400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Музыка әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: музыка әлемі туралы балаларға әңгіме өткізу, музыка құдіретін түсіне білуге жетелеу. Міндеттері: балалардың ноталарды тануын, музыкалық аспаптарға деген қызығушылығын ояту, музыка тыңдау арқылы эстетикалық талғамдарын, музыканы қабылдау деңгейін дамытуға, мінезіне қарай ажырата білуге үйрету. Балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жетісу облысы Көксу ауданы

Балпық би ауылы

«Жұлдыз» бөбекжай-балабақшасы

Музыка жетекшісі: Г.А.Абуева

«Балдәурен» мектепалды даярлық тобы


Ұйымдастырылған іс-әрекет

Білім беру саласы: Шығармашылық

Оқу қызметі: Музыка

Тақырыбы: «Музыка әлеміне саяхат»

Мақсаты: музыка әлемі туралы балаларға әңгіме өткізу, музыка құдіретін түсіне білуге жетелеу.

Міндеттері: балалардың ноталарды тануын, музыкалық аспаптарға деген қызығушылығын ояту, музыка тыңдау арқылы эстетикалық талғамдарын, музыканы қабылдау деңгейін дамытуға, мінезіне қарай ажырата білуге үйрету. Балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру.

Күтілетін нәтижелер:

Біледі: музыка ырғағына ілесіп би қимылдарын ырғақпен жасайды, әндерді орындайды.

Игереді: нота, скрипка кілті туралы түсініктерді.

Меңгерді: аспаптарды құрастыру дағдыларын, ойынға катысады.

Әдіс-тәсілдер: мнемокесте; блум кубигі, бейнежазба.

Көрнекіліктер: үнтаспа, ноталар, скрипка кілті, хат, музыкалық киіз үй, ұлттық аспаптар ресурсы, домбыра және қобыз аспаптарының қиындылары, нота хрестоматиясы.

Кіріспе бөлім

Балалар, музыка оқу қызметінде біз не үйренеміз? Біз ноталармен таныспыз, олай болса ноталарды бірге әндетіп айтайық: до-ре-ми-фа-соль-ля-си. Жақсы, балалар. Енді осы айтқан ноталарды, тақтадағы нота желісіне орналастырайық. Балалар, барлық нота толық өз орнына орналастыма? Нота желісінде не жетіспей тұр?-Скрипка кілті. Жарайсыңдар, балалар, скрипка кілті де өз орнына ілінді.

Негізгі бөлім

Балалар, біз музыка әлеміне саяхатқа барамыз (музыка орындалады, балалар музыка ырғағымен музыка әлеміне келеді. Балалар, біз музыка әлеміне саяхатқа келдік. Айналамыз қандай тамаша! Мынаны қараңдар, мына жерде хат ілулі тұр екен, қане оқып көрейікші!

Хат

Салем достарым! Мен музыка әлемінің ханшайымымын! Музыка әлеміне қош келдіңдер! Менің жұмбағымды шешіңдер:

Құлып аузын ашатын да,

Жабатын да құралмын.

Бірақ қазір бұл жерде мен,

Музыка әлемін ашамын (скрипка кілті). Дұрыс, жарайсыңдар, балалар.

Музыка тыңдау: «Біз бақытты баламыз». Ән не туралы? Музыканың көңіл күйі қандай? Жақсы, балалар.

Дауыс жаттығуы: «Ән саламыз». Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап, әуенді таза айтуға ұмтылу. Ән айтар алдында ережелерді еске түсіріп, иықты көтермей, бір-бірін тыңдап айтуды естен шығармауларын ескерту.

Ән үйрену: «Қандай ырғақ?» Ө.Байдільдаев (мнемокесте арқылы ән жаттау). Композитордың өмірбаяны туралы түсінік беру. Педагог әнді орындап, мазмұны бойынша әңгіме өткізеді. Балаларға қайталап, қосылып айтуға үйретеді. Әнді көңілді, сөздерін таза, анық айтуға көңіл бөлу. Жеке және хормен айту.

Д/ойын: «Музыкалық киіз үй»

Мақсаты: Баланың ойлау қабілетін дамытады, зейіні арттады, ұлттық аспаптардың түрін ажыратады.

Ойынның шарты: музыка жетекшісі балаларға музыкалық киіз үй көрсетеді. Ол киіз үйдің ортасында ұлттық аспаптар суреті, балалар ұрмалы аспаптарды он жаққа, ал сол жаққа ішекті аспаптарды қалташаға салады. Аспаптардың атын атап қалташаларға салады. Қай топ тез жинаса, сол топ жеңімпаз атанады.

Ұлттық аспаптарды құрастыру.

Шарты: үстел үстінде домбыра және қобыз аспаптардың қиындылары жатады, ортаға екі бала шығады. Музыка басталғанда аспаптарды құрастырады, кім тез жинаса, сол жеңімпаз.

Қорытынды бөлім

Балаларды Блум кубигі арқылы ашық және жабық сұрақтар қою арқылы бағалау, мадақтау.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
24.04.2023
553
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі