жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Музыка әлемі ашық оқу қызметі
Тақырыбы: «Музыка әлемі»
Мақсаты: балаларды музыкалық шығарманы тыңдап, сипатын ажырата білуге үйрету. Музыкалық терминдерді ажыратып, түрлі көңіл-күйдегі әуендерге сай қимылдар жасауға дағдыландыру. Әннің сөзін анық, көңілді, жеңіл орындай білуге дағдыландыру.
Көрнекіліктер: музыкалық аспаптар, музыкалық оқулық, үнтаспа, үйшік
Іс-әрекет кезеңдері |
Музыка жетекшісінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық әрекет |
Әуен ойналады. МЖ: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Бүгін бізге қонақтар келіп отыр екен, сол қонақтармен амандасып алайық. Өте жақсы балалар. Енді осы көңіл күймен көңілді бір ән салайық. (музыка кітабын ашады, қараса кітаптың беті тесілген, ноталары жоқ). |
Балалар әуенмен залға кіреді. Біз әдепті баламыз, Біз ерекше боламыз. Қонақтарды көргенде, Сәлеметсіздер ме! – деп, Амандасып аламыз.
|
Ізденуші-ұйымдастырушы |
-Ой, балалар, қараңдаршы менің мына музыка кітабыма не болған? -Қане, барлығың мұнда қараңдаршы, мына кітапта не жетіспейді? Балалар, бұл кітапта ноталар жетіспейді. -Ал, маған нотаның не екенін кім айтып береді? МЖ: Жарайсыңдар, дұрыс айтасыңдар. Енді ноталарсыз қалай ән айтамыз? Байқаймын, бұл тышқандардың ісі болар. Енді не істесек екен? -А-а таптым, меніңше анықтама бөліміне хабарласу керек шығар. (телефон соғады) -Алло! Сәлеметсіз бе! Бұл анықтама бөлімі ме? Бізге сіздердің көмектеріңіз керек болып тұр. Біздің музыка кітабымызды біреулер тесіп, ноталарын жыртып тастапты. Бізге көмекші жіберсеңіздер. Анықтама бөлімі: Ия, жарайды күтіңіздер, көмекші қазір барады. (залға мысық кіреді). Марғау: Мияу, мияу, сәлем достар. Сендерді көргеніме мен өте қуаныштымын. МЖ: Ой, қандай әдемі мысық. Сенің атың кім? Мысық: Менің атым Марғау. МЖ: Марғау мысық мына ноталарды қайдан тапсақ екен? Бұл кімнің ісі болды екен? Марғау (кітапқа қарап): Мен білемін бұл Мишильда атты қатігез, айлакер тышқанның ісі. Ол тышқанның қайда тұратынын да білемін. Ол сонау тышқандар хандығында тұрады. МЖ: Ол хандыққа қалай барамыз. Біз барар жолды білмейміз ғой. Марғау: Барар жолды тек мен секілді сезімтал, иіс сезгіш мысықтар ғана біледі. Өйткені мен, супер мысықпын. Балалар жолға дайынсыңдар ма? Ендеше, барлығымыз пойызға мінейік. МЖ: Балалар, мұнда қараңдар бұл кімнің үйшігі болды екен? Бұл тышқандар хандығы ма? Марғау: (иіскеп көріп) жоқ бұл жерлерден тышқандардың иісін мен сезіп тұрған жоқпын. Мажор мен минор: Менің атым-мажор. Ал менің атым-минор. МЖ: Балалар, маған мажор мен минордың мағынасын кім айып береді? Мажор мен минор: Жарайсыңдар, балалар, сендер дұрыс айттыңдар. Мажор мен минор: Біз мына үйшікте жатып әбден жалықтық. Сендерге біз музыка ала келдік. МЖ: Ендеше музыка тыңдайық. Музыка тыңдау. «Сарыарқа» Құрманғазы «Қара жорға» «Аққу» Ықылас МЖ: Біз қандай аспаптардың үнін естідік? -Домбыра, қобыз, жетіген аспаптарында қалай ойнаймыз? -Бұл қай халықтың аспабы? МЖ: Енді, балалар, біз мажор мен минорға таяқша жаттығуымызды жасап көрсетейікші. Таяқша жаттығуы. (ортаға тышқан келеді). Мишильда: Тыныш, тыныштық сақтаңдар. Бұл не деген айқай шу. МЖ: Сен кімсің? Мишильда: Мен Мишильда атты ханшайыммын. Мен музыканы, балалардың айқай шуын жақтырмаймын. Тыныштық болсын деп сендердің кітаптарыңды жыртып, ноталарыңды алып кеткенмін. Қане, зұлым күштер келіңдер, Балаларды тышқан етіңдер. Ал, мысықты ұйықтатып кетіңдер. Марғау мысық: Ой, балалар, менің ұйқым келе бастады. МЖ: Балалар, ендеше «Мысық» саусақ жаттығуымызды орындап берейік. Мишильда: Сендер тағы айқай шуға бастыңдар ма? Мен қазір... Мысық: Мияу, Мишильда біз мынандай көңілді, шапшаң балалар тұрғанда сенен қорықпаймыз. Солай ғой балалар. Қане, балалар, музыкалық аспаптарымызды алып, көңілді бір ән айтайық. Аспапта ойнау: «Музыкант». Мишильда: Тоқтатыңдар бұл не деген айқай шу. Сендерге айқайлаймын деп басым ауырып кетті ғой. Жарайды, іздеген ноталарыңды қайтарып берейін. Мен бұдан былай жаман қылық жасамаймын. Мені кешіресіңдер ме? МЖ: Балалар, Мишильданың бұл қылығын кешіреміз бе? Мишильда: Балалар сау болыңдар! (мишильда кетеді) МЖ: Ой, балалар, мынау біз іздеген ноталар ғой. Мысық: Алақай! Біз зұлым Мишильданы жеңдік. МЖ: Біз іздеген ноталарымызды таптық, енді балабақшамызға пойызға мініп, оралайық. МЖ: Міне, балалар, өз балабақшамызға да жеттік. Енді ноталарымызды тезірек кітапқа жабыстырайық. Осы қуанышты көңіл күймен ән орындайық. Ән айту: «До, ре, ми». МЖ: Марғау мысық саған көп рахмет. Мысық: Балалар, мені іздеп қалған болар, менің кетуім керек. Сау, болыңдар! (мысық кетеді). |
Нота деп музыка дыбыстарын қағаз бетіне жазатын белгіні атаймыз.
Ия, деп жауап береді. Шеңбер бойында жүріп, пойыздың жүрісін салады.
Мажор-қатаң, минор-үнді.
Домбыра, қобыз, жетіген аспаптарының үні. Аспапта ойнағандай қимылмен көрсетеді. Қазақ халқының музыка аспабы. Жүреді екен таяқша, Жүгіреді таяқша. Секіреді таяқша, Тықылдайды таяқша. Биік-биік таяқша, Төмен-төмен таяқша. Алыс-алыс таяқша, Жақын-жақын таяқша. Шуылдайды таяқша, Билейді екен таяқша. Тербеледі таяқша, Үндемейді таяқша.
Үстінде үйдің, Тұр еді мысық. Қасына келді, Бір торғай ұшып. Бас салмақ болып, Ыршыды мысық. Жөнелді торғай, Пыр етіп ұшып.
Сылдырмақ, барабан, керней аспаптарында әнді айта отырып, ойнайды.
Балалар, пойызға мініп, балабақшаға келеді.
Әнді нақышына келтіре орындайды.
|
Рефлексивті түзетушілік |
-Балалар, бізге қонаққа кім келді? -Біз Марғау мысықпен қайда бардық? -Онда біз кімдерді кездестірдік? -Музыкада неше дыбыс бар? МЖ: Оқу қызметіміз осымен аяқталды. Балаларды марапаттайды. |
Сұрақтарға толығымен жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: ән айту, музыка тыңдау ережесін, аспаптарды
Қандай түсініктерді игерді: нота, мажор, минор
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: шеңбермен жүру, аспаптарда ойнау

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген