жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Музыка

А.Мырзахметов атындағы
Көкшетау университетінің
ПжП тобының
магистранты: Мұратқали Л.Ж.
Ғылыми жетекшісі
Педагогика ғылымы
кандидаты
профессор: С.Т.Сенкубаев
Білімдегі олқылық пен алшақтықты жоюдың тәсілі-дифференциялап оқыту.
Дифференциялап оқыту дегеніміз не? Сабақ өту барысында әрбір оқушының ерекшеліктерін ескере отырып, олармен жұмысты жекешелеп және топтап оқытуды ұйымдастыруды айтамыз.
Бүгінгі ұстаз сабақ үстінде әр әдісті қажеттілікке сай қолданады, техникалық құралдарды пайдаланады, кесте, үлгілермен, түрлі тірек хабарларын шебер, ұтымды пайдаланады.
Қазіргі кездің талабына сай,яғни қандай да болмасын мемілекеттік қызметтке орналасу үшін, қазақ тілін білу міндет екені бәрімізге аян.Сондықтан орыс сыныптарында қазақ тілі сабағы жоғары деңгейде өткізлген жөн.Мәселен, орыс сыныптарында оқитын балалардың кейбіреулері өзге ұлт өкілдері болғандықтан, бұл пәнге немқұрайлы қарауға болмайды. Осы мәселені түбегейлі шешу үшін – дифференциялап оқыту өте тиімді деп ойлаймын.Соның ішінде тәжірибелі педагог Жақсылықова мен Жанпейісовалардың модульды технология әдісі , яғни ойын түрінде өткізу орта буын оқушыларына қолайлы.Себебі осы әдісті қолданып мектеп табалдырығында ұстаздар сабақ өткізгенде есімізде жақсы қалатын. Көбінесе ашық сабақтар өткізгенде.Басқа уақыттарда дәстүрлі түрде өткізілетін.Тағыда басқа әдістер қолданатын мұғалімдер болды.Бірақта осы ойын түрінде сабақ өткізгенді бұкіл сынып қызығып оқитынбыз.
Содан университетте оқып соңғы курста мемлекеттік тәжірибесін өтуге Атбасар ауданының өзім оқыған Сепе мектебіне үш ай тәжірибемді өттім.Ол жерде маған мұғалімдер тапшы болғандықтан сынып берді. Міне өзімнің үйренгенімді осы балаларға қолдандым.Нәтижеде жаман болған жоқ.Оқушыларым менің келесі сабаққа келгенімді асыға күтетін. «Апай, бүгін қандай ойын ойнаймыз»-деп, шулайтын.
Дегенмен, ауыл мектептерінде, сыныпта оқушылар саны 2-3 оқушыдан аспайтын мектептерде қыйындау. Сондықтан бұндай жағдайда әдіске сүйене отырып түрледіруге тура келеді, яғни топ орнына дара оқушыдан топ құрып пайдаланатын кездерде болады.Бұл жерде сыныпта екі оқушы болса,екеуі екі топ өкілі болып жарыс сабақ түрінде оқушылардың белсенділіктерін арттыруға ықпал етеді.Кей уақытта бір ойынды қайталай берген балаларды жалықтырып жүрмес үшін түрлендіріп отыруға тура келеді.Топтық ойын түрлерін дара,жеке оқушыларға айналдырып отырамын.Оқушылардың қарқыны жаман емес.
Егер де ауыл мектептеріне қала мектептері сиқты материалдық-техникалық базасын қажетті деңгейде қамтамас етілсе оданда жоғары көрсеткіштерге жетуге кәміл сенемін.Қазіргі уақытта материалдық база ауыл мектептерінде жүдеу.Жоқтан бар жасап отыруда. Жалғыз интерактивті тақта. Ғаламтор кейде істеп,кейде істемей қалатын да уақыт жиі болады.
Қорытындылай отырып айтайын дегенім және ұсынысым.Орталықтандырлған мұғалімдерді қайта даярлау институттары, мұғалімдерді қайта даярық курстарында осындай өте аз оқушы оқыйтын сыныптарға арналған арнайы әдістер мен ойын түрлерін бағдарламаларына енгізілсе екен.

А.Мырзахметов атындағы
Көкшетау университетінің
ПжП тобының
магистранты: Мұратқали Л.Ж.
Ғылыми жетекшісі
Педагогика ғылымы
кандидаты профессор: С.Т.Сенкубаев
«Торғайдан шыққан қос қарлығаш».
Елбасымыз Нұрсытан Назарбаевтың «...Зиялыларымыздың қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін, тілі мен дінін дамыту жолындағы жарыққа шықпай қалған, елінің егемендігін аңсап, сол үшін төккен маңдай тері-еңбектерін зерттеп жарыққа шығару керек», деп, «Мәдени мұра»бағдарламасы аясында айтқан терең ойлы пікі мен биылғы жылғы «рухани жаңғыру» жолдауын арқау ете отырып .Ағарту ісіне және бала тәрбиесі үшін тер төгіп қаншама еңбектер жазған, осы мақалаға арқау болып отырған Нұрғали,Нәзипа Құлжановалар жайлы кей жерлер білсе, енді бір жерлер білмейді.
Азаттық жолында күрескен қайраткер.Ы.Алтынсариннін сенім артқан шәкірті . Ахмет Байтұрсыновтың досы, екеуі де Орынбор мұғалімдер даярлайтын семинарияның түлегі. Торғайдың төл перзенттері.Оның жұбайы Нәзипа Құлжанова қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналист і.Бұл кісілер жайлы Торғай мен Семей халқы жақсы біледі және құрметтейді.
Бұл кісілер екеуі де Ы.Алтынсарин ашқан Торғай мектебінің алғашқы түлектері. Нұрғали Құлжанов
1891-1893жылдары Орынбор қаласындағы мұғалімдер семинариясын аяқтайды .
1893 – 1904 жылдары Қостанай облысының Шұбар болысында мұғалімдік жұмысқа жіберіледі.
Ресей оқу министірлігінің жолдамасымен Семей қаласына жаңадан ашылған мұғалімдер даярлайтын семинарияға екеуі де оқытушылыққа орналасады .
Нәзипа Құлжанова Қостанай қаласындағы «Русско-киргизская женская прогимназиясының» түлегі.
1904 жылдардың шамасы, ұлы ақын Абай дүниеден көшкен қаралы жыл.1905жылы «Семипалатинский листок» газеті Абайдың қайтыс болуына байланысты көлемді қазанамажазды. Ақынның өмірін, оның тамаша лирик ақын екенін таныстырды.
Құлжановтар Абайдың еңбектерімен жіті танысып іздене бастайды.
Н.Құлжанов, Абай өміріне қатысты деректер іздеп керекті мағлұматтар таппайды.Содан Семейдегі Ресей географиялық қоғамының Батыс-Сібір, яғни Семейде бөлімшесінің барлығын естіп біледі.Осы қоғамға мүше болу керек деп соның жолдарын іздеп, содан 1913 жылы осы қоғамға Нәзипа екеуі мүше болады.Себебі бұл ұйымда кезінде Шоқан,Абай сияқты зиялы ұлықтар ғана мүше болған.Сол себепте осы ұйым мұрағаттарында толық мағлұмат алуға мүмкіндік болады.Абайдың өмір дерегімен толық таныс болғаннан соң.1914жылы Абайдың қайтыс болғанына 10жыл толуына байланысты әдеби – музыкалық кеш өткізу үшін семей әскери-губернаторына өтініш білдіріп екі ай жүріп ақыры рұқсат алады.Осы кешке семинария оқушылары Қ.Сәтбаев,М.Әуезов, Ж.Аймауытовтар дайындалуға атсалысады.Осы концертке Омбыдан келе жатқанғалым,этнограф Г.Н.Потанин қатысып, «енді елу жылда қазақ жастарының өнері әлем сахынасынан көрінетініне сенемін» , деген екен.Осы кеште Абайдың «Желсіз түнде жарық-ай», «Сегізаяқ» әндерін орыс тіліне аударып Нәзипа Құлжанова өзі орындаған.
Нұрғали Абай кешін өткізгеннен кейін енді халқының өз алдына тілі, әдет-ғұрыптары бар екендігін сахна төрінен көрсетуді ойлайды.Алайда бұл өлімге бас тігумен бірдей еді.
1915жылы Абай өлеңдерң мен Ы.Алтынсаринның білімділігімен өнерлерін көрсету мақсатында 13ақпанда Приказщиктер сарайында кеш өткізеді.
Бұл кісілердің алдынан Әуезов,Бегалин,Сәтбаев,Хакімжанова,Есова сияқты атақты ғалымдар оқыған.Байтұрсынов,Дулатов,Аймауытов,Торайғыров,Сейфуллин,
Потаниндерменжолдас болған кісілер. Н.Құлжановтың тағыда бір еңбегі ол қазақ балаларына арнап сауат ашу мектептерін ұйымдастырып,сол мектептер үшін қазақ тілінің «әліппесін»жазған.Өкінішке орай баспаға беріп үлгірмеген.1919жылы ақ патшаның жендеттері азаптап өлтіріп кеткен.
Нәзипаны жұбатуға:А.Байтұрсынов,С.Сейфуллин,С.Торайғыров,С.Бегалин,Ж.Аймауытов,
М.Хакімжанова,С.Есова,Қ.Сәтбаев,Т.Қозбағарова,Г.Хомутов көңіл айта келіп.
Сол кезде С.Торайғыров өзінің «Айырылыспас дос Нұрекеңе» деген жыр шумағын ала келіп, Нәзипаны құшақтап жылаған екен.
Нәзипа Құлжанованың – ұлттық педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуына салмақты үлес қосқан зерделі зерттеуші.Бұған «мектепктен бұрынғы тәрбиеде» 1923жылы әдістемелік құрал жазған.Бұл әдістемені Италия,Швейцария,Германия т.б. елдердің балабақшаларының тәрбиелерік-тәжірибесін желіге ала отырып жазған.
1920-1930 жылдары «Әйел теңдігі» журналында қызмет етіп жүргенде Мәскеуге барып Н.Крупскаямен кездесіп сұхбаттасқан.
Шығыс еңбекші әйелдерінің 1-ші съезін қйымдастырушылардың бірі.Бұл еңбектері жайлы 1975 жылы жарық көрген Қазақ совет энциклопедиясының 7-ші томында: «..Н.Құлжанованың бұл еңбектері қазақ балалар педагогикасының алтын қорына қосылды» делінген.
Айта кететін болсақ С.Торайғыров өзінің «Таныстыру» атты поэмасын да Нәзипаға арнаған екен.Бұған дәләл мына бір шумақтар:
Ардақты бар Нәзипа деген ханым,
Газет, журнал жүзінде жұртқа мәлім.
Оқыса сондай әйел шығар ед деп,
Оқығандар бағалар сөздің дәмін.
Және бар әйелге хас нәзік сезім,
Танитын бір көргенде-ақ істің нарқын.
Атақты Байтұрсынов «Мысалында»,
«Нәзипаға» де өлең жазып,жайған даңқын. - деп келтірген жерлерінен үзінді.
1919жылы Ахмет Байтұрсыновты саяси қылмыскер деп Семей губернаторы түрмеге қаматқанда жолын тауып Нұрғали Ахаңа көп көмек көрсеткен. Нұрғали Құлжанов Ахаң десе ішкен асын жерге қоятын жан жолдасы болған.Ахаңа жыл бойы Нәзипа екеуі тамақ тасып,қамқорлық көрсеткен.Ахмет Байтұрсынов түрмеде ашынып отырып жазған «Анама», «Н.Құлжанова ханымға» өлеңдерін алып шығып, оның елге жетуіне ықпал еткен Нұрғали Құлжанов екен.
Қортындылай келе 1913жылы қазақ зиялялар арасынан бірінші қазақ әліпбиін жазған да Н.Құлжанов екенін Елекеев өз естелігінде «Қазақстан мұғалімі» журналында айтып өтеді.
Құлжановтар қазақ өнері мен әдебиет тарихында белгілі із қалдырған деп жазған профессор Темірбек Қожакеев. «Біржан-Сара» айтысын алғаш сахнаға шығарған солар.Қ.Сәтбаев,М.Әуезов,Ә.Қашаубаев,И.Байзақовтарды алғаш сахнаға тартқан да сол Құлжановтар екен.
Есенқұл Маманов ұлт қамы үшін қабырғасы қайысып жүрген біртуар қаламгерлер қатарына Н.Құлжанов,Ш.Құдайберді,А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейхановтарды атап өткен.
Міне, осындай жандар не әдебиетке, не тарихқа кірмей қалу себебі не? деген сұрақ туындайды және Торғай мен Семей өңірінен басқа жерлерде осы жандар туралы оқушылыр түгіл педагогтардың өздері білмей жатқандары қынжылтады.

Нұрғали, Нәзипа Құлжановтар

А.Мырзахметов атындағы
Көкшетау университетінің
ПжП тобының
магистранты: Мұратқали Л.Ж.
Ғылыми жетекшісі
Педагогика ғылымы
кандидаты профессор: С.Т.Сенкубаев
«Катюшаны» тізгіндеген жас қазақ баласы.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жолдауындағы көтеріп отырған «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламасының жас ұрпақ тәрбиелеудегі берері мол деп ойлаймын. Халықта ертеден келе жатқан өте мағналы,астарында тәрбиелік мағнасы жатқан ұлы сөз «өлі риза болмай-тірі байымайды» деген сөзі тек айтылмаған.
Міне осы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында осы еңбек және соғыс ардагері ұрпаққа үлгі болатын соңында көптеген із қалдырған атам жайлы жазып отырмын.
Торғай жерінің тумасы атам Камалов Мұратқали туралы өмір дерек.
Сонау сұрапыл соғыс еліміздің әр отбасын айналып өтпегені бүкіл жұртқа мәлім.Сол соғысқа менің әкем 1942жылы не бары 18жасында өз еркімен сұранып майданға аттанған.Шешесінің наразылығына қарамастан.Себебі 1941 жылы екі ағасын майданға алып кеткен.Сол себепті анасы соғысқа барғанына қарсы болыпты. Қандай ана болмасын балаларының амандығы үшін уайымдайтыны сөзсіз.Дегенмен Отанға қауіп төнген жағдайда өз борышым деп, небары 17 жасында атам, соғысқа аттанып кеткен.
1942 жылы Чебоксар қаласында 2 айлық кіші командирлер дайындайтын орталықта дайындықтан өтіп. Велики Лук түбіндегі шайқасқа кіріп кетеді.Көп ұзамай немістің «Мистр Шмит» самолетінің шабулының астында қалып роталары қырылып қалады.Сол шабулдан жеңіл жарақат алып бас аяғы 5-6 солдат аман қалған. Содан атамды қасындағы қалған солдаттарды, вагонға тиеп Мәскеуге әкеледі. Бұл жерде ГМЧ (гвардейский минометный часть) әкеліп ары қарай оқытады. Бұл М-31, яғни «Катюшаны» оқыту еді.
1943 жылдың желтоқсан айында Эшалонда үстін пологпен жапқан «Катюшаны» қабылдап алған. Әрине бұл жолғы қару алғашқыдан ерекшелеу екен,себебі М-31 қаруы америкалық «Стодобекер», «Форд», «Шевроле» автокөліктеріне орнатылған.Қазіргі кездегі «Урал» автокөліктеріне құсайды. Қабылдап алып 3-ші Беларус майданына аттанып кетіп.
Брянск орманы арқылы Рессейдің 17 қаласын, Беларуссияның Орша, Витебск қалаларын азат етіп. Литва жеріне барып Вильнюс ,Каунас қалаларынан Фашистерді қуып шығып. Шығыс Пруссияда Кинигсберг қаласынан фашистерді қуғаннан Польша т.б. батыс елдерін азат етіп. Берлинге 35 шақырым қалғанда Жеңіс тойын сол жерде қарсы алған.
Одан кейін атамның дивизиясын кері қарай қайтарып. Қытай елін Жапон милитаристерінен азат етуге аттанып.Монгол елі арқылы Қытай жеріне тамыз айында кіріп қазан айының аяғында толық азат еткен. «Сондағы Жапон жанкештілерінің іс-әрекеттеріне әрі күнге дейін қайран қалам» -деп айтатын еді атам.
Соғыс аяқталды енді елге қайтам деп қуанып жүргенде.Енді екі жыл әскери борышыңды өтейсің деп тағы қалдырып, Чита қаласында 1947 жылдың тамыз айына дейін Отан алдындағы борышын өтейді.
Атамның соғыс даласындағы оқиғаларын жаза берсем бір кітап жазуға болады.
Атамның Отанға деген және командирлеріне деген құрмет 92 жасқа келіп дүниеден өткенше өте бір құрметпен айтып отыратын.Командирлерінің аты-жөнін соңғы күнге дейін ұмытпай айтып отыратын.Сталин мен Жуковка деген құрметі тіпті ерекше еді.Өзі жататын жердің төрінде сол екі қолбасшының портреті ілулі тұратын.Сол дәстүр әрі күнге дейін сақталған.
Сол көсемдердің данышпандығының арқасында Отанды қорғап қалдық деп айтып отыратын.
Атам 3 ұл,3қыз тәрбиелеп, олардан 18 немере 28шөбере сүйді. Шешеміз екеуі 62 жыл бірге өмір сүрді.
Мен, осындай атам болғанына мақтанамын.


А.Мырзахметов атындағы
Көкшетау университетінің
ПжП тобының
магистранты: Мұратқали Л.Ж.
Ғылыми жетекшісі
Педагогика ғылымы
кандидаты профессор: С.Т.Сенкубаев
Осы мақаламды сіздерге арнап, сіздердің қолдауларыңызды қажет деп жолдап отырмын. Бұл Арқалық қаласына Торғай жеріне көп еңбегі сіңген соғыс және еңбек ардагер Камалов Мұратқалидің еңбектерін жазып отырмын.
1996 жылдан бастап Құлжановтар туралы мағлұмат,деректер жинап сол кісілердің елелінбей қалғанына қынжылып сексенге келседе, облыс әкімдері мен министрлердің табалдырығын тоздырып жүріп. Торғай жерінің тумалары болғандықтан сол жерлерден көшелердің атын және бір оқу орнының атын беруді өтінген болатын. Қанша жыл болса да тапжылмай еңбек етуінің арқасында үкіметтен қолдау тауып.Торғай селосынан,Арқалық қаласының «Новый» поселкасынан көше аттарын берді.Арқалық қаласының гуманитарлық коледжіне де Нәзипа Құлжанова атын берді. Қаншама оқу орындары кездесулер жасап осы кісінің еңбегіне, ізденімпаздығына таңқалып жатқандар да болды. Солардың бірі Семей қаласының тұрғындарымен зиялы қауым өкілдері осы кісіні құрметтеп 2013 жылы Н.Құлжанованың туғанына 125жыл толуына байланысты ғылыми конференцияға шақырып сонда барып қайтты.Бұл Семей қаласына екінші баруы еді.Құрметтеп ат мінгізіп шапан жауып Семей қаласының құрметті азаматы белгісін алып келген.
2011жылы бұл кісінің «Тегіңді таны,ұрпағым»атты кітабының тұсау кесері болды.
2005 жылы ҰлыЖеңістің 60 жылдығына Астана қаласына, Арқалық қаласының ардагерлер арасынан осы кісі мерекелік парадқа қатысқан.
Тағы бір бұл кісінің Арқалық қаласына жасаған еңбегі ол Арқалық мешітінің атын, аты Орта Азияға мәшһүр сауатты, дүмше молда, Қазақстанда ешбір діндәр адам ие болмаған атақ «мұхтасиф» Оспанұлы Әлмұхаммед атын бергізу жөнінде көп еңбек жазды.Әлмұхаммет бұл кісі Торғай,Қостанай өңіріне 68 –ге жуық мектеп салып балалар оқуына ықпал жасаған. Ең алғашқы 1917жылы Шилі ауылында «Бостандық»мектебін ашқан ағарту саласына көп жұмыс жасаған діндар адам болған.Осы еңбектерін ескере отырып қаншама жердің табалдырығын тоздырып.Бас мүфти Әбсаттар қажыға дейін барып ақыры еңбегі жанып.Арқалық мешітіне Әлмұхаммет Оспанұлының атын берілуі осы манің атамның еңбегі.
Озі 86 жаста болса да тыным таппай іздену үстінде болды.Газеттерге мақалалар жазды әйтеуір қарекет жасады.
Кейде үйде отырған кезде балалары «шаршайсыз ғой соның керегіне?» дегенде.Атам айтатын еді: «Бұндай адамдар жоқтың қасы, Кезінде табақтас болып едім,қолынан талай ас ішіп едім» дейтін еді.
Қортындылай келе айтарым атам бір адамдай Арқалық қаласына еңбегі сіңген жан.Торғай жерінде соғыстан 1948жылы келгеннен 1985жылы зейнеткерлікке шыққанша «сельсовет,рабочком,парторгтық» жұмыстарын абыроймен атқарған.1985жылы аудан әкімдігі ат мінгізіп шапан жауып құрмет көрсетіп зейнеткерлікке шығарып салған. Міне кеңес кезеңі қандай құрмет көрсеткен кезінде.
Сонау Семей өңірі құрметтеп отырғанда.
Ұрпақтары өмірінің соңында өзінің тұрған үйіне ұрпақтары ескерткіш тақта қойғысы келіп еді оған рұқсат бермеді.Ардагерлер кеңесіде дәрменсіздік танытты.
Биылғы «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» жылында бұл кісі ұрпаққа үлгі болардай ісі бар деп ойлаймын.


А.Мырзахметов атындағы
Көкшетау университетінің
ПжП тобының
магистранты: Мұратқали Л.Ж.
Ғылыми жетекшісі
Педагогика ғылымы
кандидаты профессор: С.Т.Сенкубаев
Елге үлгі бабалар ел есінде.
ХIV ғасырдан қазақ хандығы құрылған заманнан бері, тіпті оның арғы жағында қазақ халқында үнемі біреулердің қол астында жүргенімізді оқулықтардан,әдеби қітаптардан оқып жүрміз. Қаншама батырларымыз шайқастарда мерт болды.Оларадың бәрі осы қазақ жері мен елін қорғау үшін атқа қонып соғыс даласында қан кешіп жүрді.Атап айтатын болсақ Қабанбай,Богенбай,Наурызбай,Қарасай,Шақшақ Жәнібек,Кенесары т.б.
Қалмақтар,жоңғарлар,ноғайлар маза бермеген соң 1731 жылы амалсыздан Ресей қоластына кіруге мәжбүр болды.Осы Ресей қоластына кіргенше бабаларымыз білектің күшімен,найзаның үшымен елді қорғап өз елдерін қандай жағдайда қорғап келді. Қызылбастардан да қорғады,Ағылшын отарлаушыларынан да қорғады. Қазақ батырлары сол кездегі нағыз елінің қазіргі тілмен айтқанда отансүйгіш патриоттары деп мақтана айтуға тұрарлық бабалар. Одан бері алатын болсақ Алаш азаматтары бастап Ресейден бөлек егемен ел болу үшін Ә.Бөкейхан,М.Шоқай, А.Байтұрсынов,Н.Құлжанов т.б. Алаш үкіметін құрып егемен ел болу үшін көптеген жұмыстар жасады.Өкінішке орай қуғын сүргінге ұшырады.Бұл жерде бір жағынан бұқара халықтың сауатсыздығы да кедергі болды. Себебі коммунисттердің алдамшы бағдарламалары мен жоспарлары халықты өздеріне бұрып алды. Кеңестік дәуірде қанша ауыртпалықтар қазақтың басынан арылмады десеңізші. Қуғын-сүргін,ашаршылық,жер аудару сияқты қиын кезеңдер өтті.
Біздің егемендік алуға М.Горбачевтің саясаты бір жағынан жақсы болды деп қуануға болады.Десек те қантөгіс болды,бірақ оңай жағдайда келді деп айтуға болатын сияқты.Басқа мемлекеттер сияқты жылдап соғыс болып мыңдаған адамдар қырылып елдер, қалалар қирап жатқан жерлерге қарағанда шүкір деп айту керек.Бұл жерде ойда жоқ жерде Қонаев атамыздың орнына Колбиннің келуі ыза-намысқа әкеліп желтоқсан көтерілісіне әкеліп соқты.Көптеген намысшыл жігерлі жастардың отансүйгішт патриот екендіктерін көрсете білді. Еліміздің көптеген қалаларында осындай толқулар болудың арқасында он бес одақ тарады. Басқа елдер бейбіт түрде егемендікке қол жеткізді.
Бүгінгі күнде Балтық теңізі маңайы елдері және кавказ елдері,ең бірінші бас көтерген намысшыл қазақтарға құрметпен қарайды.
Бабаларымыз жас ұрпаққа үлгі бола алатындай із қалдырды.
Ендігі егеменді еліміздің баянды болашағы, білімді жастардың қолында.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген