Бекітемін Н.Аманшина
«Мың бір мақал жүз бір жұмбақ» сыныптан тыс жұмысыМақсаты:Оқушылардың таным деңгейін арттыру, мақал-мәтелдердің мазмұнын аша отырып адамгершілікке,еңбекке тәрбиелеу,ата-ананы құрметтеу,Отанды сүюге баулу
Мазмұны:Сайыс 4 кезеңнен тұрады : І кезең ІріктеуІІ кезең «Сөз мәйегі мақал» ІІІ кезең «Жұмбақ әлем»ІY кезең «Сыры көп торкөздер»Y кезең Мақал жасыру (әр топ бір-біріне мақал жасырады)Іріктеу кезеңінің мақал-мәтелдерін жалғасын таба отыра ойынға қатысу құқығына ие болады.1.Әке көрген оқ жонар, /шеше көрген тон пішер/2.Жаңбырменен жер көгереді, /батаменен ел көгереді/3.Төртеу түгел болса төбедегі келеді,/алтау ала болса ауыздағы кетеді/4.Елу жылда, /ел жаңа/5.Ас адамның /арқауы/6. Таспен ұрғанды /аспен ұр/7.Ата асқар тау,/ана бауырындағы бұлақ,бала жағасындағы құрақ/8.Білетінің бір тоғыз /білмейтінің тоқсан тоғыз/
Білімі тасып оза шапқан өрендер,Сендер болдың осы топтан кемеңгер.«Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ»сайысын,Алтын тұғыр білім ордасына бөлеңдер.
Алғашқы сайысымыз «Сөз мәйегі мақал»кезеңін бастаймыз.Ол үшін сендерден тек қана шапшаңдық талап етіледі.Қолдарыңдағы жалаушаны кім бірінші көтерсе,сол топ мақалдың жалғасын табады да, 2 ұпайды еншілейді.Ал олар қателессе, жүргізушінің «қарсыластар»деген сөзінен кейін қарсы топ жауап береді.Іске сәт өрендер!
Бұл сайысқа жасырылған мақалдар:1.Ұстаздан .../шәкірт озар/2.Ит итті жұмсайды.../ит құйрығын жұмсайды/3.Көппен көрген.../ұлы той/4.Судың да.../сұрауы бар/5.Тама-тама.../көл болар/6.Жұмыла көтерген.../жүк жеңіл/7.Келісіп пішкен тон,.../келте болмас/8.Ханда қырық кісінің ....... бар /ақылы/9.Қыз өссе елдің көркі,.../гүл өссе жердің көркі/10.Өнерлінің өрісі.../кең/
Ұпай сандарымен таныстырып,келесі сайысқа көшеміз.Ол бізде «Жұмбақ әлем»деп аталады. Кезек –кезек жұмбақтар жасырылады. Дұрыс жауап 3 балдық жүйемен есептеледі.
Жұмбақтар: 1.С-дан бастап оқысақ,балықтың аты шығадыҚ-дан бастап оқысақ,үйдің заты болады /сазан,қазан/
2.Тақиям толы сөк,таңертең тұрсам жоқ /жұлдыз/
3.Айдалада ақ отау,аузы мұрны жоқ отау /жұмыртқа/
4.Жарықта жағалайды,қараңғыда жоламайды /көлеңке/
5.Өзі суда өседі,суға қайнап піседі /балық/
6.Жіппен келеді,үзсең сөнеді. /ине/
7.Құстан аумайды,көкте зулайды. /ұшақ/
8.Еңкейіп барып асап алады,шалқайып қалып шаша салады. /экскаватор/9.Ұзын құйрық сауысқан,бір көлдің суын тауысқан /қауға шелек/
10.Сахараның кемесі,иір-иір денесі /түйе/ Осымен екінші сайыс та мәресіне жетті.Ұпай сандарымен таныс болайық.Келесі кезең «Торкөздер» Ең ұпайы көп болған топ келесі торкөздер сайысын бастайтын болады.10,20,30 ұпайлық дәрежедегі мақалдар жасырулы.Бір топ мақалды таппаса,келесі топ жауап беріп,ұпайын еселей алады.10 ұпай дәрежесіндегі мақал-мәтелдер:1.Ерді намыс,.....2.Білімдінің күнә жарық......3.Оқу инемен ........ 20 торкөзіндегі мақалдар:1.Ағаш тамырымен мықты,Адам ....2.Отансыз адам-....... ....3.Атаңа ауыр сөз айтпа,...............30 ұпайлық мақалдар:1.Атасы жоқ мас жетім,анасы жоқ .......2.Итпен ойнасаң үрерсің,баламен .......... ......3.Жақсының аты өлмейді, ...........................................Осымен біздің негізгі сайысымыз аяқталды.Ендігі кезекте сендердің білімдерің сыналады.Қарсыластарыңа өздерің естіп үйренген 3 мақал жасырасыңдар.Әр жасырылған мақал 5 ұпаймен бағаланады.Тапқан топ 5 бал алса,егер таппаған болса 5 ұпай сол топтың өзінде қалады.
Мақал-сөздің мәйегіСөзіңді етер әдеміҚазақ тілім-қазынамСырсандықтар әлемі
Сайыс жетіп мәрегеБілім өтті сараданОсы оқылған мақалдар Өшпесін тек санадан,- деп бүгінгі сөздің шырайын кіргізетін мақал-мәтелдер сайысын аяттаймыз.