400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мультимедиалық технологияны оқыту үрдісінде қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақпараттандырудың негiзгi мiндеттерiнiң бiрi – мектепте компьютердi оқыту құралы ретiнде қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мультимедиалық технологияны оқыту үрдісінде қолдану


Алматы қаласы, Наурызбай ауданы,

«Султан» колледжінің оқытушысы: Айынова Айна Серикбаевна

Эл.пошта: ai_aina@mail.ru. тел:87019813969

Ақпараттандырудың негiзгi мiндеттерiнiң бiрi – мектепте компьютердi оқыту құралы ретiнде қолдану: оның мүмкiндiктерiн жаңа материалды баяндауда (бiлiмдi виртуальды өмiрде қолдану), үйрету программаларын қолдану арқылы виртуальды лабораториялық жұмыстарды жүргiзу, баяндалған материалды бекiту (тренинг), Интернет-технологияларды қолдану.

Ендi мұғалiмдердi оқушылардың үйрететiн мезгiлi келдi. Соңғы кезде уақыт көрсетiп отырғанындай, мұғалiммен салыстырғанда оқушыда көп ақпарат болатыны кейiнгi көрсетiлген тәжiрибелер дәлелдеп отыр. Сондықтан әрбiр мұғалiм өз қызметiне ақпараттық технологияны пайдалана бiлуi қажет. Бұл мәселе – бiлiм берудi ақпараттандырудың қажеттi шартына айналып отыр.

Мектеп мұғалiмдерiн ақпараттық технологиямен алғаш танысу институт базасында өткiзiлетiн салаларының бiрi ретiнде қарастырылған.

Негiзгi мақсаты: бiлiм мекемелерi қызметкерлерiнiң ақпараттық мәдениетiн қалыптастыруға жағдай жасау, оның iшiнде, жаңа технология құралын пайдалану арқылы өзiндiк жұмыстарды ұйымдастыру.

Егер мұғалiм компьютермен таныс болмаса, онда оған психологиялық тұрғыдан зияндылық жасамау керек. Ақпараттық технология құралдарын пайдаланудың алғашқы ұғымдарын, оны дамытудың дағдысын қалыптастыру және мультимедиялық құралдарды пайдалану арқылы оқу ақпараттарын беру әдiстемесi элементтерiн демонстрация жасау.

Еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалык өзгерістерге сай білім беруді жетілдіру бағыттарының бірі-білім беруді акпараттандыру.

Осы бағыттағы жұмыстар 1997 жылы қабылданған Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.

Қазіргі таңда республика мектептерін жаңа компьютерлік технологиямен қамтамасыз ету жұмыстары іске асьш, енді сол ақпараттық технологияны қолдану мен оны мектептерге енгізу саласында, оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мақсатында информатика оқытуды жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелілігін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп психологиялық-педагогикалық проблемараның оқыту процесін компьютерлендірудің барлық бағыттарын жан-жақты қамтуы болып табылады.

Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, мектеп пәндерін оқыту процесінде компьютерді Қолдану мұғалім мен оқушы қарым-катынасы жүйесін, олардың іс-әрекеттерінің мазмұнын, құрылымын өзгерте отырып, түрлендіре алады және осы әрекет мүшелерінің мотивіне әсер ете отырып, олардың мотивациялык, эмоционалдық ортасына, сезімнің өсуіне әсер етеді.

Демек, оқыту процесінде компьютерді қолдану білім мен біліктілікке қоятын талаптарды қайта қарап, жетілдіріп, жүйелеуді талап етеді.

Оқушылардың жалпы оқу біліктілігіне жататын оқу-компьютерлік біліктіліктерін «клавиатурамен жұмыс, программа тізу, принтермен жұмыс істей білу, дайын программаларды қолдана білу, текстік, графикалық редмультимедиалық орлармен жұмыс істей білу» жүйелі түрде қалыптастыру бүгінгі күннің кезек күттірмес талабына айналуда.

Адамдарды әр түрлі әлеуметтік ортада өмір сүруге дайындау үшін білім беру ісіндегі шығармашылық бастауды (креативтілікті) арттыру (дамыта білім беруді қамтамасыз ету), қазіргі білім беру жүйесіндегі академиялық жұртшылық білім беру жүйесін дамытудың маңызды және перспективалык, акпараттық және телемультимедиалық технологияларды пайдалану негізінде кашықтықтан оқыту әдістерін кеңінен енгізу керек екенін мойындап отыр.

Қашықтықтан оқыту болашақ 12 жылдық мектеп үшін елеулі білімдік мәні бар бірқатар қосымша мүмкіндіктерге ие болып отыр;

Жедел (кеңістіктегі және уақыт ішіндегі кедергілерді жеңу, өзекті тың ақпарат алу, жедел кері байланыс);

Ақпараттық (арнайы салалардағы білім ауқымының кол жетімділдігі артады, тұтынушыға интермультимедиялық веб-арналардьң көмегімен жеткізіледі; телеконференцияларда, жөнелту тізімдерінде және интернет желісін басқа да кұралдарында жарияланады);

Коммуникациялау (бір-бірімен электр желілерінің көмегімен жедел байланысатын оқуға қатысушылардың окушылардың, педагогтардың, мамандардың саны өседі; интернет сабақтарды. жобаларды, олимпиадаларды өткізуге қойылатын шектеулер алынады.);

Педагогикальқ (қашықтықтан жүргізілетін телекоммуникацилардың өзіндік ерекшеліктеріне қарай оқыту бұрынғыдан гөрі интермультимедиалық ивті, технологиялық және дәлелді бола түседі, дараландырады; оқушылар жұмыстарының желідегі жариялымдары, оларды сараптау мен бағалау жеңілдетіледі.);

Психологиялық (оқушынын өзін танытуы үшін дәстүрлі эмоциялық-психояогиялық жағдайлармен салыстырғанда анағұрлым жағдайлар жасау; психологиялық кедергілер мен проблемаларды ашу, ауызша сөйлеудің кемшіліктерін жою);

Экономикалық (көлік шығыстарын, үй жайын жалға алуға кететін шығындарды үнемдеудің есебінен оқуға жұмсалатын шығындар 40 пайыз шамасында кемиді. Қағазбен іс жүргізу, оқу кұр'алдарының таралымы азаяды.);

Қашықтықтан оқыту - адам білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білІм беру жүйесі нысандарының бірі.

Қазақстанда қашықтықтан білім берудің рөлін өзекті ететін әлеуметтік саяси прогрестер:

Білім беруге жаңа талаптар коятын экономикалык реформаларды дамыту. Халықаралық байланыстардың оның ішінде білім беру саласындағы байланыстардың өсуіне ықпал ететін саяси өзгерістер;

Білім беру қызметін көрсетулердің әлемдік рыногында бәсекелестіктің артуы кезінде білім беру

Ақпараттық технологиялардың өзекті мәселелері

Ісіндегі халықаралық ықпалдастықты күшейту.

Білім беру процесіне қатысушылардың арасында ақпарат алмасудың сапалық тұрғыдан жаңа техникалық құралдарының пайда болуы және олардың жедел дамуы.

Халықтың білім берудің мазмұны мен технологияларына қатысты жаңа сұраныстарын қалыптастыру. Қашықтықтан білім берудің әлеуметтік функциялары:

- халыктық әлеуметтік және кәсіби жұмылуын оның кәсіпкерлік әлеуметтік белсенділігін арттыру;

- елдің сапалы даярланған білікті мамандарға деген сұраныстарын қанағаттандыру;

- отандық жоғары мектепте жинақталған білімді кадрлық және материалдық әлеуметті сақтауға және көбейтуге жәрдемдесу.

- қоғамның білімділік деңгейін және білім сапасын арттыру

- халықтың әр түрлі білім беру қызметтеріне деген, өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Икемділік. Білім алушылар лекциялар, семинарлар түріндегі күнделікті сабақтарға қатыспайды. Өздеріне ыңғайлы уақытта, ыңғайлы орында және ыңғайлы қарқында сабақ оқиды. Әркім оқу курсының белгілі бір пәнін меңгеру үшін өзіне қанша кажет болса, сонша оқиды.

Модульдік. ҚО бағдарламасының негізіне модульдік принципі алынған. Оқушылар меңгерген әрбір жекелеген пән (оқу курсы) мазмұны бойынша белгілі бір пәндік салаға барабар. Бұл тәуелсіз (бірақ, әрине, логикалық жағынан өзара байланысты) оқу курстарының жиынынан жеке немесе топтық қажеттіліктерге жауап беретін оқу жоспарын жасауға мүмкіндік береді. Оқушы өзі үшін өзінің жеке ұйғарымдарын білдіретін іс жүзіндегі жеке оқу жоспарын жасағанда, әзірше білім алудың дәстүрлі нысандарына тән емес, оңтайлы мүмкіндік туады,

Қосарлылық. Оқыту негізі кәсіптік қызметпен, тіпті оқумен ұштастырыла, яғни «өндірістен қол үзбей» жүргізіледі.

Қашыктықтағы әрекет. Білім алушының тұратын жерінен білім беру мекемесіне дейінгі қашықтық тиімді білім беру процесі үшін кедергі (байланыс сапалы жұмыс істегенде жағдайда) болып есептелмейді.

Оңтайлылығы. Оқу процесінде білім беруші мен білім алушы қашықтықтан оқыту технологиясын уақытқа қарамастан, яғни әрқайсысына ыңғайлы сабақ кестесі немесе жұмыс кестесі бойынша іске асыра алады.

Қамту немесе «бұқаралық». Білім алушылардың саны сыни тұрғыдағы өлшем болып есептелінбейді. Олардың барлық үлгідегі оқулықтар мен анықтамалық көздеріне (электронды кітапханаларға, ақпараттық деректер қорына) қолдары жетеді, сондай-ақ олар бір-бірімен және оқытушымен теле-мультимедиалық желілер және байланыс құралдары арқылы хабарласа алады.

Рентабельдік. Бұл - ҚО-ның жоғары экономикалық тиімділігі. Шетелдік және отандық мамандардың бағалауы көрсеткендей, ҚО білім алудың басқа нысандарына қарағанда шамамен 1,5-2 есе арзанға түседі.

Оқытушы. Әңгіме оқытушының жаңа рөлі және өзіндік функциялары туралы болып отыр.

Білім алушылар. Нақтырақ айтсақ, білім алушының жаңа рөлі және іс-әрекеті.

Жаңа ақпараттык, технологиялар. Ақпараттық технологиялардың барлық түрлері, бірақ та көбінесе жаңа ақпараттық технологиялар (компь-ютерлер, компьютерлік желілер, мультимедия жүйелері, т.с.с.) пайдаланылады.

Әлеуметтілігі. ҚО тұрғыдан жеріне, жағдайына және белгілі бір дәрежеде материалдық жағдайына қарамастан, білім алудың баршаға бірдей мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, белгілі бір дәрежеде әлеуметтік кикілжіңді азайтады.

Интернационалдығы. ҚО білім беру қызметін экспорттауға және импорттауға қолайлы жағдай туғызады.

Қашықтықтан оқитын оқушы жасаған білім нәтижелері, оның ішкі жеке басының өсуіне сәйкес келеді. Ғылыми білім беретін интернет-ресурстардың көлемінің өсуі адамзаттың әлемдік мәдени-тарихи жетістіктеріне жетудің мүмкіндігі білім берудін мазмұнының ролін өзгертеді. Дәстүрлі білім берудің негізгі мақсаты таңдап алынған мазмұнды оқушыларға жеткізу болып табылатын бірыңғай көздерге - оқулықтар мен оқу құралдарына шоғырландырылады. Web - ортада, СВ КОМ. ВҮВ-тасушыларда, электронды кітаптар мен вертуальді кітапханаларда бар білімдік ақпараттық қол жетімділдігі және көлемнің ұлғаюы және қашықтықтан оқыту қызметі нысандарының ашықтығы оқушылардың дүниетанымын әлемдік деңгейге дейін кеңейтеді. Сондықтан болашақ 12 жылдық мектепте қашықтықтан оқыту нысандарын бірыңғай ашық білім беру кеңістігіндегі ғаламдық білім беретін телекоммуникациялардың тиімді құралы ретінде лайықты орын алатыны анық.

Мультимедиалық технологияны оқу-тәрбие үрдісіндегі қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.

Компьютер және интерактивті мультимедиалық  құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.

Оқушылардың интермультимедиялық құралдар   көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғарғы деңгейде болады.

Қазіргі уақытта жаратылыстану - ғылыми білім беруде сабақ арысында интермультимедиялық құралдарды қолдануда. Интермультимедиялық құралдардың көмегімен мұғалімнің , оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.

Білім берудегі  мультимедиалық технология  - мұндағы интеракттивті мультимедиалық сөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.

Мультимедиалық тақта –дегеніміз не?

Интерактивті мультимедиалық тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.

ACTIVboard(Promethean компаниясы) - ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған мультимедиалық ивті қаламнан тұрады.

Мультимедиалық қалам – дегеніміз не? 

Aктивті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.

ACTIVwandуказкасы

Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма ташқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVboard – интермультимедиялық тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. "Оң қол" сонмен бірге "сол қолмен" жұмыс жасауға қолайлы құрал.

ACTIVpanelpro

ACTIVpanelpro (Мультимедиалық ивпанель) үлкен аудиторияларда қолдануға өте қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан көруге мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro (Мультимедиалық ивпанель) өте жеңіл зат, бөлмеден бөлмеге қиындықсыз – ақ алып жүре беруге болады, ал проектор болса кескінді үлкейтіп көрсетеді. ACTIVpanel-pro ДК басқарады, сурет салады, жазу жазады – бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады.

ACTIVslate

Радио портты ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Конференция немесе презентация кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады ACTIVslateXR панель аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай алады. ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-ақ тақтада жаза алады.

ACTIVtablet

ACTIVtablet планшет қарапайым тышқанның қызметін атқара алады, презентация мен конференция материалдарын ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary тақтасыз (ACTIVboard көмегенсіз) компьютерде дайындауға мүмкіндік бетерін құрылғы. ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы қосылады, бағдарламаның барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы батареясыз қаламмен флипчарт беттерінде жазу жаза алады.

ACTIVote

ACTIVote тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттың көмегімен ақпарат ACTIVboard қабылдайды және де өңделіп конференция қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIVote қарапайым тест жүргізуге өте қолайлы зат. ACTIVote 16 немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады.

ACTIVote қолдана отырып:

«Тест дайындау шеберінде» ACTIVstudio бағдарламасында флипчартта мәтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары кітапханада сақталады да, тестің нәтижесін кесте немесе диаграмма түріндекомпьютердің жадында сақталады. Тестің нәтижесін EXСEL немесе WORD редмультимедиалық орларында экспорт жасауға болады

ACTIVstudio программасы

ACTIVstudio PE программасы арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа 

ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер

қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.

Флипчарт

Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы   көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер   қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.

«Мультимедиалық ивті экран » кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интермультимедиалық ивтік жүйе болып табылады.

«Мультимедиалық ивті экран » бағдарламалық – техникалық кешенінің дидмультимедиалық икалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі – жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін, арттырып өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды.

Бағдарламалық - техникалық кешеннің құрамына кіретін интермультимедиалық ивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.

Интермультимедиялық құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидмультимедиалық икалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі :

  • Пән бойынша базалық білімді  меңгеру ;

  • Алған білімді жүйелеу ;

  • Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

  • Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру

  • Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.

Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпарат меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.

Оқушылардың  көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін  20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.

Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ  мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік – бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге «мұғалім – оқушы» жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына   мүмкіндік береді. Бірақ , мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық диференциалды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие.

Ғылым ғасырының табалдырығынан   аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің   барлық саласына кеңінен енуде.

Елбасы   атап көрсеткендей « Қазіргі заманда жастарға мультимедиалық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте – мөте  қажет » - жас ұрпаққа білім беру жолында мультимедиалық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Білім берудің ақпараттандыру процесі пән мұғалімдеріне жаңа мультимедиалық технологияны   жан - жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.

Іс тәжірибемде интермультимедиялық құрылғылардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс – шаралардың қолданудың маңызының зор екенін байқауға болады.

  • Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру   арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне интермультимедиялық құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану

  • Оқытудың жаңа әдістері  мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық іс - әрекетін компьютерлік ойындар және т. б.) сабақта жиі қолдану.

  • Проблемалық зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру.

  • Жаңа мультимедиалық технология құралдарын (жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедия – технология, интермультимедиялық құрылғылар) пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық – техникалық базасын жетілдіру.

Сабақ материалы  Power Point презентациясы немесе мәтіндік ақпарат  түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамына кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектілерді көрсете алады және өзгертеді. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Интермультимедиалық івтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады, сонымен қатар PDF форматында да сақтап, оқушыға электрондық пошта арқылы жіберуге болады. Мұғалім алдын – ала дайындаған сабақты оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді.  Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интермультимедиалық ивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал – саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Мұғалім оқушыны тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған қалғандардың көңіл бөлу үшін бағыт береді және бақылап отырады.

Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай әдістеме сабақта екпінді түрде өткізуге  мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген мұғалім мен оқушының орындаған іс - әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады.

Сонымен, интермультимедиалық ивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала  дайындалған оқу материалдары – презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер – сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, « Мультимедиалық ивті экран » кешенін қолдану арқылы оқыту үрдісінде жаңа дидмультимедиалық икалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.

Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интермультимедиялық тақтаны пайдаланған тиімді. Интермультимедиялық тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады.

 Ақ тақта режимі – ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс  жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады. Тақтаның бұл қасиеті, мысалы географиядан, физика, биологиядан және т.б. пәндерден сабақ жүргізгенде ыңғайлы. Фон ретінде географиялық картаны, физикалық аспаптардың суреттерін алуға болады және сабақ барысында қажет болса картаға белгі салуға, жазуға мүмкіншілік бар.

Екінші режим – Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары  Word  мәтіндік редмультимедиалық орының, Excel электрондық кестесінің құжаттары, Power Point – презентациясы болуы мүмкін. Мысалы , Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат әзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған тапсырмаларды сурет салу панелінің « төртбұрыш » объектілерімен жасырамыз. Сабақта қажет кезде бұл құжатты интермультимедиялық тақтаның Office режимінде ашу қажет. Бұл режим Microsoft Office – нің барлық мүмкіншілігін   ұсынады. Сондай мүмкіншіліктерінің бірі – құрылған құжатқа мәтінді қосуға болады, яғни экраннан түсірілген суретпен емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз. Сонымен, мұғалім оқушыны тестілік тапсырмаға жазбаша жауап беруге тақтаға шығарып, оқушының жауабын дұрыс жауаптарымен салыстыра алады (« тік төртбұрыш» объектісін жылжыту немесе жою арқылы) және дайындалған материалды шаблон ретінде келесі сабақтарды пайдалану үшін сақтап қоюға болады.

Үшінші режим - тақтаның интермультимедиялық режимдегі жұмысы.

Сабақтарды жүргізуде өткен материалды қайталау қажет, сондай жағдайда интермультимедиялық тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға болады. Бұл компонент арқылы Microsoft Office құралдары арқылы құрылған құжаттарға, графиктік редмультимедиалық орлардың немесе программалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға, интернет беттеріне  сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіншілік береді.

Прожектор және Шторка құралдары экранның белгілі бір кішігірім аумағын көрсетуге арналған. Прожектор құралы аудиторияның назарын бір объектіге аударуға арналған. Экран бетінде бір мезгілде бірнеше объектілер орналасқан болса, оның қажет объектісін ерекшелеп, қалғанын жауып қоюға арналған. Шторка  экранның бір бөлігін жауып қоюға арналған (есеп шығаруда дұрыс жауаптарын, оқушыларға әзір белгісіз ақпаратты) және материалды оқу барысында  мүмкіндігінше тақтаның қажет бөлігін көрсету.

Қазіргі уақытта «қоғамды ақпараттандыру», «білім беруді ақпараттандыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не? Қоғамдық ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс - әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан – жақты әсер етуі мен ролінің жоғарылауына байланысты объективті процесс.

Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бұл процестегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету - өндірістік мәселе.

Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте, маманданған сауатты тұтынушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді ақпараттандыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат – оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау болып саналады.

Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

 Интермультимедиалық құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:

 1.Бормен тақтаға жазылған кескінді интермультимедиялық тақтадағы түрлі – түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды

2. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес.

3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады

4.  Сабақта   ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады

5. ACTIVwand указкасының  көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.

6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.

7. Сабақтың өнімділігі артады.

8. Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді

Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп   жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.

Бәсекеге қабілетті болу тікелей білімге байланысты. Біз жаңа технологияға, жаңа өркениетті дамуға байланысты басқа өркенді елдердің көптен бері пайдаланып келе жатқан нитермультимедиалық ивті құралдарды қолданып отырмыз. Бұл – біздің Қазақстаннның алға қарай   жылжуының нышаны болып табылады. Ғылыми білім беруде интермультимедиалық тақтаның мүмкіндігі мол. Интермультимедиалық құралдарды қолдану арқылы оқушы білім кеңістігіне еркін бойлай алады.

Жаратылыстану – ғылыми білім беруде интермультимедиялық құралдарды қолданудың  білімді игертуде оқушыларға берері көп. Интермультимедиялық құрылғылардың Қызылорда облысының мектептеріне келуі білім алушылардың білімін жетілдіруіне көп мүмкіндік туғызып отыр.

Оқу процесінде, оның ішінде  мультимедиалық сабақтарда интермультимедиялық құралдарды қолдану мұғалімнің жеке тәжірибесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интермультимедиялық құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Қорытындылай келе интермультимедиялық құралдарды орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Занков Л.В. Избранные педагогические труды-М: Педагогика, 1990-98-115.

  2. Косанов Б.М., Өміртаева Р.К. Математикадан дидмультимедиалық ойындар және ќызыќты жаттыѓулар.-Алматы: Атамұра, 1998-48б.

  3. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознания. Личность-М: Политиздат, 1975.




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қазан
1491
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі