400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Музыка әлемінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғаліміне
Материалдың қысқаша нұсқасы


Уақыты:



Тақырыбы

Музыка әлемінде

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру, музыка арқылы рухани бай, адамгершілігі мол шығармашыл тұлғаны қалыптастыру
Сабақтың міндеттері:
1. Оқушылардың ақпараттық – технология арқылы музыкалық қабілеттерін дамыту.
2. Оқушыларды ұлттық музыка өнеріне, мәдениетіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
3. Балалардың музыкалық әсерін кеңейту, шығармашылық белсенділіген арттыру.

Көрнекіліктер

Үлестірмелі суреттер, плакат т.б

Іс-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті

       

 Психологиялық ахуалды қалыптастыру

 

 

 

Шаттық шеңбері

– Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру       

 Жаңа сабақ

 

 

 

 

Музыка жетекшісі: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Біз бүгінгі сабағымызда көлік түрлерімен саяхаттауды ұсынбақпын.
-Сендер қандай көлік түрлерін білесіңдер?
— Көліктер су көлігі, әуе көлігі, жер көлігі және темір жол көлігі болып бөлінеді. Сендер қазір қандай көлік түрлерін көріп тұрсыңдар?
— Троллейбус қандай көлік түріне жатады? Ал, пойыз бен кеме қандай көлік түріне жатады? Тағы да басқа қандай көлік түрлерін білесіңдер? (Балалар жауабы тыңдалынады)
-Қазір біз қандай көлікке отыратынымызды жұмбақтың жауабын шешуімізге байланысты болады.
Жұмбақ:
Дыз-дыз етіп жүрегі,
Сымнан ұстап жүреді.
Өзіне адам мінеді,
Ол не ? Ал кім біледі? (Троллейбус)
-Алғашқы біз мінетін көлік ол троллейбус болмақ. Троллейбусты кім жүргізеді. Біз өз арамыздан троллейбус жүргізушісін тағайындап алайық. ( Жүргізуші тағайындалады.)
Бәрі; Дыз-дыз етіп жүрегі,
Сымнан ұстап жүреді.
Бип-бип, бип-бип.
-Музыка әлеміне қош келдіңдер балалар! Біз бүгінгі іс-әрекетімізде музыка туралы әңгімелесетін боламыз.
-Музыка дегеніміз не?(түсіндіріледі)
-Музыка кілті дегеніміз не?Нота дыбысы дегеніміз не? Қанша нота дыбысы бар, олар неше сызық тың үстіне орналасқан. Күй сандықтан нота дыбыстарын ойнап, балаларға нота дыбыстарын ажырату. Музыкалық дыбыстар мен шулы дыбыстар туралы түсінік беру. Суреттер арқылы музыкалық дыбыстар мен даңғырлақ, шулы дыбыстарды ажырату.
-Көңіліміз көтеріліп,
Троллейбуспен көп жүрдік. Көліктен түсіп, енді, жалаушаны қолға алайық. (Балаларға жалаушалар таратылып беріледі)
Бәрі: Босқа қарап тұрмаймыз,
Ән айтамыз, жырлаймыз.
Жалаушаны көгілдір,
Оңды- солды бұлғаймыз.
-Балалар біздің қолымыздағыдай жалауша қандай көлікте бар екен ? –«Кеме». Дұрыс айтасыңдар. Ендеше ендігі саяхатымызды су көлігі кемемен жалғастырайық. Кемені жүргізу үшін кеме капитанын сайлауымыз керек. Кемемен суда жүзіп келеміз. (кемені жүргізіп) Балалар кеменің алдында аялдама бар екен. Біз ары қарай жүзуіміз үшін оның тапсырмасын орындауымыз керек. Сиыр мен балықтар тұр екен. Біздің судағы саяхатымызға сиыр кедергі бола ала ма? -Жоқ. (алдын-ала дайындалған арғы бетке сиырды түсіріп жіберу) Ал, балықтар біздің ән айтып беруімізді өтініп тұр. –Ән айту: «Бақытты балалық шақ».
-Әннің сипаты қандай?Көңілді ме, мұңды ма?
-Балалар біз балықтардың тапсырмасын орындадық. Енді, әрі қарай жүзе берейік. –Алдымыздан не көрінеді?
(Кеме капитаны қолын көлегейлеп қарап )
-Алдымызда титаник кемесі соғылған сияқты үлкен мұз тұр. –Апай ,біз мұзға соғылатын болдық.
-Біз мұзға соғылмау үшін, онда ілініп тұрған тапсырманы орындап көрейік.
Тапсырма: Суретпен жұмыс. «Үй жануарлары қалай дыбыстайды, дыбысын салып көрсет. Қайсысының дауысы жіңішке, қайсысыныкі жуан. Тапсырма орындалады. Балалар мұз кедергіден өтіп, көліктен түседі.
-Балалар, саяхатымызды темір жол көлігімен жалғастыруды ұсынғалы тұрмын. Көлікке мінбес бұрын музыкалық ойын ойнап көңілімізді көтерейік.
Музыкалық ойын (назарды дамытуға арналған).Ойынға керекті құралдар бала санына сәйкес қасықтар, үнтаспа. Ойын шарты түсіндіріледі. Балалар қызыға орындайды.
Жарайсыңдар, балалар. Пойыз көлігінің жүргізушісі қалай аталады. –Дұрыс. Онда арамыздан машинист сайлаймыз.
Машинист: Мен паравоз от алам,
Алыс жаққа бет алам.
Пуп-пуп, пыш-пыш,
Бірте –бірте тез дейміз,
Тез жетуді көздейміз.
Пуп-пуп, пыш-пыш.
Балалар пойыз дөңгелектерінің қозғалысын шынтақ пен аяқтарын бүге орындайды.
-Балалар мына жер қандай әдемі, осы жерде көліктен түсіп, біраз аялдайық. Балалар саяхатымыз қызықты өтуде. Сендерге арналған пойыздың әр вагондарына жасырылған тапсырмалар бар екен. Бұл тапсырмаларды орындау үшін 3-топқа бөлініп, әр топтың топ басшысын сайлап алуымыз керек. Вагондардың алдында тұратын паравоздың тапсырмасы: «Әнді жалғастыр» ойыны екен. 1-ші топтан бір бала әннің алғашқы жолдарын айтады, оны2-ші топ жалғастырады. 2-ші топтан бір бала бастаса оны 3-ші топтың балалары жалғастыру керек. 3-ші топтың әнін 1-ші топ жалғастырады.

Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

                            «Музыкалық қапшық»

Ойын шарты: Ән-күй жетекшісі балаларға музыкалық қапшықты алып келеді.Ол қапшықтың ішінде музыкалық аспаптар, ән-күй жетекшісі сол аспаптарда кезек-кезек ойнап балаларға үндерін естіртеді, ал балалар қандай аспаптың үні екенін ойлап табулары керек.

Оқушылар ойын ойнайды

 Рефлексивті — түзетушілік 

Енді, әр топ кезектесіп өздеріне ұнаған вагон ұяшығындағы тапсырмаларды орындайды.Паравоздың артында қанша вагон бар екен. 9 вагон бар. Осы 9 вагонда 9 түрлі тапсырмалар жасырылған.
1вагон: Аспаптарға арналған жұмбақтар:
Еріндеріме мен саламын түтікті
Орманға төгіледі бұлбұл үн
Ол аспаптың өзі тым нәзік
Аталады…. (сыбызғы)
Бар бізде көңілді досымыз,
Өте ұнатады сыңғырлаған соққыны.
Мұндағы сұрақ мүлдем қиын емес,
Біледі бәрі, аталады……. (даңғыра)
Ұзын мойын, екі ішек,
Қатар-қатар тепкішек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шыады күмбірлеп. Бұл не? (домбыра)
Дауысы бар, үні жоқ,
Шертсең күйі, әні көп,
Құлағын аз бұра, Бұл не? (домбыра)
Оң қолым ішекті қағады,
Сол қолым пернені табады.(домбыра)

2 Вагон. : Суретпен жұмыс. Құстарды ата, сана. Үй құстарын ажырат. Әнші құсты білесің бе?
3 Вагон: Күй тыңдау , күй қай аспапта орындалды.. Саған қандай аспап ұнайды? Суретін көрсету.
4 Вагон: Музыкалық дыбыстарды ата.
5 Вагон: Суретпен жұмыс. «Кел, ойнайық!»
6 Вагон: суретпен жұмыс. «Кел, ойнайық!»
7Вагон: Суретпен жұмыс . «Қазақ халқының музкалық аспаптарын бастырып сызу және аспап туралы білетін аңыз-әңгімелер айту.
8 Вагон: Суретпен жұмыс. «Бесік жыры»- деген не? Бесік жыры қай мезгілде орындалады? Шеңберге сол мезгілдің суретін салу.
9 Вагон: Суретпен жұмыс. «Әннің мазмұнына сәйкес бұлттарды сал.
-Жарайсыңдар, балалар! Тапсырмаларды орындап шаршаған боларсыңдар. Бойымызды сергітіп, көңілімізді көтеру үшін «Көлеңке» ойынын ойнайық. Әр топтан екі бала шығуы керек.
Көлеңке (психологиялық жаттығу)
Балалар екі-екіден бірнеше қатарға тұрады. Бақылаушы тобын сайлауға болады. Бірінші баланың артында тұрған бала(2 қадам кейін) ол -«көлеңке» Бірінші бала не істесе, қандай қимыл жасаса, «көлеңке» соны бұлжытпай орындауы шарт. Музыка аяқталғаннан соң бақылау тобы «көлеңкелердің» сәйкестігін талдайды.
-Мына суреттерге қараңдаршы. Суреттегі бейнелерге арналған әндер білесіңдер ме? (1-ші топқа домбыра аспабының суретін, 2-ші топқа қошақан мен киіз үйі бар суретті, 3-ші топқа сарбаз туралы суретті қиып жабыстыруды ұсынамын.)
Балалар енді дем алып отырып музыка тыңдайық. Музыка аяқталған соң алған әсерлеріңді қағазға түсіресіңдер. Психологиялық жаттығу: «Музыканы бейнеле» Әр балаға бет –бейне кескіні салынған карточка таратылады. Музыка аяқталған соң музыканы бейнелеу (сабырлы, қуанышты,мұңды)карточкаға сол бейненің суретін салу.
Қорытындылау: -Балалар біз бүгін қандай көліктерге отырдық? -Қай жерлерге бардық? -Кімдердің, нелердің тапсырмасын орындадық? Тапсырманы кім жақсы орындады деп ойлайсыңдар? –Неліктен?- Бүгінгі музыка әлеміне жасаған саяхатымыз ұнады ма?- Музыка бізге не сыйлайды?- Бүгінгі саяхаттан қандай әсер алдыңдар? Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау. Қоштасу.

Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін   нәтиже:

Білу

Тапсырма  мазмұнын  толық  есте  сақтады.

Жаңа білімді түсінеді

Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
13 қараша
934
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі