Материалдар / "Мысық пен мақрта қыз" технологиялық карта
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мысық пен мақрта қыз" технологиялық карта

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың сөйлеу қабілетін дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2018
1027
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбиеші: Райханова Г.Д.

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы:Мақта қыз бен мысық

Мақсаты:

а) білімдік: Балаларға ертегіні түсіндіріп айта отырып, негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Қоршаған орта жайлы білімдерін кеңейту.

Ойлау,есте сақтау, ескетүсіру қабілеттерін қалыптастыру. Топпен жұмыс жасай білуге, өзіндік жұмыс істеуге, ойлауға үйрету.

ә) тәрбиелік:Экологиялық тәрбие беру, адамдардың жануарларға көрсететін көмегін айта отырып, балаларды қайырымдылыққа баулу.

Адам бойына жат қасиет тілазарлықтан аулақ болып, кешірімді болуға тәрбиелеу.

б) дамытушылық:Сын тұрғысынан ойлауын, сөздік қорларын,тіл байлығын,шығармашылық қабілеттерін дамыту

Ауызекі сөйлеу тілін дамыту.

Алдынала жүргізілген жұмыс түрі: Ертегі мазмұнымен таныстырып, түсіндіру.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Енгізу

Дәлелді ояту

І. Шаттық шеңбері.


II. Қызығушылықтырын ояту.

Жаңылтпаш айту.

Қызым жүзім же,

Жүзімді үзіп же.


Ой қозғау.

-Жаңылтпаш не туралы айтылған?

Жүзім көкөніспе, жеміспе? Ол қайда өседі? Бақтама, бақшада ма?

Жүзім туралы түсінік беру.

Осы кептірілген жүзімнен не жасаймыз?

Сөздік жұмыс жүргізу. Мейіз

Балалардың ойын толықтырып, қорытындылау.



Шеңберде тұрып өлең жолдарын

қимылмен көрсету.

Шаттық шеңбері.

Бала, бала, баламыз,

Бақшамызға барамыз. Күні бойы қызыққа

Батамыз да қаламыз.









Сөздікжұмыс.

Мейіз қара және сұры болады. Мейізді кептірілген жүзімнен жасайды.





Ұйымдастыру - іздену

1 Ой дамыту.

Мақтақыз бен мысық ертегісі.

Ертегі желісін көгілдір экран арқылы көрсетіп, түсіндіру.



Сұрақ- жауап.

Мақтақыз үй жинап жүріп не тауып алды?

Мысықты неге шақырды?

Мысық келді ме?

Мақтақыз сосын мейізді не істеді?

Мысық оның қатығын неге төкті?

Сөздік жұмыс жүргізу. Қатық.

Ашуланған қыз мысыққа не істеді?

Құйрығынан айрылған мысық қандай күйге түсті?

Мақта қыз оған қандай тапсырма берді?

Тапсырманы орындау үшін мысық қайда келді?


1.1.Сиырға келді.

Мысық: Сиыр, сиыр сен маған сүт берші, мен оны Мақта қызға апарып беремін.

Сиыр: саған сүт керек болса менің тапсырмаларымды орында.

Мысық: Жарайды, бірақ маған кім көмектеседі екен? Балалардан көмек сұрау.

Тапсырма: Қандай үй жануарларын білесіңдер?

Балалардың жауабы.

Сұрақ: Үй жануарларының қандай пайдасы бар? Мыс: сиыр бізге не береді?

Балалардың жауабы. Экраннан көрсету.


2-тапсырма: Енді маған жапырақ әкеліп бер, сосын саған сүт берем.

Сұрақ –жауап.

Мысық жапырақ әкелу үшін қайда келді.

Балалардың жауабы.


1.2.Талға келді.

Мысық: Тал, тал сен маған жапырақ берші, мен оны сиырға апарып беремін.

Тал: Егер саған жапырақ керек болса менің тапсырмаларымды орында.

Мысық: Жарайды, бірақ маған кім көмектеседі екен? Балалардан көмек сұрау.

1-тапсырма: Өсімдіктер не үшін керек?

Оларды өсу ретімен ата. (тамыр, дің, бұтақ, жапырақ)

Экраннан көрсету.



2-тапсырма: Мен қатты шөлдеп тұрмын. Маған су әкеліп берші, сосын саған жапырақ беремін

Сұрақ жауап. Мысық су іздеп бара жатып кімдерді көрді?


1.3. Қыздарға кездесті.

Мысық: Қыздар, қыздар сендер маған су беріңдерші, мен оны талға апарып беремін.

Қыздар: Егер саған су керек болса біздің тапсырмаларымызды орында.


Мысық: Жарайды, бірақ маған кім көмектеседі екен?Балардан көмек сұрау.

1-Тапсырма: Су не үшін керек, бізге су туралы тақпақ айтып бер.

Балалардың жауабы.

Сергіту сәті ретінде тақпақты қимылмен көрсету.

2- тапсырма. Сен бізге сағыз әкеліп бер, сосын біз саған су береміз.

Сұрақ жауап.

Мысық сағыз іздеп қайда барды?

1.4. Дүкеншіге келді.

Мысық: Дүкенші, дүкенші маған көмектесіңізші , маған сағыз керек мен оны қыздарға беремін.

Дүкенші: Егер саған сағыз керек болса менің тапсырмамды орында.

Мысық: Жарайды, бірақ маған кім көмектеседі екен?Менің достарым бар екн ғой.

1-тапсырма:Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?

Сағыз қандай пішінге ұқсайды? Балалардың жауабы.


2- тапсырма: Енді менен сағыз алғың келсе, орнына сатуға жұмыртқа әкеліп бер, сонан соң мен саған сағыз беремін.

Сұрақ жауап.

Мысық жұмыртқа іздеп қайда барды?


1.5. Тауыққа келеді.

Мысық: Тауық, тауық маған көмектесші, маған сенің жұмыртқаң керек мен оны дүкеншіге беремін.

Тауық: Егер саған жұмыртқа керек болса менің тапсырмамды орында.

Мысық: Жарайды, маған балалар көмектеседі.

1-тапсырма: Үй құстарын ата, олардың қандай пайдасы бар?

Балалардың жауаптары: Бізге жұмыртқа, ет береді, жүнін жастықтың, киімнің ішіне саламыз.


2- тапсырма: Менің қарным ашып тұр маған тары әкеліп берші, сосын саған жұмыртқа беремін.

Сұрақ жауап.

Мысық тары табу үшін не істеу керектігін ойланды, ал оның ойына не түсті?






1.6. Тышқанға келді.

Мысық: Ініне қарай жүгіріп бара жатқан тышқанды көріп, тоқта, тоқта тышқан сені көргенім қандай жақсы болды. Сен маған тары тауып берсең, мен сені жемеймін.

Тышқан: Жарайды ендеше менің інімде бір табақ тары бар еді соны берейін.

Қуанған мысық тарыны неге береді. Тауыққа.

Бірақ тары мен бұршақ араласып кетіпті, қане мысыққа көмектесіп, тарыны бұршақтан айырып алып берейік

Мысықтың тапсырмаларды орындап кері қайтуы үшін жаттығу түрлерін жасау .

Тауыққа тарыны беру. Дид ойын: «Кім тапқыр?»

Саусақ моторикасын дамыту жаттығуы. Дәндерді саусақпен ұстап сезу арқылы табу. Бұршақ пен тарыны айыра білу.



Дүкеншіге жұмыртқаны береміз

Тіл ұстаарту жаттығуы.

Ық , ық, ық

Жұмыртқа берді тауық.

2-3 рет қайталау.




Қыздарға сағыз береміз. Сағыз шайнап үйренеміз

Жақ бұлшық еттеріне арналған жаттығу . Сағыз болып созылу.



Талға су құямыз. Тыныс алу жаттығуы. Стакандағы суды түтікше

арқылы үрлеу.




Сиырға жапырақ береміз. Тыныс алу жаттығуы. Ұзын жіп бойына жапсырылған жапырақтарды қағаз бетіне жапсырылған талдың үсіне қойып үрлеу.






Айранның майын алуға Мақтақызға көмектесейік. Айранның майын піскекпен аламыз. Сөздік жұмыс жүргізу. Піскек. Алақан бұлшық еттеріне жаттығу.

Карандаштарды алақан арасына салып айналдыру.




Мақтақыз мысықтың құйрығын қайтарып берді. Енді мысыққа көмек керек. Дид ойын: «Мысыққа көмек»








































Үй жануарларын дұрыс атай білу. Олардың беретін пайдасы туралы ойларын толық жеткізе білу.















Өсімдіктер туралы өз ойларын дұрыс айта білу.

Қойылған сұрақтарға толық жауап бере білу.

















Су туралы өз ойларын толық жеткізу. Судың қасиеттерін айта білу. Су адамдарға, жануарларға, құстарға, өсімдіктерге өте қажет.

Сусыз тіршілк жоқ.


Тақпақты бәрі бірге айту.


Бала пішіндерді дұрыс айтау. Сағыздың қандай пішіндерег ұқсас екенін айыра білу.




Үй құстарының аттарын дұрыс айта білу.Адамдарға беретін пайдасын айту.

Бізге жұмыртқа, ет береді, жүнін жастықтың, киімнің ішіне саламыз.






Сабаққа қызығушылық таныту.


Берілген тапсырмаларды бірге орындау.


Тапқырлық, шапшаңдық көрсету.


Дәндерді айырып аттарын атау.


Ірі және майда сөздерін дұрыс түсіне білу.


Өз ойларын ашық айту


Тәрбиешінің тапсырмасын түсініп орындау.











Жаттығуды дұрыс айта білу.

Дыбыстарды анық айту.









































Сөздік:

Қатық : Ұйытылғын сүт. Сүттің жылы кезінде үстіне кішкене айран құйып бетін жауып қойсақ, ол сәлден соң ұйып қатық болады, сонымен қатық дегеніміз ұйыған сүт.






































































Тақпақ. Су.

Сылдырлайды мөлдір су,

Мөлдір суға қолыңды жу

Жуынсаң сен әрдайым,

Әппақ бетің, маңдайың.

Тазалықтың досы,

Су дегенің







Рефлекстік түзету

Сабақты қортындылау. Сұрақ – жауап. Балаларды мадақтау.

Жұлдызша тарату.





Күтілетін нәтиже:

1.Білуі:Ертегі мазмұнын толық түсінеді және өз ойымен жеткізуді біледі.

2. Игеруі:Тілазарлық-жат қасиет екенін түсініп, адамгершілік қасиеттерді игереді.

3.Меңгеруі:Ауызекі сөйлеу,ойын еркін жеткізу дағдысын және дидактикалық материалдармен жұмыс жасауды, берілген жаттығуларды дұрыс жасап оның пайдасын меңгереді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!