MYP бағдарламасы бойынша сабақ жоспары 6 -сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

MYP бағдарламасы бойынша сабақ жоспары 6 -сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
МYP бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жатқан мұғалімдер үшін сабақ жоспарының үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалім(-дер)

Teacher(s)/

Учитель(-ля)/

Масимова Г.А.


Пән және пәндік топ

Subject group and discipline/

Предмет и предметная группа

қазақ тілі мен әдебиеті

Юниттың атауы/

Unit title/

Название юнита

11-тақырып. Абайды оқы,таңырқа! А.Құнанбайұлы.Табиғат лирикасы, «Жазғытұры»,

«Жаз», «Күз», «Қыс»

12-тақырып. Өлкені сипаттау өнері. Менің өлкем.

MYP жылы/ 0

MYP year/

MYP год

6-сынып

Юниттың ұзақтылығы (сағат) /

Unit duration (hrs)/

Продолжительность юнита (часы)

7 сағат

Зерттеу: Бөлім мақсаттарын көру

Негізгі концепциялар/Key concept/ Ключевые концепции

Пәндік концепциялар / Related concept(s)/ Предметные концепции

Ғаламдық мәнмәтін/Global context/ Глобальный контекст

Қарым қатынас


Көзқарас

Жеке және мәдени көзқарас

Зерттеу идеясы/Statement of inquiry/ Идея исследования


Табиғат лирикасы адамның ішкі дүниесін, философиясын және қоғамдағы құндылықтарды білдіретін қуатты құралы екендігін біледі.

Зерттеу сұрақтары /Inquiry questions/ Вопросы исследования

  • Деректі сұрақ /Factual/Фактические Абай Құнанбайұлының табиғат лирикасының ерекшеліктері қандай? «Жаз», «Жазғытұры», «Күз» және «Қыс» өлеңдеріндегі табиғат көріністері арқылы ақын қандай философиялық ойларды жеткізгісі келген? Өлкені сипаттау арқылы туған жерге деген сүйіспеншілік, мақтаныш және экологиялық жауапкершілік сезімін қалыптастыруда әдеби тілдің қандай мүмкіндіктері бар?

  • Концептуалды сұрақ /Conceptual/ Концептуальные—Абай Құнанбайұлының табиғат лирикасында табиғаттың әр маусымына тән ерекшеліктер мен сезімдер адам болмысының рухани өсуі мен адамгершілік құндылықтарына қалай әсер етеді?

  • «Пікір-таласты сұрақ /Debatable/Дебатные –Абайдың табиғатқа арналған өлеңдерінде тек табиғатты суреттеп қана қоймай, бүгінгі таңда экологиялық мәселелерді шешуге қалай әсер ете алады?

Мақсаттар/Objectives/Цели

Қорытынды бақылау жұмысы /Summative assessment/Констатирующая работа

С Мәтін құру

І. жеке өзінің шығармашылығы, жаңаша идеялар мен көзқарастар, сезімі мен қиялы көрініс тапқан түсінігін көрсетіп, мәтін құрау;


11-тақырып. Абайды оқы,таңырқа! А.Құнанбайұлы.Табиғат лирикасы, «Жазғытұры», «Жаз», «Күз», «Қыс»

12-тақырып. Өлкені сипаттау өнері. Менің өлкем.

Тақырыптар бойынша тыңдалым мен айтылымға БЖБ тапсырмалары

 БЖБ1

Тыңдалым. Мәтінді тыңдап, кестені толтырыңыз.

Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Біздің еліміздің табиғаты өте ерекше. Жыл мезгілінің қай тұсын алсаң да, я қаламыз, я ауылымыз жайнап тұрады. Қазір қыс мезгілін алсақ, терең тыныс алатын таза ауа, ақ көрпесін жамылған жер, екі беттері алмадай боп шана тепкен балалар. Ал, енді көктемге мезгіліне сипаттама берсек, жан-жақтың бәрі көгеріп, жер астынан бәйшешегіміз бүршік атып шығады. Жаз нағыз жеміс-жидектің пісіп, балалардың мәз-мейрам болатын уақыты. Күзге тоқталсақ, бұл жыл мезгілі әсіресе ақын аға-апаларымыз тілін түсіне білетін алтын уақыт. Иә, қалай дегенде де менің өлкемнің табиғаты тамаша, кең байтақ! Мен осы елде туылғаныма қуанамын!

1. Мәтіннен әр мезгілдің сипатын білдіретін 4 тірек сөзді теріп жазыңыз. Мәтіндегі негізгі ойды анықтап жазыңыз.(4 балл)

Тірек сөздер

Негізгі ой





2. Сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз. (1балл)

Сұрақ -Жауап

Жауап

Мәтін не туралы?


Жаз қандай жыл мезгілі?


Көктем қалай суреттелген?


Айтылым.

3. Суреттер бойынша «Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан» тақырыбында мәтін құрастырыңыз.(3балл)

Тірек сөздер: дымқыл, тұман, күркіреген, найзағай, жапырақ, суық, егін.


Оқушы автор таңдаған тілдік құралдардың оқырманға әсерін анықтай отырып, негізгі ойын түсінеді және мәтін мазмұнына сыни тұрғыдан өз көзқарасын білдіре алуды үйренеді.

Тақырыпқа сәйкес өз ойларын орынды тілдік құрылымдары арқылы дәлелдеп отырады.

Мәтін идеясына сүйеніп баяндай алады.

Оқушы мәтіннің тақырыбы мен идеясын анықтай отырып, мәтін мазмұнына сыни тұрғыдан қарайды, автордың негізгі ойын түсініп, өз көзқарасын қалыптастыруды үйренеді

Жазылым дағдылары оқушылардың сөздік қорын, грамматикалық құрылымдарды, және жазылым дағдыларын дамытуға ықпал етеді.



Оқыту әдіс-тәсілдері/Approaches to learning (ATL)/ Подходы к обучению

Коммуникация.

Сын тұрғысынан ойлау және түсіну

Әлеуметтік. Топпен жұмыс

Басқалармен тиімді жұмыс жасау

Деректерді түсіндіре білу

Рефлексия өзіндік бағалаудың түрлі әдістері/техникасын пайдалану.

Ойлау дағдылары «Миға шабуыл» әдісін қолдана білу



Іс-әрекет: зерттеу арқылы оқыту мен сабақ беру/ Action: Teaching and learning through inquiry/Действие: обучение и преподавание через исследование

Мазмұны/Content/Содержание

Оқыту процессі/Learning process/Процесс обучения

11-тақырып. Абайды оқы,таңырқа! А.Құнанбайұлы.Табиғат лирикасы, «Жазғытұры», «Жаз», «Күз», «Қыс»

  • Абай

  • «Құлақтан кіріп,бойды алар»

  • Табиғат лирикасы

  • Күз-береке бастауы

  • Қыс

  • Бұл қай мезгіл? Жаз.

  • Табиғат құбылыстары

12-тақырып. Өлкені сипаттау өнері. Менің өлкем.

  • Менің өлкемнің табиғаты


Тілдік бағдар: Себеп - салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар

1-сабақ. Абай

Айтылым

«Бірге ойлаймыз» тәсілі арқылы сыныптас досымен жұптасып Абай Құнабайұлының өздері білетін мәліметтері бойынша сұхбат құрады. Ой бөліседі, пікір алмасады

Тыңдалым. Оқылым

1-топ: «Блум таксономиясы» бойынша Абай Құнабайұлына тұсаукесер дайындап, қорғап шығады.

2-топ: Абай Құнанбайұлының потреті мен мнездемесіне «Қос жазба» күнделігі арқылы баға береді.

3-топ: «6 неліктен» тәсілін қолданып сұрақтар жазады. Сұрақтарға жауап береді.

5-тапсырма. : Себеп - салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтарды пайдаланып,Абайдың не айтқысы келгенін болжау.

Сөздерді пайдаланып, төрт жол өлең жолдарын құрау.

«Төрт сөйлем» тәсілі бойынша тақырыпты талдайды.

Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі бойынша ойын білідреді, автордың идеясын айтады.

«Абай- дана, Абай- дара қазақта» эссе

2-сабақ. «Құлақтан кіріп,бойды алар»










3-сабақ. Табиғат лирикасы

4-сабак. Күз-береке бастауы

5-сабак. Қыс

6-сабак. Бұл қай мезгіл? Жаз. Ой толғаныс:

- Табиғат пен адам арасындағы байланысты көрсету:

- «Жазғытұры» өлеңіндегі табиғат пен адамның үндестігін талдаңыз. Абай табиғаттың әртүрлі кезеңдерін сипаттай отырып, адам өміріндегі маңызды кезеңдерді бейнелейді. Бұл кезеңдер қандай? Әр кезеңдегі адамның эмоциялық жағдайын анықтаңыз.

7-сабак. Табиғат құбылыстары


1-тақырып: «Абайды оқы, таңырқа!» А. Құнанбайұлы. Табиғат лирикасы, «Жазғытұры», «Жаз», «Күз», «Қыс» тақырыбы бойынша сыни тұрғыда тапсырмалар

1. Мәтінмен жұмыс:

- Мазмұнды талдау:

- Абай Құнанбайұлының «Жазғытұры», «Жаз», «Күз», «Қыс» өлеңдерінің мазмұнын талдаңыз. Бұл өлеңдердегі табиғаттың әр мезгілінің сипаттамасы қандай? Әр мезгілдің өзіндік ерекшеліктерін ашып, оларды қоғам өмірімен байланыстырыңыз.

- Табиғат бейнесінің көркемдік мәні неде? Абайдың табиғат лирикасындағы басты идеяларды қалай түсінесіз?

2. Сыни пікір жазу:

- Қорытынды пікір:

- «Абайдың табиғат лирикасы тек табиғатты сипаттау емес, адам жан дүниесін терең ұғыну және оған сын көзбен қарауды талап етеді» деген пікірмен келісесіз бе? Бұл пікірді дәлелдермен қолдаңыз.

- Абайдың табиғатқа деген көзқарасы мен қазіргі замандағы адамдардың табиғатқа деген қатынасы арасында қандай айырмашылықтар бар?

4. Тақырыптық пікірталас:

- Дебаттық сұрақ:

«Абайдың табиғатқа қатысты жазған өлеңдері тек табиғаттың әсемдігін ғана емес, оның адам өміріндегі маңызды рөлін көрсетеді» деген пікірмен келісесіз бе? Сіздің пікіріңізді нақты мысалдармен дәлелдеңіз.

- «Қыс» өлеңінде Абай табиғаттың қатал тұстарын сипаттайды, ал басқа өлеңдерінде табиғаттың әсем сәттерін бейнелейді. Сіз бұл өлеңдердің қайсысын маңызды деп есептейсіз және неге?

5. Жеке жұмыс:

- Қазіргі табиғат пен Абай лирикасын салыстыру:

- Қазіргі табиғаттың күйін сипаттайтын өлең жазып, оны Абайдың табиғат лирикасымен салыстырыңыз. Қазіргі экологиялық мәселелердің Абайдың табиғатқа деген көзқарасымен қалай байланысты екенін талдаңыз.

6. Топтық жұмыс:

- Табиғаттың төрт мезгілі туралы шығармашылық тапсырма:

- Абайдың «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұры» өлеңдерінде табиғаттың әр мезгіліне деген өз көзқарасы мен әсерін сипаттайды. Әр топқа бір мезгілді таңдап, оны өлең түрінде сипаттап беріңіздер. Өздерінің шығармаларын Абайдың табиғат лирикасымен салыстырып, оның ерекшеліктерін талдаңыздар.

7. Қорытынды сұрақтар:

- Көңіл күй мен табиғат байланысы:

- Абайдың табиғат лирикасында көңіл күй мен табиғаттың арасындағы байланыс қалай көрсетілген? Сіз бұл байланыстарды өмірде қалай түсінесіз?

8. Пікірталас:

- Табиғаттың адам өміріндегі орны:

- Абай табиғаттың өзгеруін адам өміріндегі өзгерістермен байланыстырады. Абайдың табиғат туралы пікірін қазіргі заманғы адам өміріне қолдануға бола ма? Табиғаттың адам өміріндегі орны туралы өз пікіріңізді білдіріңіз.

Оқылым тапсырмасы

1. Мәтінмен жұмыс

Абай Құнанбайұлының «Жазғытұры», «Жаз», «Күз», «Қыс» өлеңдерін мұқият оқып, олардың мазмұны мен негізгі идеяларын талдаңыз.

- Әр өлеңнің тақырыбы мен оның табиғаттың әр мезгіліне байланысты ерекшеліктерін анықтаңыз.

- Әр өлеңдегі көркемдік құралдарды (метафора, эпитет, теңеу және т.б.) табыңыз және олардың табиғат суретін жасауға қандай әсер беретінін түсіндіріңіз.

- Абайдың табиғат лирикасындағы адамның ішкі дүниесі мен табиғаттың арасындағы байланыс қандай? Бұл мәселені нақты мысалдармен түсіндіріңіз.

2. Оқылымнан кейін сұрақтар

- «Жаз» өлеңінде табиғат пен адам арасындағы байланыс қандай суреттелген?

- «Күз» өлеңіндегі табиғаттың ерекшелігі мен оның адам өміріне әсері қандай?

- «Қыс» өлеңінде Абай қандай табиғат құбылыстарын бейнелейді? Қыстың суреті арқылы қандай терең мағына берілген?


Қалыптастырушы бағалау жұмысы/Formative assessment/Формирующее оценивание

Мәтінмен жұмыс, тапсырмалар орындауда, сөйлеу тіліне баға беру, сөйлем,мәтін құрату, пікір айтқызу.

Дифференциациялау/Differentiation/ Дифференциация

Оқушының тіл білуіне байланысты деңгейлік тапсырмалар орындау


  1. Сурет бойынша жыл мезгілдерін ата.

  2. Өзің ұнататын жыл мезгілі туралы мәтін жазып, оқып бер.

  3. Қосымшаларды дұрыс жалғап жаз.

Қор/ Resources/Ресурсы

Қор / Ресурсы

1 Оқыту әдебиеті а) Мемлекеттік стандартта белгіленген оқулықтар

  1. Г. Қосымова, А.Сатбекова и т.д. қазақ тілі мен әдебиеті : Учебник для 6 класса общеобразовательной школы с русским языком обучения/Алматы: Мектеп, 2018.

Transcript of "Қазақ тілі мен әдебиеті: онлайн ресурстар"

1. https://learningapps.org/view32883811

2. https://learningapps.org/view37560478

3. https://learningapps.org/view15260586

4. https://learningapps.org/view36974109

5. https://youtu.be/q67XqLfb1ok

6. https://www.youtube.com/watch?v=9eJ4eLVV7nQ&pp=ygUR0pvRg9Cw0YIg0LrTqdC30ZY%3D

7. https://www.youtube.com/watch?v=8axNMPxhI8k&pp=ygUb0Y3Qu9C10LrRgtGAINGI0LDQvNC00LDRgNGL

8. https://www.youtube.com/watch?v=yjqGAOp5FMs&pp=ygUf0LXQuyDQttKv0YDQtdCz0ZYg0LDRgdGC0LDQvdCwIA%3D%3D

9/ https://www.youtube.com/watch?v=4kkRATXnlP8&pp=ygUg0LzTmdKj0LPRltC70ZbQuiDQtdC7INCw0LvQsNKj0Ys%3D

10. http://bilimland.kz 11. Қазақ әдебиетінің аудиохрестоматиясы

12. http://kitap.kz

13. Пайдалы сайттар • http://www.edu.gov.kz ҚР Білім және ғылым министрлігі • http://sc.edu.gov.kz Ғылым комитеті • http://www.bala-kkk.kz Балалардың құқығын қорғау комитеті • http://nao.kz Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы • http://nis.edu.kz «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы • http://elp.kz e-learning portal Kazakhstan • http://bilimpaz.kz

Рефлексия: жоспарлауды, оқыту процессін, ізденіс әсерін қарастыру/Reflection: Considering the planning, process and impact of the inquiry/Рефлексия: Рассмотрение планирования, процесса и воздействия исследования

Юниттың басталуына дейін/Prior to teaching the unit/До начало юнита

Оқыту барысында/During teaching/ Во время обучения

Юнитты оқытып болғаннан кейін/After teaching the unit/После преподавания юнита

Ойын жүйелі жазуда және ауызша әңгімелейді.

Мәтіндегі негізі ойды анықтап, қорытынды пікірді жеткізе алады.

Өзіне қажетті ақпаратты таңдай алады және

ойын баяндауда қолданады.



Осы алған білімдерін қолдана алады, мәтіндер құрастыра алады, визуальді жұмыс жүргізе алады.

Себеп - салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтарды қолдана алады.

Ойын жазбаша және ауызша түрде жеткізеді.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.05.2025
182
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі