Материалдар / музей-сабақ, мемлекеттік рәміздер, 9сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

музей-сабақ, мемлекеттік рәміздер, 9сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
тарихи-интелектуалды ойын
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ авторы: Текибасова Индира Амановна, Петропавл қаласы, «Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы» КММ, тарих пәнінің мұғалімі

сабақтың /сыныптан тыс шараның атауы (әрі қарай - Сабақ):

«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық құндылығымыз»

сыныбы:

сабақтың мақсаты: Оқушыларды Отансүйгіштікке,адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, мемлекетттік рәміздер мен авторлары туралы толық білім беру.

сабақтың міндеттері: Оқушылар бойындағы қасиетті шыңдап, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

сабақтың түрі: сайыс-сабақ, сыныптан тыс іс-шара

оқыту әдістері: топқа бөлу,сұрақ-жауап, «ТТТ» әдісі, «Шаңырақ»

көрнекі құралдар (музей құндылықтарын көрсету): «Мемлекеттік рәміздер» танымдық бейнесабақ,

құрал-жабдық: ноутбуктер мен ұялы телефондар, интербелсенді тақта

сабақтың жоспары: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды

сабақтың барысы:

Кіріспе: І Амандасу.

Мектеп мұражайына саяхат жасау (мұражай меңгерушісімен)

Тақырыпты таңдау үшін оқушылар өз ұялы телефондары арқылы QR сканерлеп, сабақ тақырыбын анықтайды

Сабақ тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық құндылығымыз»

Мұғалім:

«Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек,қасиет тұтуымыз керек.Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын,Елтаңбасын,Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар халқымыздың мақтанышы,біздің ең киелі құндылықтарымыз.»

Н.Ә.Назарбаев.

деп айқын атап кеткен Тұңғыш Президент адами қасиетімізді сақтап, мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеу біздің ортақ міндетіміз. Мемлекеттік рәміздерге құрмет ҚР Конституциясының 9бап пен 34 бабында анық, айқын көрсетілген. Мысалы мына баптар

9-бап:ҚР мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба, Әнұран заңмен бекітілген.
34-бап:Әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті деп ескертілген. Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, мемлекетттік рәміздер мен авторлары туралы толық білім беру біздің бүгінгі сабағымыздың мақсаты екенін айқындағым келеді.

Мұғалім: Оқушылар назарларыңызды алдарыңызда ноутбукте ашып тұрған сілтемені басып, анықталған сурет бойынша топқа бөлінейік.

Топқа бөлу берілген сілтеме арқылы үшке бөлу

  1. Топ: https://clck.ru/emWa3 Мемлекеттік Ту

  2. Топ https://clck.ru/emWcB Елтаңба

  3. Топ https://clck.ru/emWfE Әнұран

Бүгінгі бізің сынып сағатымызда үш топ жұмыс істейді, олар «Қыран» тобы Мемлекеттік Ту туралы, «Шаңырақ» тобы Мемлекеттік Елтаңба туралы және «Алаш» тобы Мемлекеттік Әнұран туралы жинақтаған дерекеріңізді ортаға сала отырып, топ болып жұмыс істеп, мемлекеттік рәміздер мен авторлдары туралы алған білімізді постерға анықтап, қорғап шығамыз.

Топ ережелерін еске түсіріп, «ТТТ» әдісін әрдайым естен шығармай сабақ бойы жұмыс жасайық.

Т- тыңдау

Т- тыныштық талап ету

Т – түсіндіру

Негізгі бөлім:

Оқушылар: өздеріне түсініксіз сұрақтар болса, ортаға салады.

Мұғалім: Сұрақтарға толық жауап алса, енді тақтаға назар аударайық, тақтада «Мемлекеттік рәміздер туралы» интернет желісінен алынған бейнефильмнен үзінді ұсынады.

«Мемлекеттік рәміздер» бейнефильмінің сілтемесі: https://youtu.be/M14cKVd7m_E - (youtube желісінен көшіріліп алынды )


6слайд бойынша тапсырма ойларын ортаға салады.

Келесі тапсырма оқушылар өздігінен берілген ақпараттардан презентация жасайды, POWERPOINT бағдарламасы арқылы з слайдтан тұратын ақпарат жинақтап оны ортаға салып түсіндіру.

1топ «Қыран» 2топ «Шаңырақ» 3топ «Алаш»


Оқушылар ортаға шығып, 2 мин аралығында негізгі нышандары мен авторын түсіндіреді.


Мұғалім: Оқушылар қолында тұрған стикерлер (нақты, толық, уақытпен ұштасқан жауап деп жазылған стикерлер) арқылы бағалауды ұсынады.

Алдын-ала стикерлер жасалынады

1стикер(Мемлекеттік рәміз және авторы туралы нақты атауы қажет Мысалы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы оның авторы

2стикер Мемлекеттік рәміздің белгілері оның мағынасын толық анықтау,

3 стикерде деректердің барлығы берілген уақытпен шектелу қажет)


Shape1

Мемлекеттік рәміз туралы ақпарат

Shape2

Мемлекеттік рәміздің авторы туралы ақпарат


Shape3

Уақыттың толығымен қолданылуы









1топ «Қыран»

2топ «Шаңырақ»

3топ «Алаш»

Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті.Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді.Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің тыныштық пен жақсылықтың нышаны.Көк түс –Қазақстан халқының бірлік,ынтымақ жолына адалдығын білдіреді.

Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді.Күн –қозғалыс , даму,өсіп өркендеудің ,өмірдің бейнесі.Қанатын жайған қыран құс –бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнесі.


Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді.Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелген.Күн, қыран,ою -өрнек алтын түсті.


Тудың авторы еліміздегі дизайнерлік өнердің ірге тасын калаушылардын бірі, Чехославакияда өткен (1961ж.) халыкаралық дизайнерлер байқауының алтын жүлдегері, Алматы қаласының бас суретшісі Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков ағамыз.


Ал бүгінгі таңба Елтаңбамызда не бейнеленген екен, соған тоқталайық, ол үшін сөзді «Шаңырақ» тобының мүшелеріне берейік (Экраннан мемлекеттік елтаңба, оның авторларының суреттерін көрсетіп тұрады)

Біздің  Елтаңба - әлемде сирек кездесетін Елтаңба.
Елтаңба негізі–Шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі.Шанырақ мемлекетің түп- негізі отбасының бейнесі.Шаңырақ: Отан отбасынан басталады, ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынада. Ал, уықтар: үлкен үйдің уықтары ел- жұртқа бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ақ мүйізді, алтын қанатты, қос пырақ: арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз: «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.

Елтаңбаның үздік жобасына 245 жұмыс, 67 хат ұсынылған еді. Халық қалаулылары мен Елбасы назары сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы мен Шота Уәлиханов жасаған бүгінгі елтаңбамызға ауды. Көп ұзамай тәуелсіз елдің төл белгісі қалың жұртшылықтың жүрегіне жол тартты.Елтаңбаның авторлары-

Ж.Мәлібеков,Ш.Уәлиханов.


«Алаш» тобы асқақтаған Әнұран.

Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы –Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы,бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.Әнұранды түрегеліп ,жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді.Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.

1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.

2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде

«Менің Қазақстаным»  әні 10 қаңтарда 2006 жылы Елбасын  ұлықтау рәсімінде орындалды.

Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.


Бағалау «теңге беру» әдісі арқылы жүзеге асырылады. Оқушылар өзара бағалаудан кейін келесі кезеңге өтеді. Ватсап желісі арқылы ортақ банкке алдын ала таратылған банкноттар суретін жібереді

Мұғалім:
- Міне, балалар, өздерің айтқандай, мемлекеттік Туымыз бүгінде БҰҰ- ның ғимараттарының алдында, әр түрлі елдердегі елшіліктеріміздің маңдайшаларында желбіреп тұр. Оны ғарышкер ұшқышымыз Талғат Мұсабаев ғарыш кемесімен заңғар көкке көтерсе, ал алпинистеріміз 1995 жылы Эверест шыңына қадады және көптеген спортшыларымыз еліміздің туын көкке көтеріп, желбіретіп қуантып жатқаны қаншама. Біздің мектептегі өмірімізде де мемлекеттік Ту ерекше орын алады емес пе?

Оқушылар ойын тыңдау. Оқушылар мүмкіндігін шектемеу.

Келесі кезекте:

Суреттегі тұлғаларды анықтайды. Бірнеше қималарды дұрыс сәйкестендіру қажет. Тұғыры биік тұлғалар туралы деректермен жұмыс жасайды.


Shape4

Мемлекеттік Туымыздың авторы – Шәкен Ниязбеков.


Shape5

Елтаңба авторы - Жандарбек Мәлібекұлы


Shape6

Елтаңба авторы – Шота Уәлиханов



Shape7

Мемлекеттік Әнұран авторы - Шәмші Қалдаяқов


Shape8

Мемлекеттік Әнұранның сөзін жазған - Жұмекен Нәжмеденов


Shape9

Мемлекеттік Әнұранның сөзін жазған - Нұрсұлтан Назарбаев


ІІ тапсырма 7 слайд арқылы тұлғаларды жеке топтар жеке парақтарға орындап, өзара сағат тілімен алмасып, дұрыс жауаптарын 8 слайд арқылы көрсетіліп, тексереді.

Берілген параққа жауаптарын белгілейді. Жауаптарын өзара тексереді.


Қорытынды

Кім жылдам сұрақтарға тез жауап Google forms арқылы

https://forms.gle/1PHwrZvVWRWj6DEW7 осы сілтеме арқылы автоматты сұрақтарға жауап бере алады.

«1сұрақ- 1 жауап» барлығы 30 сұрақты құрайды.

1.Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіз мемлекет болып жарияланды?

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.

2.Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып қашан сайланды?

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

3. Алғашқы ҚР Конституциясы қашан қабылданды ? 1993 жылдың 28 қаңтар

4. 1995 жылы 30-тамызда қабылданды.
Қазіргі қолданыстағы ҚР Конституциясы 9 бөлім, 98 баптан тұрады. 5.Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген? (Елтаңба)
6.Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мемлекеттік мекемелерде бар. (Ту)

7.Республика, облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. (Әнұран)

8. Еліміздің бас қаласы – Нұрсұлтан (Астана)

9. ҚР туының авторы  - Шәкен Ниязбеков

10. ҚР елтаңбасының авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы.Шот-Аман Уәлиханов

11. Әнұранымыздың авторларының бірі, әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

12.  ҚР  мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұран конституциялық заңмен бекітілген.  Нешінші бабында?    9

13.  Әркім  республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады.Нешінші бапта?   34

14. Мемлекеттік рәміздер бекітілді – 1992жылы 4 маусым

15. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім? Т. Әубәкіров

16. Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тілі? қазақ тілі

17. Мемлекеттік туда не белгіленген? күннің көзі, қыран, ою

18.  Қай жылы ұлттық теңгеміз енгізілді? 15 қараша 1993 жылы

19. Биыл Мемлекеттік рәміздердің бекітілгеніне неше жыл? 30

20. Қазақстанның оңтүстік астанасы – Алматы қаласы

21. Қазіргі кездегі Президентіміз – Қасым-Жомарт Тоқаев

22. Қолданыстағы Конституцияның неше баптардан тұрады: 98

23. Ата заңымыздың бөлімдер саны:9

24. Елтаңбада бейнелеген бірлік пен татулықтың белгісі: шаңырақ

25. Қазақстан аймағының көлемі бойынша әлемде нешінші орында: 9

26. Ұлттық мереке, күн мен түннің теңелуімен байланысты:Наурыз

27. Мемлекеттік Әнұранның сөзін жазғандар:   Нұрсұлтан Назарбаев,  Жұмекен Нәжімеденов.

28. Мемлекеттік Әнұран қай жылы жаңартылды: 2006ж 10қаңтар

29. Қазақстан ұлт құрамына байланысты қандай мемлекет: көпэтносты

30. Елордамыздың нышаны(символы): бәйтерек

Қорытынды:

Мұғалім: Биыл 2022жыл ҚР Мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік  рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.

Қазақстан: Туымен-Тұғырлы,

Елтаңбасымен- Еңселі

Әнұранымен айбатты ел!

(Халық даналығы)

Рефлексия (шаңырақ арқылы сабақ бойынша өз ойларын жағымды болса шаңырақ ішіне, жағымсыз болса сыртына жазады.

Сабаққа қатысқандарыңыз үшін үлкен рахмет. Сау болыңыздар!






ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


1. Н.Назарбаев: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы 12 сәуір 2017 ж;

2. «Мемлекеттік рәміздер» бейнефильмінің сілтемесі: https://youtu.be/M14cKVd7m_E

3. ҚР Қарулы Күштері Әскери-тарихи музейі қорының материалдарынан

https://baribar.kz/31918/qr-qaruly-kushterininh-askeri-tarikhi-muzeyine-sayakhat/.

4.  Қазақстан мұражайлары. Алматы: «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2009

5. ҚР-ның Тұңғыш Президент мұражайы сайтынан (e-history.kz)







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!