Мыржақып Дулатов "Қыс" 2 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мыржақып Дулатов "Қыс" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мыржақып Дулатов "Қыс" 2 сынып тақырыбындағы ашық сабақ. әдебиеттік оқу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні

Ана тілі, 2 сынып

Сабақ тақырыбы

«Қыс» Міржақып Дулатов

Жалпы мақсат

Білімділік:Оқушыларға қыс мезгілі туралы түсінік бере отырып, мәтін мазмұнын ашу, кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға бере отырып, өз көзқарасын білдіре білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қиялын, ой-өрісін арттыру, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: Табиғатты қорғап, оған қамқор бола білуге, достыққа адал болуға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.


Дерек көзі

Оқулық, тәжірибе жұмысының ережелері

Құрал жабдығы

Оқулық, бағалау смайлигі, интербелсенді тақта, слайд, рефлексия бетшелері, түрлі түсті шляпалар.

Нәтиже

  • Қажеттілік туралы толық мағлұмат алды.

  • Топпен жұмыс істеу тәртібін түсінді

Тапсырмалар

1. «Жылы тілек»

2. «Білімді қонақ» стратегиясы

3. Сөзжұмбақ

4.Мәтінмен жұмыс. ДЖИГСО әдісі

5.Топтық тапсырмалар.

6. Постер құру

7. Рефлекcия

Кейінгі тапсырма

Үйден тақырыпты мазмұндап үйреніп келу.

Шығарма жазып келу.

Мұғалім жазбасы

Қызығушылықты ояту.

1) Оқушыларға слайдтар арқылы суреттер көрсету.

2) Өтетін сабақ мақсатын айқындаймыз

3) Тақырыпты айқындау.

Мағынаны тану.

ДЖИГСО әдісі арқылы оқушыларға мәтінді оқуды ұсынамын. Оқушылар отырған орындарында түстер арқылы бөлініп, әр оқушы өзіне тиесілі мәтіннің төрт бөлігін оқиды.


Сабақ барысы :


І. Ұйымдастыру кезеңі.


1) Оқушыларды түгендеу, жоқтарын журналға тіркеу. Сынып бөлмесінің санитарлық-гигиеналық жағдайын тексеру. Назарларын сабаққа аудару.

2) Сыныпты түстер арқылы топтарға бөлу. Әр топ өздерінің орындарына отырады.

3) Психологиялық жағымды ахуал туындату.

«Жылы тілек» сыныптағы оқушылар бір-біріне жақсы тілектер білдіруді ұсыну.

4) Бағалау критерийімен таныстыру.

ІІ. Өткенді қайталау

Өткен тарау бойынша ақын жазушылардың шығармаларын еске түсіру

Балалар, бізге қонаққа Ербол келді. Ол сендермен дос болғысы келеді және Ерболдың сендерге өткен тарау бойынша қоятын сұрақтары бар екен.


1. Балалар, маған өткенде қандай тараумен танысқандарыңды айтып беріңдерші.

-Неткен сұлу, неткен көркем, осы менің туған өлкем .


2. Ол тарау не туралы айтылған?

-Бұл тарауда отан, туған жер туралы айтылған.


3. Қандай ақын-жазушылардың шығармаларымен таныстыңдар?

-Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожаның туған жері»

- Жақан Смақовтың «Отан»

-Сәкен Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы»

-Өтебай Тұрманжановтың «Туған өлкем»


4. Сендер бұл бөлімнен қандай ой түйдің?

Shape1

ІІІ. Жаңа сабақ

Топ ережесін еске түсіру


а) Жұмбақтарарқылы сөзжұмбақ шешу


1. Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (қар)


2. Есіктен кіреді еңкейіп,

Төрге шығады қампайып. (аяз)


3. Отқа жанбас, суға батпас. (мұз)


МҰ-ҰЗ ҚА-АР А-ЯЗ

Дауысты дыбыстарды созыңқырап, сөздерді дұрыс оқыңдар.

-Көз алдыңа не елестеді?

Ендеше бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ деп ойлайсыңдар?

- Қыс


ә) Сабағымыздың мақсатын айқындап алсақ?

- Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгеріс болады?

- Қыс мезгілінде қандай қызықтар бар?

- Қыс мезгіліндегі тіршілік ?


Қыс мезгілі туралы әңгімені айтуға Міржақып Дулатовтың төмендегі әңгімесі көмегін тигізеді.



б) Автормен танысу

Міржақып Дулатов (1885-1935) Қостанай өңірінде туған. Ақын, жазушы «Оян, қазақ» кітабын жазған.

 Бүгінгі біз Міржақып Дулатовтың «Қыс» әңгімесімен танысамыз.

 

в) Оқулықпен жұмыс(ДЖИГСО әдісі)

* іштей оқу;

* жұппен талдау;

* топпен талдау;

* әр топтан бір оқушы шығып түсінгенін айту;


Бізге тағы да қонақ келді. Бұл жолы қыс бұғысы. Бұғы сендерден бүгінгі мәтініміз туралы сұрамақшы екен. Балалар, бәріміз бұғының сұрақтарын тыңдайық.


Мәтін мазмұнына байланысты сұрақтар:

1. Қыс мезгілі жөнінде не делінген?

2. Қыс мезгілі жануарларға қалай әсер етеді?

3. Мәтінге сүйеніп жылқышы еңбегі жөнінде әңгімеле.


г) Сөздікпен жұмыс


Бапсыз – жайсыз

Бек қиын – өте қиын

Жалтаңаяз – үскірік, суықаяз

Қарыған – үсіткен

Shape2

IV. Сергіту сәті.

Балалар, қазір біздің алдымызда бөгеттер тұр екен. 

Осы бөгеттерден өтсек, қызықты «Қыс» еліне келіп, ойын ойнаймыз.


1. «Қалың қар» бөгеті.

6 ойлау шляпасы


*Ақ - фактілер , мәліметтерді нақты

(Қыста күн суық болады. Қар жауады, боран соғады қыста адамдар жылы киім киеді )


*қызыл – ішкі сезім, эмоция, интуицияны білдіру


*қара – негативті ойлау


*көк - жоғары деңгейдегі жалпы көзқарасты, қорытындылайды



 2. «Қарлы бұрқасын» бөгеті

Мына әріптер ұшып барады.

Бұл әріптерден сөз құрастырып, сол сөзбен сөйлем құрауымыз керек. Қане, жинап алайық.

Шана, боран, аққала, мұз.


3. «Мұздық» бөгеті

Берілген ұйқас бойынша өлең шығару.

балалар,

тебейік.

жауып тұр,

көрейік.



V. Шығармашылық тапсырма


Үш бөгеттен өтіп, қызықты «Қыс еліне» де келдік.

Постер құру

1 топ: «Қысқы ойын» түрлері

2 топ: Міржақып Дулатов өмірі

3 топ:«Қыс мезгіліндегі тіршілік»

4 топ: «Қыс мезгілінде болатын құбылыстар»


Shape3

VІ. Ой қозғау


1. Жыл мезгілдерін ата. Қазір қай мезгіл?

2. Қыс айларын ата.

3. Қысқы ойындарды ата.

4. Қыс туралы өлең оқып бер.



VІІ.Рефлексия

Не білдім? Не үйрендім? Маған қызықты болды ... парағын толтыру.

VIII. Бағалау

Берілген бағалау смайликтерін санау. Сынып үздігін анықтау.


ІХ. Үйге тапсырма

Қыс” мәтінін әңгімелеу,“Қыс” тақырыбына шағын шығарма жазу.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
635
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі