Мустафаева Галия Елтаевна

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мустафаева Галия Елтаевна

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы тұлға жайлы менің ойларым
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырып «Абай шығармаларындағы тәрбие сипаты»


Аннотация.Абай.Құнанбаев шығармаларындағы бала тәрбисіндегі құндылықтар.

Тақырып өзектілігі:Бала өміріндегі ата-ананың,ұстаздың яки жақын туысының баланың білім алу жолына ықпалы?

Мақсаты мен міндеттері: Адамды рухани биіктерге жетелеп, болашаққа деген құштарлыққа ұмтылдырады, саналылыққа тәрбиелейді

Тұжырымдар: Абай шығармаларын насихаттай отырып балаға ой салу.


Тәрбие берудің ең көрнекті құралының бірі, амал-тәсілі әдебиет үлгілері, көр­кем шығармалар болған. Онда көрі­ніс табатын авторлық суреттемелер, жасалған образдар оқырманды ойға жетелейді, түрлі әсерге бөлейді. Тағы­лым­дық, танымдық қасиеттер бой көр­сетеді. Бұл орайда өзінің ағартушылық мақсатына сәйкес әдеби шығармаға тәрбие құралы ретінде қалам тартқан Абай өнегесі орасан зор. Бар сұлулықты, эстетикалық көркемдікті бойына жинаған Абайдың өлең жолдары кімді де болса рухани биіктерге жетелеп, болашаққа деген құштарлыққа ұмтылдырады, саналылыққа тәрбиелейді. Бұл құндылықтар дарынды ақынның сөз шеберлігі, даналық ойлары, парасаттылығы арқылы ерекше сұлуланып, өзгеше биікке көтерілген. Өр ұғым, өр қағида бүкіл адамзаттың жүрегіне жол тауып, есінде мәңгі сақталатындай қалыпқа келген.

Біреу шаруаға, біреуі басқаға бейім болады. Кеңес кезінде бейіміне қарай кейбір жігіттерді шаруашылық басқаруға малдың айналасына жіберсе, кейбірін университетке түсіп ары қарай ғылым жолында ізденуге жағдай жасалды.

Осы тұста да Абайдың мысалын айта кету артық емес. Абай баласы Мағауияны он төртке келгенде Семейге оқуға жібергенде Ысқақтың ұлы Кәкітайды да оқытпақ болады. Сонда Ысқақтың әйелі: "Өзіңнің ел басқару жұмысынан қолың босамайды, мал мен шаруаға кім қарайды?" деп, Кәкітайды оқуға жіберткізбей қояды. Сонда Кәкітайдан үлкен үміт күткен Абай Ысқаққа ренжіп: "Сен қатыныңның тіліне еріп, мына адам болайын деп тұрған Кәкітайды оқудан қал­дырдың. Енді бұл баланы мен өз тәрбиеме аламын. Сенің мұнда жұмысың болмасын" депті. Енді бұл бауырмалдық, бір жағынан, жанашырлық Абайға тән қылық. Міне, сөйткен Кәкітай Абайдың қасында 24 жыл жүріп оқыған, көп дүниені үйренген. Кейін Абайдың алғаш өмірбаянын жазып, тұңғыш жинағын жасап, қанша азапқа түсіп жүрген де – осы Кәкітай. Біздің осы күнгі оқып жүрген Абай шығармалары сол Кәкітайдың арқасында бізге жетті деуге болады. Мұны қолынан іс келерлік баланы тану дейік.

Оқи отырыңыз: Абай қандай қазақты көргісі келді?

Абай баланы қалай тәрбиеледі?

Бірінші. Балаңды тәрбиелеме, өзіңді тәрбиеле.

Өзің үлкен, қылығы бала-шаға,

Балаша мәз болады тамашаға,

Әкесі ұрысса балаға ол да достық,

Баласы ұрысса әкеге жараса ма?

Осыны айтып отырған Абайды баяғы советтік идеологияның екпінімен Құнанбаймен салғыластырып қоятын жағдай болды. Әрине, ол қиянат өзін-өзі ақтады. Ондай болмаған жағдайда Абайдың тұлғасы сол кездегі советтік идеологияда жалау болар ма еді, болмас па еді? Енді ол басқа сөз. Мысалы, өзі үлкен, қылығы бала-шаға әке балаға не тәрбие беріп жарытуы мүмкін? Оның "балам, өйт, бүйт" дегені оған жұға ма? Үйіңде кешкілік бір кітаптың бетін ашпасаң, өзіңнің біліммен шаруаң болмай, "балам, оқы, қазір білімнің заманы" деп көсемсігенің кімге тәрбие? Өзің бажылдап ұрсып, ақкөз боп ашуланып жатсаң, "балам, сабырлы бол, байыпты бол" деп айтқаның қандай нәтиже береді?

Абай: "Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады?" дей келіп, "Артымнан құран оқысын деп тілейді" дейді. "Артымнан балам құран оқысын десең, тірлікте өзіңнің жақсылық қылған кісің көп болса, кім құран оқымайды? Егер жаманшылықты көп қылған болсаң, балаңның оқыған құраны сені неге жеткізеді? Тірлікте өзіңе-өзің қылмаған істі өлген соң саған балаң кәсіп қылып бере ала ма?" дейді. Демек, алдымен өзің жақсы болуың керек. Сонда балаң өзі-ақ жақсы болады. Бірінші өзіңді тәрбиеле. Міне, Абайдың бала тәрбиесіндегі әуелгі ұстанымы – осы. Бүкіл данаға тән, кез келген нәрсенің өзегінен дөп басатын Абайдың даналығына тәнті боласыз.

Екінші. Қызықтыр. Ғылым, білімге үйір қыл.

Абай отыз сегізінші қара сөзін бастағанда "Ей, жүрегімнің қуаты, перзенттерім! Сіздерге адам ұлының мінездері туралы біраз сөз жазып қалдырайын" дейді. Жүрегіндегі ең қымбат нәрсесін адам әдетте баласына арнайды. Өйткені, өзінің қолы жетпеген бүкіл нығмет атаулыға баласы жетсе деген ниет – кез келген әкеде болады. Ары қарай: "Әуелі Алланы таны" деп келеді де, одан кейін: "адамның адамдығы ақыл, ғылым деген нәрселермен" деп айтады. Енді соны қалай үйретеміз дегенде: "Ғылым-білімді әуел бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпенен яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша" деп кеңес береді.

Біз не істейміз? Үйде айтатынымыз: "Сабағыңды оқыдың ба?", "Бар, сабағыңды оқы", "Қанша алдың бүгін?". Мектепте айтылатыны: "Балалар бүгінгі тақырып мынадай, мынадай. Үйге тапсырма мынадай, мынадай".

Енді сол бала ғылымға үйір бола ма? Біздің баланы білімге бар қызықтырғанымыз – баға. Оқысаң, бес қоямын, оқымасаң, екі қоямын. Тоқсан пайыз оқушы да, тоқсан пайыз мұғалім де сондай. Мен азайтып айтып отырмын. Ғылымға, білімге алдап, қызықтырып үйірсек қылатын мұғалімдер жоқ емес, бар. Бірақ, Абай айтпақшы, "кейбіреуі болмаса, анда-санда".

Абай балаларын молдаға оқытқан, сосын қалаға оқуға берген. Өзінің ғана емес, бауырларының балаларының оқуына себепші болған. Сол кезде Абайдың бір дағдысы – оқып жүрген балаларды жинап алып, не оқып жүргендерін сұрап, бір-бірімен білім жарыстыртып, мақтап, олардың оқу процесіне өзі араласып жүрген. Қазіргі ата-ананың оқу процесіне араласуы – қиын есебін чатқа жіберіп шығартып беруден, мұғалімнің мейрамына сыйлыққа ақша жиюдан аса алмай жүрген сияқты көрінеді.

Қызықтыру демекші, осы күні не көп, балалардың білім беру жүйесінде ақыл айтатын адам көп. Соған да үңіліп жатамыз. Көп жағдайда орыс ғалымдарының ішінде Шаталовтың, Макаренконың, кейін Эрик Эриксон, Жан Пиаже, Сухомлинскийдің сөзін айтамыз. Батыстың орта білім жүйесіндегі методикалардың бәрі ойнатып оқыту, еркін оқыту, қинамай, шаршатпай оқыту дегенге баса мән береді. Абай айтпақшы, басынан-ақ зәрезап болмай, алданып үйренсе, үйрене келе өзі ізденіп кетеді дегенді бүгінгі методистердің бәрі айтып жүр.

Қазіргі психология не дейді? Дискурс деген ұғым бар: сөз арқылы әсер ету. Мысалы, бір үйде екі бала болып, бірінің мінезі сәл ауырлау болса, тумысынан оны "бұл момын, жуас, бос" деп айта бересің, анау түбегейлі сондай сылбыр, босбелбеу боп өседі. Екінші бала пысықтау болса, "бұл клоун, тентек, оқымайды, бұл әртіс" деп айта бересің, анау шынында "мен бұзық екенмін" деп бұзықтығы тереңдей береді. Сол үшін баланың кемшілігін оның лақабы қылып, негізгі сипаты қылып таңба дейді. Абайдың "Кәпір, қияңқы, осыған тимеңдерші деп, оны әбден масаттандырып, тентектікке үйретіп қоясыңдар" дегені сол дискурспен үндесіп жатыр. Қазіргі заманауи ғалымдардың Абайдың айтқанынан асып жатқан ештеңесі жоқ.

Абай – реалист. Жасыратыны жоқ, бізде өмірдегі бүкіл қызықты тек балаға тіреп тастайтын жасырын емес

. Жоқ, өмірде қызық көп. Бірақ соның ішінде аса маңыздысы – ұрпақ, бала. Абай әр нәрсенің шынайы, нақты бағасын береді. Сондықтан да, бар қызығы демейді, бір қызығы дейді. Сөйтеді де, "баланы оқытуды жек көрмедім" дейді.

"Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Екіншісі білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дейді". Бұл да Абайдың сөзі. Осы екі типтегі баланы қайтсек адам қылмақ керек?

"Әке – балаға сыншы". Құнанбайдың өзі Абайға сыншы болған. Абайдың ыстығы көтеріліп ауырған кезде Құнанбайдың "Абайжанның бар қуаты ішінде еді, сыртына шығыпты. Ешкімге көрсетпеңдер" деп айтатын сөзі бар. Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға бергенінде "Не күтсеңдер де, мына жаман қарадан күтіңдер" дейтіні де оның сыншылығына мысал бола алады.

Шындығында баланың мінез-құлқын, бейімін тану – үлкен іс. Бұл баланың келешектегі бағыт-бағдарын анықтамаққа керек. Біз мұны қазір туғанынан көз алдында өсіп, күнде көріп жүрген ата-ана емес, мұғаліміне немесе өмірі көрмеген, танымайтын психолог деген мамандарға тапсырып қойдық. Әрине, олардың кеңесі керек емес деген сөз жоқ. Бірақ, оны әкесі мен шешесіндей кім таниды? Ата-анасындай кімнің балаға жаны ашиды? Баланың қандай күйде жүргенін психолог білетіндей көреміз. Осы рас қой? Рас.

Сыншы дегені сынау емес, тану екені түсінікті. Баланың бейімін танымасақ, музыкаға бейім баланы спортқа, оқуға бейім баланы әнге әуес қылуға қинап, оның әуелдегі қызыққан дүниесіне ұмтылысын мұқалтып аламыз. Барлық бала оқуға бейім бола бермейді. Біреуі шаруаға, біреуі басқаға бейім болады. Кеңес кезінде бейіміне қарай кейбір жігіттерді шаруашылық басқаруға малдың айналасына жіберсе, кейбірін университетке түсіп ары қарай ғылым жолында ізденуге жағдай жасалды.

Осы тұста да Абайдың мысалын айта кету артық емес. Абай баласы Мағауияны он төртке келгенде Семейге оқуға жібергенде Ысқақтың ұлы Кәкітайды да оқытпақ болады. Сонда Ысқақтың әйелі: "Өзіңнің ел басқару жұмысынан қолың босамайды, мал мен шаруаға кім қарайды?" деп, Кәкітайды оқуға жіберткізбей қояды. Сонда Кәкітайдан үлкен үміт күткен Абай Ысқаққа ренжіп: "Сен қатыныңның тіліне еріп, мына адам болайын деп тұрған Кәкітайды оқудан қал­дырдың. Енді бұл баланы мен өз тәрбиеме аламын. Сенің мұнда жұмысың болмасын" депті. Енді бұл бауырмалдық, бір жағынан, жанашырлық Абайға тән қылық. Міне, сөйткен Кәкітай Абайдың қасында 24 жыл жүріп оқыған, көп дүниені үйренген. Кейін Абайдың алғаш өмірбаянын жазып, тұңғыш жинағын жасап, қанша азапқа түсіп жүрген де – осы Кәкітай. Біздің осы күнгі оқып жүрген Абай шығармалары сол Кәкітайдың арқасында бізге жетті деуге болады. Мұны қолынан іс келерлік баланы тану дейік.

Оқи отырыңыз: Абай қандай қазақты көргісі келді?

Абай баланы қалай тәрбиеледі?

Бірінші. Балаңды тәрбиелеме, өзіңді тәрбиеле.

Өзің үлкен, қылығы бала-шаға,

Балаша мәз болады тамашаға,

Әкесі ұрысса балаға ол да достық,

Баласы ұрысса әкеге жараса ма?



Осыны айтып отырған Абайды баяғы советтік идеологияның екпінімен Құнанбаймен салғыластырып қоятын жағдай болды. Әрине, ол қиянат өзін-өзі ақтады. Ондай болмаған жағдайда Абайдың тұлғасы сол кездегі советтік идеологияда жалау болар ма еді, болмас па еді? Енді ол басқа сөз. Мысалы, өзі үлкен, қылығы бала-шаға әке балаға не тәрбие беріп жарытуы мүмкін? Оның "балам, өйт, бүйт" дегені оған жұға ма? Үйіңде кешкілік бір кітаптың бетін ашпасаң, өзіңнің біліммен шаруаң болмай, "балам, оқы, қазір білімнің заманы" деп көсемсігенің кімге тәрбие? Өзің бажылдап ұрсып, ақкөз боп ашуланып жатсаң, "балам, сабырлы бол, байыпты бол" деп айтқаның қандай нәриже береді?

Абай: "Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады?" дей келіп, "Артымнан құран оқысын деп тілейді" дейді. "Артымнан балам құран оқысын десең, тірлікте өзіңнің жақсылық қылған кісің көп болса, кім құран оқымайды? Егер жаманшылықты көп қылған болсаң, балаңның оқыған құраны сені неге жеткізеді? Тірлікте өзіңе-өзің қылмаған істі өлген соң саған балаң кәсіп қылып бере ала ма?" дейді. Демек, алдымен өзің жақсы болуың керек. Сонда балаң өзі-ақ жақсы болады. Бірінші өзіңді тәрбиеле. Міне, Абайдың бала тәрбиесіндегі әуелгі ұстанымы – осы. Бүкіл данаға тән, кез келген нәрсенің өзегінен дөп басатын Абайдың даналығына тәнті боласыз.

Екінші. Қызықтыр. Ғылым, білімге үйір қыл.

Абай отыз сегізінші қара сөзін бастағанда "Ей, жүрегімнің қуаты, перзенттерім! Сіздерге адам ұлының мінездері туралы біраз сөз жазып қалдырайын" дейді. Жүрегіндегі ең қымбат нәрсесін адам әдетте баласына арнайды. Өйткені, өзінің қолы жетпеген бүкіл нығмет атаулыға баласы жетсе деген ниет – кез келген әкеде болады. Ары қарай: "Әуелі Алланы таны" деп келеді де, одан кейін: "адамның адамдығы ақыл, ғылым деген нәрселермен" деп айтады. Енді соны қалай үйретеміз дегенде: "Ғылым-білімді әуел бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпенен яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша" деп кеңес береді.

Біз не істейміз? Үйде айтатынымыз: "Сабағыңды оқыдың ба?", "Бар, сабағыңды оқы", "Қанша алдың бүгін?". Мектепте айтылатыны: "Балалар бүгінгі тақырып мынадай, мынадай. Үйге тапсырма мынадай, мынадай".

Енді сол бала ғылымға үйір бола ма? Біздің баланы білімге бар қызықтырғанымыз – баға. Оқысаң, бес қоямын, оқымасаң, екі қоямын. Тоқсан пайыз оқушы да, тоқсан пайыз мұғалім де сондай. Мен азайтып айтып отырмын. Ғылымға, білімге алдап, қызықтырып үйірсек қылатын мұғалімдер жоқ емес, бар. Бірақ, Абай айтпақшы, "кейбіреуі болмаса, анда-санда".

Абай балаларын молдаға оқытқан, сосын қалаға оқуға берген. Өзінің ғана емес, бауырларының балаларының оқуына себепші болған. Сол кезде Абайдың бір дағдысы – оқып жүрген балаларды жинап алып, не оқып жүргендерін сұрап, бір-бірімен білім жарыстыртып, мақтап, олардың оқу процесіне өзі араласып жүрген. Қазіргі ата-ананың оқу процесіне араласуы – қиын есебін чатқа жіберіп шығартып беруден, мұғалімнің мейрамына сыйлыққа ақша жиюдан аса алмай жүрген сияқты көрінеді.

Қызықтыру демекші, осы күні не көп, балалардың білім беру жүйесінде ақыл айтатын адам көп. Соған да үңіліп жатамыз. Көп жағдайда орыс ғалымдарының ішінде Шаталовтың, Макаренконың, кейін Эрик Эриксон, Жан Пиаже, Сухомлинскийдің сөзін айтамыз. Батыстың орта білім жүйесіндегі методикалардың бәрі ойнатып оқыту, еркін оқыту, қинамай, шаршатпай оқыту дегенге баса мән береді. Абай айтпақшы, басынан-ақ зәрезап болмай, алданып үйренсе, үйрене келе өзі ізденіп кетеді дегенді бүгінгі методистердің бәрі айтып жүр.

Үшінші. Балаңды бұзба. "Десін десін" деп, "демесінді" ұмытпа.

Баланың бұзық, сотқар, өтірікші, қу, сұм болуы неден? Тәрбиеде ағаттық жіберген тұсымызды тапсақ, орнын түзей салу оңай сияқты көрінеді. Ал егер қателік о баста кеткен болса ше? Анау қайнар көзінен кетсе, оның орнын толтыруға бола ма? Абай айтады: "Әуелі балаңды өзің алдайсың: "Әне, оны берем, міне, мұны берем" деп. Басында балаңды алдағаныңа бір мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің?". Өтірікші мен сужұқпастың пайда болуының түптамыры қайда жатқанын осыдан аңғара беріңіз. Бала не білер дейсің деп, оған өтірік айта салуға болмайды. Ол кейін мінезінен бұлтиып шығып тұрады. Міне, тәрбиенің көкесі. Ұсақ-түйек секілді, бірақ, бәрімізде бар кемшілік. Абай бейне бір біздің "ұрлығымыздың" үстінен түскендей

боп тұрады.


Пайдаланылған дереккөздері мен әдебиеттер тізімі:



1.Egemen Qazaqstan газеті 05 наурыз 2020ж [https://egemen.kz/amp/article/223322- abay-shygharmalaryndaghy-tarbie-sipaty]

2. «Абай» Өлеңдер. ЖАЗУШЫ БАСПАСЫ Алматы. 1976ж









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.03.2025
288
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі