400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мынау мектеп сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мынау мектеп сабақ жоспары. Жаңартылған білім мазмұны бойынша дайындалған 1 сынып сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

бекітілді:

Тақырыбы:

Мынау – мектеп

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар

саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар

саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.1.1. Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым мен ишараны қолдану, іс-әрекет жасау).

1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.4.1.1. Суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу немесе постерлер жасау.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Өзінің мектебі қандай екенін айта алады, үлкен және кішкентай сөздерін орынды орынды қолдана алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Сұрақ қою үлгілерін қолдана алады, сұрақтарға дұрыс жауап бере алады, сөйлесу жағдаятында өзін еркін сезінеді.

Кейбір оқушылар:

Мектепті басқа да сөздер қатарымен сипаттай алады, сабақта үйренген сөйлеу үлгілерін өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

« Шаттық шеңбері»




Балалар бір-біріне жақсы сөздер айтып, тілек тілейді.

Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өтемін.


Сабақтың ортасы

«Ой қозғау». «Суреттер сыры» ойыны.

(МК) Тақтаға көптеген сыныпта және мектепте болатын жабдықтардың суретін ілемін. Оқушылардың олардың не екенін және ол қайда болатынын сұрау арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашамын.

1-тапсырманы аудиодискден тыңдатамын, қайталау жұмыстарын жүргіземін. Оқушылар мұнда сынып, мектеп деген сөздермен танысады.

(Ж) сұрақ\жауап үлгілерін оқушылар бір-біріне қою арқылы жаттығады. Сонымен қатар, «әдемі» сөзіне ерекше назар аударып, аудармасы беріліп, бірнеше рет қайталау жұмыстары жүргізіледі.

2-тапсырмада оқушылар суреттердің көмегімен мектептерді салыстырады, тапсырма бойынша «Мектеп қандай» деген сұрақ үлгісімен және «үлкен-кішкентай» сөздерімен танысады. Оқушылар бір-бірімен жұптасып, суреттерді бір-біріне көрсету арқылы сұрақ пен жауаптарды дұрыс айтуға дағдыланады. Ол үшін мен мена алдын ала үлкен және кішкентай мектептердің суретін дайындап, оқушылардың алдына беремін.

(Ж) 3-тапсырмада тілдесім әрекетіне көңіл бөлінеді. Осы тапсырмада берілген диалогті тыңдайды, қайталайды. Соның негізінде бір-бірімен сөйлеседі.

(МК) «Есте сақта!» айдары бойынша оқушыларға «Менің мектебім», «Сенің мектебің» деген үлгілер арқылы тәуелдік жалғауының жекеше түрінің бірінші, екінші жағын түсіндіремін.

4-тапсырмада оқушылар «Сенің мектебің қандай?» деген сұраққа «Менің мектебім үлкен, әдемі» деп жауап беруге үйренеді.

(ОТ) ол үшін оқушылар постер жасайды. Алдарына ақ қағаз таратып беремін. Оқушылар соған өздерінің мектептерінің суретін салады. Салған суреттерін жұптасып шығып, бір-бірлеріне үйренген лексика негізінде сипаттап береді.

(Ө) Дәптерде берілген 2-тапсырма арқылы оқушылар алған білімдерін бекітеді. Тапсырма аудиожазбадан тыңдай отырып, орындалады. Оқушылар өз бетінше жұмыс жасауға дағдыланады, АКТ-ні қолдана білуге үйренеді.


Суреттер






Оқулық, аудиодиск











Мектептің әр түрлі суреттері























Ақ қағаз






1 жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

Оқушылардан өзіміз оқып жатқан мектеп қандай екенін, сынып қандай екенін сұраймын.

Кері байланыс. Тақтада ілінген смайликтердің қасына оқушылар өздерінің атын жабыстыру арқылы бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгендігін көрсетеді.



Бағалау

Әрбір тапсырма барысында оқушыларды үш шапалақ арқылы бағалап, сабақ соңында смайликтер таратамын.


Қорытындылау



1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе?

Неге?
























2.Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?


























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1381
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі