400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Мысықпен танысу

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша 1-кіші топ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бірінші кіші «Айналайын» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.



Тәрбиеші:Муканова Д.Д.

Күні: 03.01.2019ж.

Білім беру саласы: Таным. Жаратылыстану

Өтпелі тақырып: «Қар не үшін керек?»

Тақырыбы : «Мысықпен танысу» (сурет арқылы)

Мақсаты: Мысықпен және оның балаларымен таныстыру.

Тәрбиелік: Үй жануарларына сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу

Оқыту: Оларды суреттен тауып алып, дұрыс айтуға үйрету.

Дамытушылық : Сөздік қорларын дамыту (мысық-марғау, мияулайды)

Әдіс-тәсілдер: көрсету,түсіндіру,сұрақ жауап, әңгімелесу,ойын.

Ресурстармен қамтамасыз ету: мысық ойыншығы, суреттер, себет, жіптер.

Сөздік жұмыс: үй жануарлары деген сөздің мағынасын ашу.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса,

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса.

Балалармен айту

2 Негізгі бөлім. Балаларға мысық қонаққа келеді. Тәрбиеші мысықпен таныстырады.

-Бүгін үй жануарларының бірімен танысамыз. Мына үй жануарлары суретінің ішінен мысықты кім көрсетеді. (суретпен жұмыс)

Мысық еркелегіш, балалармен ойнағанды, және сүт ішкенді ұнатады. Мысық тышқан аулайды (әңгімелесу)

Мысық қалай дыбыстайды? Мияу. Мысықты «кис - кис» деп шақырып, сипап, кішкене сүт береміз.  

Құлақтары тікірейген, құйрығы ұзын мына суреттегідей.

Сергіту сәті:

Пеш үстінде мысық отыр,

Бір көзін қысып отыр.

Тышқан етін жегісі кеп,

Тісі оның қышып отыр.

Ойын: «Жіп шатастыру». Жіптерді домалатып, шатастырып ойнайды. Ойын шарты: «1, 2, 3 ойынға түс!» - дегенде мына себеттегі жіптерді шашып домалатып жібересіңдер, сосын оларды тауып қайтадан себетке тезірек жинайсыңдар. Кім тез жинаса, сол жеңімпаз мысық болады

3. Қорытынды: Мысық не жейді?

Мысық қалай дыбыстайды?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
621
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі