Материалдар / Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ сайысы. 3 және 4 сынып оқушыларына арналған сайыс бағдарламасы
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖШС «Жас-Дарын-3» бастауыш мектебі
















«1001 МАҚАЛ, 101 ЖҰМБАҚ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫСЫ








Тексерген: Исаева С.Ш - Директордың

әдістеме жөніндегі орынбасары


Жауапты: Бурахан А.Б – қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі


2022-2023 оқу жылы


Мақсаты: Оқушыларды «Сөз мәйегі - мақал» дегендей, ата- бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тапқырлыққа, даналыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: презентация, үлестірмелі карточкалар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. Сайысқа қатысушы топтар ортаға шығады. Әр топта бес оқушыдан. Топ жетекшілері сайланады.

Өтілу барысы: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бүгін біздің мектебімізде өтетін «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойынына қош келдіңіздер. Бұл сайысқа жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар бола білген екі топ іріктеліп алынды. Олар: І топ: «Сұңқар» тобы. ІІ топ. «Тұлпар» тобы.

Бүгінгі сайысқа баға беріп, оң-терісін айтатын қара қылды қақ жарған әділ қазы алқаларымен танысытырып өтейін. 1. Мектебіміздің бас ұстазы, директорымыз – Рахымбаева Әсел Аманбекқызы. 2. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Бектаева Гүлжамал Аманбекқызы. Директордың әдістеме жөніндегі орынбасары – Исаева Сәуле Шаймерденқызы. Және Бастауыш сынып ӘБ жетекшісі - Оспан Мағира Бөкенбайқызы.

Жүргізуші: Алдымен мақал - мәтел дегеніміз не? Қысқаша тоқталып өтсек: Мақал - мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал - мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Ал, Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған және ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрдың бірі – ол әрине, - жұмбақ. Жұмбақ заттың өзін айтпай, оның түр, түсін, сыртқы белгілерін, жұмбақ болып отырған затқа ұқсас жақтарын сипаттайды. Ал, заттың өз атын жасырып ұстайды. Сондықтан да, алған нәрсенің өзін айтпай, оның сырт белгілерін қысқаша сипаттап, солар арқылы жұмбақ етілген затты табуды ЖҰМБАҚ дейміз. Халық жұмбақтарының тақырыбы өте көп. Табиғат, еңбек, кәсіп құралдары, хайуанаттар мен өсімдіктер, адам және оның өмірі т.б. Біздің мақсатымыз, оқушының білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын, оқу деңгейін және ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге салмақты ой айтуға үйрету болып табылады. Ендеше біз бүгінгі сайысымызды бастайық


1 БӨЛІМ: «КІМ КӨП БІЛЕДІ?»

Қатысушы топтар мақал – мәтел айтудан жарысады. (1 минут уақыт беріледі, сол уақыттың ішінде топтар қанша мақал айтса, ұпай саны да соған қарап қойылады.


2 БӨЛІМ: «ЖАЛҒАСЫН ТАП»

(Мақал - мәтелдің басы беріледі, қатысушы топтар мақалды жалғастырады)

І топқа: 1. Кітап – білім бұлағы,.... (білім – өмір шырағы)

2. Досы көпті жау алмас,.... (ақылы көпті дау алмас)

3. Әркімнің өз жері.........( жұмақ)

4. Еңбек етсең ерінбей,... (тояды қарның тіленбей)

5. Жері байдың –... (елі бай)

6 .Батыр туса-ел ырысы, .....(жаңбыр жауса жер ырысы).

7. Әдепті бала - арлы бала......(Әдепсіз бала – сорлы бала).

8.Еңбек етпесең, елге өкпелеме,......(Егін екпесең, жерге өкпелеме).

9. Қыз өссе - елдің көркі......(гүл өссе жердің көркі)

10. Мектеп - кеме......( білім - теңіз)


ІІ топқа: 1. Ақыл – азбайтын тон,.... (білім – таусылмайтын кен)

2. Жүз сомың болғанша,........................(жүз досың болсын)

3. Досы көпті жау алмайды,... (ақылы көпті дау алмайды)

4. Еңбектің наны тәтті,... (жалқаудың жаны тәтті)

5. Бірлігі жоқ ел тозады –... (бірлігі күшті ел озады)

6. Бірлік болмай, ...... (тірлік болмас).

7. Ырыс алды,....... (ынтымақ).

8. Ердің атын....... (еңбек шығарады).

9. Әдепті бала ата-анасын мақтатар, ...............(..әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

10. Отан үшін......(отқа түс - күймейсің)


3 БӨЛІМ. «КІМ ТАПҚЫР?» - ЖҰМБАҚ ШЕШУ.

І топқа: 1. Үй ішін аралап Қаптарды жарып, Түнде көп жортады, Мысықтан қорқады (тышқан)

2. Желден желігеді Судан шегінеді. (от)

3. Бұрасаң тетігін, Өлшемін түн мен күн, Соғады жүрегі. Әркім-ақ біледі. (сағат)

4. Еріксе, құйрығымен ойнайды, Зеріксе, ұйқыға бір тоймайды. (мысық)

5. Ақпыз, сары, көкпіз, Жүреміз жайнап, Түрлі, түрлі көппіз. Арасында шөптің. (көбелек)

6. Күндіз білінбейді, түнде күлімдейді. ( жұлдыз)

7. Жезге ұқсас сабағы, Дәні халық тағамы (Бидай)

8. Екі аяқты, бір басты, Жүгіреді тым қатты (Велосипед)

9. Білімнің дәнін тереді, Балаға тәлім береді (ұстаз)

10. Сақалы жоқ, шашы бар, Бет-аузы жоқ, басы бар. Белін бекем байлаған Қоқысты қоймай айдаған /сыпырғыш/

ІІ топқа: 1. Отыз екі батыр, Екіге бөлініп жатыр (тіс)

  1. Балалар суға салған жіп Тереңнен іліп алар жүк (Қармақ)

  2. Бұрап қойған сағаттай, Айғайлайды таң атпай (Әтеш)

  3. Бетін адам ашады, Білім нұрын шашады. /кітап/

  4. Көше бойлап аяңдайды, Адам тасып аялдайды. /автобус/

  5. Әжем уыстап сығып Далада кептірген. Қатты әрі, дәмді Көп жесең, шөлдеткен /құрт/

  6. Күмбір-күмбір күйі бар, Құлағыңа құйып ал! /домбыра/

  7. Тақылдатып таңдайды, Уақыттан бір қалмайды /сағат/

  8. Ақ жібек асыл көрпедей, Қыс болса жерді жабады, Жазғытұрым болғанда Су болып сайға ағады. (Қар)

  9. Қалың киімді ұнатады, Шешіндірсен жылатады (Пияз)

4 БӨЛІМ. «КІМ ЖҮЙРІК ?»

Ұстаз, еңбек, оқу, мал сөздерінің әрқайсысына 2 мақал айту.


І топ: Ұстаз: 1.Ұстазы жақмының, ұстамы жақсы.

2.Шәкіртсіз ұстаз тұл.

Еңбек: 1. Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

2. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей

Оқу: 1.Оқу инемен құдық қазғандай.

2.Оқу -білім бұлағы, білім өмір шырағы.

Мал: 1. Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл –көсір

2. Ер қанаты – ат. 3. Сиырдың сүті тілінде

ІІ топ: Отан, дос, ата-ана, жақсы-жаман сөздерінің әрқайсысына 2 мақал айту.

Отан: 1. Отансыз адам, ормансыз бұлбұл. 2. Отан оттан да ыстық. 3. Ел іші алтын бесік.

Дос: 1. Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын. 2. Аққуды атпа, досыңды сатпа.

Ата-ана: 1. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада. 2. Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер. 3. Ата-ананың қадірін, балалы болсаң білерсің. 4. әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.

Жақсы-жаман: 1. Жаман аттан аяғым артық, жаман жолдастан таяғым артық. 2. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.


5 БӨЛІМ. «МАҒЫНАНЫ ТҮСІНДІР»

  1. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

  2. Күлме досыңа келер басыңа.


6 БӨЛІМ. «ДАНАЛЫҚ ОЙДАН ДӘН ІЗДЕ!»

Бұл бөлімде сандарды ретімен орналастырсаңдар, мақал-мәтел оқисыңдар.

І топқа: кему ретімен. Мектептің жүрегі – мұғалім. М – 22, і – 2, е –21, л – 3, к – 20, а – 4, т – 19, п – 17, ғ – 5, ң – 14, ұ – 6, ж – 13, г – 9, ү-12 , р – 11, е -18, т-16, е-10, і-15, м-1, і-8, м-7.

ІІ топқа: өсу ретімен. Мектеп – кеме, білім – теңіз. М-10, і-23, з-29, е-17, м-18, е-14, п-15, м-24, т-25, е-19, б-20, е-11, к-12, е-26, л-22, і-21, т-13, к-16, ң-27, і-28.


7 БӨЛІМ. « КӨРЕРМЕНДЕР КӨЗАЙЫМЫ»

«Сөз тапқанға» (Әріп суырып, шыққан әріптен басталатын сөздермен жауап беру)

І топқа: Суды немен ішесіз?

Сіздің құрбыңыз кім?

Бүгін саған неше сабақ?

Қандай тағамды ұнатасыз?

Қандай аңды ұнатасың?

Жасыңыз нешеде?

Қарлығаштың құйрығы неге айыр?

Көршіңіз кім?

Ағаңыздың есімі кім?

Үстіңе қандай киім киесің?


ІІ топқа: Сіздің көршіңіз кім?

Жан досыңыздың есімі?

Қандай ертегіні ұнатасыз?

Қай жануарды ұнатасыз?

Зат есімге мысал келтіріңіз?

Көйлекті неден тігеді?

Пырылдап ұйықтайтын не?

Сүйікті тағамыңыз?

Жердің ортасында не бар?

Үй тапсырмасын орындауға кім көмектеседі?






Жеңген топты марапаттау.


Ән




Қорытынды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!