Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мың түрлі мамандық 9 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Мың түрлі мамандық
Мақсаты: оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу, кәсіби бағдар беру; түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Негізгі бөлім
Мұғалім: Әр адам ерте ме, кеш пе өз өмірінде «Қандай мамандық иесі боламын?» деген сұраққа жауап іздейді. Мамандық таңдау – өте жауапты іс. Өйткені, таңдаған мамандығың ертеңгі сенің өмірің, болашағың, қоғамның болашағы, елдің ертеңі. Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, оларың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді». Жақын арада әрқайсыңыз мамандық таңдау мәселесіне тап боласыздар, бүгін сабақта бізер осы маңызды тақырыптарға тоқталамыз.
«Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Бүгін бізге өз ойларымен бөлісіп, өз пікірлері мен ақыл-кеңесін айтуға шақырулы қонақтарымыз келіп отыр. Сол қонақтармен таныстырып өтейін.
- Кеш қонақтарын таныстыру:
1. мектеп психологі .......
2. дефектолог маман ........
3. медбике
4. жас маман ........
5. тарих пәні мұғалімі мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары .............
6. теміржол саласынан маман ........
7. мектеп инспекторы ..........
8. Банк қызметкері:..............
9. Халыққа қызмет көрсеті орталығының қызметкері: ............
Ендеше, қонақтарымызға «Қош келдіңіздер!» дей отырып, бүгінгі кешімізді бастаймыз.
Сұрақ: Мамандықтың қанша түрі бар деп ойлайсыңдар?
Оқушылар жауабы.
Американдық кәсіптер сөздігінің мәліметтері бойынша 22 қызмет саласы бойынша 114 топқа бөлінген 40 мыңға жуық мамандық түрі бар екен.Статистердің зерттеуі бойынша
жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12%-ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Қазақстанда осы мамандықтардың 300-ге жуық түрі кездеседі.
Сұрақ: Мамандық таңдауда әр адам неге сүйену керек?
Оқушылар жауабы.
Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай - ақ өз мамандығының 10 - 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады.
Сұрақ: Сұранысын жоймаған кай мамандықтарды білесіздер?
Оқушылар жауабы.
Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады.
Мұғалім: «Адам өзінің ыңғайымен , еркімен қызмет ететін зат. Іштен туғаннан-ақ, белгілі бір өнерге, қызметке икемді болып туады . Басқаша айтқанда, әр адамда бір нәрсе- талап, ыңғай, қабілет, яғни зеректік болады.Біреуі бала оқытуға, біреуі әкім болуға, біреуі дәрігерлікке берілуге, біреуі саудаға, біреуі сөзге ыңғайланып жаралады. Кейде кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен жүріп қызмет етсе, өз басына, әлеуметке де көп пайда келтірмек»- деген Жүсіпбек Аймауытовтың мұралы сөзі әлі күнге маңызын жойған жоқ.
Енді өзі қалаған мамандыққа кім қалай жетеді?
Өзі қалаған мамандыққа әркім әр түрлі жолмен келеді. Біреулер осы мамандықтың иесі болуды бала кезден армандайды, оны орындау үшін аянбай тер төгеді, ал екінші біреулер – отбасы дәстүрін алғастырушы, үшінші біреулер жаңалыққа, дербестікке талпынып, заман ағымына сай мамандық таңдаса, келесі біреулер әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң таңдайды. Мамандық таңдауда адам өзінің жеке дара қасиеттеріне назар аударуы керек. Адам өз бойындағы жетістік пен кемшілікті, икем мен қабілетті, күш-қуатты, мінезіндегі ұнамды, ұнамсыз жақтарын білгені дұрыс. Мамандық таңдауда бос қиялға берілмей, өзінің бейімділігі мен білім даярлығына, денсаулығы мен мінез- құлқына көңіл бөліп, мамандық туралы ақпаратты жақсы білген дұрыс.
Сыныпта 15 оқушы бар.
Таңдаған мамандықтары:
Дәрігер –6 Дизайнер – 1 мұғалім – 2
аудармашы -1 автоматика-1 психолог-1 автоэлектрик-2 журналист-1
Мұғалім. Сыныбымызда болашақта журналист боламын деп отырған оқушымыз бар. Соның дайындаған сюжетіне назар аударайық! (Оқушылар, мектеп мұғалімдері, маман иелері таңдаған мамандықтары туралы айтады) (видео ролик)
Постер қорғау 1 топ Қазіргі заманда зор сұранысқа ие болып отырған мамандық түрлері
2 топ Мамандықтың жаңа түрлері
Қазіргі заманда зор сұранысқа ие болып отырған мамандық түрлері
Дәрігер
Механик
Электрик
Слесарь
Зор сұранысқа ие болып отырған мамандықтар
Дәнекерлеуші
Геолог
Металлург
Технолог
Инженер
Мамандықтың жаңа түрлері
Енді оқушылардың сіздерге қояр
сұрақтары бар екен. Сол сұрақтарға кезек берейік.
Оқушылар келіп отырған қонақтарға сауалдарын
жолдайды.
Сұрақтар:
Шаттық: Әрқайсыңыз өз мамандықтарыңызды айтып өтсеңіздер.
Жайна: Өз мамандығының шебері болу үшін адам өзін-өзі қалай дайындау керек деп есептейсіз?
Рима: Мамандық таңдауда ата-ананың ықпалы қандай дәрежеде болуы мүмкін деп ойлайыздар?
Айзат: Мамандық таңдауда ең бастысы не қабілет пе, дарын ба, әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?
Замира: Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыздар?
Асылхан: Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?
Қаныбек: Адам өз мамандығын таңдаған кезде нені басшылыққа алу керек?
Перизат: Бала кездегі ең алғашқы таңдаған мамандығыңыз есіңізде ме?
Мейірхан: Қандай мамандық таңдауға кеңес берер едіңіздер?
Нұрайна: Оқу орнында немесе жұмысыңызда бастан өткізген қызықты оқиғаңыз?
Жұлдыз: Ұстаз болу сіздің бала күнгі арманыңыз ба? Бүгінгі таңда жастардың көбі ұстаз болуды қаламайды, керісінше заңгер, экономист, аудармашы т.б мамандықтарды құрметпен бағалайды. Мұның себебі неде деп ойлайсыздар?
Ғасырбек: Әттеген-ай деген шақтарыңыз болды ма?
Пікірлесу: «Мамандықты қалай таңдаған жөн?» (видеоролик көрсетіледі)
1 топ Әр оқушы өзі таңдауы керек
2 топ Ата-ананың көмегімен таңдауы керек
(Оқушылар өз ойларын айтады)
«Студенттік шаққа саяхат».
Сіздерде студент болдыңыздар, ендеше сіздерді сол студенттік кездерге саяхаттауға шақырамыз!
( Мамандар ортаға шақырылады)
Алдын ала дайындалған конверттерді
алады.
№1 тапсырма.
Сіз группаластарыңызбен автобуста келесіз.Қалталарыңызда билетке
ақша жоқ.Бірақ қалайда сабақтан қалмау керек.Түсетін аялдамаға
жеткенде достарыңыз шапшаң түсіп кетті,ал сіз кондукторға ұсталып
қалдыңыз.Сіз осы жағдайдан қалай шығасыз?
№2 тапсырма.
Жатақхана.Сіздің туған күніңіз тойланып жатыр.Асханада ауылдан
келген жылқының сүр еті асылып жатыр.Шай ішіп болып «Ламбада»билеп
жүрсіздер.Еттің нанын салайын деп асханаға барсаңыз қазан ЖОҚ! Не
істейсіз? Сол кездегі көңіл күйіңізді көрсетіңіз? Қонақтарға қалай
жеткізесіз?
№3 тапсырма.
Жатақхана.Ақшаның,тамақтың таусылып барлығыңыздың тарығып жүрген
кездеріңіз.Үзілістің кезінде досыңызбен жүрек жалғау үшін бөлмеге
келдіңіз.
3 тілім нан мен 2 жұмыртқа ғана бар.Осы кезде аш жүрген көрші 2
жігіт есікті қағады.Сіздердің бөлмеде екендерізді біледі,бірақ
сіздер де аз тамақты бөліскілеріңіз келмейді.Не істейсіз?
№4 тапсырма.
Ауылдан жалғыз келдіңіз.Қалада ешқандай туыс,танысыңыз жоқ.Ешқандай
орысша білмейсіз.Ағайың орыс.Қалайда жатақханаға орналасуыңыз
керек.Ағайың қазақша,сіз орысша білмейсіз.Жағдайды ешкімді
араластырмай өзіңіз қалай шешесіз?
№5 тапсырма.
Жатақхана.Өздеріңіз білетіндей асхана әр этажда екеу.Барлығы бос
емес.Ал сіздің құрбыңыз жылдам тамақ дайындауы қажет.Бөлмеде плитка
қосып тамақ әзірлеуге қатаң тиым салынғанын білсе де солай етуге
мәжбүр болды. Осы кезде комендант тексеріп келе жатыр.Сіз
құрбыңызға шұғыл хабар беруіңіз керек. Қасыңызда комендант апай.
Сіздің тактикаңыз?Жағдайды қалай
реттейсіз?
Оқушыларға ситуациялық
жағдаяттар
Егер мамандық иесі болсаң не істер едің:
(ситуациялық шешу)
Дәрігер. Ауырған адам сізге келіп, қойған
диагнозбен келіспейтінін айтты. Сіздің
шешіміңіз?
Мұғалім жайлы әңгіме «Жүрексіз нені
түсінеміз?» сабаққа ата - ана қатысып отыр. Үй тапсырмасын
сұрадыңыз, ешбір оқушы дайын емес. Не істер
едіңіз?
Әнші. Сахнада ән салып тұрсыз, көрермен
ұйықтап отыр. Бұл сізге ұнамады. Сіз не
істейсіз?
Журналист. Жазған мақалаңыз кейбір жандарға
ұнамай, сізге ескерту жасады, қорқытты. Не істер
едіңіз?
Тігінші. Сізге бір кенет жақсы матадан көйлек
тіктіруге тапсырыс береді. Ол матаны тігу барысында дұрыс болмай
қалды. Тапсырыс беруші сізге ренішпен ұрысып, матаны тауып
беруіңізді талап етті. Сіз қалай жауап берер
едіңіз?
Аспазшы. Асханаға келген кенет жасалған
тағамға көңілі толмай қайтарып әкелді, ақысын сұрады. Сіздің
жауабыңыз?
Психологиялық сәт:
«Психогеометрия»- өзін - өзі тану:
Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез - келгенін
таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті,
қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз
айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін
баршылық. Сенен үздікадминистратор шығады
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан,
сондай - ақ шығармашылық қабілетін, ой - өрісін дамыған. Сенде
табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай
аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған
істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді
тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін,
басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.
Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан
аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол
жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және
жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан
шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге
қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін
бар.
ІІІ.Қорытынды:
Талмасын қанат, сөнбесін үміт
Армандар алға жалғасын
Соқса да дауыл, өрт болсын өмір
Қанаттар балғын талмасын
Алдағы келешек өмірге қажет мамандықты таңдау әр шәкірттің арманы. Олай болса мамандық таңдаудағы қадамыңыздың дұрыс болуына тілектеспіз...
Әбунасыр Әл Фараби: «.... адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады»,- деген.