«Миға
шабуыл» әдісі арқылы үй тапсырмасын
сұраймын.
Топқа бөліну: Музыка аспаптарына арналған төмендегі жұмбақтарды
шешіңдер.
Бір нәрсе қараңғыда
қаймалайды,
Азынаса көмейінде мал
жылайды.
Құйрығын қара жерге
тіреп алып,
Келеді баяғының әнін
салып. (қ...)
Қос қазық, екі желі,
сегіз ноқта,
Сөйлейді шежіредей адам
соқса.
Тағы да бір мінезі
таңғажайып,
Еш уақытта сөйлемейді
адам жоқта. (д...)
Саусақ батпас
түтіктен,
Сандуғаш құс сайрайды.
(с...)
1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді
оқыңдар.
1-топ: Мәтінде айтылған “музыка — адам жанының үні мен тілі” деген
ойды қалай түсінесіңдер?
2-топ: Мәтінде айтылған “әр ұлттың өзінің төл музыкасы бар” деген
ойды жалғастырып,пікірлеріңді ортаға
салыңдар.
3-топ: Мәтін мазмұнын 3 сөйлеммен қорытып
айтыңдар.
Музыка — адам
жанының үні
Адамдардың міндеті
күнделікті өмір салтындағы басты саланың бірі рухани мәдениетті
жетілдіру болса, соның бірі әрі бірегейі музыка деп атауға болады.
Өзгеөнер түрлеріне қарағанда музыкаөнері ертерек дамыған. Музыка
өнерінің бір ерекшелігі сол, онымендыбыс ырғағы арқылы адам өзінің
ішкі жан дүниесін, көңіл күйін,сана-сезімін білдіре алады. Әуен
арқылы адамдар аңсаған арманын,қуанышы мен қайғысын, өмір сүрген
қоғамын әнге қосып толғаған.Олар өздерін қоршаған табиғатты, оның
өзен-көлдерін, орман-
тоғайларын, асқар
таулары мен байтақ даласын жырға қосып, оның әсем көркінен рухани
ләззат алып отырған. Бұрынғы қазақтардың домбырасының қоңыр үні мен
олардың қараөлеңі осыған дәлел. Қай халықтың болмасын оның тарихи
жағдайына, күнделіктіөмір салтына, әдет-ғұрпына байланысты дамып
жетілген музыка өнері болады. Сол сияқты қазақ халқының да өзіне
тән ұлттықдәстүрлі музыка өнері бар. Музыка өнерінің негізін
қалаушылар
халық арасынан шыққан
дарынды өнер иелері — композиторлар. Әр күйді шығарушы әуен иелері
болады, бірақ та біз қазір күйлерді халық күйі және халық
композиторларының күйі деп екі топқа бөліп жүрміз. Оның себебі
кейбір күйлер ғасырлар өтіп оныңавторларының аты ұмыт болып,
дарынды күйшілердің орындауы арқылы халық арасында күйдің әуені
сақталғандықтан ол бара-бара халық күйі болып аталып
кеткен.
kazorta
сайтынан.
Дескриптор:
-Мәтінді оқиды;
- Мәтіндегі айтылған ойды
әрі қарай жалғастырады;
- Өз ойын айту арқылы
ой қорытындылай білуге
үйренеді.
Тілдік
бағдар.
Етістіктің көсемше
тұлғасы
Іс-әрекеттің, қимылдың
себебін, амалын көрсететін қосымша
қимылды
білдіретін етістіктің
ерекше түрі көсемше деп аталады. Көсемше қайтіп? қалай? Не істегелі? қашан?
деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы:
оқып түсіну,
дауыстапоқу, күле сөйлеу, келе кірісу, амандасқалы келу, кеткелі
жатыр және
т.б.
2-тапсырма. Ж.Аймауытовтың “Әнші” әңгімесінен үзіндіні оқыңдар.
Мәтіндегі сөйлемді аяқтап тұрған көсемшелерді
табыңдар.
1-топ:Топ көргенде Әмірқан аруақтанып, көтеріліп кетеді екен.
Бұрынғы дауысыастар болмай қалды. Зал жаңғырып,күңгірлеп
кетті.
2-топ:Бір-бірін қиып кете алмай, мұратына жете алмай, қош
айтысқан жарға ұқсап, жалғызынан айырылып, қанатынан қайырылып,
зарлаған бейне жанға ұқсап болмаса жылап егілген, көзден жасы
төгілген, бейне бір қайғы-зарға ұқсап өкінішті, өксікті, қасіретті,
мұңды әнді сарнады.
3-топ:Жұрт төмен қарап,әркім жүрегімен сырласқандай
әншініңбітіргенін де сезбей қалды. Кенет тым-тырыс бола қалды да,
шапалаққайта соғылды. Қалғып кетіп оянған, қызықты тәтті түс
көрген,қайтарам деп талпынған кісідей, жанға жаққан тәтті үннің
кеткеніне өкініп, өршелене
соғылды...
Дескриптор:
-Мәтінді оқиды;
-Көсемшелерді табады.
3-тапсырма. «Жұмыс үстелі» әдісі.
Мәтіндегі көп
нүктенің орнына көсемше жұрнақтарын
қойып
жазыңдар.
Музыка мәдениетте
алғашқы орында тұрады. Пифагордың замандасы Гермиондық Ласа алғашқы
музыка туралы арнайы шығарманың авторы саналады. Грекиядағы
музыкалық білім
беру жүйесі тіпті VІ
ғасырдан бастап дәстүрлі болып, сауат ашу дәрістерімен бірге
тұрғанына он бес ғасырдың жүзі болды. Бұл беталыс ежелгі
ойшылдардың мұрасында тұрақтылыққа айналды және тұлғаны тәрбиелеуге
қатысты мәселелерде бірге айтылатын, адам жанын тәрбиелеуге
болысатын ғылымдардың қатарына
кіреді.
Дескриптор:
-тиісті көсемше
жұрнақтарын қояды.
4-тапсырма.
Сәйкестендіру. Көсемше жұрнақтарын қатыстыра отырып, мағынасы сәйкес
сөздермен
тіркестіріңдер.
1. Домбыра ... жорғалап
тұр
2. Сыбызғы ... бұралып
би билейді
3. Әнші ...
күңіренеді
4. Қобыз ... ән
салады
5. Жетіген ...
күмбірлегелі тұр
6. Биші ... сызылып сыр
айтады
Дескриптор:
-мағынасына сәйкес
сөөздерді сәйкестендіреді.
|
Оқушылар амандасып, оқу құралдарын
дайындайды.
Оқушылар топқа бөлінеді.
1 – топ: Домбыра
2- топ: Қобыз
3 – топ: Сыбызғы

1-тапсырма.
1-топ:Музыка арқылы өзіңнің
ішкі сезімінде не болып жатқандығын сөзсіз айтпай-ақ түсіндіре
аласың. Ол ғажап әлем, ұмытылмастай
сезім.
2-топ. Әр ұлт өзінің төл
музыкасы арқылы танылады. Қазағым домбырасын қолына алып, күйімен
күмбірлетіп ерекшеленсе, көрші орыс елі балалайкасы мен баянын
жырға қосқан.
3-топ:Дыбыс ырғағы арқылы адам өзінің ішкі жан дүниесін, көңіл
күйін, сана-сезімін білдіре алады. Әуен арқылы адамдар аңсаған
арманын, қуанышы мен қайғысын, өмір сүрген қоғамын әнге қосып
толғаған. Музыка ешқашан өшпейтін
әлем.
Көп нүктенің орнына көсемше
жұрнақтарын қояды.
1. Домбыра күмбірлегелі
тұр
2. Сыбызғы сызылып сыр
айтады
3. Әнші ән
салады
4. Қобыз
күңіренеді
5. Жетіген жорғалап
тұр
6. Биші бұралып би
билейді
|
Жылдам әрі функционалды түрде
сыни ойлануды дамыту.
Дескриптор бойынша бағаланады.
Ауызша және жазбаша
ҚБ.
Дескриптор бойынша
бағаланады
Ауызша және жазбаша
ҚБ.
Дескриптор бойынша
бағаланады.
Дескриптор бойынша
бағаланады
Ауызша және жазбаша
ҚБ.
Дескриптор бойынша
бағаланады
Дескриптор бойынша
бағаланады
Ауызша және жазбаша
ҚБ.
|
Оқулық.
Мектеп баспасы2017
жыл.
112
бет
Оқулық
Мектеп баспасы2017
жыл
Оқулық.
Мектеп баспасы2017
жыл.
113
бет
Оқулық.
Мектеп баспасы2017
жыл.
113
бет
Оқулық.
Мектеп баспасы2017
жыл.
113
бет
Оқулық.
Мектеп баспасы2017
жыл.
114
бет
Оқулық.
Мектеп баспасы2017
жыл.
115
бет
.
|
Сабақтың
соңы
Рефлексия


|
«Бір ауыз сөз»
әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау
мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын
тыңдайды.
Үйге: Оқулықтағы
4-тапсырма. Берілген тірек сөздерді қолдана отырып, көсемше
жұрнақтарын
жалғау арқылы сөйлем
құраңдар.
|
Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ
туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты
бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет,
білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын.
т.б.
|
Мұғалім оқушылардың сабаққа
қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының
өзіне тиісті баллын қойып
бағалайды.
бағалайды.
|
Мектеп баспасы, 2017
жыл.
7 сынып
оқулық
|