400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Музыка әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қарлығаш бөбекжай-бақшасы»











Ашық музыка іс- әрекеті



«Музыка әлеміне саяхат»



«Балапан» мектепалды даярлық тобы















Музыка жетекшісі: Бекишева Г.М









2023-2024 оқу жылы



Тақырыбы:Музыка әлеміне саяхат

Мақсаты:Балалардың музыкаға қызығушылығын дамыту.Әуенді тыңдау арқылы эстетикалық талғамдарын,музыканы қабылдау деңгейін дамыту.

Көрнекіліктер:Тақырыпқа керекті суреттер.Музыкалық аспаптар,ноталар.

Күтілетін нәтиже:

Балалар әуенді тыңдап көңіл-күйін ажырата біледі.Музыкалық аспаптарды тани біледі.

І Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар көңілді әуен ырғағымен саз бөлмесіне кіріп, қимыл қозғалыстар жасап келіп шеңбер бойына тұрады.

«Шаттық шеңберін» жасап бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

IІ Негізгі бөлім:

Музыка жетекшісі:Балалар сендер музыка әлеміне саяхатқа барғыларың келе ме?

Балалар қуана келіседі.

Музыка жетекшісі: Ендеше біз саз әлемінде болу үшін өзіміз музыкалық яғни ноталар боламыз

Бәрі нота атрибуттарын киеді.

Музыка жетекшісі:Ендеше ноталардың алдында не тұруы керек?

Балалар: Скрипка кілті.

Музыка жетекшісі: Міне скрипка кілті де өз орнына тұрды.

Осы кезде пошташы келіп хат береді.

Музыка жетекшісі: хатты ашып оқиды:

«Сәлеметсіздер ме балалар! Мен музыка әлемінің Ханшайымымын. Менің әлеміме жету үшін сендерге 3 аялдамада 3 түрлі тапсырмаларым бар. Тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар Музыка әлемінде боласыңдар.»

Балалар «До- ре- ми» көңілді әнін айтып 1 аялдамаға келеді.

  1. «Көңілді би» аялдамасы

Жетекші балаларға қандай тапсырма орындайтындарын айтып түсіндіреді.

Әуенді тыңдап, қандай би түрі екенін ажыратып, карточка арқылы көрсету(«қамажай», « полька», «вальс» )

Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар балалар. Кәне келесі аялдамаға әсем әнімізді айтып көңілдене барайық.

Ән: « До- ре- ми» әні:Ө.Байділдаев

  1. «Әуенді аспаптар» аялдамасы.

Тапсырма : «Аспаптарда ойнап беру және аспаптарды құрастыру»

Музыка жетекшісі: Кәне балалар аспаптарда ойнап оркестр құрайық.

Оркестрде «Кеңес» халық күйін орындайды.

Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар балалар кәне келесі аялдамаға әсем әнімізді айтып көңілдене барайық.

  1. «Көңілді ноталар» аялдамасы

Тапсырма: Ноталарды нота сатысында өз орындарына қойып,

жеті дыбысты әуенмен орындап беріңдер.

Балалар тапсырманы орындайды.

Музыка жетекшісі: Балалар біз 3 аялдамадан өттік. Тапсырмаларды да орындадық.

Балаларды Музыка әлемінің ханшайымы күтіп алады.

Музыка ханшайымы:Балалар сендер барлық тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар.Болашақта үлкен өнер иесі болуларыңа тілектеспін.

Музыка жетекшісі:Балалар бүгін сендер музыкалық қабілеттеріңді көрсете білдіңдер. «Тіл жеткізбегенді үн жеткізеді»-дейді.Музыканың құдіреті де осында жатыр.Абай атамыздың осы орайда мына өлең шумақтары ойымызға оралады:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы әнмен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.

Музыка ханшайымы: Балалар бүгін мен сендерге домбыра аспабын сыйға беремін.Болашақта атақты күйші болыңдар.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23.08.2024
312
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі