15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мырыш және оның қосылыстары-10 сынып
Атырау облысы. Жылыой ауданы. Құлсары қаласы. №16 Д.Жазықбаев атындағы мектептің химия пәні мұғалімі Жубанышева Шолпан
Бекітемін: Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары ------------------
Қысқа мерзімді сабақ жоспары. Химия 10 сынып
Мұғалімнің аты-жөні |
Жубанышева Шолпан. Ізғалиқызы |
Атырау облысы.Жылыой ауданы. №16 Д.Жазықбаев атындағы мектеп |
|
Химия. Сыныбы |
10 а (ЖМБ) |
№ 47сабақ |
Күні: 1.03 |
Сабақтың тақыр-ы |
Мырыш және оның қосылыстары. №7 Зертханалық тәжірибе. Zn2+ ионын сапалық анықтау. |
|
Сілтеме |
1.Химия. Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық /Н.Н. Нұрахметов, Қ.Бекішев,Н.Заграничная, Г.В.Абрамова – Алматы: «Мектеп» 2014. Химия. Әдістемелік нұсқау.Н.Нұрахметов, Қ.Бекішев,Н.Заграничная Алматы:«Мектеп» 2014. |
|
Мақсаты |
Мырыш және оның қосылыстарының ерекшеліктерін, маңызын түсіну. |
|
Жалпы мақсат |
Тапсырмалар бойынша атқарушы ұғымын меңгерте отырып тапсырмаларды орындауға машықтандыру және тақырып ұғымын, түрлерін ажыратуға дағдыландыру. |
|
Күтілетін нәтиже |
Мырыштың биологиялық маңызын біледі. Мырыштың қасиеттерін, қосылыстарының негізгі ерекшеліктерін, физикалық, химиялық қасиеттерінің айырмашылықтарын ұғынады. |
|
Түйінді идеялар |
Мырыш, мырыш алдамшысы,цинкит, мырыш шпаты. |
|
Бағалау критерийлері |
Мырыштың периодтық жүйедегі орнына, атом құрылысын сипатауы Мырыштың табиғатта таралуын, алынуын білуі Мырыштың физикалық, химиялық қасиеттерін сипаттай алуы Мырыш және оның қосылыстарына берілген тапсырмаларды орындауы |
|
Дескриптор |
Мырыш элементіне сипаттама бере алады Мырыштың қосылыстарының формулаларын жаза алады Мырыштың химиялық қасиеттерінің реакция теңдеулерін есептер шығаруда қолданады |
|
7 модульдің қолданылуы |
АКТ”, «Диалогтік оқыту», “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”. |
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер |
Миға шабуыл, Өрмекшінің торы, ЖИГСО, Графикалық диктант, Сәйкестендіру, Венн жүйесі, Тест, Деңгейлік тапсырма, ойындар |
|
Сабақтың түрі |
Жаңа тақырыпты меңгерту |
|
Қолданылатын ресурстар |
Флипчарт, маркерлер, интерактивті тақта, стикерлер, ноутбук, №7 Зертханалық жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер |
|
Ұйымдастыру кезеңі 2 мин
Тренинг |
Сәлемдесемін. Сыныптағы оқушылардың келген-келмегендерін түгелдеймін. Барлық оқушыны түстерді таңдау бойынша топқа бөлемін. Әртүрлі түстерге байланысты мінездемелер оқып оқушыларға психологиялық ахуал туғызып аламын. |
Мұғаліммен сәлемдеседі. Сыныптың топ басшысы жоқтарды айтады.Түрлі түсті қағаздар бойынша топ құрып орындарына отырады |
Сабақ кезеңдері |
Тапсырма |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекет і |
|||
Білім Қызығушылықтарын ояту 5 мин |
«Миға шабуыл». Үй тапсырмасын «Өрмекшінің торы» әдісімен сұрақ- жауап түрінде сұрау.
|
Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы «Өрмекшінің торы» әдісімен диалогқа түсіру. Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру. 1.Мыстың периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы. 2. Мыс табиғатта қалай таралған ? 3. Мыстың физикалық қасиеттері қандай? 4.Химиялық қасиеттерін сипаттаңдар. 5.Тірі және өлі табиғатта мыс қандай рөл атқарады ? 6. Мыс қайда қолданылады ? 7. Мыстың маңызды қосылыстарын атаңдар ? 8.Мыс биологиялық рөлі қандай? 9.Мыс қосылыстары қалай анықталады? 10. Мыстың құймалары қалай аталады? |
Оқушылар сұрақтарға жауап жеке жауап береді
|
|||
|
|
|||||
Түсіну «Мағынаны тану» Жаңа сабақ. Жаңа тақырып бойынша постер қорғау 9 мин |
«Мағынаны тану». «Жигсо» әдісі б/ша р-элементтердің орны, олардың атом құрылысының ерекшелік-тері.Мырыш тақырыбын талқылап, қорғайды. |
Оқушылар көлемді мәтінді әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып топпен талқылайды, сосын топтар құрамы өзгертіліп, құрамында әр бастапқы топтан бір белсенді оқушы бар жаңа (сарапшылар тобы) топтар құрылды.Құрылған сарапшы топ берілген тапсырмаларды біріге талқылап орындайды Осыдан кейін олар өз топтарына қайта оралып, өздерінің бұрынғы топтағы достарына кезекпен өз жанұяларында түсінген материалдарын тиянақты түрде жеткізіп, үйрету 1-топ. «Мырыштың периодтық жүйедегі орны, табиғатта таралуы, алынуы». 2-топ. «Мырыштың физикалық, химиялық қасиеттері». 3-топ. « Мырыш қосылыстары және оның құймаларының қолданылуы, мырыштың биологиялық рөлі». |
Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап , өз ой-пікір лерімен санаса білу Топпен жұмыс жасау |
|||
|
|
1. Элементтің тарихы: 1721 жылы саксондық неміс металлургы И. Геннель ( М.В.Ломоносовтың ұстазы) кеннен таза мырыш алудың әдістерін тапқан. 2.Мырыштың жалпы сипаттамасы: +30Zn 1s22s22p63s23p63d10 4s2 3. Табиғатта таралуы. Жер қыртысындағы құрамы бойынша мырыш басқа элементтер арасынан 23-орын алады. ZnS – мырыш алдамшысы, ZnO – цинкит, ZnCO3 – мырыш шпаты (галмей) полиметалдық кені - Cu, Pb, Cd. 4. Алынуы. Кенді өртеу арқылы: 2ZnS + 3O2 → 2ZnO + 2SO2 Көміртекпен тотықсыздандыру: ZnO + C → Zn + CO Гидрометаллургия арқылы: ZnO + H2SO4 → ZnSO4 + H2О Электролиз кезінде түзіледі 2ZnSO4 +2H2О→2Zn+2H2SO4+ O2↑ |
||||
Қолдану 5 мин |
«Ой толғаныс» Есептер шығару ойыны бойынша сұрақ жауап жүргізу арқылы тақырыпты талдау
|
І-топ. Ойын: «Бағдарша қайда барасың». Орыны ауысқан химиялық формулалар мен олардың атауларын тауып, бағдарша арқылы сәйкестендіру керек. ZnS - галмей. ZnCO3 - натрий цинкаты Zn(ОН)2 - мырыш алдамшысы Na2ZnO2 - натрий тетрагидроксоцинкаты. Na2 [ Zn(ОН)4 ] - мырыш гидроксиді ІІ-топ. «Жоқты тап» ойыны.
CO2 О2 H2О
Zn
NaOH H2SO4
№7
Зертханалық тәжірибе Zn2+
ионын сапалық анықтау |
||||
Сергіту сәті 2 мин |
«Балапандар биі» жаттығу |
Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау |
Интербелсенді тақтадағы бейнероликтегідей жаттығулар жасайды. |
|||
Талдау 7 мин |
«Жарқыраған шың». (Есептер шығару). Оқулықпен жұмыс. Топтық жұмыс. Жұптық жұмыс |
«Жарқыраған шың». (Есептер шығару). Оқулықпен жұмыс. 5,6- жаттығуды оқушылар топ болып орындайды орындайды, деңгейлік тапсырманы оқушылар жұптасып орындайды. І топ.5- жаттығу. Zn → ZnSO4 → Zn ↓ ZnO → Zn ( NO3 )2 ІІ топ II-Деңгей. Массасы 200г 80%-тік мыс (II) сульфатының ерітіндісіне салынған темір тақташасында түзілген мыстың зат мөлшерін есептеңдер. CuSO4+ Fe → FeSO4 + Cu 200 ∙ 8 160г ——— 1 моль х = — —— = 16г CuSO4 16г —— х моль 100 х = 0,1 моль III-Деңгей. 15г мыс пен мырыш құймасын күкірт қышқылының ерітіндісімен өңдегенде 2,2 л (қ.ж ) сутек алынды. Осы құймадағы мыс пен мырыштың массалық үлесін (%) есептеңдер. 1. Cu + H2 SO4 → Zn + H2SO4 → ZnSO4 + H2 ↑ 65г 22,4л 6,38 65г Zn ——— 22,4 л Н2 w ( Zn ) = —— = 42,5% х г ——— 2,2 л 15 х = 6,38 г Zn m (Cu ) = 15 – 6,38 = 8,62 г 8,62 w( Cu ) = —— = 57,5% . 15 |
||||
Жинақтау 5 мин |
Графикалық диктант «Менің тұжырымым дұрыс па?»
«Венн диаграмма-сы» тақырыпты сабақты жинақтау |
Білімді тиянақтау. Менің тұжырымым дұрыс па? (дұрыс – қате ∩ ) 1. Мырыш ІІ топтың негізгі топшасында орналасқан 2. Сыртқы энергетикалық деңгейінде 2е- бар. 3. Мырыш жай заттармен әрекеттескенде тотықтырғыш қасиет көрсетеді. 4. Мырыш қиын балқитын металл. 5. Мырыш негіздік қасиет көрсетеді. 6. Zn атомы ядросының құрамында 30р, 35n бар. 7. Мырыш сумен әрекеттескенде гидроксид түзеді. 8. Мырыш қышқылдардан сутекті ығыстырады. 9. Мырыш азотпен сутекпен әрекеттеспейді. 10. Мырыш темірден жасалған бұйымдарға қорғаныш, қаптамалар жасау үшін қолданылады. Жауап: 1.∩ 2.– 3.∩ 4. ∩ 5.∩ 6. – 7.∩ 8 – 9.– 10. – Венн диаграммасы:Мыс пен мырышты салыстыру. |
Оқушылардың мақсаты берілген тапсырмаға өз ойларын жеткізе отырып тақырыпты сипаттау арқылы жинақтайды |
|||
5 мин |
Сабақты қорытындылау тест жұмысы
|
Тест 1. Zn атомының валенттік электрондарының конфигурациясын көрсетіңдер : А) 3d34s1 В) 3d104s2 С)4s24p5 Д) 3d74s2 2. Мыс концентрлі күкірт қышқылымен қыздыру арқылы әрекеттескенде түзілетін зат. А) CuSO4 В)CuO С)H2 Д)SO2 3. Табиғатта мырыш қандай қосылыс түрінде кездеседі. А) Zn(OH)2 В)Zn(NO3 С)ZnCI2 Д)ZnS 4. Мырыш апу үшін өндірісте тотықсыздандырғыш ретінде: А) сутек В) көміртек С)көміртек (II) оксиді Д) электр тогын қолданады 5. Мырыш гидроксиді әрекеттесуі мүмкін заттар: А)HCI В)O2 С)NaOH Д)NaNO3 6. Мырыштың мыспен құймасы: А)цинкаль В)жез С)қола Д)мельхиор 7. Қосылыстардағы мыс атомдарының тотығу дәрежесі. А) +2 В) +1 ж/е +2 С) +2 ж/е +3 Д) +1, +2 ж/е +3 8. Мырыш оксидінің сипаты: А)екідайлы В)қышқылдық С)негіздік |
||||
Бағалау |
Бағалау шкаласы мен бағалау парақтарын тарату |
Әр топқа бағалау парақтарын тарату, бағалау шкаласын тақтаға ілу керек Әр топ бағалау парақшасын өздерін бағалайды |
Әр топ бағалау парақшасын өздерін бағалайды |
|||
Кері байланыс |
|
Кері
байланыс: Сабақ
соңындағы оқушылармен кері байланыс:
«Даму
рефлексиясы»-оқушылардың
әрбірі төмендегі сөз тіркестерін
қалауымен таңдап,сөйлемді аяқтайды.
1.Мен
бүгінгі сабақта түсіндім...
2.Мен
үшін қиын болды...
3.Менің
бүгін үйренгенім...
4.Сабақ
мен үшін пайдалы болды,себебі...
5.Мені
мына жайттар қызықтырды...
Өзін-өзі бағалайды Смайликтер |
||||
Үйге тапс |
§6.3. 7– есеп Шығармашылық жұмыс: «Мырыш және адам организмі» |
|||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген