Армысыздар,
құрметті өнер сүйер қауым!
1
- жүргізуші: Салеметсіздерме құрметті
де аяулы біздің ұстаздар,
оқушылар!
1
- жүргізуші: Бүгін сіздермен бірге
жүргізуші мен_________________________
Өнер
адамның дүниетанымына, сеніміне,
адамгершілік – моральдық қасиеттердің
қалыптасуына, эстетикалық сезімдерінің
тұрақтылығына, алдына қойған мақсатының
айқындала түсуіне игілікті әсер етеді.
Сол себепті де халық өз ұрпағының өнердің
сан – саласынан толық мағлұматы болуын
аңсап, бұған қатты көңіл бөлген. Осыған
орай мақал – мәтелдер “Жігітке жетпіс
өнер де аз”, “Өнер таусылмас азық,
жұтылмас байлық” – деп өнерді құдіретті
күш, адамның жан серігі, ертеңгі күнгі
жейтін тамағы ішетін сусыны, рухани
байлығы деп бағалаған.
Қазақтың ән
өнері, қолөнері, зергерлік өнері өзінің
төлтума бітім қасиетімен, көркемдік
мән мағынасымен шын мәніндегі халқымыздың
ғасырлар тағылымынан өткен асыл қазынасы.
Осы асыл қазынаны жоғалтпай, әрі қарай
дамыту біздің болашақ жастарымыздың
міндеті. Олай болса, біздің бүгінгі
кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Ақмарал, Нұрболат
жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем әнмен тәтті күй.
Жүрекке түрлі ой салар.
Әнді сүйсен менше сүй - деп Абай атамыз
жырлағандай ---------------------------
жүргізуші:
Өнерпаздар жарысып, сан – салалы,
Жиын десе,
той десе жан салады.
Кешіміздің
ашылу құрметіне,
Әуеленген
әсем ән жолданады. _________________________________
Жүргізуші:
1
- жүргізуші: Майра, сен білесің бе?
Қазақстан атын әлемге танытып жүрген,
біздің көптеген атақты әншілеріміз
бар. Бүгінгі байқауға қатысып отырған
оқушыларымызда осы әншілеріміздің
әндерін ортада шырқамақшы екен.
2
- жүргізуші: Ал, олай болса, Болатжан
ендігі кезекті үшінші ақпан айында ән
байқауының іріктеуінен өткен біздің
оқушыларымызға кезекті берелік.
1
– жүргізуші: Ән байқауының өз шарты
бар. Шартымыз осы байқаудан өткен
үміткерлерімізді әрі қарай, екінші ән
байқау сайысына тағыда жолдама алады.
Ал енді үміткерлерімізге сәттілік
тілейміз.
-
жүргізуші: Ән көңілдің ажары,
Бөлейтұғын
шаттыққа.
Қуаныштың базары,
Тарқамасын
аптықпа.
Арман қуған жастарым,
Кеудеңе
үміт нұрланар.
Ән шырқалсын
келіңдер,
Талаптарыңа нұр жауар.
Ортада
өзі бестікке оқитын, жан – жақты өнерлі
қызымыз 8 а сынып оқушысы Кангилова
Мариям «Елім менің - Қазақстан» әнімен
қарсы алыңыздар.
2
– жүргізуші: Сыныптың ерке жігіті, ән
десе жанын берер жігітіміз 8 ә сынып
оқушысы Ералы Ерлан «Астана» әнімен
қарсы алыңыздар.
1
– жүргізуші: Алдарыңызда сыныпта
салмақты, өнерлі, сөзін тура айтатын
қызымыз 8 ә сынып оқушысы Темірханова
Бибіажар «Анашым» әнімен қарсы алыңыздар.
1
– жүргізуші: Сыныптың аруы, бір бойынан
мың өнер табылатын сұлу қызымыз 9 ә сынып
оқушысы Малимова Құндыз «Қамажай» халық
әнімен ортада.
2
– жүргізуші: Бұлбұл сайрайтын,
кішкентайынан ән десе жанын беретін
өзі көрікті қызымыз 9 ә сынып оқушысы
Асан Назгүл «Қазақ елі осындай» әнімен
қарсы алыңыздар.
1
– жүргізуші: Көрікті, сыныбының сұлу
қызы Қасымова Айжамал «Домбыра» әнімен
қабыл алыңыздар.
2
– жүргізуші: Өз бойында ержігітке
лайықты мінезі бар, сегіз қырлы, бір
сырлы жігітіміз 10 ә сынып оқушысы
Орынбасар Мадияр «Қазақстан» әнімен
тамашалаңыздар.
1
– жүргізуші.
2
– жүргізуші: Әдепті, шыншыл, көрікті
қызымыз 10 ә сынып оқушысы Битұрсын
Замира «Атамекен» әнімен қарсы алыңыздар.
1
– жүргізуші: Сөзінде тұратын,өзіне
қарата білетін жігітіміз 10 ә сынып
оқушысы
Үсен Самат «Үш қоңыр»
әнімен қабыл алыңыздар.
2
– жүргізуші: Ерке, тірлігіне берік,
көрікті қызымыз 10 ә сынып оқушысы
Алисапар
Балнұр «Жайнай бер, Астана». Ал кане,
Балнұр мына жерді жайната бер.
1
– жүргізуші: Өзі сұлу, инабатты, сөзіне
көркі сай, білімді қызымыз 10 ә сынып
оқушысы Серғазиева Камила «Туған жер»
әнімен қабыл алыңыздар.
2
– жүргізуші: Көрікті, сөзіне сенімді,
айтқанынды екі етпейтін сұлу қызымыз
10 б сынып оқушысы Сүйінбай Назира «Қазақ
елі» әнімен қарсы алыңыздар.
1
– жүргізуші: Ал ендігі сөз әділ – қазы
алқаларына береміз.
2
– жүргізуші: Рахмет.
1
– жүргізуші: Көпшілік құрметіне бөленген
әншілеріміз алдағы уақытта көптеген
байқаудың жеңімпаздары атанып,
орындаушылық шеберлігімен талғампаздығымен
үлкен – үлкен табыстарға жете берулеріңізге
тілектеспіз дей келе концерттік кешімізді
аяқтай отырып «өнер талантты өсіреді»
деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны
сақтап, өркендете берейік дегім келеді.
2
– жүргізуші: Арайлап атса келешектің
ақ таңы,
Біз үшін мәртебе тұлпардың
шапқаны.
Бүгінгі балғын, балауса
жастар,
Қазақтың ертеңі мен
мақтаны
Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға
көп рахмет!
Сау – саламатта болыңыздар!