жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ сайысы
Мақсаты: Оқушыларды мақал-мәтел, жұмбақтар айту арқылы көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету.
Тәрбиелік мәні: адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Ата-бабаларымыздың өсиетін қадыр тұтуға, мақал-мәтел, жұмбақ, шешендік өнер арқылы өз елінің тарихи шежіресін білуге, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді сыйлауға баулу.
Өтілу барысы:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар 5-10 сынып оқушылары арасында өтіп жатқан тілдер апталығының «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысына қош келдіңіздер!
Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Тілдің көмегімен өнер-білімге, мәдениет пен ғылымға жетіп, өзімізді өзге жұртқа – әлемге танытамыз, сөйлейміз, оқимыз, жазамыз. Сондықтан «Өнер алды – қызыл тіл» дегендей, адам баласының байлығында тілден артық не бар?!
Бұл сайысқа 5 топ қатысады:
6 сынып Алтын қыран тобы
7 сынып Қазақ тілі тобы
5-8 сынып Тұлпар тобы
9 сынып Тапқырлар тобы
10 сынып Бүркіт тобы
Сайыстың шарты. Сайыс 6 кезеңнен тұрады
1 кезең. Таныстыру (топтың аты, ұраны, төсбелгісі)
2 кезең. «Мақал айтып жарысамыз»
3 кезең. «Жұмбақты мен шешемін!»
4 кезең. Жалғасын тап...
5 кезең. «Көрермендер көзайымы»
6 кезең. «Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім» ( жатқа өлеңдер оқу)
Қорытынды. Қазылар алқасы шешім шығарып, топтарды марапаттайды.
Оқушылар енді қазылар алқасымен танысып алайық.
1._________________________________________________________________
2._________________________________________________________________
3._________________________________________________________________
Біздің мақсатымыз оқушының білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын, оқу деңгейін, тапқырлықтары мен жылдамдықтарын, ойларын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге салмақты ой айтуға үйрету болып табылады. Оқушыларымыздың білімін бірге байқап көрейік. Ендеше бүгінгі сайысымызды бастаймыз.
1 кезең Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырады. Жоғарғы ұпай – 10
2 кезең «Мақал айтып жарысамыз». Әр топ тіл, сөз, Отан туралы мақал-мәтел айтып жарысады. Әр мақалға 2 ұпайдан беріледі.
1. Алғаш ойла, кейін сөйле
2. Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір
3. Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой
4. Тіл - адам ойының айнасы
5. Тіл – қылыштан да өткір
6. Ақыл мен білімнің тілмашы – тіл
7. Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл
8. Жақсы сөз – жарым ырыс
9. Ең тәтті де – тіл, Ең ащы да – тіл
10. Шешеннің сөзі ортақ, Шебердің көзі ортақ.
11. Жаман сөз – жанға кірген тікен, Жақсы сөз – таптырмайтын ем
12. Тіл пайдасы ұшан-теңіз, Пайдасы да сонша деңіз
13. Ашынғанның тілі ащы
14. Айтылған сөз – атылған оқпен тең
15. Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі
16. Жүйелі сөз иесін табады
17. Тіл - тас жарады, тас жармаса, бас жарады
18. Қанша тіл білсең сонша адамсың
19. Сөз қадірін білмеген-өз қадірін білмейді
20. Піл көтермегенді, тіл көтереді
21. Көп сөз – көмір, Аз сөз – алтын
22. Жақсы байқап сөйлер, Жаман шайқап сөйлер
23. Тілге кісен салынбас
24. Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте
25. Таяқ еттен өтеді, Сөз сүйектен өтеді
26. Ана тілің алпыс тілге татиды
27. Тілі өлген ел – тірі өлген ел
28. Тіл жүйрік емес, ой жүйрік
29. Атағыңды өсіретін де, өшіретін де – тіл
30. Ауызда жиек жоқ, тілде тиек жоқ
31. Әдеп басы – тіл
32. Басқа пәле – тілден
33. Тәрбие тілден басталады
34. Тілге әр күн мейрам
35. Бал тамған тілден у да тамар
36. Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түрімде
37. Адам көңілден азады, тілден жазады
38. Айтпас жерде тілің тарт
39. Бас кеспек бар, тіл кеспек жоқ
40. Қотыр қолдан, пәле тілден жұғады.
3 кезең. «Жұмбақты мен шешемін» деп аталады. Әр топқа 3 жұмбақтан жасырылады. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Шешкен топқа 2 ұпай қосылады. Шеше алмаса келесі топтарға мүмкіндік беріледі.
1.Таудан биік, теңізден терең (Ақыл)
2. Жаңылмастан жетеуі, кезек қызмет етеді (Апта күндері)
3. Өзім сөзден тұрамын, аяқтаған ойды құрамын ( Сөйлем)
4. Бір кітаптың парағы, күнде азайып барады (Күнтізбе)
5. Аппақ дала, қара дән,
Дәнін сепкен – түсінуге жараған (Әріптер)
6. Өзі қысқа, өзі нұсқа,
Сөз қаймағын есіңе ұста (Мақал)
7. Екі аяғы бар, белінде таяғы бар ( А әріпі)
8. Үнсіз тілдесесің,
Өзімен күнде өсесің (Кітап)
9. Тілден ұшып,
Құлаққа қонады. (Сөз)
10. Екі тақта арасында
Қимылдайды қызыл тақта (тіл)
11. Жағалай-жағалай тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым. (тіс,тіл)
12. Ақ дуалдың артында қызыл ат,
Байлауынан бір босамас қызық ат (тіл)
13. Желден желігеді, Судан шегінеді (От)
14. Бір беткейде екі көл (Көз)
15. Балалар суға салған жіп,
Тереңнен іліп алар жүк (Қармақ)
4 кезең «Жалғасын тап» деп аталады. Тапсырмаға мақал-мәтелдер жазылған, қатысушы топтар мақалды жалғастырады. Бір дұрыс жауапқа 2 ұпайдан беріледі.
1. Көп ... – көмір, .. сөз – алтын
2. Бал тамған ...... у да тамар
3. Тіл қаруы – ..., сөз қаруы - ..
4. Оқу білім бұлағы, ..... өмір шырағы
5. Өнерлінің қолы алтын, .................................. алтын
6. Білекті бірді жығады, ..........мыңды жығады
7. Орынсыз ... орға жығады
8. Адамның өзі жетпеген жерге, .... жетеді
9. ... қадірін білмеген, өз қадірін .......
10. Кен байлығы-жерде, ... байлығы - елде
5 кезең Көрермендер көзайымы деп аталады. Әр сыныптың оқушылары мақал-мәтел, қанатты сөздер, жатқа өлеңдер оқыса сол топтың сыныбына ұпай қосылады. Және көрермендер көзайымы номинациясын алуға мүмкіндіктері болады.
1 Сөз – халықтың қымбаттан қымбат кені (С. Мұқанов)
2 Мұралардың ең қымбаты – сөз . Асылы, адам да, нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды (Ғ. Мұстафин)
6 кезең Тіл туралы өз шығармашылығынан немесе ақын-жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқиды. Жоғарғы ұпай – 10. Ендеше бәріңізге сәттілік!
1 Ана тілім
2 Баба тілі
3 Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы
4 Ана тілім
5 Төрт ана
Тіл тағдыры – барша қазақ халқының тағдыры.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін. Тіл – ата-бабамыздың аманаты. Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру – баршамыздың парызымыз. Тіл тағдыры – барша қазақ халқының тағдыры. Туған тіл жас нәрестеге құндағында ана сүтімен бірге, бесік жыры арқылы сіңетін болса, ол ана тілі ешқашан жойылмайды.
Табылар білім болса бар асыл да,
Кезек келді қазылардың алқасына – дей келе сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Жанбасам да, жансам да,
Туған тілде сайраймын.
Мылқау болып қалсам да,
Туған тілде ойлаймын. Осымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Сау болыңыздар!
«Жалғасын тап»
Бір дұрыс жауапқа 2 ұпайдан беріледі.
1. Көп ... – көмір, .. сөз – алтын
2. Бал тамған ...... у да тамар
3.Тіл қаруы – ..., сөз қаруы - ..
4. Оқу білім бұлағы, ..... өмір шырағы
5. Өнерлінің қолы алтын, .................................. алтын
6. Білекті бірді жығады, ..........мыңды жығады
7. Орынсыз ... орға жығады
8. Адамның өзі жетпеген жерге, .... жетеді
9. ... қадірін білмеген, өз қадірін .......
10. Кен байлығы-жерде, ... байлығы - елде
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген