Материалдар / "Мың алғыс саған анашым"

"Мың алғыс саған анашым"

Материал туралы қысқаша түсінік
8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған "Мың алғыс саған анашым" тақырыбындағы ашық тәрбие сағатының сценарийі.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

ҚАРАСАЙ АУДАНЫ ШАЛҚАР ОРТА МЕКТЕБІ КММ



Бекітемін

Мектеп директоры

Т.Касымбекова

_________________









Сынып жетекшісі: Асқарова Б.Т.









Шалқар 2024 жыл

8 наурызға арналған сынып сағаты

Тақырыбы: «Мың алғыс саған Анашым»

Мақсаты: Аналар мерекесімен бірге күннің нұрын төгіп келген көктем мерекесінің ерекшеліктерін атай отырып, табиғаттың жаңаруын, құлпыруын балаларға жеткізу.Ешқашан аналарын ренжетпеуге, қолғанат болуға, құрметтей білуге тәрбиелеу.


Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Қымбатты да сүйікті аналар, әжелер. Бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 – наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерді мерекелік ертеңгілігімізге тамашалауға шақырамыз.

Балалар, сендер білесіңдер ме бүгін қандай мереке екенін?

Балалар: Аналар мерекесі.

Мұғалім : Дұрыс айтасыңдар. Бүгін аналар, әжелер мерекесі. Кәне, балалар, қонақтарымызға тақпақ айтып берейік.

  1. Нұрасыл:

Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған не бір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар!


  1. Алуа:

Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын ашайық.


  1. Ерсұлтан:

Аялаған, баптаған, асыраған, сақтаған

Сақтандырып күнде еккен

Айтып бәрін үйреткен

Анамызға мың алғыс



  1. Диана:


Аппақ мамам, ақ мамам

«Ақ мамам!» - деп, шаттанам

Түн ұйқыңды төрт бөліп

«Бөпешім!»- деп жатпаған.


  1. Амир:

Адал бол деп-балдырған

Әділдікке баулыған

Жүрегінде махаббат

Тілегің де мархаббат

Анамызға мың алғыс



  1. Аянат:

Әр сөзіңді жаттаған
Жүрегіңде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам

  1. Әли:

Ақ қабақты анашым,
күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
айналайын анашым


  1. Әлішер:

Еркелесем күлімдейті,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан сипап мені
Құлыншағым күнім дейтін



  1. Бекнұр:

Ақ әжемді арқашан
Сыйлап жақсы көремін
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін



  1. Жанерке:

Ақылшымыз, данашым
Ұзақ өмір сүріңіз
Айналайын анашым
Алдымызда жүріңіз


  1. Ернар:

Түн ұйқысын төрт бөліп
Әлпештеген анашым
Жақсы болсам асырып
Жаман болсам жасырып
Қамқор болған анашым


  1. Махсетова Мадина:

Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз

  1. Диас:

Жанымызды жайнатқан,

Сіздерді ғой аналар

Зор денсаулық мол бақыт

Тілейміз біз балалар.



  1. Утеп Мадина:

Жанымызды жайнатқан
Сіздер ғой ол аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар



  1. Нұриман:

Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да,ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз


  1. Сұлтанбек:

Мен құлпырған көктеммін

Келіп жеттім мейраммен

Шаттаныңдар мейірімді аналар

Бұл мейрам сіздер үшін арналар.


  1. Алинур:

Менің анам ардақты,
Алтыннан да салмақты
Жақсы көріп баласын,
Мәпелейді анашым


  1. Юсуф:

Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз


  1. Шахризат:

Бөбегіңнің сыйлығын
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым


  1. Рамазан:

Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз



  1. Азамат:

Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет

Мұғалім: Балалар келесі кезекте Аделинаның орындауында «Қазақ биін тамашалайық».


Бахтияр Аделина «Қазақ биі»


Мұғалім: Рақмет саған Аделина. Келесі кезекте Жібек пен Кәусадың орындауында «Ана деп саламын» әнін тамашалайық.


Ордашбай Жібек, Аскербек Кәусар «Ана деп ән саламын»


Мұғалім: Балалар бізге бір қонақтар келіпті. Қане көрейікші кім келгенін.

Осы кезде сахнаға аниматорлар келеді.

Микки Маус: Балалар қалдарың қалай? Біз бүгін сендерге қонаққа келдік. Бүгін қандай мереке ?

Балалар: 8 Наурыз аналар мерекесі.

Микки Маус: Жарайсыңдар, ендеше Аналарымызға арнап бір би

Билеп берейік.

Флешмоб.


Мұғалім: Жарайсыңдар балалар. Ендеше келесі кезекте «Ана » хоры. Жеке дауыста Альфия мен Қазына.


Хор «Ана»


Балалар ашық хаттарын Аналарына сыйлайды.

Қыздарға арналған сыйлықтарын береді.


«Аналардан мастер класс». Аналар оқушыларға бургер жасау жолын көрсетеді.


Қорытындылау.



20 Наурыз 2025
157
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі