400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс іс-шара 3-сыныпқа арналып жасалған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді:


Сыныптан тыс шара

Күні : 23.02.2024 ж

Сыныбы:3"Ә"

Мұғалімі: Мажитова А.К.

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназиясы

Сыныптан тыс шара: Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

Сабақтың мақсаты

1. Оқушыларды «Сөз мәйегі — мақал» дегендей, ата — бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету;

2. Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту;

3. Оқушыларды тапқырлыққа, даналыққа және ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.


Рәсімдеу

Әр білім алушы білу керек:

Үлестірмелі материалдар

презентация, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, шараға арналған безендірулер;

Құндылықтар

Ұлттық мүдде құндылығы: Ұлттық мирасты, мәдениетті дәріптейді; Ұлттық мұраға ұқыпты қарайды.қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтеді;

Сабақтың басы ширату

Тақырып ашу.

Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!
Бүгін біздің 3"Ә" сыныбында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойыны өткелі тұр.

Ойын 3 айналымнан тұрады:

1 – айналым: «Кім көп біледі?»
2 – айналым: «Мақал – сөздің мәйегі»
3 – айналым: «Кім тапқыр?»

Бұл сайысқа 5 оқушы қатысып отыр. Ендеше, ортаға бүгінгі сайыстың қатысушыларын шақырайық.

Жүргізуші:
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кай үздіктің жауаптары кәдік шықты.
«1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысында.
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, дегендей, Құрметті ұстаздар, сіздердің іштеріңізден әділ қазыларды сайлап алайық.


Сабақтың ортасы

Мұғалімнің сөзі.
Алдымен мақал — мәтел мен жұмбақ дегеніміз не? Қысқаша тоқталып өтсек:

Мақал — мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал — мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Осы тұста мен осы мақал мен мәтелдің айырмашылығын түсіндіріп өткім келіп отыр.

Мысалы: Мақалда қорытынды, тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр. Ал, мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады.

Мысалы: «Көппен көрген ұлы той». Мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.

Жұмбақ деген алақанды жұмудан, яғни қолдың ішінде бір нәрсені жасырып, жұмып тұрып, соны тап дегеннен шыққан. Жұмбақ жасырғанда айтылар нәрсені ойда бүгіп қалып, соған ұқсас нәрселерге теңеп, тұспалдап сипаттап айтады.

Мысалы: Тұрғанмен жырақ өзі, Таусылмайтын шырақ көзі. (Жұмбақтың жауабы: күн)
Біздің мақсатымыз, оқушының білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын, оқу деңгейін және ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге салмақты ой айтуға үйрету болып табылады. Ендеше, біз бүгінгі сайысымызды бастайық.Олай болса іске сәт!

1 — айналым: «Кім көп біледі?» Қатысушылар мақал – мәтел айтудан жарысады. (1 минут уақыт беріледі, сол уақыттың ішінде қатысушылар қанша мақал айтса, ұпай саны да соған қарап қойылады).

2 — айналым: «Мақал – сөздің мәйегі. (тақтада мақал — мәтелдің басы беріледі, қатысушылар мақалды жалғастырады)

1 – оқушыға:
1. Кітап – білім бұлағы,…. (білім – өмір шырағы)
2. Досы көпті жау алмас,…. (ақылы көпті дау алмас)

2 – оқушыға:
1. Ақыл – азбайтын кен,…. (білім – тозбайтын тон)
2. Еңбек етсең ерінбей,… (тояды қарның тіленбей)

3 – оқушыға:
1.Қына тасқа бітеді… (Білім басқа бітеді).
2.Оқусыз білім жоқ… (Білімсіз күнің жоқ).

4 – оқушыға:
1.Туған жердің қадірін…(Шетте жүрсең білерсің).
3.Оқу білім бұлағы…(Білім ырыс – қазығы).

5 – оқушыға:
1. Ананың сүті- бал… (Баланың тілі- бал).
2. Қыз өссе елдің көркі…(Гүл өссе жердің көркі).

3 – айналым: «Кім тапқыр?»
Шарты: Жүргізуші жұмбақ жасырады, жауабын айту керек, сол жұмбақтың жауабын тауып айтқан соң, жауабына сәйкес мақал айту керек.

Жүргізуші: Ал балалар, олай болса, 3-ші айналымды бастаймыз.

1 – оқушыға:
Жұмбақ: Асыраған

Ел жұртты – Жез мұртты. (бидай)

Мақал: Арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен.

2 – оқушыға:
Жұмбақ: Жайған жастық сөгілді, Аппақ мамық төгілді. (Қар)

Мақал: Қалауын тапса қар жанар.

3 – оқушыға:
Жұмбақ: Желден желігеді

Судан шегінеді. (От)

Мақал: Отан оттан да ыстық.

4 – оқушыға:
Жұмбақ: Жылт — жылт етеді

Жылғадан өтеді. (су)

Мақал: Судың да сұрауы бар.

5 – оқушыға:
Жұмбақ: Өзімнен өзгенің бәрін көремін. (Көз)

Мақал: Көз қорқақ, қол батыр.

Жүргізуші: Осымен негізгі үш айналымды артта қалдырдық. Ендігі кезек әділ-қазылардың қорытынды сөздерінде (Әділ-қазылар жалпы қорытынды ұпай санын шығарады).

Құрметті көрермендер, әділ-қазы алқасы өздерінің әділ шешімін шығарғанша көрермен жанкүйерлер арасында сайыс жүргізейік. Ол үшін әр қатысушының жанкүйерімін деген 1 оқушыдан шығарып, мақал айтысын ұйымдастырамыз. (ортаға шақырылған оқушы тоқтаусыз 5 мақал айтып шығуы керек).

Әділ-қазыларға сөз берейік (Қатысушылардың ұпайлары жария етіліп, марапатталады).

Аталар сөзіменен өсіп өнген,
Бабалар бұлағынан нәр алған.
Даналар өсиетінен тәрбие алған
Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен
Ұрпағымыз халықтың ғибрат еткен, бүгінгі сайысқа
жақсы дайындалған қатысушыларға, көрермендерге үлкен алғысымызды айтып, қорытындылаймын.



Соңы

Қорытынды.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
30.05.2024
443
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі