400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл міндетті оқу-тәрбиелеу үрдісін жетілдіру үшін олардың мүмкіншіліктерін педагогикалық мақсатқа пайдалану арқылы шешуге болады. Қазақстан Республикасында кәсіптік білімді педагогтық маман ұстаздарды даярлау жоғары дәрежеде мемлекеттік білім стандартына сай жүргізіледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ


Саурова К.С. магистр, аға оқытушы,

Алматы энергетика және байланыс университеті


Қазіргі уақытта ақпараттық және мультимедиалық технологияны зерттеу мұғалімдерді дайындаудағы мемлекеттік стандарттың құрамдас бөлігі болып саналады. Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулерде ақпараттық технологияларды оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі бағдарлары ұсынылуда.

Ақпараттандырудың негізгі  бағыты  ХХІ ғасырдың талаптарына  сәйкес қоғамды  дамытудың  жоғары  тиімділікті технологияларына  сүйенген  жаңа  білім стратегиясына  көшу  болып  табылады. Осыған  сәйкес  қазіргі  білім жүйесінің  ерекшеліктеріне – оның  іргелілігі,  алдын алу  сипаты  және  оларға  қол  жеткізу  мүмкіндіктері  жатады.

Кейбір зерттеулерде ақпараттық және мультимедиалық технологияны қолдануды жалпы оқытуда және мұғалім іс- әрекеттерінде ақпараттық және мультимедиалық технологияны оқытуды бір ғана курс аумағында қарастырған.

Басқа зерттеушілер «Педагогикалық информатика» саласын педагогикалық іс-әрекетте ақпараттық және мультимедиалық технологияны қолданудың әдістемесін және теориялық мазмұнын жеке пәнге бөледі.

Көрсетілген бірқатар зерттеулерде, мұғалім оқыту үрдісінде ақпараттық және мультимедиалық технологияны қолдануда пәннің профиліне байланыссыз, икем, машық инварианты деп аталатын мұғалімнің іс-әрекетінің моделін құраушы белгілі білім жиынына ие болуы керек. Э.И.Кузнецов келесі инвариант құраушы компоненттерін бөлді: жалпы білім, дүниетаным, психолого-педагогикалық (мұғалімнің кәсіптік даярлығы қызметінің бастысы), технологиялық.

Ақпараттық қоғамдағы жалпы білімге - әрбір азамат ие болуға тиісті білім жатады.

Білімнің дүниетаным компонентіне әлеуметтік-гуманитарлық сала және бүкіл білім, қоғам, ақпараттандыру салдарына байланысты проблемалар, адамға олардың әсері кіреді. Психолого-педагогикалық іс-әрекетке икем, машық, білім кіреді. Технологиялық компонентке оқыту үрдісінде қолданылатын ақпараттық және мультимедиалық технология құралының ерекшелігіне байланысты икем мен білім негіздері кіреді.

Ақпараттық және мультимедиалық технология құралының экспоненциалдық дамуын соңғы уақытта педагогикалық мамандарды дайындаудың маңызы мен құрылымын төрт компонентке бөліп, әрқайсысының аумағын қайта қарауды талап етеді. Ақпараттық және мультимедиалық технология құралын қолдануда оқыту технологиясының жетілуін артта қалдыруға болмайды, бүгінгі жағдайда оқытуды озық қалыпта алып жүру керек. Болашақта дайындап жатқан информатика мамандары ақпараттық және мультимедиалық технологияны пайдалануға даяр болуы керек.

Соңғы үздік жетістіктердің арасында ақпараттық және мультимедиалық технология саласындағы технологиялардың қол жетімділігі, атап айтқанда, желілік технологияларды, мультимедиялық технологияларды, мәліметтерді таратып өңдеу технологияларын білім беру саласында сәтті қолдануға болады. Білімді ақпараттандырудың алдағы бағыты осы жаңа ақпараттық және мультимедиалық технология құралын педагогикалық үрдісте қолдануға байланысты болады. Сондықтан мамандарды дайындауда психолого-педагогикалық және әдістемелік сипаттағы туындаған көптеген проблемаларды қарастырғанымыз қажет. Бұдан басқа тек қана қазір қарапайымдылығы артқан сайын ақпараттық және мультимедиалық технология құралын пайдалануды қатардағы мұғалімдердің прмультимедиалық икалық меңгеруі, мультимедиа-қосымшасын жасап оқытуда қолдануы жергілікті және ауқымды желідегі ақпараттың өзара әрекеттестігіне байланысты туындайтын сұрақтарға жауап беруде. Сонымен бірге жаңа ақпараттық және мультимедиалық технология құралының мүмкіншілігі ғылыми-педагогикалық зерттеулерде әзірге өз дәрежесіндегі көрінісін тапқан жоқ.

Оқыту пәндері мазмұнына қарай осы компонентке жататындар жалпы кәсіптік блок пәнінің оқыту жоспарына кіреді.

Мемлекеттік бағдарламада оқу үрдісіне педагогикалық және ақпаратты- мультимедиалық технологияларды кеңінен пайдалану – жалпы білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі, -  делінген.

Мультимедиалық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.

Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық- мультимедиалық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.

Аталған бағыттарды дамыту үшін нормативтік-құқықтық, материалдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық жағынан қамсыздандыру педагог мамандарды даярлаудың негізгі бағыттарының біріне айналып отыр.

Жаңа типті білім беру мекемелеріне кез келген технологияны жан-жақты меңгерген және оны оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға шебер пайдалана білетін мұзырлы маман қажет.

Сондықтан да, қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси экономикалық білімді және ақпараттық- мультимедиалық технологияны жан-жақты  меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу талап етілуде.

Ғылыми-техникалық прогрестің қарқындап дамуы қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналдыруға мүмкіндік берді. Мультимедиалық технологияның жеделдеп даму барысына қоғамның  экономикалық жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. Мультимедиалық технологияның қарқындап дамуы кез келген жеке тұлғаның әлемдік ақпараттық кеңістікке енуіне мүмкіндік береді.

Ақпараттық процестерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы есептеу техникалары біртұтас күрделі жүйе болып табылады. Сол себепті, педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыруда мультимедиалық технологияны оқып-үйрену және оны қолдану күрделі процесс болып табылады.

Оқыту үрдiсiнде мультимедиалық технологияны қолдану мұғалiм мен оқушы қарым-қатынасының бұрынғы қалыптасқан жүйесiн, олардың iс-әрекеттерiнiң мазмұнын, құрылымын үлкен өзгерiстерге ұшыратады. Қалыпты бiлiм беру жүйесiнде мұғалiм-оқушы-оқулық түрiнде құрылған үш жақты байланыс бұзылып, мұғалiм-оқушы-компьютер-оқулық жүйесi пайда болды. Мұндай жүйеде бiлiм беру оқыту процесiнде компьютердi қолдану бiлiм мен бiлiктiлiкке қоятын талаптарды қайта қарап, жетiлдiрiп, жүйелеудi талап етедi.

Мультимедиалық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды. Алынған білім мен дағдылар бұдан әрі көптеген жағдайда қоғамның даму жолдарын анықтайды.

Әрбір елдің технологиялық даму дәрежесіне оның экономикалық қуаты мен халқының тұрмыс деңгейі ғана емес, сол елдің әлемдік қоғамдастықта алатын орны, басқа елдермен экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуі де байланысты. Сонымен қатар, әлдебір елде қазіргі технологияның дамуы мен қолданылуының деңгейі оның материалдық базасының дамуымен ғана емес, негізінен қоғамды парасаттандыру деңгейімен, оның жаңа білімді туындату, игеру және қолдана білу қабілетімен де анықталады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Шынында да, қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Еліміздің кепілі, болашақ тірегі мектептердің білім деңгейін көтеру және онда мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы оқу-тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, ұстаздардың, басшылардың, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз.  
  Заманымызға сай қазіргі   қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – мультимедиалық қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында : « Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек »- деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидмультимедиалық икалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта мультимедиалық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі - бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын « Мультимедиалық ивті экран »  болып табылады.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, мультимедиалық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.

Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық -техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне; оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу - тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді.

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық мультимедиалық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі мультимедиалық» ұғымы  «оқытудың жаңа мультимедиалық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты.

Білім беруді ақпараттандандыру процесі пән мұғалімдеріне, әдіскерлерге, білім мекемелерін басқарушыларға жаңа мультимедиалық технологияны өз қызметтеріне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды. Мультимедиалық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне мультимедиалық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.

Қазіргі ақпараттық технологияларды жалпы білім беруде пайдалану мәселесі ерекше маңызды бірқатар сұрақтар тудырып отыр.

Мемлекеттік стандартта жоғарғы педагогикалық білім дипломын иеленуші маман біркелкі мамандану мінездемесіне, білімге икемді және әдетіне сай айқындылыққа ие болуы тиіс. Бұдан басқа мемлекеттік стандартта даярлық пәндерінің тізімі бар, осы пәндерге лайық білім болуы қажет.

Жоғарыдағы аталған ақпараттық және мультимедиалық технология жан-жақты қолданысқа ие, мамандардың түрлі кәсіптік саласында қолдануына және адамның ақпараттық қызметінің негізгі түрлерінде қамтамасыз етілген – жинау, өңдеу, ақпарат алмасу, ақпаратты сақтау және т.с.с. Жан-жақты қолданыстағы ақпараттық және мультимедиалық технология құралы әмбебап (универсальный) деп аталады.

Бағдарланған ақпараттық және мультимедиалық технология құралы да кең қолданыс табуда, атап айтқанда, нақты пән саласында қолдануға арналған – математика, физика, биология, филология және т.с.с. Мысалы, оларға әртүрлі ақпараттық және мультимедиалық технология құралын жатқызуға болады. Пәндер саласындағы ақпараттық модельдеу олардың ерекшелігін көрсету үшін, жаратылыстану ғылымындағы тәжірибелердің нәтижесін өңдеу және ұйымдастыру құралы ретінде және т.с.с. қолданылады. Бағдарланған ақпараттық және мультимедиалық технология құралын меңгеру пәндер блогында, мемлекеттік стандартта орын алуы тиіс.

«Педагогикалық теория, жүйе және технология» пәнінің мемлекеттік стандартының психолого-педагогтік блогында ақпараттық және мультимедиалық технологияны білім беруде қолдануға болатындығы айтылған.

Бұдан басқа, мемлекеттік стандарттың еш жерінде нақты оқу құралдарын оқытуда ақпараттық және коммуикациялық технологияны пайдалану қарастырылмаған.

Ғылыми-әдістемелік оқулықтарының талдауында, педагог кадрлардың кәсіптік қызметінде ақпараттық және мультимедиалық технологияны қолдануға даярлау төрт бағытта қарастырылған. Ақпараттық және мультимедиалық технология құралдарын бөлу мүмкіндігіне сай пайдалануда әмбебап ақпараттық және мультимедиалық технология құралы түрлі кәсіптік салада мамандардың қолданысында және адамның негізгі ақпараттық қызмет түрлерін орындауда маманданған нақты пәндік саланың өзгешелігі үшін атаулық белгі көрсеткішіне сай қолданылады. Сонымен бірге білім беруде ақпараттық және мультимедиалық технология құралын қолдану ұстаз қызметінде – оқыту және оқыту үрдісін ұйымдастыру ретінде пайдаланады.

Оқыту үрдісінде ақпараттық және мультимедиалық технологияны қолдануда мұндай мәселелерді шешу көп жағдайда мұғалімдердің жоғары даярлығына байланысты болады. Ақпараттық және мультимедиалық технологияны пайдалануда кәсіптік дайындықты қалыптастыру үшін ең алдымен педагогикалық жоғарғы оқу орындарындағы оқыту мен білім алуға назар аудару қажет. Атап айтқанда, оқыту үрдісін ақпараттандыруда педагог кадрлардың дайындығына назар аудару маңызды мәселе болып отыр. Қазіргі зерттеулердің көрсеткеніндей оқыту үрдісінде оларды жан-жақты әрі мақсатты пайдалануда тежейтін ең басты себептің бірі - білім берудің ақпараттық құралдарының және мұғалімдердің жұмыс істеуінде қажетті даярлықтарының жоқтығы. Сондықтан қазіргі ақпараттық технологияны пайдаланудағы ең өзекті міндет – мұғалімнің кәсіптік дайындығын қалыптастыру болып отыр. Бұл міндетті оқу-тәрбиелеу үрдісін жетілдіру үшін олардың мүмкіншіліктерін педагогикалық мақсатқа пайдалану арқылы шешуге болады. Қазақстан Республикасында кәсіптік білімді педагогтық маман ұстаздарды даярлау жоғары дәрежеде мемлекеттік білім стандартына сай жүргізіледі.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2004.

  2. М. Ғалымжанова., «Мультимедиалықтехнологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру» 2 б., №3-2006 ж. 

  3. Б. А. Әлмұхамбетова, М. А. Ғалымжанова., «Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда мультимедиалық технологиялардың қолданылуы»., 17 б.

  4. М. А. Ғалымжанова., «Педагогтардың мультимедиалық құзырлылығын қалыптастыру бағыттары» 48 б.

  5. Сұрауымбетова Р., «Білім беру деңгейін көтеруде мультимедиалық технологиялардың рөлі»., Информатика негіздері., №2-2008 ж., 2 б.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 қазан
529
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі