Музыка әлеміне саяхат

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Музыка әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балаларды музыка әлемімен жете таныстыру. Әуенді сергек айту, тыңдау, ойын-қимыл арқылы ырғақты сезіндіру. Дауыстың ұзақтықтарын биік және төменгі дыбыстарын ажыратуға баулу. Балаларға көңіл-күй сыйлап, музыка оқу қызметі бойынша білімдерін бекіту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәжен« мектеп – бөқбекжай« кешені









Ашық көрсетілім

Тақырыбы:


«Музыка әлеміне саяхат»























Өткізген ән-саз жетекші: Клара Колдашбаева













Бейнеу селосы


Күні:

Тобы:

Бала саны:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Музыка

Тақырыбы: «Музыка әлеміне саяхат»

Мақсаты: Балаларды музыка әлемімен жете таныстыру. Әуенді сергек айту, тыңдау, ойын-қимыл арқылы ырғақты сезіндіру. Дауыстың ұзақтықтарын биік және төменгі дыбыстарын ажыратуға баулу. Балаларға көңіл-күй сыйлап, музыка оқу қызметі бойынша білімдерін бекіту.

Көрнекілік:

Сөздік жұмыс:

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру, мнемотехника кестесі бойынша жаңа әнді жаттату, ойын, саяхат, тәжірибе.

Алдын ала жасалатын жұмыстар: Балаларды музыкалық аспаптардың дауыстарымен таныстыру, музыкалық ойын ережелерін сақтауға тәрбиелеу.



Оқу қызметінің

кезеңдері



Музыка жетекшісінің қызметі


Балалардың іс-әрекеті


Мотивация-

лық-

қозғаушы -

лық


Балаларды «Сарбаздар маршы» мен қарсы алу.

Музыкалық амандасу.

-Жыл мезгілдері туралы сұрақтар.

-Балалар, сіздер сиқырлы музыка әлеміне саяхаттағыларың келеді ме?

-Ендеше музыка әлеміне «Қазақша полька» биімен жетіп алайық.




Балалар маршпен жүріп, шеңберше тұрады.

Сұрақтарға жауап береді.

Балалар қызығушылық танытады.

«Қазақша полька» биімен ырғақты қимыл жасайды.


Ұйымдастырушылық- ізденістік


Балалар сиқырлы әлемге жеткенде, сахна ашылып, артынан сиқырлы тақта шығады.

Сиқырлы тақта сөйлейді. Аудио таспа жіберіледі:

-Балалар қандай ғажап әлем. Мына сиқырлы тақта бізге музыка әлемімен жете танысуға мүмкіндік береді. Ол үшін бізге бірнеше аялдамалардан өтіп, тапсырмалар орындауға тура келеді. Балалар, дайынбыз ба?

1-аялдама: «Әнші»

-Балалар, әнді жақсы айту үшін не істеу керек?

Бұл тапсырмада берілген ұзақтықтар бойынша «ууу» дыбысын шығара отырып дауысқа жаттығу. Балалар, бізде дыбыстар «жоғары» - высокий, «төмен»-низкий болып келеді.

Ән айту: «Көңілді ноталар»

Тәрбиеші:

-Балалар, біз нота туралы біліп алдық. Ал, келген қонақтарымыздан сұра көрейікші?

Сұрақ (көрермендерге):

Ноталарды ретімен және кері жылдам кім айта алады? (Сыйлық беріледі)

2-аялдама: «Музыкалық ойын»

Бұл аялдамада «Алақандар мен табандар» ойынын ойнаймыз. Берілген суреттегі ұзақтықтар бойынша алақандарымызды немесе аяқтарымызды топылдатамыз.

Сұрақ: Күй түрлерін атаңыздар. (Сыйлық табысталады)

3- аялдама: «Музыкалық үйшік» ойыны

Балаларға экраннан бейнебаян көрсетіледі. Сол бейнедегі музыкалық әрекетті бала айту керек және бірге қайталау керек.

Әуен тыңдау: «Оркестр әні»

Сұрақ: Қазақтың ұлттық аспаптарының қандай түрлері бар? (Сыйлық)

4-аялдама: «Аспаптар үні» ойыны.

Балалар үнтаспада ойнатылған аспаптың атауын тауып, аспапты көрсету.

Сұрақ: Күй дегеніміз не?

Әр аялдамада тапсырманы жылдам орындаған балаға карточка таратылып отырады.

Сиқырлы тақта:

-Жарадыңдар, балалар. Біз дайындаған барлық тапсырманы орындап біздің музыка әлемімізбен таныстыңдар. Сендерден қонақ кәде сұраймыз.

«Жаңбыр сыңғыры» биін билеу.

Сиқырлы тақта:

-Жарайсыңдар, балалар.. Менің де сендерге арнаған тосын сыйым бар. Алдарыңда тұрған пердені жайлап ашсаңдар ғажайып банкоматты көресіңдер. Ол сиқырлы, сендердің қолдарыңдағы карточканы арнаулы ұяшыққа салсаңдар, сыйлық аласыңдар. Балалар, егер карточканы дұрыс сала алмасаңдар сыйлық шықпай қалуы да мүмкін. Сондықтан мұқият болыңдар.

Тәрбиеші:

-Балалар, алдымен қолымыздағы карточкамызды қарап алайық. Кімде карточка жоқ. Педагог карточкасы көп баладан карточкасы жоқ балаға досын қуанту үшін сыйлау керектігін ұсынады. Балалар қатарға тұрып, саппен банкоматқа карточканы салып, өз сыйлықтарын алады.

Сиқырлы тақта балалармен қоштасып, «Полька» биімен топқа оралады.



Балалар сахнаны тамашалайды.




Балалар сиқырлы тақтаны мұқият тыңдайды.







Балалар дауыс жаттығуын орындап, ән айтады.







Әуеннің ырғағына сай қимылдар жасайды.







Балалар әуенге сай карточкаларды көрсетеді.





Әнді мұқият тыңдайды.




Үнтаспадағы аспап дауысын мұқият тыңдап, атап, көрсетеді.










Балалар қағаз оркестрінде ойнайды.




Балалар қызығушылық танытады.












Карточкасы жоқ достарын анықтап, өз карточкаларымен бөліседі.



Сыйлықтарын алып, қуанады.


«Полька» биімен топқа оралады.



.


Рефлекция

лық-

түзетушілік

Қорытындылау:

-Балалар, біз қайда саяхаттадық?

-Қандай тапсырмалар орындадық?

-Сыйлықты қайдан алдық?

-Бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?

Балалармен қоштасу.



Сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:


Білді: Ән айту ережесін сақтауды, тапсырмаларды орындауды;

Игерді: Әннің сипаттарын ажыратуды, аспаптар дыбысын ажыратуды;

Меңгерді: әуенге сай ырғақты қимылды;



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.03.2025
79
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі