Білім беру саласы:
Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметінің
түрі: Музыка
Тақырыбы: Музыка әлеміне саяхат
Тобы: «Айжұлдыз» мектепке даярлық
Мақсаты: Балалардың ноталарды тануын, музыкалық аспаптарға
деген қызығушылығын ояту, дыбысты ажырата білуге және музыкаларды
тыңдау арқылы эстетикалық талғамдарын, музыканы қабылдау деңгейін
дамытуға, мінезіне қарай ажырата білуге үйрету.
Сабақтың барысы:
I.Мотивациялық қозғаушы күш.
Балалар «марш» екпінімен залға кіреді, ортаны
айналып шығып шеңбер жасап тұрады, музыка жетекшісі балалармен
амандасады, әртүрлі қимылдар жасап билеп алады.
-
Сәлеметсіздерме, балалар?
-
Сәлеметсізбе апай!
-
Музыка да
біз не үйренеміз?
-
Ән
айтуды, би билеуді.
-
Жарайсыңдар балалар!
-
Балалар шаттық шеңберін жасамас бұрын,
дауысымызды жаттықтырып алайық! (Дауыс жаттығуын
жасайды)Ал, балалар бәріміз шеңбер
жасайықшы.
Қайырлы таң ұстазым,
Қайырлы таң достарым.
Шеңберге тұрайық,
Жылулық сыйлайық!
Доброе утро, учитель
Доброе утро, друзья
Посмотрите друг, на
дурга
Пожелайте добра
Good morning, Good
morning,
Good morning to
you,
Good morning, Good
morning,
We are glad to see
you
II. Іздену-ұйымдастырушы
кезең.
-Балалар ән айту үшінең алдымен бізге не
керек?
-Ноталар
-Иә, балалар дұрыс айтасыңдар! Олай болса
ноталардың атын айтып көрейікші.
До,
ре, ми, фа, «соль», ля, си
Жарайсыңдар,балалар!
Ал,
балалар! Бүгінгі оқу қызметінің тақырыбы «Музыка әлеміне саяхат»
Пойызымыз да келіп қалған екен.
(әуенмен жүріп,залды бір
айналады)
Бірінші аялдамаға келдік
(Аялдамада хат жатады)
III.Негізгі бөлім. –
Балалар қараңдаршы мына жерде хат бар екен, оқып
қарайықшы (Музыка жетекшісі хатты
оқиды)
Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен, музыка әлемінің
Скрипка кілтімін. Менің әлеміме жету үшін сендерге 3 аялдамада, 3
түрлі тапсырмаларым бар
Бірінші тапсырмам:
Мына күй табақтағы әуенді тыңдап, оны сөзімен
қосып айтып беріңіздерші:- депті. (Б.Бейсенова «Балабақша»
әні)
-Жарайсыңдар, балалар!Өте жақсы айттыңдар. Ендеше
келесі аялдамамызға барайық «Музыка ойнап тұрады» Бұл жерде қандай
тапсырма бар екенін білейік.
Екінші тапсырма: Балалар, алдарыңдағы үлкен интерактивті тақтаға
қараңдаршы, сол жерде би өнеріне байланысты сюжеттік жұмбақ
жасырылған. Менің жұмбағымның шешімін табады деп
сенемін
Ойын. «Өз орныңды тап»
Ноталар музыка тоқтағанда, өз ретімен орнында
тұру керек, қайталанып ойнатылады.
Сол
уақытта залға «Скрипка кілті» кіріп келеді.
-
Сәлеметсіңдерме, балалар?! Сендер мен берген
тапсырманы өте жақсы орындадыңдар, келесі соңғы тапсырмам қолымдағы
қорапшада аспаптар бар, осы аспаптарды пайдалана отырып, әсем
әуенде ойнап беріңдерші.
-
Жарайсыңдар, балалар!Балабақшаларыңа қайтатын
уақытта келіп қалыпты, менің әлеміме келіп тұрыңдар! Сау
болыңдар!
Музыкалы аспаптарға байланысты жұмбақ
жасырылады
IY. Қорытынды: Пойыздан түсіп, міне
балабақшамызға келдік.
-Балалар біз бүгін қайда
бардық?
-Музыка әлеміне
-Онда біз кімді көрдік?
-Скрипка кілтін
Жарайсыңдар балалар! Олай балалар тобымызға
барайық, келесі сабақтан кездескеше!
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар ноталардың аттарын атай
біледі.
Игереді: Музыканың мінезін ажырата
біледі.
Меңгереді: Ән айтқанда бір-бірлерін тыңдау,
музыка ырғағын сезінеді.