Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

Материал туралы қысқаша түсінік
мақал-мәтел сайысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мақсаты: оқушыларды «Сөз мәйегі - мақал» дегендей, ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету.Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер жазылған плакаттар, шарлар.
Өтілу барысы:
Құрметті оқушылар! Бүгін біздің сыныбымызда «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойыны өткелі тұр.
Бұл сайысқа алты топ қатысады:
1.
2 «А» сынып оқушылары
2.
2 «Ә» сынып оқушылары

3. 2 «Б» сынып оқушылары

4. 2 «В» сынып оқушылары

5. 2 «Г» сынып оқушылары

6. 2 «Д» сынып оқушылары
Құрметті ұстаздар сіздердің іштеріңізден әділ қазыларды сайлап алсақ.
Алдымен мақал-мәтел дегеніміз не? Қысқаша тоқталып өтсек: Мақал-мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал-мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Осы тұста мен осы мақал мен мәтел айырмашылығын түсіндіріп өткім келіп отыр.
Мысалы: Мақалда қорытынды, тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр.
Ал, мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады.
Мысалы: «Көппен көрген ұлы той». Мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.
Біздің мақсатымыз, оқушының білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын, оқу деңгейін және ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге салмақты ой айтуға үйрету болып табылады.
Ендеше біз бүгінгі сайысымызды бастайық.
1-тур: «Кім көп біледі?»

Қатысушы топтар мақал – мәтел айтудан жарысады.(1 минут уақыт беріледі, сол уақыттың ішінде топтар қанша мақал айтса, ұпай саны да соған қарап қойылады)
2-тур: Мақал – сөздің мәйегі
(тақтада мақал-мәтелдің басы беріледі, қатысушы топтар мақалды жалғастырады)
1. Жақсы кісі байқап сөйлер, ...(жаман кісі шайқап сөйлер)
2. Ер еліне, ...(ит иесіне)
3. Балапан ұяда не көрсе ... (ұшқанда соны іледі)
4. Өнер - ағып жатқан бұлақ, ...(Білім – жанып тұрған шырақ)
5. Жақсының аты өлмейді ...(Ғалымның хаты өлмейді)
6. Көз жетпеген жерге, ...(сөз жетеді)
7. Отыз тістен шыққан сөз, ...(отыз рулы елге тарайды)
8. Дұшпаны көптер сақтана жүреді, ...(Досы көптер мақтана біледі)
9. Жалған достан ...(жау артық)
10. Өнерлінің қолы алтын, ...(өлеңшінің сөзі алтын)
11. Еңбек етсең ерінбей, ...(тояды қарның тіленбей)
12. Отан үшін күрес - ...(елге тиген үлес)
3 – тур: Кім тапқыр?
Шарты: Мұғалім жұмбақ жасырады, жауабын айту керек, сол жұмбақтың жауабын тауып айтқан соң, жауабына сәйкес мақал айту керек.
1.Жұмбақ: Шыңдары шырқау,
Көшіп жүр бір тау. (
Түйе)
Мақал: Көрмес түйені де көрмес.
2. Жұмбақ: Жайған жастық сөгілді,
Аппақ мамық төгілді. (
Қар)
Мақал: Қалауын тапса қар жанар.
3. Жұмбақ: Желден желігеді
Судан шегінеді. (
От)
Мақал: Отан оттан да ыстық.
4. Жұмбақ: Жылт-жылт етеді
Жылғадан өтеді. (
су)
Мақал: Судың да сұрауы бар.
5. Жұмбақ: Өзімнен өзгенің бәрін көремін. (
Көз)
Мақал: Көз қорқақ, қол батыр.
6. Жұмбақ: Сылдырдан қорқады, шошынып жортады. (
Қоян)
Мақал: Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді.
4-тур: «Даналық ойдан дән ізде» сайысы
Шарты: Топтар сандарды таңдау арқылы өздері мағынасын түсіндіретін мақал-мәтелді таңдап, талдайды.
1- ұяшық: Отан – 10, 20
, 30

Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас - 10

Отансыз адам — ормансыз бұлбұл -20

Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді – 30
2-ұяшық: Отбасы - 10, 20, 30

Отан — отбасынан басталады - 10

Ата — бәйтерек, бала — жапырақ – 20

Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі – 30

3-ұяшық: Достық – 10, 20, 30

Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын – 10

Досы көпті жау алмайды – 20

Жақсы дос — жан азығы - 30
4-ұяшық: Білім – 10, 20, 30

Кітап — білім бұлағы, білім — өмір шырағы – 10

Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар – 20

Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп – 30
5-тур: «Кім тез?» сайысы

Шарты: сурет бойынша мақалдарды шешу.
Қорытынды.
Ата-бабадан қалған асыл мұра мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды ұмытпай, жадымызға сақтап жүрейік, балалар! Бүгінгі сайысқа қатысқан оқушыларға рақмет айтамыз.
Осымен сайысымыз аяқталды.
Сөз кезегі қазылар алқасында.
Жеңген топты марапаттау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12