400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

"Мың бір мақал"

Материал туралы қысқаша түсінік
мақал-мәтел
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мың бір мақал»сайысы

Мақсаты:

Оқушыларды “сөз мәйегі-мақал” дегендей ата –бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке,ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету,ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру,сөздік қорың молайту. Мақалдап,мәтелдеп сөйлеу мәнеріне дағдыландыру.

Көрнекілік: нақыл сөздер,әуендер,плакаттар

Барысы:

Кіріспе сөз:

-Құрметті оқырмандар,бүгін сендермен”Мың бір мақал” деген тақырыпта мақал-мәтел айтудан жарыс өткізгелі отырмыз.

Мақал-мәтелді білмейтін оқушы жоқ деп айтуға болады,.өйткені мақал-мәтелді сендер мектепке келген күннен бастап ұйренесіндер. Мақал мен мәтелдер ауыз әдебиетінің ең байырғы,ең көне түрі. Ол ғасырлар бойы халықтың ұкыпты сақтап келген еңбек тәжірбиесінің жиыны ,ой пікірінің түйіні, аңсаған асыл арманының арнасы, өмір тіршілігінің айнасы, атадан балаға қалдырып келе жатқан тозбайтын, тот баспайтын өмірлік өшпес мұрасы.

”Сөздің көркі -мақал” деген аталы сөз бар. Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады.

Мақал-мәтелді көп біліп ,көп қөлданатын адамдардың білімі де, ақылы да арта түседі. Олай болса мақал-мәтел сайысымызды бастайық..

Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтелік.

Сыныпты 2 топқа бөлу.

Сайыс 5 бөлімнен тұрады

«Сәлем-сөздің атасы»,-дегендей бірінші бөлім өзін-өзі таныстыру.

1 бөлім. ”Жалғасын тап” .

Сөздің көркі-мақал (Жүздің көркі-сақал)

Өз елім... (өлең төсегім)

Балапан ұядан не көрсе...(ұшқанда соны іледі)

Сөзің тәтті болсын...(ашуың қатты болсын)

Жақсы байкап сөйлер...(жаман кісі шайкап сөйлер)

Ананың көңілі балада...(баланың көңілі далада)

Батыр туса ел ырысы...(жаңбыр жауса жер ырысы)

Балалы үйдің...(ұрлығы жатпас)

Оқу- білім бұлағы...(білім-өмір шырағы)

Тіл тас жарады...(Тас жармаса ,бас жарады)

Ашу-дұшпан, ақыл дос..(Ақылына ақыл қос)

Тіліңмен жүгірме,..)Біліммен жүгір)

Ұста пышаққа жарымас..(етікші етікке жарымас)

Сөзде қаңқу жаман...(ауруда шаншу жаман)



1. Білекті бірді жығар, …білімді мыңды жығар.



2. Білімсіз күнің жоқ,…оқусыз білім жоқ.



3. Батыр туса-ел ырысы, … жаңбыр жауса – жер ырысы.



4. Ата көрген – оқ жонар,…ана көрген – тон пішер.



5. Адам көркі – шүберек, … ағаш көркі – жапырақ.



6. Еңбектің наны тәтті, … жалқаудың жаны тәтті.





1 –бөлім бойынша қорытынды шығару.

2 бөлім. Үй тапсырмасы.

Мақал- мәтелдерді қатыстырып көрініс қою

Оқушылар:



1. Сәлеметсіз бе? «Көрген жерде ауыл бар», -деп келіп қалдық.



2. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді»,-демекші, қалыңыз қалай?



3. «Алыстан сәлем береді, әдепті болса, баласы», – дегендей, қандай әдепті баласыңдар?



4. «Келгенше қонақ ұялады», – деуші еді, келіңіздер, төрге шығыңыздар, қонақ болып кетіңіздер.



5. «Жат астына қарайды, дос басына қарайды», – деуші еді аталарымыз, қысылмаңыздар.



6. «Қонағын сыйласа, төрге бастар», – дегендей, төрге шығайық.



7. «Жылқы кісінескенше, адам сөйлескенше», – демекші, таныса отырайық.



8. «Мыңның түсін танығанша, бірдің атын біл», – деген. Есімдеріңіз кім болады? (Бәрі есімдерін айтып шығады)



9. Халқымызда «Қонақ кәде» деген болушы еді. «Өнерлі өрге жүзер» дегендей, өнерлерін болса, көрсетіңдер.





2 бөлім бойынша қорытынды шығару.

  1. бөлім : “Кім тапқыр” деп аталады.

Тірек сөздермен мақал-мәтел құрастыру.

1.дос -теңге.

Жауабы: Жүз теңгең болғанша,жүз досың болсын.

2.Ақыл -кен

Жауабы:Ақыл-тозбайтын тон,

Білім-таусылмайтын кен.

3.Оқу - ине

Жауабы:Оқу инемен құдық қазғандай.

4. Еңбек - береке

Жауабы:Еңбек түбі-береке,

Көптің түбі-мереке.

1. Қыс –жаз (Қыста қысыларсың, жазда-жазыларсың)

2. Үлкен-кіші (Үлкен тұрып, кіші сөйлегеннен без)

3. Жақсы-жаман (Адам туа жаман болмайды, Жүре жаман болады)

4. Батыр-қорқақ (Көз-қорқақ, қол-батыр)

5. Әдепті-әдепсіз (Әдепті бала арлы бала-әдепсіз бала-сорлы бала)

6. Ұқыпты-ұқыпсыз (Ұқыптының тоны тозбас, ұқыпсыздың ісі оңбас)

4-бөлім:”Ойлы болсаң,тауып көр”

Ойын.Сұрақ-жауап.

1.Білмеген не ішеді? ( у ішеді)

2.Жас келсе неге? (іске)

3.Өтірікші кімді алдайды?(өзін-өзі алдайды)

4.Білгенің қанша, білмегенің қанша?(білгенің 9,білмегенің 99)

5.Адамда арқау бола ма?(Ас адамның аркауы)

6.Түкіріктен көл бола ма?(Көп түкірсе көл болар)

7.Тастың жеңілі бола ма?(Керек тастың ауырлығы жоқ)

8.Көпке не шашпа?(топырақ)

9.Дос басқа қарайды, ал дұшпан ше?(дұшпан аяққа қарайды)

10.Тауық түс көре ме?(тауықтың түсіне тары кіреді)

11.Сиырдың сүті қай жерде?(сиырдың сүті тілінде)

12.Бейнет түбі не?(зейнет)

13.Сөз анасы не? (құлақ), су анасы не?(бұлақ),жол анасы не?(тұяқ).

14.Не қылыштан өткір?(тіл қылыштан өткір)

15.Тұз астың дәмін келтірер, ал сөздің дәмін не келтірер?(мақал сөздің дәмін келтірер)

16.Орфография

17.Орфоэпия

18.Синоним

19.Антоним

20.Дауысты дыбыстар саны неше

21.Қатаң дауыссыздарды ата

22.Үнді дауыссыздарды ата



5-бөлім:мақал-мәтелді суретпен салып жеткізу (плакатқа)











Қорытынды.

Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-кызың мәңгі сені,

Болашағым,бақытым дара тілім.Тіл-сарқылмас қазына.,ата-бабамыздың көзі,мұрасы.,ал мақал-сөздің азығы,тәрбие көзі.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
476
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі