қалыпқа келтіру – мұғалімнің ақпараттық қызметінің негізгі кешені.

Сандық фото және бейне камералары бейнені түсіруді және ол ақпаратты реттеу үшін компьютерге жіберуді қамтамасыз етеді. Сандық фото және бейне камералары желілерде бейне конференцияларды ұйымдастыру үшін оқуға бағытталған бағдарламалық құралдарға қажетті иллюстративті материалдарды жасау үшін пайдаланылады.

Сондай-ақ, графикалық планшеттер графикалық ақпараттарды енгізуге арналған, бір-ақ оның пайдалану қағидасы басқаша: графикалық планшет арнайы қыл қаламын жүргізу арқылы компьютер экраныныда сурет салумен, сызулар сызумен ерекшеленеді. Графикалық планшеттер көркем иллюстрациямен анимация салу үшін қолданылады.

Әр жаңа компьютерде дыбыс шығаратын микрофон мен кез келген құрал арқылы дыбыстық ақпаратты енгізуге мүмкіндік беретін дыбыстық карта болады. Сандалған дыбыс бағдарламалық құралдарды құрғанда пайдаланылады, компьютермен сақталынады және өңделеді, жергілікті және ауқымды желілермен тасымалдана алады.

Музыкалық дыбыстық ақпаратты енгізуге МІDІ клавиатуралар мен синтизаторлар арналған.

Сондай-ақ әр жаңа компьютерде дыбыс пен бейнені сапалы енгізуге арналған құралдары бар. Сонымен, білім берудегі ең атақты технология мультимедия технологиясы болды. Ол дыбыспен, мәтінмен, бейнемен, интермультимедиялық диалог мүмкіндіктерін қоса алғандағы ақпараттық ресустардың барлық түрлері мен жұмыс жүргізу үшін ақпараттық құралдарды синтездейді. Мультимедия технологиясы білім беру саласында оқу үрдісіндегі көрнекілік пен белсенділікке қол жеткізу мүмкіндігін тудырады.

Соңғы уақытта оқуға бағытталған көптеген мультимедиялық бағдарламалар кездеседі. Олардың ішінде әмбебап құралдар бар. Олар мультимедиялық ақпараттары бар база сондай-ақ арнайы пәндерді оқытуға арналған құралдар – математика («Тірі геометрия», «Ашық математика», «Математика бойынша дайындаушы» және т.б.) және т.б.

Оқуға бағытталған әртүрлі мультимедиялық бағдарламалық құралдарын талдау арқылы олардың келесідей мүмкіндіктерін анықтадық:

  • мультимедия – қосымша бірлігін сипаттайтын әртүрлі қалыпта көрсетілген аудиовизуалдық ақпараттарды біріктіру (графика, дыбыс, мәтін, анимация, бейне үзінділер);

  • пайдаланушыға интермультимедиалықивті режимде қажетті ақпарат таңдау мүмкіндігі;

  • берілген сөзден басқа кадрға ауысуға мүмкіндік беретін гипер байланысты қолдану;

  • пайдаланушымен енгізілген ақпаратты реттеу мүмкіндігі.

Нақты уақыттағы синтез құралының пайда болуы – бірінші қадам жасаушылар үшін үлкен үлес болса, болашақта виртуалды шындық технологиясы өте беделді.

Виртуалды шындық «виртуалды әлемге» кіру мен онда болу иллюзиясын қамтамасыз етеді. Онда арнайы қолғап, бейнемониторлары, және т.б. ақпаратты енгізу мен шығаруға арналған жай құралдар пайдаланылуы мүмкін. Жаңа графикалық жеделдеткіштер төмендетілген бағада бейнені үш есе синтездеу сапасын қамтамасыз етеді, әр түрлі эффектілерді қолданады – жарықтың нүктелік көздері, тұман, және т.б. Үшөлшемді графика геометрияны, инженерлік графиканы, түрлі транспорт құралдарын басқаруды модельдеуді оқытуда пайдаланылады.

Компьютерлік желіні пайдаланушыларға ақпараттық қарым-қатынастың жаңа формаларын беретін үшөлшемді графикалар мен телемультимедиалық жүйелер мүмкіндіктер синтезіне көп көңіл бөлу қажет. Компьютерлік желілер үшін виртуалды шындық нысанын білдіретін арнайы тіл (VRML тілі) жасалған. Интернетте үшөлшемді виртуалды қалаларды білдіретін серверлер пайда болады. Пайдаланушы осындай сайтқа кіре отырып арнайы клиенттерді бағдарламамен қамтамасыз ету көмегімен, үш еселенген (үйлер, жолдар, адам тұлғасымен бейнеленген қозғаушы кейіпкерлер бар) қала бейнесін ала алады. Әр кейіпкер серверге қосылған пайдаланушының басқаруымен әрекет етеді. Пайдаланушылар қала ішінде жүре алады, өзара араласады, үйлерінде әр түрлі графикалық бейнелерді, дыбыстар мен бейнефайлдарды енгізе алады. Мұндай виртуалды қала метафорасының білім беруде пайдасы зор болар еді. Мысалы, виртуалды сынып қаласында.

Қазіргі уақытта ақпаратты жинаудың жаңа технологиялары шығып жатыр. Мысалы, синтез және сөзді тану технологиялары кең қолданыла басталады. Сөзбен басқару компьютер жүйесі де бұрыннан қолданылуда, бірақ сөздерді енгізу мен тану компьютерлердің үлкен есептеуіш мүмкіндігін алса, қазіргі заманда ғана бұл әдісті пайдалану мүмкіндігі туа бастады. Компьютерлік интерфейстер арқылы сөзді тану әдісін кеңінен қолдану виртуалды шындық жүйесінің сапалы жүзеге асуына жол береді. Бұл құрал енгізілсе клавиатураның қажеті болмайды.

Ақпараттарды реттеу техникасының дамуы қазіргі уақытта ақпаратты реттеу жүйесінің «клиент-сервер» архитектурасын жетілдіру сынды бөлінуіне әкеледі.

«Клиент-сервер» тұжырымдамасы ақпаратты енгізу-шығару және реттеу құралдарының кеңістікте бөлінуін жобалайды. Ақпаратты енгізу және шығару, пайдаланушымен тығыз байланыста клиент компьютерінде жүзеге асады, ол ақпаратты реттеу, ақпараттық қордан сұраныстарды құру сынды қажетті есептеуіш жұмыс серверде жүзеге асады.

«Клиент-сервер» архитектурасы қосымшалардың орындалу жылдамдығын, ақпаратты сақтау кепілдігін, ақпарат өзектілігін қамтамасыз етеді.

Сервердегі қосымшаларды орталықтандыру әдісімен орындау тұжырымдамасы, біздің ойымызша, МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ -ны білім беруде пайдалану жүйесін өзгерте алады. Себебі, ол МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ құралдарының бағдарламалық тасымалдану мәселелерінің көбісін шешеді. Қазіргі уақытта кейбір жалпы білім беруші мектептердің оншақты ғана оқушының жұмыс жүргізуі үшін бағдарламалық құралдардың кешенін алуға мүмкіндіктері болмайды. Ақпараттық құралды CD-ROM дискісі арқылы таратудың классикалық схемасы ақпараттық құралдар әр данасын әр компьютерге ендіруді талап етеді. Бір компьютерге ақпараттық құралдар енгізгеннен кейін оны қалған компьютерлерге (компьютерлік жүйенің) жергілікті желі арқылы тартуға болады. Бірақ көптеген бағдарламалық құралдар мұндай схемада жұмыс атқармайды, сондай-ақ бұл әрекет арқылы лицензиялық келісім бұзылады.

«Клиент-сервер» тұжырымдамасын пайдалану арқылы жөнделген бағдарламалық құралдарда мұндай кемшіліктер жоқ. Тек қана құралды серверге орнатып, онымен жұмысты жергілікті желі арқылы оқушы орнынан жүргізуге болады. Сондай-ақ, клиентпен сервер интернет арқылы байланыста болатын нұсқада мүмкін. Бағдарламалық құралды өндіруші фирма ол интернетке қосылған кез-келген бір ғана компьютердің клиент сервері қосыла алады. Мұндай жүйенің ерекшелігін атап өтелік.

  • Оқу мекемесі бағдарламалық құралды сатып алмаса да болады. Әсіресе олар оқу үрдісінде бірнеше рет қана қолданылса. Сонымен қатар бағдарламалық құралды өндірушінің қызметінің ақысын төлеудің бірнеше жолы бар: шартты-тегін пайдалану (тіркелген пайдаланушылар кеңес және әдістемелік материалдар ала алады), онлайнды тіркеудегі уақытты жолдау (білім беру мекемесі сервермен жұмыс арқылы кіреді), абоненттік ақы (білім беру мекемесі 1 айдан жоғары уақытта серверді пайдалану мерзіміне қарай ақы төлеуі), тегін пайдалану (өндіруші фирма басқа көздермен қаржыланады).

  • Сервердегі ақпарат өзектілігі жоғары - сервердегі ақпаратты өзгерту және дұрыстау бір рет қана жүргізіледі және оны білім беру мекемелерінде кеңінен таратудың қажеті жоқ. Бағдарламалық құралдардың жаңа нұсқалары (тартылуға басым көңіл бөлінбегендіктен) прмультимедиалық икаға тез енгізіледі. Бағдарламалық құралмен интернет арқылы жұмыс жүргізе отырып оқушы әрқашан құралдың соңғы жаңа нұсқасын пайдаланады.

  • Оқушылардың жұмыс орындауы да әр түрлі, сондай-ақ ескірген техниканы қолдану мүмкіндігі. Көптеген жаңа құралдар мультимедия технологиясының негізінде мультимедиалық аппарат құралдарына жоғары талап қояды. Есептеуіш техника сыныптарындағы компьютерлердің қызмет көрсету мерзімі – 5 жыл. Көптеген оқу есептеуші техника сыныптарында жаңа мультимедиалық бағдарламалық құралдарын қолдану мүмкіндігі болмайды. Бұл мәселе барлық жұмыс жүргізу орындарындағы мультимедиалық аппараттық құралдарын жаңарту жолымен немесе күшті сервер орнатумен, «клиент-сервер» жүйесін енгізумен шешіледі. Көп жағдайда осы шешімдердің екіншісі қолайлы болып келеді. Қазіргі уақытта әр түрлі типтегі компьютерде және кез-келген операциялық жүйеде (JAVA) бірдей жұмыс істей алатын аппараттық-тәуелсіз бағдарлама құралдарын құру мүмкіндігі пайда болды. Бұл әр түрлі типтегі компьютерлермен операциялық жүйелер үшін бір бағдарламалық құралдың бірнеше түрін шығаруды болдырмайды. Клиенттік компьютер ретінде ескірген, оперативті жадысы аз, дискілік жадысы жоқ, арзан компьютерлер, нақтырақ айтсақ «жұқа клиенттер» жұмыс атқара алады.

  • Интернет қорындағы ақпаратты реттеу жүйесін пайдалану жарыстар, олимпиадалар, интернет желісі бойынша түрлі байқаулар ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.

«Клиент-сервер» архитектурасын толық пайдалану үшін бағдарламалық жүйедегі идеологияны қайта жөндеу қажет. Бірақ, оны осы жолмен жөндемей-ақ, арнайы әмбебап бағдарламалық жүйе көмегімен жүзеге асыруға болады. Microsoft фирмасымен серверлік операциялық жүйенің арнайы нұсқасы Windows NT Terminal Edition жасалынған. Ол кез-келген 32 разрядты Windows қосымшасын серверде орындауға мүмкіндік береді және Windows-тың сондай-ақ Windows 3.11-дің кез-келген нұсқасын клиенттік компьютерде ұстанады. Клиенттер мен сервер жергілікті желімен қатар интернетте де бола алады. Бұл жүйенің кеңейтілуі клиент ретінде ұстанатын кез-келген Windows, DOS, Macintosh, UNIX, JAVA нұсқаларында, сондай-ақ көрермен клиент интернет ретінде пайдалануына жол беретін Citrix Metaframe жүйесі болып табылады. Қосымшаларды орындаудың әмбебап жүйелері сервер мен желінің өткізушілік қабілеттілігінің үлкен ресустарын қажет етеді.

Сонымен, маман емес тұтынушыларға түсінікті мультимедия қосымшаларын визуалды жөндеу құралдарының пайда болуын ерекше атап өту керек. Олардың кейбір құралдары нақты пән салаларының ақпараттық моделін құрайды. Бұл оқытушыларға өзіндік бағдарламаны тасымалдау үшін дәстүрлі жүйеде қиын салаларда қосымшаларды өздіімен жасау мүмкіндігін береді. Мысалы, физикалық тәжірибелерді модельдеу. Сонымен, бір жағынан мамандармен жасалынған және МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ -мен пәнді оқыту әдістемесі салаларында қазіргі заман жетістіктеріне жетуші бағдарламалық құралдардың ауқымды желі арқылы, екніші жағынан авторлық әдісті білдіретін визуалды құралдар көмегімен мұғалімдердің өздерімен құрастырылған құралдар арқылы жетуге болатын мүмкіндіктерді аралас пайдалануға болады.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Сұрауымбетова Р., «Білім беру деңгейін көтеруде мультимедиалық технологиялардың рөлі»., Информатика негіздері., №2-2008 ж., 2 б.

  2. Қараев Ж., Қуанбаева Б. Жетілдірілген педагогикалық жүйені жобалаудың дидмультимедиалық шарттары. // Ізденіс. – 2004. - №1. 233-236 беттер.

  3. Нағымжанова Қ.М. Инновациялық оқыту жағдайларындағы мұғалім қызметінің психология – педагоикалық негіздері. // Теориетические и прикладные аспекты подготовки специалистов в условиях университета. – Усть-Каменогорск, 1999.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
24 қазан
915
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі