400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Мысықпен танысу

Материал туралы қысқаша түсінік
Үй жануарлары жайында әңгімелесу арқылы, балалардың түрлі әрекеттердегі және алуан түрдегі ауызша және байланыстыра сөйлеулерін дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картсы

Күні:15.01.2019ж

Білім беру саласы: Коммуникация

Оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Мысық

Мақсаты: Үй жануарлары жайында әңгімелесу арқылы, балалардың түрлі әрекеттердегі және алуан түрдегі ауызша және байланыстыра сөйлеулерін дамыту

а) Балаларды үй жануары – мысық туралы әңгімелей білуге үйрету.

ә) 2–3 сөзден тұратын сөйлем құрату арқылы ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.

б) Жануарларға деген қамқорлық сезімдерін ояту

Сөздік жұмыс: Мысық

Көрнекіліктер: сүт ішіп отырған мысықтың суреті. Ойыншық үй жануарлары

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап

Қызмет

кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың

қызметі


Мотивациялық -

Қозғаушылық


Балалармен сәлемдесіп, шаттық шеңберін жасайды.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан күнге!



Қуана қимыл-қозғалыстармен шаттық шеңберін жасайды

Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Балаларды отырғызып, көңілдерін алдарындағы ойыншықтарға аударады.

– Балалар, осы ойыншықтарды білесіңдер ме?

– Мынау не? Ал мынау ше?

– Балалар, бұлар қандай жануарлар?

Үй жануарларының пайдасы, түрлері туралы сұрайды. Төлдері туралы сұрайды.

–Ат, сиыр, қой, – үй жануарлары. Балалар үй жануарлары туралы білетіндерін айтады, бір-бірінің жауаптарын толықтырады. Сүт ішіп отырған мысықтың суретіне қарауды ұсынады..

– Мынау – мысық.

Мысық сүт ішіп отыр. Себебі мысық сүтті жақсы көреді. Мысықтың түсі қара, екі көзі, екі құлағы, төрт аяғы, құйрығы бар.

Е. Елубаевтың «Ала мысық» өлеңін оқып береді.

Беті-қолын жуады.

Тышқандарды қуады,

Тазалықты сақтайды,

Апам оны мақтайды

– Балалар, мысық қалай дыбыстайды? (Мияу, мияу).. Балалардан мысыққа қалай күтім жасайтынын сұрайды, білмесе айтады

Сөздік жұмыс: Мысық

Сергіту сәті

Тікірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып, керіліп,

Беті-қолын жуады.

«Мысық пен тышқан» қимылды ойыны»

Мысық, мысық ұйықтайды,

Тышқан, тышқан жорғалайды: пи-пи


Ойыншықтарға қуанады.






Балалар суретке қызыға қарайды


Мұқият тыңдайды

Мысық туралы білуге талпынады.



Өлеңнің мазмұнын түсінуге тырысады



Балалар мысықтың дыбысын салады



Қайталайды





Ойынды қызығып ойнайды


Рефлексивтік-

Түзетушілік


Балалардың жауаптарын қорытады, білмегендерін үйретеді.

Тілдері келмеген кейбір сөздерді қайталатады.

Мысалы: мысық, мияулайды т.б.




Балалар мысық туралы біледі.


Дұрыс айтып үйренеді

Күтілетін нәтиже


Нені білу керек: мысық туралы 2–3 сөйлемнен тұратын қысқа әңгіме құрастыра

білу дағдысын;

Нені игерді: мысық туралы

Нені білді: мысықтың қалай дыбыстайтынын


Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Мусабаева Раушан

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
604
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі