Материалдар / Музыка-1 сынып- 5 бөлім Саяхат_тақырып Аңшылыққа шығамыз ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Музыка-1 сынып- 5 бөлім Саяхат_тақырып Аңшылыққа шығамыз ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2018
727
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
5C-бөлім: Саяхат
Аңшылыққа шығамыз!
Қызыл таң жом

Күні:
Мұғалімнің аты-жөні: Саханова Баянсұлу

Сынып: 1
Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы
Аңшылыққа шығамыз!


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.2.1.1 өз дауысы мен музыкалық шулы аспаптарды, дыбыстарды, әуендерді, ырғақтарды қолдана отырып еркін зерттеу жүргізу
1.2.1.2 түрлі дыбыс композицияларды шығармашылық түрде ұсыну және зерттей бастау (қарапайым соқпалы музыкалық аспаптар арқылы)

1.4.1.1қажеттілігіне қарай өз жұмысы туралы пікірін айту;

Сабақ мақсаты
шулы аспаптарда ойнау кезінде өзін- өзі тексеру;
ортақ импровизацияға қосылу;
өз жұмысы жайлы жалпы пікір айту;
ертегі кейіпкерлеріне түсініктеме беру
Жекелей дыбыстардың таңдалуын анықтау;
Қажет жағдайда басқа оқушыларға қарау;
Өз тобында режиссер болу, ертегі кейіпкерін ойнау арқылы музыкалық образды жеткізу.

Жетістік
критерийлері
ертегі кейіпкерлеріне сәйкес әуен құрастырып орындай алады


Тілдік мақсаттар

Оқушылар:
• өз жұмыстарына түсініктеме бере және өзгерту енгізе алады.
Пән лексикасы мен терминологиясы:
аңшы- охотник- - hunter
үйрек- утка- duck
ән- песня- song
Диалог үшін қажетті сөз тіркестері:
Талқылауға арналған сұрақтар:
Мен бұл дыбысты мынадай тәсілмен өзгертетін едім
Мен барлығы жақсы өтті деп ойлаймын, өйткені...
Бұл дыбыстар қалай шығарылған?
Қандай бөліктері жақсы шықты?
Қандай бөліктерін жақсартуға болады?

Құндылықтарды
дарыту
Ынтымақтастық, құрмет

Пәнаралық
байланыстар
Тіл және Әдебиет сабақтарымен- ертегіні оқу кезінде оқушылар тыңдйды және мазмұндайды.

АКТ қолдану
дағдылары
Бұл сабақта АКТ дағдылары қолданылмайды

Бастапқы білім

Алдыңғы бөлімдерде оқушылар музыка, ән репертуарларымен танысты және оны орындау, құру, тыңдау, талқылау және басқада шығармашылық әрекеттер үшін негіз ретінде қолданды. Олар динамикалық белгілер символын қолдана отырып, динамиканы анықтады, шулы -музыкалық аспаптарда ойнады.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Музыкалық сәлемдесу:
Балалар, сәлеметсіңдер ме!
Сәлеметсізбе!
Здравствуйте дети!
Здравствуйте!
Good morning children’s!
Good morning teacher!
Ертегі тыңдау
Мұғалім Аңшы, қоян және үйрек ертегісін оқиды

- Бірде аңшы орманға қояндар мен үйректерді аулауға аттанады. Өзімен бірге мылтығын алып жолға шығады. Орманды шарлап келе жатса алдынан қоян атып шығады екен, қоянды көріп аңшы қатты қуанып кетеді. Енді ғана мылтығын алып, қоянды атайын деп жатқан кезде қоян аңшыға:
Қара, аңшы аспанда көп үйректер ұшып жүр!- дейді Аспандағы үйректерге қызыққан аңшы мылтығын аспанға қарата бергенде, алдында тұрған қоян ытқып- ытқып қашып кетеді.
Істер ісі жоқ аңшы басы салбырап ары қарай орманды аралауға жөнеледі. Енді аспанға көзін жүгіртсе үйректер ұшып жүргенін байқайды.
Мылтығын алып үйректерді көздей бастайды. Аңшыны көрген көрген үйректер:
Әне, қара қамыстардың арасында қоян отыр! дейді.
Үйректердің сөзіне сенген аңшы қамыстың арсынан қоянды іздеп жатқан кезде үйректер алысқа ұшып кетеді. Күн де батуға жақындады, аңшының үйге қайтатын уақыты да болды. Міне, осылай аңшы құр қол үйіне қайтқан екен.

(Ертегіні тыңдағаннан кейін әр түрлі музыкалардың ішінен оқушылар ертегі кейіпкерлеріне келетін әуендерді таңдайды. Содан кейін бас кейіпкердің орнында болса қандай әрекет жасайтынын ойлап, өзінің саяхатын қалай жалғастыратыны туралы ойларын әңгімелейді)


синтезатор







Ертегіге байланысты иллюстарациялар көрсетілген слайд















Әр түрлі әуендер


Сабақтың ортасы

Топтық жұмыс
Оқушылар партаның астында жапсырылған ертегі кейіпкерлері бейнеленген карточкалар арқылы үш топқа бөлінеді.
Мұғалім оқушыларға саяхатқа шығуды қиялдауды ұсынады.
Әр топ ертегі кейпкерлерінің атаулары жазылған қазағаздарды алады(үйрек, қоян және аңшы).
1 тапсырма: Оқушылар мимика мен қимылдар арқылы өз кейіпкерін бейнелеулері тиіс.

2 тапсырма: Әр топ шулы-музыкалық аспаптарды қолданып, кейіпкерге сәйкес әуен құрастырып орындайды.
Әр топ өз жұмысын көрсетеді және бір бірін бағалайды.
Ән үйрену.
Балдырғандар жыры
әні мен сөзі: Г. Жотаеванікі
1. Біз Отанның бөбегі, балбұл жанамыз
Еркелеткен біздерді Отан- анамыз.
Болашағын елімнің ойлар данамыз
Ел сенімін ақтайтын батыр боламыз.

Қайырмасы:
Ойна, шаттан, шаттан алақай
Гүлдей жайна, жайна балақай!
Әуелетіп қалықтап әнге саламыз
Мың бұралып дөңгелеп билеп аламыз
Біз бақытты балдырған оттай жанамыз.
Туған жердің төсінде асыр саламыз!

2. Күлімдесе көкте күн нұрын шашақандай,
Көк әлемді шарлаймыз жұлдызды аспандай
Туған жерім кең далам алтын бесігім
Қиял құсым қалықтап саған ұшқандай!


Шулы музыкалық аспаптар









Балдырғандар жыры әнінің сөзі

Сабақтың соңы
Рефлексия: оқушылар өткен сабақ туралы ойларын шаблон бойынша ауызша түрде айтады.


Мен білемін
Мен білдім
Келесі сабақта үйренгім келеді.




Оқушылар сабақ соңында бір- біріне көңіл- күйлеріне байланысты смайликтер көрсетіп, сәттілік тілейді.


Рефлексия шаблоны интерактивті тақтада көрсетіледі.


Әр оқушыға үш түрлі смайликтер беріледі

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

• Шығармашылық тапсырма орындау кезінде нәтижені дифференциациялау
• Сонымен қатар оқушы жетелеуші қызметін атқара алады
Өзара бағалау
Жетістік критерийлері бойынша бағалау

Қауіпсіздік техникасын сақтау


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Оқушылар берілген оқу мақсаттарына жетті. Оқушылар ертегі кейіпкерлеріне келетін музыкаларды айырып сәйкес қимыл жасап артистік қабілеттерін дамытты. Олар ортақ импровизацияға қосыла білді. Әнді үйрену барысында тональдіктіктің жоғары және төмен жерлерін айыра білді.

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!