«Мультимедиялық технологиялар» сабақ жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мультимедиялық технологиялар» сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мультимедиялық презентациялаудың басты міндеті – тыңдаушыны таң қалдыру, оны қызықтыру, қажетті эмоция шақыра білу және тыңдаушыға өзінің басты ойын жеткізе білу болып табылады. Алға қойған міндеттің шешімін келесілер арқылы табуға болады: - презентация мақсатын қоя білуге көмек көрсету; - презентация жоспарын, оның қисынды схемасын дайындау; - презентацияның стильдік шешімін табу; - презентация слайды дизайны; - анимациялық және виде рөлдер құру; - презентацияны дыбыстау; - мәліметтерді динамикалық жүктей білу; - презентацияны құрастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мультимедиялық технологиялар»

Түсінік хат

Заманауи әлемде өзің мен өз жұмысыңды көрсете білу маңызды болып келеді. Сол себептен де аталмыш факультатив бағдарламасы 9 сынып оқушыларының басқа сабақтарда қосымша материал ретінде қолдануға болатын мультимедиялық нысандар жасауға деген қажеттілігі көрінісін береді. 

Мультимедиялық презентациялаудың басты міндеті – тыңдаушыны таң қалдыру, оны қызықтыру, қажетті эмоция шақыра білу және тыңдаушыға өзінің басты ойын жеткізе білу болып табылады.

Алға қойған міндеттің шешімін келесілер арқылы табуға болады:

-         презентация мақсатын қоя білуге көмек көрсету;

-         презентация жоспарын, оның қисынды схемасын дайындау; 

-         презентацияның стильдік шешімін табу;

-         презентация  слайды дизайны; 

-         анимациялық және виде рөлдер құру;

-         презентацияны дыбыстау;

-         мәліметтерді динамикалық жүктей білу;

-         презентацияны құрастыру.

Бағдарлама «Мультимедиялық технологиялар әлемі» деп аталады, себебі бұл мультимедиялық технологияларды нағыз көркем туынды ретінде қолданудағы мол мүмкіндіктер болып табылады.

Программа практикалық қолданысқа ие болып табылады.

Мақсаты:

         Информатика пәні бағдарламасының маңызды элементтерімен тереңірек танысу және ерекшеліктерін ашу.

1.              Оқушылардың бойына графика және мультимедиямен баайланысты практикалық міндеттердің шешімін табу құралы ретінде компьютерді игеру машығын қалыптастыру арқылы оларды технологиялық дамыған қоғам жағдайындағы белсенді толыққанды өмірге және еңбекке дайындау.



Міндеттері:

Білімділік:

1.     - оқушыларды мультимедиялық технологияларды қолдана отыра ақпарат өңдей білуге үйрету;

2.     - оқушыларды практикалық зерттеушілік жұмысқа тарту;

3.     – оқушылардың ақпарат жинау мотивациясын ояту;

4.     – оқушыларды Интернетті қолдана білуге үйрету.

Тәрбиелік:

2.     – оқушылардың өзін-өзі дамыту белсенділігін көтеру қажеттілігін сезіндіру;

3.     – белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру;

4.     – қарым-қатынас мәдениетін дамыту

 Дамытушылық:

1.     – дербес жұмыс істей білу, жауаптылық, белсенділік, мұқияттылық сияқты іскерлік қасиеттерін дамыту;

2.     – жоғары эстетикалық сезімдерін дамыту.





















Кіріспе

Мультимедиялық технологиялар - әртүрлі типті мәліметтерді дайындау, өңдеу, біріктіру, ұсыну әрекеттерін ақпараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын құралдар, әдістер мен тәсілдер жиынтығы. Мультимедиялық технологиялардың дамуы бейнетехниканың және дербес компьютердің өркендеуі нәтижесінде жүзеге асуда. Мультимедия статикалық, динамикалық және дыбыстық ақпараттарды талапқа сай дәрежеде ұсынуды іске асырады. «Мультимедия» термині латын тілінің «multi» (көп) және «media» (орта) сөздерінің бірігуінен құралған, яғни «ақпараттық орта» деген мағына береді. Білім берудегі мультимедия таным процесінің жоғарылауына септігін тигізетін, білім беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын, дидактикалық ақпаратты-бағдарламалық құрал. Мультимедия пайдаланушыға әртүрлі типті ақпаратты біріктіріп ұсыну технологиясы. Зерттеушілердің пікірі бойынша дәстүрлі оқу әдісімен берілген материалдың 25%-ы, көру арқылы 33%-ы, көру-есту арқылы 50%-ы, ал мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламасы көмегімен берілген материалдаң 75%-ы есте сақталады екен. Мультимедияның ажырамас бөлігі болып табылатын лазерлік дискілерде жазылған электрондық энциклопедиялар, оқулықтар мен сөздіктер оқыту процесінде ерекше орынға ие. Мысалы, электрондық сөздіктерде әрбір сөздің аудармасы ғана емес, сонымен бірге оның айтылу үлгісі де қамтылады. Оқыту процесінде мультимедияны пайдаланып білім берудің әртүрлі аспектілерін дамытуға болады.

Оқу үрдісінде ақпаратты экранда бейнелеудің түрлі формаларын (график, қозғалыс, мәтін, дыбыс) қолдану «мультимедиа» идеясын туғызды. Оның көмегі арқылы оқытушы бағдарламаларды пайдалануды жүзеге асыруға болады. Мысалы, географияны, ағылшын тілін, не информатиканы оқытуда компьютер мұғалім рөлін атқарады. Жоғарыда келтірілген құралдардың әрқайсысының өзінің оқу үрдісінде қолданылатын ерекшеліктері мен орындары, функциялары бар. Бұл құралдарды біріктіріп, кешен (комплекс) жасап колданылса, оқушылармен атқарылатын жұмыс өнімді де тиімді, нәтижелі болмақ

Бағдарламаны жүзеге асыру шарттары.

Бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін келесі шарттарды сақтау қажет:

-         мүмкіндігінше әр оқушының жеке жұмыс істеуі үшін әрқайсында жеке компьютер болуы қажет;

-         PowerPoint, Мovie Maker бағдарламалары болуы керек;

-         Интернетке шығу мүмкіндігі болуы керек;

-         Мұғалімнің жұмыс үстелінде әдістемелік көмекші құралдар, дидактикалық материалдар болуы керек.

Оқу жылы соңында оқушылар келесіні меңгеруі керек.

Келесілерді білуі керек:

-         MS PowerPoint  интерфейсін;

-         анимация эффектілерін күйге келтіру;

-         суреттерді, диаграммаларды, графиканы, дыбысты қою ережелерін;

-         слайдттық фильм қалай жасалатындығын.

Келесілерді істей білуі керек:

-         мультимедиялық презентация жасау;

-         слайдтық фильм жасау.




«Мультимедиялық технологиялар » атты бағдарламаның жоспары

9 класс





Тараулар мен тақырыптар атауы

Оқу сағатының жалпы саны

Өтетін күні


Практикалық



1

Кіріспе сабақ. Әлемнің ақпараттық көрінісі

 

1

04.09

2

MS PowerPoint интерфейсімен танысу. Слайд толтыру. Параметрлері.

2

11.09-18.09

3

Слайд конструкторы. Анимация эффектілерін күйге келтіру. Практикалық жұмыс.

4

25.09-02.10

09.10-16.10

4

Сурет, диаграмма, графика, дыбыс, гиперсілтеме кірістіру. Презентацияны демонстрациялау. Практикалық жұмыс.

4

23.10-30.10

13.11-20.11

5

Тұсаукесер туралы жалпы мағлұматтар.Практикалық жұмыс.

2

27.11-04.12

6

Тұсаукесерді безендіру Практикалық жұмыс.

2

11.12-18.12

7

Нысандарды компьютерлік тұсаукесерге кірістіру. Практикалық жұмыс.

2

25.12-15.01

8

Анимация және тұсаукесердің көрсетілуі

2

22.01-29.01

9

Өзін-өзі презентациялауды демонстрациялау (көрсету).

3

05.02-12.02

19.02

10

Слайдтық фильмдер жасау теориясы. Практикалық жұмыс.

3

26.02-05.03

12.03

12

«Мультфильм» слайдтық фильмін жасау. Практикалық жұмыс.

3

19.03-02.04

09.04

13

Бейнені және дыбысты кірістіру

2

16.04-23.04

14


Aнимация әсерлерін баптау, презентацияларды көрсету. Практикалық жұмыс.


2

30.04-14.05

15

Слайдтық фильмдер конкурсы.

2

21.05-25.05



34


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Информатика 6 оқулығы. Ермеков Н.Т. Стифутина Н.Ф. Атамұра 2012.
2. Шелепаева А.Х., Поурочные разработки по информатике. Универсальное пособие. – М.: «Вако» 2005 год
2. Программно-методические материалы по информатике, 1 – 11 класс, - М.: «Дрофа», 1999 год
4. Информатика негіздері № 1 – 6 2005-2012 жыл
5. Компьютерлік дизайн (әдістемелік құрал) С.Т.Мұхамбетжанова, Д.С.Момбекбаев, Е.Бұлтұлы, М.Е.Сағымбаев
6. Залогова Л.А. Компьютерная графика. Элективный курс: Учебное пособие. – М.: БИНОМ. Лаборатория знаний, 2005.
7. Залогова Л.А. Компьютерная графика. Элективный курс: Практикум. – М.: БИНОМ. Лаборатория знаний, 2005.

Интернет ақпарат көздері:
http://www.rusedu.info – Білім берудегі ИКТ
http://www.orakul.spb.ru – “Азбука PC” – үйренушілерге арналған.
http://www.syrtsovasv.narod.ru – “Информатика” бөлімі – мұғалімге арналған материалдар

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.10.2025
57
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі