400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

музыка ашық сабақ Ортаңғы топ Қыс қызықтары

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша қызметкерлеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

МКҚК «Балдырған» бөбекжай

балалар бақшасының

әдіскері: ______ Б.Ермұханова


Күні: 23. 01. 2019 жыл

Тобы: «Қарлығаш» ортаңғы топ

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: музыка

Кіріктірілген білім салалары: таным

Тақырыбы: «Қыс қызықтары»

Мақсаты: музыкаға қызығушылықтарын арттыру, шығармашылыққа баулу, әуенді тыңдап, сипатын ажыратуға үйретуді әрі қарай жалғастыру, әуен сазынан қыс көріністерін естіп-білуге, оны қимыл-қозғалыспен бейнелей білуге баулау. Музыка арқылы табиғат құбылыстарын сезінуге үйрету. Табиғатқа әсерлену, қызығушылығын арттыру.

Білімділік: марш сипатын анық ырғақ жүріспен,музыканың ширақ сипатын жеңіл ырғақты жүріс пен бірге үйрету ;

Тәрбиелік: эстетикалық тәрбие беру;

Дамытушылық: музыка сипатының өзгеруіне сәйкес қозғалыстарды өзгерту дағдыларын жетілдіру.

Әдіс – тәсілдер: сергіту жаттығулары, сұрақ – жауап, кретериалды бағалау, ойын, зерттеу жұмыстары

Көрнекі құралдар: слайд, аудио, бейне жазбалар, жабысқыш жүрекшелер


Іс – әрекет кезеңдері

Саз жетекшісінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Балаларды марш екпінімен залға кіргізіп, амандасу. (музыкамен 3 тілде амандасу)

-Балалар, ашық оқу қызметімізді бастамас бұрын дене қыздыру жаттығуларын жасап алайық.

Балалар қалға кіріп, әндетіп амандасады.


Балалар әуен сөзіне қарай қимылдар жасайды.

Ұйымдастыру – іздестіру

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Дұрыс айтасыңдар. Біздің де бүгінгі оқу қызметіміз де қыс мезгілі туралы болмақ.

Ендеше назарымызды экранға аударып әдемі әуен тыңдайық. (Экраннан қыс мезгілінің бейнежазбасы көрсетіледі)

Музыка тыңдау: А.Вивальди «Қыс». Балалар қыс мезгілі қандай әдемі, керемет. Қардың түсі қандай?

Қарды қолымызбен ұстасақ еріп кетеді. Неліктен деп ойлайсыңдар?Ендеще қарды қолымызбен ұстап қарайықшы расында да еріп кетеді екен ия.

Қыс мезгілінде тағы қандай қызықтар бар.

(Экраннан суреттер көрсетіледі)

Ендеше балалар бізде «Қар лақтырысып» ойнайық.

Өте жақсы балалар енді біз қыс туралы ән үйренейік. Ол үшін бірінші дауысымзға жаттығу жасап алайық.

Дауыс жаттығуын жасату.

Ән үйрену: «Қыс қызығы»

(И.Нүсіпбаев, Е.Өтетілеуұлы)

Әнді бірнеше рет қайталату.

Жарайсыңдар, балалар.

Әуенді - ырғақты қимылдар: «Көңілді балалар» (Литва халқының әуені).

Балалар көңілді музыка әуенімен серіппе, екі қадам алға және артқа жүріп, аяқты 3 рет топылдатады. Қимылды ырғақпен бірге жасау. Әуенді бірнеше рет қайталап, қимылды есте сақтау.

Жарайсыңдар, балалар.

Қыс мезгілі






Балалар экранға қарап, музыка тыңдайды.









Ақ



Себебі қар жылы жерде еріп кетеді.


Балалар қызығушылықпен орындайды.

Балалар шаңғы, шана, сырғанақ тебеді. Аққала жасап, қар лақтырысып ойнайды..


Ойынға белсенді қатысады.




Дауыс жаттығуын жасайды.



Жаңа әнді қызығушылықпен тыңдап, орындайды.





Балалар көңілденіп қимылдарды бірше жасауға талпынады.

Рефлексивті – түзетушілік

Балалар тақтаға зер салайық не көріп тұрсыңдар?

Дұрыс көңілді 2 түрлі смайликті көріп тұрсыңдар. Енді осы смайликтерге бүгінгі оқу қызметінен алған әсерлеріңді көрсету үшін смайликтерге жүрекшелерді жабыстырайық.

Өте жақсы балалар сендерге көп рахмет. Бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар. Балаларды мадақтау.

Балалармен қоштасып, топтарына қайтару.

Көңілді және көңілсіз екі түрлі күйдегі смайликті.



Балалар алған әсерлерімен бөлісіп, смайликтерді жабыстырады.










Балалар қоштасып, топтарына қайтады.



Күтілетін нәтиже :

Нені білу керек : жүру,жүгіру,секіру әуенге сай жасай білуді.

Нені игереді :  музыканы тыңдап, түрі өзгерген сайын, «сабырлы», «жеңіл», «көңілсіз», «көтеріңкі» сипаттарын ажыратуды игереді.

Нені меңгереді : музыка сипатының өзгеруіне сәйкес қозғалыстарды өзгертуді .


















МКҚК «Балдырған» бөбекжай балалар бақшасы





Музыкадан ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Тақырыбы: «Қыс қызықтары»










2019 жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
2937
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі