400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР-ОҚЫТУДЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мультимедиалық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркінт дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол деп есептеймін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР-ОҚЫТУДЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ


Саурова К.С. магистр, аға оқытушысы

Алматы энергетика және байланыс университеті


Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін арттыру процесі қазіргі заман міндеті.                                

Мультимедиалық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интермультимедиялық тақтаны қолдануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар мультимедиалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман» ,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру [1].

Мектеп –еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.

Білім беру- оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат жан-жақты,білімді,өмір сүруге бейім,өзіндік ой талғамы бар,қабылетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, істеген ісіне тұжырым жасап, қорытындыға келу, ойлау саналарын жетілдіріп,өз алған білімдерін іс жүзімен ұштастыра алуға жол ашу.

Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары,мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын.Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгір болуы емес тарихи танымдық,педагогикалық психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс жасап, оқу мен тәрбие ісіне еніп,оқытыудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Ақпараттық мәденеиет – бұл аңгімелесе білу, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп,талдай білу және өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда өз еркіндігіңді шектей білу.

Оқытудың мультимедиалық технологиялары – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телемультимедиалық желілер).

Оқытудың мультимедиалық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін мультимедиалық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.

Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.

Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі болып саналады.

  • Тұтынушының қолдану сапасында;

  • Нәтижесінде әр түрлі салаларда қолданылатын, мультимедиалық технологияларды жасаушы сапасында.

Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды, өйткені ақпарат беру – бұл білім мен мәдениетті беру емес, сондықтан мультимедиалық технологиялар педагогтарға тек қосымша тиімді құрал ретінде қызмет атқарады.

Оқытудың мультимедиалық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолдаумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі керісінше, оқытудың мультимедиалық технологияларының бағдарламалық құралдары және білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына – ақпараттық білім жүйесінен бөлінген жүйешелер түрінде қосылады.

Оқытудың мультимедиалық технологиясында қолданылатын бағдарламаны қамтамасыз етуді бірнеше категорияға бөлуге болады:

  • Оқытатын, бақылайтын және үйрететін жүйелер;

  • Ақпарат іздеу жүйесі;

  • Модельдеу бағдарламалары, микромирлер;

  • Танымдық сипаттағы инструменттік құралдар;

  • Әмбебап сипаттағы инструменттік құралдар;

  • Коммуникацияны қамтамасыз етуге арналған инструменттік құралдар.

Модельдеу бағдарламалары мен микромирлер – бұл ерекше аз мамандандырылған бағдарламалар, оларды компьютерде арнайы қолдану және оның кейбір мәселелерін зерттеуге тура келеді.

Инструменттік құралдар деп – жаңа электрондық ресурстар жасауды қамтамасыз ететін бағдарламаларды атайды:

  • әр түрлі форматты файлдар;

  • мәліметтер қоры;

  • бағдарламалық модульдер;

  • жекелеген бағдарламалар мен бағдарламалар жиыны.

Мұндай құралдар пәндік-бағытта болуы мүмкін, сол секілді нақты міндеттер ерекшелігі мен қолдану саласына тәуелді болмауы да мүмкін. Білім үрдісінде қолдануға негізделетін бағдарламалық құралдарда сақталатын негізгі талаптар – бұл жеңілдік пен табиғилық, оқушының оқу материалымен жеңіл танысуына мүмкіндік жасау. Бағдарламаларға сай келетін талаптар мен сипаттамаларды HCI (ағылшын тілінде “Human – Computer Interface” – «Интерфейс-адам-компьютер») аббревиатурасымен белгілеу қабылданған. Бұл сөзбе-сөз аударуды «адаммен сұхбаттасуға арналған компьютерлік бағдарламалар» деп түсінуге болады.

Білімді ақпараттандыру жағдайында болып жатқан кемшіліктерге қарамастан, оны «ақпараттық революция» деп атауға болады, өйткені қол жетерлік табыстар мыналар:

  • ақпаратты ұсынудың жаңа формасы. Қызықты, жанды немесе алдын ала жазылған мультимедиалық ақпарат тек текстен емес, графикалық бейнелерден, анимациядан, дыбыстан және видеоүзінділерден құралып, Internet желісі арқылы беріледі немесе басқа телемультимедиалық құралдар арқылы компмультимедиалық -дискілерге жазылады;

  • жаңа кітапханалар. Интеллектуальдық ресурстар көлемі және табыстары өседі. Internet злектрондық кітапхана каталогтарымен бірігіп, жер қашықтығы мен уақыт айырмашылығына қарамастан, зор ақпараттар көлемін жинауға қол жеткізеді. Әрине, мұндай кітапханалар онда сақталатын ақпараттарға толық жол аша бермейді;

  • оқу сабақтарының жаңа формалары. Студенттер мен оқытушылардың виртуальды семинарлар және лабораториялар режімінде бірігіп жұмыс жасауы, сонымен бірге жаңа синхрондық мүмкіндік пайда болды. Бірқатар студенттер үшін мұндай жұмыс формалары анағұрлым ыңғайлы, өйткені дәстүрлі оқытуға қарағанда, оларға өз мүмкіндіктеріне қарай, өздеріне қолайлы графикпен жұмыс жасау және артық ескертулермен кездеспей отырып ашу қызықты;

  • білімнің жаңа құрылымы. Бүгінгі күні білім жүйесіне жаңа құрылым беру үшін телекоммуникация жүйелерімен толықтырылуы қажет, сонымен қатар білім үрдісіне ақпараттық және мультимедиалық технологияларды енгізуде жоғары біліктілікке ие мамандар керек.

  • Көбінесе қашықтан оқыту бағдарламалары оған барынша мол қол жеткізуге мақсатталған және оқыту сапасына аса анық емес талаптар қояды. Мұндай бағдарламаның білім сапасын жетілдіруі үшін орындауы міндетті талаптар қатарын құрастыруға болады:

  • сапасы мен мүмкіндігі жоғары білім кеңістігін құру, кәдімгі оқу орындары ұсынатын мүмкіндіктерден жоғары білім ортасын жасау;

  • Internet желісінде әмбебап компьютерлік кітапхана құру, кез келген уақытта қолданушыға қол жеткізерлік және кәдімгі кітапханаға көлемді ақпарат беруі тиіс;

  • желі бойынша педагогтармен қарым-қатынас ұйымдастыру;

  • оқытушының да, оқушының да білімін компьютермен тексеру жүйесін жасау.

  • Төмендегідей базалық шарттар сақталған жағдайда сапалы білімге қол жеткізуге болады:

  • қымбат тұратын технологиялар мен бағдарлама өнімдерін қолдану;

  • іштей және қашықтан оқыту түрлерін  біріктіру;

  • қажетті ақпараттық ресурстарды табуды жеңілдететін толық каталогтар жасау.

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет, ал бұл сауаттылықтың алғаш баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар прмультимедиалық икалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс.

Қазіргі кезде республикалық білім беруді ақпараттандыру ғылыми әдістемелік орталығы (РБАО) негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электрондық оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнбекүн дамытылып отырған ашық түрдегі әдістемелік жүйе,оны оқытушы өз педагогикалық тәжірбиесіндегі мәтериялдармен толықтыра отырып,әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулықтарды құрастыру технологиясы бір-бірімен тығыз байланысты төрт бөліктен тұрады олар:

1. Мақсаттылық компониентті-модуьдерді құрастыруден тұрады. Модуль –жергілікті, жүйелік және функционалдық білім жиындары. Ол оқушының өз танымдық әрекетін ұйымдастыратын «Түйіні » болып саналады.

2. Мазмұндық компаниеті-гипермәтін арқылы жүзеге асады. Гипермәтін-терминлерден,ұғымдардан, кестелерден, графиктерден және диаграммалардан тұратын мәліметтер базасы ретінде берілетін ақпараттық оқу ортасы.мәтіндерді қазақ,орыс тілінде дыбыстар арқылы айтуға болады. Гипермәтін бейне мәтериалдармен медиаобьектілерімен толықтырылған;

3. Оперциялық компаниеті – интермультимедиялық формада берілген тапсырмаларды орындау арқылы іске асырылады;

4. Нәтижелік бақылау компаниеті – тест алу жолымен немесе бақылау жұмысымен жүргізіледі. Электрондық оқулықта тесттің екі түрі берілген: бір дұрыс жауабы немесе бірнеше дұрыс жауабы бар .

Тест соңында оқыушылар өзі қателескен сұрақтарды тексеріп көрсете алады және бағасын да көреді.білім беруде «Электрондық оқулықтарды » пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай,логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылық пен еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі теориялық тақырыптарды графикалық иллюстация түріндегі әртүрлі суреттер сызба нұсқалар арқылы береді.оқулықтың ерекшелігі әрбір тақырып қажетті суреттермен көркемдеп безендірілген.

Әр модуль қысқаша теориялық кіріспеден, суреттермен анимациялық материялдардан, есеп шығару үлгілерімен өз бетінше шығаруға арналған есептерден және бақылау жұмысынан тұрады. Оқушылар үшін – электрондық оқулықтар мектепте оқылған жылдардың барлығындада өздері толықтыра отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайндалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып табылады. Оқулық-диспелей экраныныда көрінетін жай ғана мәтін емес ол оқушыға өз жолымен керекті материалдарды жете меңгеруге арналған күрделі,көп сатылы жүйе. Бұл оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап,игеру тәсілімен логикасында өзіне тән етіп таңдап алып отыр,осы сәтте ең керекті деген материялды қарап шығуға мүмкіндік береді. Ал өзіне қажетті мәліметті компьютер жадының керекті ұясыныа іздеп таба білуде, әрбір оқушының бүгін талап етілетін стратегиялық ойлау қабылетін қалыптыстырады, модульдерде берілген алгоритым оқушыларға өз бетімен жұмыс жасау мүмкіндігін береді мұнда сабаққа деген қызығушылық пайда болып белсенділігі арта бастайды электрондық оқулықты пайдалану мұғалімніңде ғылыми-әдістемелік потнециялын дамытып, оның сабақ үстіндегі жұмысын жеңілдетеді. Физканы эксперименттік ғылым дейтін болсақ – кейбір мектеп лаборияторясының көмегінде түсіндіру мүмкін емес құбылыстар мен тәжірбиелер жетерлік. Оларды компьютер көмегімен слайд немесе сабақ барысында интермультимедиялық тақтаны қолдана отырып көруге болады.

Интермультимедиялық тақта – білім үрдісінде қоланылатын ақпаратты көрсетіуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбап интермультимедиялық жүйе болып табылады.кешеннің құрамына компьютерге және проекторға тізбектелген порт арқылы қосылатын, қабырғығаға ілінетін 1,88 м тақта, басқаруға керекті,бір, екі қалам және жазуға арналған блокнот кіреді.

Ақпаратты жинау құралдарына қазіргі замандағы кең таралатын аудио-визуалды ақпараттарды енгізуші – сканерлер, санды фото және бейнекамера, графикалық планшеттер, МІDІ – құралдар, дауыс пен бейнені сандау жүйелері сынды құралдар кіреді.

Сандық фото және бейне камералары бейнені түсіруді және ол ақпаратты реттеу үшін компьютерге жіберуді қамтамасыз етеді. Сандық фото және бейне камералары желілерде бейне конференцияларды ұйымдастыру үшін оқуға бағытталған бағдарламалық құралдарға қажетті иллюстративті материалдарды жасау үшін пайдаланылады.

Сондай-ақ, графикалық планшеттер графикалық ақпараттарды енгізуге арналған, бір-ақ оның пайдалану қағидасы басқаша: графикалық планшет арнайы қыл қаламын жүргізу арқылы компьютер экраныныда сурет салумен, сызулар сызумен ерекшеленеді. Графикалық планшеттер көркем иллюстрациямен анимация салу үшін қолданылады.

Әр жаңа компьютерде дыбыс шығаратын микрофон мен кез келген құрал арқылы дыбыстық ақпаратты енгізуге мүмкіндік беретін дыбыстық карта болады. Сандалған дыбыс бағдарламалық құралдарды құрғанда пайдаланылады, компьютермен сақталынады және өңделеді, жергілікті және ауқымды желілермен тасымалдана алады.

Музыкалық дыбыстық ақпаратты енгізуге МІDІ клавиатуралар мен синтизаторлар арналған.

Сондай-ақ әр жаңа компьютерде дыбыс пен бейнені сапалы енгізуге арналған құралдары бар. Сонымен, білім берудегі ең атақты технология мультимедия технологиясы болды. Ол дыбыспен, мәтінмен, бейнемен, интермультимедиялық диалог мүмкіндіктерін қоса алғандағы ақпараттық ресустардың барлық түрлері мен жұмыс жүргізу үшін ақпараттық құралдарды синтездейді. Мультимедия технологиясы білім беру саласында оқу үрдісіндегі көрнекілік пен белсенділікке қол жеткізу мүмкіндігін тудырады.

Мультимедиалық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркінт дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол деп есептеймін.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2004.

  2. Қараев Ж., Қуанбаева Б. Жетілдірілген педагогикалық жүйені жобалаудың дидмультимедиалық шарттары. // Ізденіс. – 2004. - №1. 233-236 беттер.

  3. Нағымжанова Қ.М. Инновациялық оқыту жағдайларындағы мұғалім қызметінің психология – педагоикалық негіздері. // Теориетические и прикладные аспекты подготовки специалистов в условиях университета. – Усть-Каменогорск, 1999.

  4. К.Бұзаубақова. Жаңа оқыту технологиялары. Тараз 2003.

  5. Пушков. Обзор ПО для разработки мультимедийных программных продуктов. С-П.- 2004г.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қазан
656
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі