Мақсаты:
Оқушыларды “сөз мәйегі-мақал” дегендей ата –бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке,ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету,ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру,сөздік қорың молайту. Мақалдап,мәтелдеп сөйлеу мәнеріне дағдыландыру.
Көрнекілік: нақыл сөздер.
Барысы:
Кіріспе сөз:
Бүгін сендермен ”Мың бір мақал” деген тақырыпта мақал-мәтел айтудан жарыс өткізгелі отырмыз.
Мақал-мәтелді білмейтін оқушы жоқ деп айтуға болады, өйткені мақал-мәтелді сендер мектепке келген күннен бастап ұйренесіндер. Мақал мен мәтелдер ауыз әдебиетінің ең байырғы,ең көне түрі. Ол ғасырлар бойы халықтың ұкыпты сақтап келген еңбек тәжірбиесінің жиыны ,ой пікірінің түйіні, аңсаған асыл арманының арнасы, өмір тіршілігінің айнасы, атадан балаға қалдырып келе жатқан тозбайтын, тот баспайтын өмірлік өшпес мұрасы.
”Сөздің көркі -мақал” деген аталы сөз бар. Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады.
Мақал-мәтелді көп біліп ,көп қөлданатын адамдардың білімі де, ақылы да арта түседі. Олай болса мақал-мәтел сайысымызды бастайық.
Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасымен таныстырып өту.
Бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі: М.Дюсембекова
Бастауыш сынып мұғалімі: К.Тайлыбаева
Бүгінгі мақал-мәтелдер сайысымызға қатысатын қатысушыларымызды көрермендер арасынан аламыз. Арамыздан кім көп мақал-мәтелдерді жаттағанын білетін боламыз. Мақалдардың бір жолын айтып, жалғасын тапқан оқушы біздің қатысушымыз болады.
1.
Ақыл - тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
2.Отан елдің анасы,
Ел ердің анасы.
3.Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні қаріп.
4.Ана сүті бой өсіреді,
Ана тілі ой өсіреді.
5.Ілім - бұлақ
Білім - шырақ.
Сайыс 3 бөлімнен тұрады.
1 бөлім. ”Жалғасын тап” .
1.Туған жердің ... ... (тасы да таныс)
3.Туған жердің күні де ыстық,... .... (түні де ыстық)
4.Туған жердей жер болмас, ... ... (туған елдей ел болмас)
5.Отан елдің анасы,... .... (Ел ердің анасы)
6.Ел іші - ....... (алтын бесік)
7.Отансыз адам — ... .... (ормансыз бұлбұл)
8.Отан отбасынан ....( басталады)
11.Өз елім, ... ... (өлең төсегім)
12.Туған ел –.... (тұғырың)
13.Кітап - білім бұлағы, .... ..... (Білім - өнер шырағы)
14.Кітап - ғалым, ...... ... (тілсіз мұғалім)
15.Кітап — алтын.... (қазына)
1 –бөлім бойынша қорытынды шығару.
2 бөлім. “Кім тапқыр” деп аталады.
Тірек сөздермен мақал-мәтел құрастыру.
1.Бейнет-зейнет
Білім басы - бейнет, соңы - зейнет.
2.Ғылым-білім
Ғылым – теңіз, білім – қайық.
3. Білімде-кітапта
Күш - білімде, білім - кітапта.
4. Арзан-қымбат
Білім арзан, білу қымбат.
5. Оқусыз-білімсіз
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
6. Азығы-қазығы
Оқу - білім азығы,
Білім - ырыс қазығы.
7. Бұлағы-шырағы
Оқу - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
8.Мақтанба-баптанба
Білім таппай мақтанба,
Өнер таппай баптанба.
9. Оқу-ине
Оқу – инемен құдық қазғандай.
10.Оқу-білім
Оқу – білім бұлағы.
11. Ұл-гүл
Білімі жоқ ұл – жұпары жоқ гүл.
12. Ар жағы-бағы
Әліппенің ар жағы – білім бағы
13. Білімде-кітапта
Күш – білімде, білім – кітапта.
14. Қаймақ-оймақ
Кітап - қаймақ, білім - оймақ.
15. Кітап-білім
Кітап - оқығандікі, білім тоқығандікі.
2 –бөлім бойынша қорытынды шығару.
3-бөлім:”Ойлы болсаң,тауып көр”
Ойын.Сұрақ-жауап.
1. Ана тілің неше тілге
татиды.?(алпыс)
2.Көп сөз – күміс, аз сөз – қандай?
(алтын)
3.Жаман сөз жылатады, жақсы сөз не істейді? (жұбатады).
4.Жақсы сөз – не азығы? (жан)
5.Тiл –ненің кiлтi? (көңiлдiң)
6.Өнер алды –қандай тiл? (қызыл)
7.Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі нені біл? (білім)
8.Тіл тас жарады, тас жармаса, нені жарады? (Бас)
9.Тәрбие неден басталады? ( тілден)
10.Тіл –ненің бұлағы? (асыл ойдың)
11.Тіл –ненің мерейі? ( достықтың)
12.Тіл – білім, не тұғыры? (тәрбие).
13.Тіл –кімнен қалған асыл мұра? (Атадан)
14.Тіл -ненің өлшемі?(ақылдың)
15. Кітап көзі жұмыққа арзан, несі ашыққа маржан? (Көзі)
3–бөлім бойынша қорытынды шығару.
Қорытынды.
Келесі кезекті әділ-қазылар алқасына сөз береміз.
Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-кызың мәңгі сені,
Болашағым,бақытым дара тілім.Тіл-сарқылмас қазына.,ата-бабамыздың көзі мұрасы, ал мақал-сөздің азығы,тәрбие көзі.
Осымен ”Мың бір мақал” сайысымыз аяқталды.
Сөздің көркі-мақал (Жүздің
көркі-сақал)
Өз елім... (өлең төсегім)
Балапан ұядан не көрсе...(ұшқанда соны іледі)
Сөзің тәтті болсын...(ашуың қатты болсын)
Жақсы байкап сөйлер...(жаман кісі шайкап сөйлер)
Ананың көңілі балада...(баланың көңілі далада)
Батыр туса ел ырысы...(жаңбыр жауса жер ырысы)
Балалы үйдің...(ұрлығы жатпас)
Оқу- білім бұлағы...(білім-өмір шырағы)
Тіл тас жарады...(Тас жармаса ,бас жарады)
Ашу-дұшпан, ақыл дос..(Ақылына ақыл қос)
Тіліңмен жүгірме,..)Біліммен жүгір)
Ұста пышаққа жарымас..(етікші етікке жарымас)
Сөзде қаңқу жаман...(ауруда шаншу жаман)
Білімі жоқ ұл... (жұпары жоқ гүл)
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
”Мың бір мақал”

шағым қалдыра аласыз