"Мысықтың ізі" ашық сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мысықтың ізі" ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сенсорлық технологиясын пайдаланып, саусақпен сурет салуға үйрету. Шығармашылық қабілетін , түстерді таңдай білуге, көркемдік талғамын дамыту. Саусақ моторикасынжетілдіру. Адамгершілікке , шыдамдылыққа тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті технологиялық картасы

Білім беру саласы: шығармашылық

Бөлігі: сурет салу

Тақырыбы: « Мысықтың ізі»

Мақсаты: Сенсорлық технологиясын пайдаланып, саусақпен сурет салуға үйрету. Шығармашылық қабілетін , түстерді таңдай білуге, көркемдік талғамын дамыту. Саусақ моторикасынжетілдіру. Адамгершілікке , шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Мысық-кошка-cat, із-след-track

Көрнекіліктер: Мысықтың суреті, Мақта қыз мен мысықтың суреті.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, көрсету, әңгімелесу, жеке жұмыс, сұрақ-жауап, мадақтау, қортындылау.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Бала-дың іс-әрекеті.

Мотивациялық

Қозғаушылық

Жылулық шеңбері:

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой

Ал, кәнекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Балалар шеңберге тұрып қонақтармен амандасады.

Ұйымдастыру

шылық

-ізденістік

-Қазір, жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Атап беріңдерші?

-Бүгін ауа рай қандай?

-Балалар, біз көптеген ертегілер білеміз. Кәнекей атап шығайықшы.

«Мақта қызбен мысық» қазақ ертегісі бар, барығымыз оны білеміз.

-Ол ертегі кім туралы?

Осы кезде есік тоқылдап, ішке мұңайып Мақта қыз кіреді.

-Міне, ғажап, Мақтақыздың өзі бізге қонаққа келді.

-Сәлеметсің бе, Мақтақыз қош келдің, төрлет!

-Сен неге мұңайып жүрсің?

-Мен мысығымды жоғалтып жүрмін. Оны табуға көмектесесіңдер ме?

-Менің мысығым осындай-деп теледидардан слайд көрсетеді.

-Ендеше барлығымыз теледидарға назар аударайық.

Жұмбақ жасыру:

Мұрны пұшық,

Көзі қысық,

Өзі пысық,

Бұл кім?

-Мысық барлығымыздың үйімізде бар.

-Мысықтың түрі қандай?

-Жүні жұмсақ , кәнекей барлығымыз ұстап көрейікші.

-Неше құлағы бар?

-Неше аяғы бар, санайықшы?

-Ал бізде неше аяқ бар?

-Көзі қандай?


Мияу, мияу балалар,

Табаныма қарап ал.

Тырнағымды таба алсаң,

Нешеу екен санап ал.

-Балалар, біз мысықтың ізін салып,Мақтақызға көмектесейік.

Суреттен көрсету.

-Ал біз мысықтың ізін білеміз бе?

Олай болса кішкентай мысықтың көрейікші. Кәне мысықты жүргізіп көрейік.

Мысықтың ізін қағаз бетіне қарындашпен емес, бояумен саусақпен саламыз. Қолдарын жаттықтыру. Ауада көрсету.


-Кәнекей барлығымыз саусақтарымызды көрсетейік, осы саусақтады бірінші суға, содан соң бояуға салып, мысықтың ізін қағаз бетіне түсірейік.

-Мияу-мияу-мияу.

Ал енді осы біріктірген саусақтарды бірінші суғс, содан кейін бояуға малып, қағаз бетіне түсіреміз. Бір қолмен парақ бетін ұстау керек.

-Мысықтың ізі әдемі болсын, тап-таза етіп салыңдар.

-Балаларды жеке-жеке шақырып, жұмыстарын тексеру. Қиналған балаға көмектесу.

-Ал барлығымыз жұмыстарымызды аяқтаған болсақ қолымызды дымқыл сүлгімен сүртеміз.

-Қыс мезгілі

-Үш ай


-Желтоқсан, қаңтар, ақпан.


-Бүгін ауа райы жақсы.


-«Шалқан», «Шұбар тауық», «Үш аю», т.б.



-Мақта қызбен амандасады.




-Көмектесеміз, сенің мысығың қандай?



-Мысық- кошка –cat











-Сұр.


-Екі құлағы бар

-Төрт аяғы бар

-Ал бізде екі аяқ бар

-Домалақ.





-із-след- track

























Балалар саусақтарын суғ кейін бояуға малып мысықтың ізін салады. Бір қолдарымен қағазды ұстайды.

Рефлекция

Балалардың жұмыстарынан жеке үстелге жол жасап Мақтақыз бірге жүріп, мадақтайды..

-Мына із менің мысығымның ізіне ұқсайды ғой.

-Ой ,балалар , міне ғой менің мысығым , -деп себетте отырған тірі мысықты қолына алады.

-Балалар, сендерге көп-көп рахмет! Сендер мысықтың ізін салып маған көмектестіңдер.

-Менің мысығымды тауып бергендерің үшін мен сендерге сыйлық бергім келеді.

Ал енді біздің кететін уақытымыз болды. Сау болыңдар!

-Балалар Мақтақызбен қоштасады.

-Балалар , біз Мақтақызға қалай көмектестік?

-Ненің ізін салдық?

-Балаларды мадақтау.

Ал енді бізге бір бала мысық туралы ән айтып береді.

-Тікірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады....


-Біз мысықтың ізін салып мақтағызға мысығын тауып бердік.


Саусақпен салдық

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: тақпақтарды жатқа айтуды;

Не білді: түстерді таңдай білуді;

Меңгереді: саусақпен сурет салуды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.06.2020
535
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі