мысалы:Коучинг "Блум таксономиясының ҚМЖ құрудағы тиімділігі" мұғалімдерге арналған коучинг жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

мысалы:Коучинг "Блум таксономиясының ҚМЖ құрудағы тиімділігі" мұғалімдерге арналған коучинг жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл Коучинг жоспары мұғалімдерге арналған .ҚМЖ құруда осы "Блум таксономиясының"тиімділігі туралы айтылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Коучинг сабағының жоспары

Коуч Ж. Түрікбеналі

Сабақтың тақырыбы

"Блум таксономиясының ҚМЖ құрудағы тиімділігі" (коучинг)

Өткізілген уақыты

19.05.2017 ж

Сабақтың мақсаты

Нәтижеге бағытталған ойлаудың алты деңгейіне сай жоспар құруға дағды қалыптастыру;

ҚМЖ құруда Блум таксономиясы арқылы жоспарлай отырып, оқушыларды сын тұрғысынан ойлатуға ең тиімді тәсіл екеніне көз жеткізу.


Күтілген нәтиже

· Блум таксономиясы кестесін негізге ала отырып, ҚМЖ жасай алады

· Бағдарламаның жеті модулін біріктіретін тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлайды

Түйінді идеялар

· Мұғалімдер әр сабаққа нақты мақсат қоя білу керек

· Сын тұрғысынан ойлауды дамыту құралдарын қолданады.

Материалдар және ресурстар

Компьютер, интерактивті тақта.

Слайдтық таныстырылым , ҚМЖ және ОМЖ үздік үлгілері, плакаттар, маркерлер

Сабақ барысы:

Коучинг кезеңдері





Уақыт-90 м

Коучтің іс-әрекеті





Мұғалімнің

(тыңдаушының) іс-

әрекеті

Қолданылған құралдар

Сәлемдесу

«Комплимент-

тердің бұрқасыны»

(жағымды психологиялық

ахуал орнату)

5 минут

Бір параққа өздеріңіздің жақсы көретін адамдарыңыздан естігісі келген комплиментті жазасыздар, ол сөйлем түрінде болу керек. Жазып болған соң парақтарды умалақтап, домалақ қармен атқыласқандай оларды бір-біріңізге лақтырасыздар.

Мұғалімдер 1-1,5 минут ішінде бір парақ қағазға өздерінің жақсы көретін адамдарынан естігісі келетін комплиментті жазады. Қағазды умалақтап, бір-біріне лақтырады. Кезекпен комплименттерді оқып шығады

«Коучингке қош келдіңіздер!» слайды








Ақ қағаздар

Шағын топқа бөлу

3 минут

-Сабақтың сапалы өтілуі үшін бізге не қажет?

-Осы сөздердің арасынан ең маңызды үшеуін таңдап алайық (мақсат,әдіс-тәсілдер,нәтиже) Осы сөздер бойынша топтарға бөлінейік

Мұғалімдер үш сөзді кезекпен айтып, топтарға бөлінеді


Ой қозғау

10 минут

1-тапсырма. «Бала мен ойыншық»

Баланың іс-әрекетін ретімен айту. Мысалы, көреді....

1-сұрақ: Бала жаңа ойыншықты әкеліп берсе қандай әрекетке барады?

Білу: көреді

Түсіну: ойнайды

Қолдану: жүргізеді (атады)

Талдау: сындырады

Жинақтау: қайта жинайды (жөндейді)

Бағалау: басқа түрлі жаңа ойыншық сұрайды.

Коуч түсіндірмесі

- Ойландыңыздар. Бүгінгі коучингтің тақырыбы Сын тұрғысынан ойлау турасына болмақ.Яғни бала ойыншықты көргенде қандай әрекетке барса да ойлана отырып істейді. Сондықтан біз де сабағымызды жоспарлауда оқушыларды біртіндеп жеңілден күрделіге қарай ойландыруымыз керек. Бенджмен Блумның төрағалығымен жасалған ойлау деңгейі оқушылардың білім алуына үлкен үлес қосатынына сенемін.


Мұғалімдер өз ойларын айтып шығады

Интерактивті тақта, бейнежазба

Миға шабуыл

5 минут

«Қожа» фильмінен үзінді

Үзінді көріп, сұрақтар дайындайды


Таныстырылым

5 минут

1.Блум таксономиясы бойынша түсініктеме беру

Таныстырылым арқылы түсіндіру

2. . Фильм оқиғасы бойынша Блумның ойлау деңгейлеріне сәйкес сұрақтар

шығаруларыңызды сұраймын.

2. Өз құрастырған сұрақтарыңызбен салыстырыңыздар

Танысады.








Берілген етістіктерге сүйенеді.

Слайдтар

Топтық жұмыс

20 минут

-Бірлесе отырып бір сабақтың жоспарын «Блум таксономиясы» кестесі бойынша жасаңыздар.

-ҚМЖ бойынша өз пікірлеріңіз-

ді айтыңыздар.

-Бұрынғы өздеріңіздің жасап жүрген күнделікті сабақ жоспарларыңыз бен кесте бойынша жасаған ҚМЖ айыр-

машылығы қандай?

-Қайсысы нақты? Несімен мұғалімге тиімді? Сапалы білім

беруге ықпалы қандай?

Жеті модуль әдіс-тәсілдеріне және Блум таксономиясы

кестесіне сүйене отырып,ҚМЖ құрайды

/С. Торайғыров «Бір адамға» өлеңі/

ҚМЖ үлгілері, плакаттар, маркерлер

Сергіту сәті

15 минут

Бейнероликтегідей жаттығулар жасауға кеңес береді

Жаттығулар жасайды.


Рефлексия

5 минут

- Бүгінгі сабақта алған білімдеріңізді қай жерде, қалай қолданасыздар? Сол туралы жазыңыздар

Білім ағашына іледі.

А 4 қағаздары


















"Блум таксономиясының ҚМЖ құрудағы тиімділігі" тақырыбындағы коучингке рефлексия


Сабақты Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететін технологияның бірі. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні- оқушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады. Коучингтің негізгі мақсаты –мұғалімдерге БЛУМ таксономиясы туралы тұсінік беру.Коучингті топқа бөлуден бастадым.Нәтиже, мақсат деген сөздерді таңдаған әріптестерім 2 топқа бөлінді.Ой қозғау мақсатында бала мен ойыншық арасында қандай байланыс болу керектігін айтты. Мұғалімдер иновациялық технология бойынша білетіндерін еске түсіріп , стикерге жазып себетке салды. Миға шабуыл жасау үшін «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетілді.Мұғалімдерге алдарындағы қағаздың бір бөлігіне фильмнен көрініс бойынша сұрақтар жазу тапсырылды. Жазып болғаннан кейін презентация арқылы БЛУМ таксономиясы бойынша мағлұмат бердім. Презентациядан кейін сұрақты Блум таксономиясы жүйесіне салуды ұсындым.(БЛУМ өлшемдерін слайдпен көрсетіп қойдым). Олар өз түсінгендерімен жұмыс жасай бастады. Бір қызығы жұмысты жүйелеу арқылы да БЛУМ өлшемдері туралы тереңінен түсінді.Белгіленген уақыт біткен соң әр топ өз жұмыстарын қорғады.Қорғау барысында олар өздерінің практикадағы осы жұмысты алып бару барысындағы жіберген кейбір қателіктерінде айтып өтті. Жұмыс барысында мұғалімдердің интелектуалдылығы,зерттеушілік қабілеттіліктерінің жоғары екендігін байқадым.Олардың бұл қырынан танылуы, яғни сол қырлардың ашылуы менің жетістігім деп білдім.Содан соң блум жүйесі бойынша С.Торайғыровтың «Бір адамға» өлеңі таратылып, мазмұны түсіндірілді. Бірлесе отырып сабақтың жоспарын «Блум таксономиясы» кестесі бойынша жасады. Жұмыстарын қорғау барысында әркім өз пікірінде қалуға тырысты. Себебі барлық топтардың жоспарлары сапалы, құнды етіп түзілген.

Сонымен бұл сессияның қатысушылар үшін тиімді болғаны БЛУМ таксономиясы түсінік қалыптастырды, нәтижеге қол жеткізудің жолдарын үйренді. Мен үшін сессиядағы сәттілік коуч сессиясына қатысушылардың басым бөлігінің БЛУМ таксономиясы туралы аз да болса мағлұматтардың барлығы,тақырыптың қатысушылар үшін маңыздылығы.

Ж.Түрікбеналі





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
957
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі