400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Музыка – жүрек тілі" Қазақ тілі 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бөлім: "Музыка өнері және қазақтың домбырасы". "Музыка – жүрек тілі" Қазақ тілі 7-сынып "Мектеп" баспасы бойынша сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дінмұхамед Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

ҚАЗАҚ ТІЛІ

Музыка – жүрек тілі

(сабақтың тақырыбы)


Бөлім:

Музыка өнері және қазақтың домбырасы

Педагогтің аты-жөні

Жардемова Аяжан Маратқызы

Күні:

29.11.2021

Сынып: 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Музыка – жүрек тілі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.2.7.1 Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау;

7.3.6.1 Оқылым стратегияларын қолдану: комментерий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу.

Сабақтың мақсаты

Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру, талқылау;

Оқылым стратегияларын қолдану.

     

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

(Оқушыларды түгелдеп, сабаққа назар аудартылады).


«Музыка – адамзаттың әмбебап тілі» Г.Лонгфелло

С.

«Ой қозғау»

Оқылым алдындағы тапсырма.

Өнер туралы, оның ішінде музыка өнері

туралы оқушылардың не білетіні

анықталады.

Әл-Фараби «Музыканың ұлы кітабы» туралы ғаламтордан алынған мәлімет сілтеме арқылы тыңдатылады.



Оқушылар ойқозғау сұрақтарына жауап береді, тақырыпты талқылайды.











Өзара бағалау


Picture 4



https://www.youtube.com/watch?v=ypJ3oaFjQ_c

Сабақтың ортасы

Т.

«Джигсо» әдіс

Оқылым тапсырмасы.

Домбыра туралы мәтінді бірнеше топқа

бөлінген оқушыларға оқуға беру:

1-топ мәтіннен алынған тұжырымдарды

мәтінге сүйеніп комментарий жасай

отырып оқиды.

2-топ тақырыпқа қатысты нақты

ұсынылған тапсырма мақсатына сәйкес

іріктеп оқиды.

3- топ тақырып мақсатына сай зерттеп

оқиды

Ж.ЖЖ.

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

Әр топтың оқылым бойынша жұмыстарын

тыңдай отырып, домбыра туралы «Не

білдім?» кестесін толтыру.


1-тапсырма, 112-бет

2-тапсырма


ӘТН

Етістіктің көсемше тұлғасы, 113-бет


3-тапсырма, 114-бет














Дескриптор:

♦ Мәтінмен танысады;

♦ Оқылым стратегияларын қолданады;

♦ Топ ішінде талқылайды;

♦ Авторына сілтеме жасайды.












Дескриптор:

♦ Мәтінді оқиды;

♦ Оқылым стратегияларын қолданады.



Дескриптор:

♦ Көсемше жұрнақтарын орынды қолданады;

♦ Қолданыс аясын түсінеді.


Смайликтер арқылы бағалау



https://massaget.kz/mangilik_el/shanyirak/salt-dastur/53033/

















Қазақ тілі

7-сынып

Қапалбек Б., Жантасова С., Мадиева Т Алматы «Мектеп» 2017 жыл

Сабақтың соңы


Үй тапсырма-сы

Кері байланыс

«Шығу парағы» әдісі


6-тапсырма, 115-бет



Дескриптор:

♦ Көсемше жұрнақтарын орынды қолданады;

♦ Қолданыс аясын түсінеді.










1. Домбыра − өзіндік музыкалық сипаты бар, қазақ өмірінде маңызды орын алатын аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. 6000 жылдық тарихы бар домбыра бүгінде жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап. Әр түрлі ескерткіштерге, сондай-ақ этнографтардың жазып қалдырған еңбектеріне жүгінсек, домбыра және өзге халықтардың осы тектес аспаптары тіпті сонау орта ғасырларда белгілі болған екен. Мысалы, Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектерінен тамбур аспабы жайында оқимыз. Өзбектердің домбыраға өте ұқсас екі ішекті дутары алғаш рет әл-Хусейнидің «Музыкалық канон» деген трактатында ауызға алынды. Қазақтың халық аспабы домбыра XIV ғасыр жазбаларында кездеседі. Оның бастағы түрі мен құрылысы қазақтың домбырасынан аумайды. Осындай аспап аттарының ұқсастығы да олардың түпкі шығу тегі бір екенін көрсетсе керек. Бұл аспаптың шығу тарихы туралы аңыз-әңгімелер өте көп. Шығармалар да бірқатар.

2. Өткен жүз жылдықта ұлы халық композиторы Құрманғазымен бірге Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Байсерке, Қазанғап секілді саңлақ күйшілер дүйім жұртты аузына қаратқан. Бармағынан бал тамған майталман домбырашы болуымен бірге нелер бір ғажап күй де шығарған шын мәніндегі өнер иелері болды. Олардың арқасында домбырада тартылатын күйлердің музыкалық формасы үздіксіз жетілдіріле түсті. Домбыраның техникалық мүмкіндіктері артқан сайын домбыра тарту өнері де едәуір өрге басып, байи түсті. Қазақстанның батыс аудандарында домбыра тартудың өзгелерге ұқсамайтын бөлек дәстүрі қалыптасқанын айту керек. Батыс аудандардағы домбыраның негізгі өзгешелігі, көлемі үлкен болып келеді, сонымен қатар шанағы сопақ, мойны жіңішке, перне саны көбірек. Сондықтан мұндай домбыраны тартқанда қолданылатын техникалық тәсілдерді шанағы жалпақ домбыраға қолдану қиын, өйткені бұл соңғы домбыраның мойны едәуір енді және ондағы перне де аз. Шанағы жалпақ домбыраның бірнеше нұсқасы кең тараған. Егер батыс аудандардағы домбыраларға 12—14 перне тағылса, ал шанағы жалпақ домбыраға не бары 7—8 ғана перне байланған. Перне санын арттыру процесі өте баяу жүрді және оның өзі орындалатын репертуарға тікелей байланысты еді. Әдетте, жаңа перне онымен алғаш орындалатын күйдің атымен аталынды. Пернелердің бірі домбырада «Түрікпен күйін» орындағанда байланды да, «Түрікпен пернесі» деп аталды. Бейтарап терция интервалын беретін басқа бір перне Қазақстанның батыс аудандарында «Сарыарқа пернесі» деп аталады.

3. Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Сонымен қатар оның көптеген қосымша бөлшектері бар (тиек, кемер ағаш, тұжым ағаш, бастырма, ойық, қалқа, түйме, өрнек, желкелік). Домбыра тиегі үш түрлі болады (шайтан тиек, негізгі тиек, табалдырық тиек).Ән, жыр айтуға арналған домбыраның пернелері 8 – 9, әрі кеткенде 14 – 15-ке жетсе, күй домбырасына 20-дан астам перне тағылады. Олардың құлақ бұрауы да қажетіне қарай (кварта, квинта) өзгертіледі. Домбыра, негізінен, екі ішекті және кейде үш ішекті болып келеді. Домбыра тартуда қағыстардың түрлері өте көп. Мысалы, «сермеп ойнау», «іліп қағу», «шертіп ойнау», т.б. Жалпы қазақ даласының әр өңірінде кездесетін домбыралар жергілікті жер жағдайына, тұрмыс-салты мен дәстүріне, ән, жыр, күй мектебі мен әр өнерпаздың орындаушылық мәнеріне, аспапшы шеберлердің ісмерлігіне байланысты әртүрлі пішімде дамытылып, өзгеріп отырған. Мәселен, оңтүстік пен батыс өлкелерінде домбыра пішіні сопақшаланып немесе дөңгеленіп келсе, ал орталық, сол түстік және шығыс өлкелерінде, көбіне домбыра шанағының бұрыштары үшкірленіп жасалынған. Қазіргі кезде домбыраның 20-дан астам түрлері бар. Домбыра – тек күй тартуға ғана емес, ән айтқанда сүйемел үшін де қолданылатын аспап. Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Мұхит, Мәди, Кенен, Әміре Қашаубаев, М.Ержанов, Ж.Елебеков, Ғ.Құрманғалиев, Қ.Байбосынов т.б. белгілі әншілер домбыраның әнге әр беріп, әншіге демеу болатынын дәлелдеді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
1394
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі